Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет210/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   217
философия хасанов

 
14.2 Эпистемология 
 
Эпистемология білімнің мәні мен табиғатын, оның құрылымы мен 
дамуын зерттейді. Әдетте, білім анализі теориялық философияда, тұрмыс 
туралы ғылым – онтологияда жүзеге асырылады. Классикалық 
жаңаевропалық философияда бұл анализ әдетте «адамның ақыл-ойы» туралы 
жалпы зерттеулер аясында беріледі. Таным туралы түсініктің іргесін қалаған 
Декарт, Локк, Лейбниц, Юм, Кант секілді философтардың еңбектерінде 
осылай кӛрсетілген.
XIX ғасырдың ортасынан бастап философиялық білімнің осы саласы 
білімнің мәнін, оның құрылымы мен дамуын – «гносеологияны» немесе 
таным теориясын зерттеумен айналысатын ерекше философиялық-
әдістемелік пән ретінде ұғындырыла бастады. ХХ ғасырдан және соңғы 
онжылдықтан бастап оны ағылшынша үлгімен – «эпистемология» деп атау 
жиілеп кетті. Классикалық философияда осындай терминдік нақтылықтарға 
арналған қандай да бір терең себептер жоқ. Олар тек білім теориясы жайлы 
кӛбіне ағылшын тілді философтар жазатыны туралы фактті кӛрсетеді.
Классикалық 
емес 
философия 
«эпистемология» 
терминін 
кейбір 
категориялық айырмашылықтарды кӛрсетуге қолданады. Мысалы, егер 
гносеологияда таным мәселелері субъектілі-объектілі қатынастар арқылы 
қарастырылса, эпистемологияда акцент субъектіден объектіге (яғни, білімнің 


ӛзіне) алмасады. Білім туралы зерттеу тереңдей түсуде, жаңа философиялық-
әдістемелік бағыттар мен тәсілдер, ғылыми әдістер (аналитикалық, 
құрылымдық-функционалдық және басқалар) пайда болды. Басқаша 
айтқанда, білім мен объектінің қатынасы қазіргі уақытта таза танымдық 
жағдайлардың шегінен шығып кетіп отыр.
Эпистемология – бұл объект туралы білімді қалай алуға болатындығын 
және ол туралы шынайы ұсыныс жасау мәселесін қарастыратын теория. 
Басқаша айтқанда, эпистемология – ол танымның шығу тегіне, әдістеріне, 
дамуына және басқа да мәселелеріне байланысты сұрақтарға жауап табумен 
айналысатын теория.
«Эпистемология» сӛзі гректің «episteme» – білім, және «logos» – сӛз, 
ғылым деген сӛздерінің тіркесуінен пайда болған. Ең алғаш рет бұл терминді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет