Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (етш) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. Етш ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет



бет5/9
Дата15.02.2024
өлшемі128 Kb.
#491937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
отмс лекц.4каз.

Алғашқы дәрігерлік көмек


Мақсаты –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төндіретін жарақаттар (аурулар) зардаптарын жою немесе әлсірету, асқынулардың алдын-алу немесе оның ауыртпалығын төмендету, кейбір науқастарды ары қарай тасымалдауға дайындау.

Алғашқы дәрігерлік көмек шаралары екі топқа бөлінеді:





  1. Жедел шаралар –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төнген жағдайда жүргізіледі.

Олар:

    • Сыртқы қан кетуді тоқтату (жараға тампон енгізу және теріні тігу, жарадағы түтікті тігу, қан кеткен түтікке қысқыш салу, жгут салу дұрыстығы мен қажеттігін бақылау және көрсеткіштер болған жағдайда жгут салу);

    • Жедел тыныс алу жетіспеушілігін жою (кілегей шырышты, құсық массалары мен қанды жоғарғы тыныс алу жолдарынан сорып алу, ауа өткізгішті енгізу, тілді тігу, тандай мен жұтқыншақ жақтарының жалбыраған еттерін тігу, өкпені жасанды жолмен желдету, өкпе қабынған кезде этил спиртінің буына ингаляция жасау, ашық пневмоторакс кезінде окклюзионды таңғыш салу, ауыр пневмоторакс кезінде пункция немесе торакоцентоз жасау);

    • Қан және қан алмастырғыштарды ауыр шок жағдайында немесе көп қан жоғалтқанда құю;

    • Сүйек сынғанда немесе жұмсақ тіндер кең көлемде зақымданғанда көліктік иммобилизациялау; жақ сүйектері сынған кезде стандартты көліктік шиналар салу;

    • Жұмсақ тін еттерінде ілініп тұрған қол-аяқты кесу (көліктік ампутация);

    • Зәр шығару қиындаған жағдайда қуықты капиллялық пункциялау немесе катетеризациялау;

    • Терінің ашық учаскелерін санитарлық тазалау, таңғыштар мен киім-кешектерді дегазациялау, тұрақты улы заттармен зақымдалған киім-кешекті дегазациялау және ауыр жарақаттанғандар мен ауыр науқастардан противогазды шешіп алу;

    • Уландырғыш заттармен зақымданған көзді жуу және көз алмасына арнайы көз майларын жағу (көзге арналған пленкаларды пайдалану);

    • Антидот, антибиотик, сіреспеге қарсы, жүрек –қантамыр, десенсибилизациялайтын және басқа да заттарды көрсеткіштері бойынша енгізу;

    • Бактериалды токсиндермен уланған жағдайда оған қарсы сары суларды пайдалану және бактериологиялық қарумен зақымданған жағдайда қалыпты тазалауды жүргізу;




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет