Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет75/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   217
философия хасанов

жаратқаны емес, оны жаратушы Мұхаммед деп болжады. Себебі, олардың 
ойынша, шындықты білетін жалғыз нәрсе сол. Бұл ойларды талқылауға 
шешуде белсенділік танытқан мұсылмандық діни ілімді дәріптеуші 
мутазилиттер – теоретик Уасыл Ибн-Атаның (699-748 жж.) арқасында 
«ерекшеленген» (араб тілінен «ерекшелену») болатын. Олар исламның – 
Құдай мәңгілік болғандықтан оның кӛпжақтылығын мойындамаған 
догматтар ілімі қалам (сӛз, баяндама) схоластикасын ойлап тапты. Құдай 
жаратушы әрі жаратылысқа жан бітіруші, бірақ оның пішіні мен жүйесін 
айқындамайтын басты заңдылық сияқты. Олар Алланың мейірімділігінің 
шексіздігінен кінәлі адамдар ӛмір бойы азап шекпейді деп ойлаған, сонымен 
қатар мутазалиттер Құранды Құдай жіберді, ал Мұхаммед пайғамбар оны 
бізге жеткізуші ғана, олар барлық діни сенімнің басты негізі ақиқатқа кӛз 
жеткізу деп оқытты.
Мутазилиттің (бір Құдайға сенушілік) негізгі ұстанымдары Абу 
Худайл аль-Аллаф есімімен байланысты. Ол Құдайды ойлау жүйесі арқылы 
да тануға болады оған ақиқаттың қажеті шамалы деген. Ӛзінің сӛзін растау 
үшін келесі тұжырымдамаларды ұсынған. Сол заматтарда Салих есімді бір 
маг-зороастриец болыпты-мыс, оның Жарық пен Қара түнектен тұратын екі 
жағы болған екен, оның ойынша, олар бір-біріне қарама-қарсы келеді, ал 
олардың қоспасы әлемді құрайды. Бұл келіспеушілік тудырды. Аллаф Жарық 
пен Түнектің қоспасы бір-бірімен ылғи үйлесімді болды ма деген сұрақ 
қойған. Салих ол екеуі бір зат болатын деп жауап береді. Аллаф қайтадан: 
«Егер екі зат бір-біріне қарама-қарсы болса, қалайша үйлесіп кете алады? 
Оларды араластырушы бір күш болу керек, оларды тек қана – таңғажайып 
күш немесе Құдай ғана араластыра алады» депті. Тағы бір сӛзінде Аллаф: 
«Сенің кӛздегенің не?» Салих: «Мен Құдайдан екі Құдай бар деген сенімді 
растайтын ризашылығын сұрадым» дегенде Аллаф: Сен Құдайдың 
қайсысынан ризашылық сұрадың? Сен сұраған Құдай бұл үшін тағы да басқа 
Құдайды нұсқауы мүмкін» деген екен. 
Ол алғаш болып адамға керек білімі туралы ӛте жоғары білімге кӛтеру 
үшін екі бағытты ұсынған: қажет дүниені тануға бағытталу (Алланың бар 
екендігін мойындау және ақиқатқа кӛз жеткізу), басқа да қалған сезім мен ой-
сана арқылы жетілетін білім салалары. 
Аллаф еркіндікті сезіну тек біздің әлемімізде ғана мүмкін деген. 
Қабірде адамның еркіндігі шектеледі, яғни еркіндік жоқ. Тозақта мәңгілікке 
қалып, азап шегу мүмкін емес, себебі Құдай аса мейірімді. Адамның еркіндік 


құқығын қорғай отырып, Аллаф догматтарға ғана емес, тіпті фатализмге 
шыққан. 
Мутазилиттер мұсылмандық ортодокстар (мутакаллимдер) тарапынан 
қудаланып, ІХ ғ. олардың іліміне тыйым салынды.
Мутакаллимдер ӛкілі, мутазилиттердің саяси ӛмір мен табиғи ӛмір 
салттары ілімін сынға алған Маймонид әл-Ашари (873-935 жж.) еді. 
Құдайдың есімінің кӛптігін адам санасына сыймайтындай құдіреттілігін 
баяндай отырып, олар исламда креационизм (әлемді Құдай жаратушы) 
бағытын және фатализмді (алдын ала болжау идеясы) қалыптастырды. 
Мутакаллимдер ілімі жасырын құрылған, Құранды сӛзбе-сӛз түсінбей, 
астарлы мағынасын ашып түсіндіруді қолдаған «таза ағайындылар» 
тарапынан талай рет сынға алынды. Олар «әлемді» Құдай жаратты және оған 
бәрі қайтарылады» деген неоплатондық идеяны ұстанушылар болатын. 
«Ағайындылар» «адам қайтыс болған күні, оның жанының туылатын күні» 
деген. Ойшылдың терең білім алудағы басты мақсаты – жанын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет