Б)уақытша тоқтатылатын шаралар жиынтығы екі топқа бөлінеді:
бірінші топ:
өткізілгеннен кейін асқынуларға әкеп соғатын шаралар;
аяқ-қол жұлынғанда және ишемиялық некрозданғанда ампутациялау;
уландырғыш заттармен зақымдаллған және жұмсақ тіндері едәуір бұзылған жараларды хирургиялық тазалау.
екінші топ:
дер кезінде іске асырылмаған жағдайда ауыр асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін, бірақ олардың пайда болуы антибиотиктер және басқа да құралдарды қолдану арқылы төмендетуге болады;
жаралыларды алғашқы хирургиялық тазалау.
Білікті терапиялық көмек
А) жедел шаралар:
– уландырғыш заттармен зақымданған жаралылар мен науқастарды санитарлық тазалау;
Б) іске асырылуы уақытша тоқтатылған шаралар:
- антибиотиктер мен профилактикалық мақсатта сульфаниламидтер енгізу;
орнын басу мақсатындағы гемотрансфузия (қалыпты анемизация кезінде);
симптоматикалық дәрілік заттарды қолдану.
Дивизияның жеке медициналық батальонында (ЖМедБ) білікті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Көмек көлемін қысқарту кейбір шараларды іске асыруды уақытша тоқтату есебінен жүргізіледі.
Медициналық іріктеу туралы түсінік, оның тағайындалуы. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде медициналық іріктеуді ұйымдастыру.
Медициналық іріктеу –ЕТШ ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Оның мақсаты –жаралылар мен науқастарға медициналық көмекті мүмкіндігінше толық көлемде көрсетуді қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |