жағдайда жан – идея әлемі мен зат әлемі арасында байланыстырушы ретінде
қарастырылады.
Платон таным теориясында «диалектиканы» пайдаланады, яғни
маңыздылығы туралы ілім, білім мен кӛзқарас арасындағы айырмашылықты
анықтайды, Эростың жартылай мифтік бейнесін танымды байланыстыруды
кӛрсетеді, білім мен сезім бӛлінбейтін «махаббат пен шығармашылық
демоны» болып табылады.
Платон білімнің ұшар шыңына шығу жолын «пире» түрінде бейнеледі:
Эрос байлық пен кедейшіліктің баласы ретінде (яғни білім және білімсіздік)
ақылдылық пен надандықтың арасында тұрады.
Білімді іздеудегі жан эйдос
әлеміндегі білімге жоғары махаббатпен ұмтылады, сонда ғана шындықты
«еске» түсіреді. Платон «мемлекетте» Эростың Абсолютке және одан жерге
қайтадан қонатын домен-байланыстырушы қанаттарынан шығатын жанды
тазалау бұл таным екендігін кӛрсете отырып, эристиканы дамытады. Бұл
философтарға қолайлы танымның орташа жолы.
Білім сезім және ақылмен
бірігуі керек. Пирада ол А.Ф. Лосевтің анықтамасы бойынша, «қалыптасу
бірлігі» деп кӛрсетілген.
Философияда даналылыққа деген махаббат Платон бойынша бәріне
бірдей болмауы мүмкін: білімі бар
Құдай үшін философия қажет емес. Ол ӛз-
ӛзіне сенімді және
надандықты да қажет етпейді.
Білімге ұмтыла отырып,
саналы түрде
философ білімінің жетілген деңгейіне ӛтеді, яғни білім мен
білімсіз (байлық және кедейшілік) арасында тұратындар толық
жетілмегеннен толық жетілген білімге ұмтылуға тырысады.
Платон бойынша таным –
«анамнез» яғни «еске» алудың жалғыз
формасы, яғни біздің жанымыздың терең түкпірінде орналасқан. Кӛріп
отырғандай,
ойшылдардың
гносеологиялық
және
онтологиялық
кӛзқарастары жан түсінігімен, оның тылсым, мифологиялық кӛзқарастармен
үндеседі. Бӛтен
болмыстың ашылуы, категориалдық аппарат пен таным
әдістерін жасау объективті идеализм жүйесін құру осы кезеңді аяқтайды.
Платон шығармашылығының үшінші кезеңі алдыңғы идеяларды
түсінуді қайта бағалау,
саяси тақырыпқа оралу,
мінсіз мемлекет
Достарыңызбен бөлісу: