Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет181/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   217
философия хасанов

Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.) «Логикалық-философиялық 
трактаттар» атты еңбегінде аналитикалық философияны әлдебір тамаша
логикалық тұрғыдан жетілген тілге тән анықтық, дәлдік пен логикалық 
қатаңдық идеалдарына бағыттайды. Ол «әлем адамға тіл арқылы ашылады, 
сондықтан тіл туралы ең алдымен ойланған жӛн»,- деп ой жүгіртеді.  
Бұл – ғылыми проблеманы шешудегі әмбебап кілт болып табылады. 
Тілдің бір қасиеті – ол дүние жүзін сипаттау. Осы идеалдарға қарап, 
аналитиктер тек қана логикалық структураларын ғана емес және оның 
қолданылуын, тұрмыстық күйін, олар күнделікті қолданатын сӛздерді 
назарға алу керек екенін аңғарды. Сонымен қатар, бұл тілдің қолданылуын 
ӛзінің мағыналы емес (философтардікіндей) және осы қиыншылықтарды тыс 
қалдыра алмаймыз.
Витгенштейн бойынша, тілдің қатаң анықтамасын шығаруға болмайды 
немесе біртұтас белгілерін олардың бір-бірімен қарым-қатынастарының 
объектісі. Тіл – бұл адамның бір мүшесі, бұл – тіршіліктің бір формасы. 
Ойынның бір ережелері секілді. Анықталуының маңыздырағы – ол 


метафизикалық тіл. Бұны зерттегенде ғылыми және ӛнер жағынан емес, ӛмір 
тұрғысынан зерттеу керек.
Аналитикалық философтардың ойынша тіл ғылымының логика-
семантикалық жақтан зерттеуінде ішкі сұрақтарды қою шектеліп, осы тілдің 
ережелеріне жауап береді. Бірақ бұл ережелер мен тіл құралдары сыртқы 
орта жағдайларына жауап бере алмайды.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары аналитикалық философияның логикалық 
әдістері лингвистикалықпен ауысады, ал қалғандары ӛз кезегінде 
математикалық әдіс пен атомарлық теорияны қолданудан бас тартады. «Осы 
сәттен бастап аналитикалық философия салт-дәстүр мәселесіне қайта 
үңіледі» (А.Грицианов), эволюцияның келесі деңгейінде қорытындыға 
келеді, «метафизика – мәнсіз емес», ол әлемдік специфизикалық елестеуін 
кӛрсетеді. 
Сынау,ӛзін сынау эволюцияның арғы неопозитивті негізінде ХХ 
ғасырдың ортасында тӛртінші тарихи позитивтің жаңа түрі постпозитивизм 
пайда болды. Оның ӛкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд 
т.б. Осылар ғылыми білім мен ғылыми еместің шектеуін кӛреді.Кез келген 
ғылыми білім гипотетикалық (болжамдық) мінезде болып, қателесуге 
тартылады. Философтың бұл бағыты ғылыми білімді зерттеумақсаты емес
оның дамуын зерттейтін философия бағыты. Постпозитизм бойынша,ғылым 
біркелкі дамымайды, секірмелі түрде онда кейде жоғарылау, кейде тӛмендеу 
болады. Бірақ жалпы беталыс ӛсу мен ғалыми білімді жетілдіруге 
негізделген. Ғылым тұжырымының ӛсуін зерттеген ағылшын ғылымы Карл 
Поппер (1902-1994жж.) ХХ ғасырдың атақты философы болып саналады. 
Білімнің ӛсуі туралы сӛз болғанда, зерттеудің жинақталуы емес, 
қайталанатын 
ғылыми 
теорияларды 
жою, 
оның 
орнына 
үздік, 
қанағаттанарлық теорияларды ауыстырып ӛз тұжырымдарын дәлелдеу үшін 
ол неодарвинизм идеяларын және эмерджентті даму (эволюциялық) 
ұстанымдарын қолданды. Ғылымның ӛсуіне қажетті құралдарға мынадай 
кезеңдерді жатқызды: тіл, проблемаларды тұжырымдап айту, жаңа 
проблемалық жағдаяттарды табу, бәсекелес теориялар, ӛзара пікірталас 
үрдісінде қажетті сын айту. 
К. Поппердің бірінші жұмысы «Logik der Forschung» (Зерттеу логикасы, 
Вена 1934) ғылым философиясы мәселелеріне арналды. Бұл кітаптың 
ағылшын тіліндегі болжамасы «Ғылыми жаңалық ашудың логикасы» деген 
атпен ширек ғасыр бұрын 1959 жылы басылып шығарылған. Ол үлкен атаққа 
ие болып, шын мәнінде классикалық болды.
Ғылым философиясы мәселелерін Поппердің мына еңбектерінің 
мазмұны анықтады: «Ұсыныстар мен бекерге шығару» (1963), «Объективті 
білім: эволюциялық әдіс» (1972), сонымен қатар «Ӛзбеттілік және ми» (1977) 
атты кітабы физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының 
лауреаты, ағылшын физиологы Дж. Эклспен бірге жазылған. К. Поппердің 
ғылым философиясындағы кванттық механика философиясының орны осы 
білімнің ғылым философиясында атқаратын рӛлімен айқындалады. Кванттық 
механика философиясы ғылым философиясының бұрын кӛп зерттелген 


бӛлімдерінің бірі. Бұл бӛлімде ғылымның математикалық және 
концептуальдық әдістерінің мәселелері талқыланады. Кванттық механиканың 
талдамасында Поппер копенгагендік мектептің ӛкілдеріне (Н.Бор, 
Гейзенберг, В. Паули және кейбір кезде М.Борн және П.А.М. Дирак) қарсы 
шығады.
Кванттық механиканы талқылауда философия мен ғылымның ӛзара 
байланысы туралы мәселелері оның ұстанымын айқындады. Оларды ажырату 
үшін Поппер «демаркация» ұғымын енгізеді. Ол оны былай деп еске алады: 
ол кезде мені «Теория қашан ақиқат болады?», «Теорияны қашан қабылдауға 
болады?» деген сұрақтар қызықтырмады. Мен алдыма басқа проблемаларды 
қойдым. Ғылым да қателеседі, кейде жалған ғылым да ақиқатпен 
соқтығысып қалатынын білсем де мен ғылым мен жалған ғылымның 
арасындағы айырмашылықты кӛрсеткім келді. Олардың арасындағы 
айырмашылықты кӛрсету үшін кез келген ғылыми пайымдауды бекерге 
шығаруды болжайтын бұрмалау ұстанымын ойлап шығарды. (лат. Falus – 
жалған, facio – істеймін).
Бұл ұстанымды енгізу Попперге демаркация проблемасын ғылыми 
білімді ғылыми емес білімнен бӛліп алуды нақты шешуге мүмкіндік береді. 
Ол осы кезде логикалық позитивистерден айырмашылығы – метафизикалық 
пайымдаулардан саналылық емес, тек ғылымилық түрде бас тартты. Поппер 
метафизикалық пайымдаулардың ғылымилығын қабыл алмады, ӛйткені олар 
эмпирикалық 
фактілерге 
сүйенбейтін. 
Поппер 
Витгенштейннің 
тұжырымдамасын сынға алды. Ол тұжырымдамада «шын зерттеуден» 
алынған ұсыныстар ғана немесе олардың кӛмегімен тексеріле алады, ғылыми 
бола алады делінген болатын.
Ғылыми болуға үміткер «кез келген теория ғылыми болу үшін 
тәжірибеден алынуы керек» дегенге Поппер келіспейді.
Оның ойынша, кез келген ғылыми зерттеу теориялық жағынан 
мақсатты, бастапқы ғылыми болжамды жасайды, ӛйткені ешқандай 
алғышарттар болмаса, зерттеу жүргізілмейді. Зерттеу ылғи да мақсатты. 
Шешім қабылдау, белгілі бір мәселелерді шешу мақсатында ғана зерттеулер 
жүргізіледі.
«Ғылыми жаңалықтарды ашу» атты еңбегінің алғы сӛзінде 
Поппер ӛзінің ғылым философиясы космологияға қатысты екендігін былай 
сипаттайды: «Әлемді тануға – осы әлемнің бір бӛлшегі ретінде ӛзімізді де 
қоса алғанда... бар ғылым ол – космология». Поппер үшін философияның 
маңызы ғылымнан кем емес. Оның идеясы – сын бостандығын қолдайтын
ғылыми әрекеттің мәнін құрайтын «ашық қоғамдағы – ашық ғылым». 
Ғылымның ашықтығы ғалымдардың пікір таластарға және Поппер 
«метафизикалық зерттеу бағдарламасы» деп атаған зерттеуге қатысуын 
кӛрсетті.
Егер ғалымдар философияға, таза ойлауға құрметпен қараса, онда 
ғылым ашық жүйе бола алады. Сонымен қатар философиялық доктриналар 
мен таза ойлау постулаттары сынауды қарауды талап етпейді. Ол 
динамикалық үрдіс ретінде ғылымға қӛзқарасты дәлелдейді. Ол батыл жаңа 


ғылыми болжамдарды жасап, кейіннен оны бекерге шығаратын ғылыми 
білімді алға жүретін үрдіс ретінде айқындайды. Поппердің айтуынша, ғылым 
мен философиялық доктриналар батылдық, ашықтық, ӛнімділік сынақтарына 
тӛтеп беретін бәсекелестік күреске қатысып, ӛздерінің ӛмір сүру құқығының 
бар екендігін дәлелдеп отыру керек.
Сыни қайта ойлау және попперлік идеяны әрі қарай дамыту оның 
шәкірті Имре Лакатостың (1922-1974 жж.) еңбегі, ол философия 
ғылымының тарихилық бағытына шынайы берілген болатын. Оның 
пікірінше, кез келген әдіснамалық тұжырымдама тарихнамалық болуы тиіс, 
ал оның бағасы ғылым тарихы ұсынып отырған тиімді қайта құру бойынша 
берілуі мүмкін. Сонымен қатар Лакатос танымның шынайы тарихын оның 
әлеуметтік-психологиялық мән мәтінінен және ғылыми танымды талдауда 
қолданылатын оның логикалық қайта құрылуын «ішкі тарих» дей отырып 
ажыратады. 
Ол ӛз ұстазының ғылымды философиялық зерттеу, ең алдымен, оның 
пікірінше, ғалымның кәсіби қызметін айқындайтын, ғылымның тиімді негізін 
табуға жұмылдырылуы тиіс дегенімен келіседі. Бұл ойды ол «Ғылыми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет