Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Эллюль (1912-1994жж.) «Техникалық жүйе



Pdf көрінісі
бет213/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217
философия хасанов

Эллюль (1912-1994жж.) «Техникалық жүйе» кітабында «техниканы «адам 
қызметінің кез келген саласында … сӛзсіз тиімділікке ие ұтымды 
қалыптастырылған әдістердің қосындысы ретінде анықтайды». Басқаша 
сӛзбен айтқанда, техниканы ол техногенді ӛркениетке тән белгілі бір 
ұтымдылық түрі ретінде қарастырады. Неміс техника философы Ф.Раппе 
анықтамалардың екі түрін бӛліп кӛрсетеді – тар және кең. Тар мғынада 
техника ретінде ол инженерлік қызметпен байланысты жасалған 
артефактыларды санайды. Ал кең мағынада – кез келген тиімді әдіснамалық 
қызмет саналады. 
Қазіргі кезде негізгі мәселелердің бірі ретінде техниканың табиғат пен 
қоғаммен байланысына қатысты мәселе қалып отыр. Әдетте бұл мәселені 
қарастыру барысында Жаңа дәуір ғылымы мен философиясымен 
қалыптастырылған екі базалық идеяға негізделеді. Оның біріншісі – 
ғаламшардың табиғи қорларының шектеусіздігі туралы түсінік болса, 
екіншісі – адамның табиғатқа үстемдік ететін «табиғат патшасы» болып 
табылатындығы туралы түсінік. Дегенмен бұл идеялар бүгінде қате болып 
шықты. Бір жағынан, ғаламшар қорлары шектелген, себебі ілгерілеудің 
шексіз экстенсивті дамуы мүмкін емес. Екінші жағынан, адам – табиғаттан 


тыс ӛмір сүре алмайтын, бар болғаны табиғат бӛлігі ғана екендігі туралы 
ұғыну келеді. 
Осы орайда техника философиясының алдында адами қоғамның 
әлеуметтік және технологиялық дамуындағы ӛзара байланыс туралы мәселе 
пайда болды. Детерминизм үлгілерінің алуан 
түрлігі арасында 
«технологиялық детерминизм» ең кӛп таралғаны болды, оның кӛптеген 
түрлері ажыратылды. Марксизм философиясына сәйкес, ӛндірістік күштердің 
даму деңгейі, яғни техниканың жағдайы ӛндірістік қатынастардың деңгейін 
анықтайды. Ӛндірістік қатынастар сипатының ӛндірістік күштердің даму 
деңгейіне сәйкестік заңының әсері «формацияны» анықтайтын «ӛндіріс 
тәсілі» ұғымы арқылы ашылады, ал аталған формациялардың бес түрі 
ажыратылады – алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капита-
листік және болашақта – бүкіл тарихтың ақырғы формациялары ретінде 
социалистік және коммунистік. 
Марксистік тәсілде техникалық ілгерілеу бейнебір квазиавтономды 
процесс ретінде ұғылады, оның барысымен қоғамда болып жатқан барлық 
әлеуметтік-мәдени 
ӛзгерістер 
анықталады. 
Мұндай 
тарихи 
және 
технологиялық процеске деген кӛзқараста қамтылған ақиқат адамдардың 
әрекеттері толықтай еркін болып табылмай, сол қоғамда қалыптасқан 
технология ұсынатын құралдар жинағымен шектелетіндігінде кӛрініс табады. 
Бұл тұрғыдан, технологиялық детерминизмді жақтаушылардың ұста-
нымы, әрине, дұрыс, олардың қатарында Г.-М. Мак-Люэнді, М. Кастельсті, 
Л. Мэмфордты атауға болады.
Расында да, ХХІ ғасырды техниканы әлеуметтік ӛмірдің түрлі 
салаларында кеңінен қолдануымен сипаттауға болады. Ол түрлі басқару 
салаларында да бұрынғыдан белсендірек қолданыла бастап, әлеуметтік 
дамудың қайсыбір жолдарын таңдауға іс жүзінде әсер ете бастайды. 
Техниканың осы жаңа қызметін кейде оның әлеуметтік күшке айналуы 
ретінде сипаттайды. 
Канадалық философ әрі мәдениеттанушы Маршалла Мак-Ллюэннің 
(1911-1980 жж.) «бастапқыда біз технологияларды қалыптастырамыз, ал 
кейін олар бізді қалыптастырады» деген сӛздері қазір де ӛзектілігінен 
айырылған жоқ. Ӛз кезінде ғалым үлкен ӛмірге «ӛз анасының теледидарымен 
бірге жарнама арқылы әлемнің барлық кезеңдері мен кеңістіктерін бірге 
сорған ұрпақтардың» келуін кӛрсеткен. Ол ХХ ғасырдың орта тұсында-ақ 
адам 
қолының 
теледидар 
батырмасымен, 
теледидардың 
кӛзбен, 
компьютердің денемен, адамның Желімен бітісуін болжаған. Мак-Люэн жаңа 
шынайы болмыстың келуін жаршылаған.
Әлеуметтанушы Мануэль Кастельс «Ақпараттық дәуір: экономика
қоғам және мәдениет» трилогиясында былай деп көрсетеді: «Біз қарқынды 
әрі индустриялық дәуір шегінен асып кеткен қозғалыс туралы белгі беретін 
жаңылысқан жаңарулар дәуірінде ӛмір сүреміз. Бірақ осы ауысуды картаға 
салатын ұлы әлеуметтанушылық зерттеулер қайда? Зияттылығы аздар 
ақпараттық қоғамды түсіндіріп бақса, зияттылықтан жұрдай постмо-
дернизмге дербес әлеуметтік түсініктеме беріп әуреленуде».


Іргелі ӛркениеттік процестерді Жан-жақты талдау негізінде Кастельс 
ақпараттық технологиялардың қазіргі әлемде түбегейлі жаңа рӛл 
атқаратындығы туралы тұжырымға келген. Қарадүрсін технологиялық 
детерминизмді сынай келе, ол ақпараттық технологиялар заманында ӛндіріс, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет