Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


І Бӛлім», «Мәдениет және этика



Pdf көрінісі
бет207/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   217
философия хасанов

І Бӛлім», «Мәдениет және этика. Мәдениет философиясы ІІ Бӛлім» 
еңбектерінде кӛрініс табады.
Ол дағдарыстың негізгі сипаты ретінде материалдық ӛмірдің рухани 
ӛмірге, қоғамның адамға үстемдік жүргізуінде, адамның дара билігінен 
айырылуы мен моральсыздандырылуында деп санаған, себебі адам қазіргі 
қоғамда оның «ойсыздығын» ұйымдастыратын, оның ізгі ниеттерін 
жамандыққа айналдыратын тәуелділіктердің ықпалына түседі. Адам адамзат 
сүйгіштіктің соңғы қалдықтарын аяққа таптап, оны адамдарды жоюдың 
мінсіз құралдарына қызмет кӛрсетуге мәжбүрлейтін соқыр ырқының іске 
асырылуының дәлеліне айналады.
Еуропалық мәдениеттің осындай қайғылы жағдайының себебі, Швей-
цердің пікірі бойынша, мәдениеттің мәнін дұрыс түсіндірместен, оны 
жаратылыс эволюциясының аты жоқ құбылыстарымен жақындастырып
мәдени процестегі этикалық сәттерге дұрыс кӛңіл бӛлмеген қате 
дүниетанымның таралуында жатыр. Оның ойынша, «мәдениет – адам мен 
адамзаттың барлық салалар мен бағыттардағы ілгерілеуінің жиынтығы, егер 


де бұл ілгерілеу жеке тұлғаның рухани жетілуіне қызмет ететін болса. 
Прогреске деген ұмтылысты … адам әлем мен ӛмірді ӛздігінен құндылық 
ретінде қалыптастыратын оптимистік дүниетанымнан алады. 
Швейцердің пікірі бойынша, бүгінгі күннің басты міндеті оптимистік 
дүниетанымды негіздеу, бұған тек «ӛмірді қастерлеуді» негізгі ұстаным ету 
арқылы қол жеткізуге болады. Бұл – адамды қайта жандандыруға, 
шығармашылық белсенділігін, шынайы мәдениет туралы қамқорлық жасауға 
бағдарлануды қалпына келтіруге қабілетті әмбебап «ғарыштық этика» 
нормаларын қалыптастыру. 
Қоғамдық ӛмірдің біртіндеп демократизациялануы, жоғары материал-
дық деңгейге жету, негізгі ӛндірістік процестердің техникалық жабдықталуы 
мәдени құндылықтар элиталық құндылық болудан қалып, кӛппен теңескен 
сипатқа ие болған бұқаралық қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл 
бұқаралық мәдениеттің, яғни бұқаралық ақпарат құралдарымен қалып-
тастырылатын және арнайы индустрия арқылы таратылатын орташаланған 
мәдениеттің пайда болуын шарттады. Бұқаралық мәдениеттің тарихи 
мақсаты – бұқара халықтың мәдениетінің мүмкіндіктері, оның тілі, ӛнерді 
қабылдау үшін қажет дағдылары туралы хабардар ету болып табылады; бірақ 
бұқаралық мәдениет шынайы биік ӛнермен тілдесудің орнын баса алмайды. 
Дегенмен, ол мәдениеттің жалпы мағынасында кез келген деңгейінде 
гуманистік бағдарланған құндылық болып табылады. Ал осындай 
құндылықты жоятынның бәрі мәдениетке қарсы нәрселер. 
Бұқаралық мәдениет ұғымы мәнді әрі жағымды бола алады, себебі оған 
миллиондаған адамдар тартылады. Ал бұл ұғымның жағымсыз мағынасы 
кӛбіне адамдарға шынайы мәдениетке дейін жету мүмкіндігі берілу 
бермейтіндігінде қамтылады. Керісінше, бұқаралық мәдениет бұқара 
халықты мәдениеттің рухани биік, тіпті біртума ұлы үлгілеріне дейін кӛтеруі 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет