Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет206/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   217
философия хасанов

Освальд Шпенглер ӛзінің «Еуропаның құлдырауы» еңбегінде ортақ 
дүниежүзілік-тарихи прогрестің тұжырымдамасына қарсы шығады. Ол 
дүниежүзілік тарихта ӛз мүмкіндіктерінің толық жүзеге асырылуына қол 
жеткізген сегіз мәдениетті бӛліп кӛрсетеді. Бұл – Мысыр, Вавилон, Қытай, 


Үндістан, антикалық, Ортағасырлық араб мәдениеті (оны византиялықпен 
біріктіреді), мексикандық мәдениет және Батыс Еуропа мәдениеті
(Х ғасырдан бастап). Осы мәдениеттердің әрқайсысы ӛз жан дүниесін 
жеткізудің тереңдігі мен мінсіздігімен, ӛз формаларының тіл тазалығымен 
ерекшеленеді. Европоцентризмнен бас тартып, Шпенглер негізгі зерттеу 
нысаны ретінде Еуропа мәдениетін қалдырады. 
Ӛзінің іргелі «Homo Ludens» еңбегінде Й. Хѐйзинги (1872-1945жж.) 
мәдениеттің аталмыш «ойын тұжырымдамасын» қалыптастырады. Ол 
мәдениет тарихын адамның рухани ӛмірі мен шығармашылығымен 
байланысты кӛптеген элементтер ӛзара әрекеттесетін, бір-бірін ауыстырып 
тұратын мәдени-тарихи құндылықтар ретінде қарастырды. Олардың 
айырмашылығы ондағы «ойын» мен «байыптылықтың» қатынасында кӛрініс 
табады. Оның ойынша, адам мәдениетінің қалыптастырушы элементі ретінде 
дәл сол ойын болған тәрізді, себебі ол қызметтің басқа тәжірибелік түрлеріне 
қарағанда анағұрлым кең витальдық функцияны орындаған. Ол «ӛмірлік 
күрестің кӛрінісі» ретінде ӛмірдің ең терең бейнесі болып табылады. Адам 
баласы ӛзінің бойында қоршаған әлемді ӛзгертуге күш жинаған бойда, ойын 
аясында ӛз «ортасын» қалыптастырады, оның қызметі «бүкіл мәдени ӛмірден 
ертерек әрі тұңғыш пайда болған». 
Француз философы әрі психолог-позитивисті Люсьен Леви-Брюль 
(1857-1939 жж.) алғашқы қауым мәдениеті мен архаикалық сананы тайпалық 
сана феноменіне әлеуметтік тәсіл тұрғысынан зерттеген. Алғашқы қауымдық 
«логикалыққа дейінгі» ойлау тұжырымдамасын қарастыра келе, ол адамның 
ойлау түрі әлеуметтік ұйымдастырылу сипатына тәуелді тайпалық санамен 
берілетіндігі туралы ғылыми пікір айтқан. Бұл тұжырымға ол үлкен 
этнографиялық материалды талдау негізінде келеді. 
Нобель сыйлығының иегері, теолог, мәдениет философиясының 
теоретигі А. Швейцердің (1875-1965 жж.) мәденифилософиялық ойлары 
оның «Мәдениеттің құлдырауы және ӛркендеуі. Мәдениет философиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет