Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет169/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   217
философия хасанов

И.А.Ильин (1883-1954 жылдар) – Мәскеу университетiнiң құқық 
философиясының профессоры, большевиктердің бұйрығымен шетелге 
қуылған.Ол «Философияның дiни мағынасы», «Рухани жаңарудың 
жолы»жұмыстарында философияның мақсаты Құдайды және әлемнiң 
құдіретті негiздерiн тану болатынын бекiттi. Ол қазiргi ӛнердiң азып-тозуын 
дiннiң жеткiлiксiз таралуымен түсіндірді : тек қана дiни рухтың қайта тууы 
ӛнердiң құлпыра гүлденуiне әкеледі. Соловьев сияқты Ильин де Л.Толстойға 
қарама-қайшылық ретінде «Жамандыққа зорлықпен кедергi туралы» тезисiн 
ұсынды. Құқық зерттеушi және философ, ол «күш қолданудың кез келген 
түрі зорлыққа жата бермейді» деген пікірге сүйенді. Егер ол игі істерге 
жұмсалса онда зорлыққа жатпайды. «Алаңғасар жолсерiктi құздың ӛлкесiнен 
шығаруға бағыттаса ол зорлық болып есептеле алмайды; ... уақытында саяси 
ӛлтiрушiні қолынан соғып жiберу..; арандатушыны уақытылы ұрып жығу; 
қасиеттi жерлерді ұятсыз қорлаушыларды шiркеуден қуып шығару.. " . Ильин 
«жамандыққа күшпен және семсермен қарсы шығуға мүмкін болған кезде 
емес, басқа құралдардың жоқтығынан ол қажетті болғандарұқсат 
етіледі» деп ескертеді.
«Мақсатты құралдар ақтайды» деген иезуиттардың ұранын қолдана 
келе, Вл. Соловьевтің «Жақсылық жұдырықпен болуы керек» деген тезисін 
қолдай отырып, Ильин орыс философиясының ең жақсы салттарында күш 
пен семсердің жолы «қандай қажетті болса сондай әділетті» деген сӛздерді 
бекітеді.
Г.Г.Шпет (1870-1937 жыл) «Құбылыс және мағына» еңбегін Гуссерля 
феноменологияны жетiлдiредi және герменевтиканың негiзiн салды. Оның 
пiкiрi бойынша философия ӛз дамуында даналықтың,метафизика және қатал 
ғылым кезеңінен ӛтедi. Мүмкін болатын дискурстың шекарасы бір мезетте 
эмпиризмге, критицизмге, скептизм және догматизмге әкеп соғатын 
философиялық пайымдау және теріске шығарудың да шекарасы болып 
саналады. Философиялық білімнің негізі «тек қана тіршілік білімі» болып 
табылады. Бұл білімдер интеллектуалдық мүшелеудің шеңберлерімен 
шектелмеген, бұнда мағынаның нақты бірлігі бар. Мағынасы құбылыстардың 
шекті негізі сияқты қаралуы керек. Танымдық ахуалды әлеуметтік мәдениет 
контекстінде қарастыру осыдан шығады. 
П.А. Флоренскийдің София туралы ілімі, Құдайдың Данышпандығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет