Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


алғышарттар болып табылады»



Pdf көрінісі
бет72/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   217
философия хасанов

алғышарттар болып табылады». Теология мен философия бір-бірімен 
тығыз байланысты: сенім ақылды пайдаланады, сенім шындықтан 
алыстамайды. «…сенім ақыл арқылы жетіледі, ал теология – философияны 
жетілдіреді». Философия мен теология арасындағы айырмашылық зерттеудің 
мәнінде емес, Құдай, адам, әлемде жатыр дейді басқалар Ал философия 
болса, ол да діни догманың дұрыстығын, ақиқаттылығын ӛзіне тиесілі 
беделімен дәлелдеуі керек. Фоманың болжауынша, ақыл мен сенім Құдайдың 
шынайылығын кӛрсетеді. Фома Аквинский шынайылықты үшке бӛледі: 
- «жалпы шынайылық» – Құдайдың құдіреті арқылы болады;
- «ерекше шынайылық» – Құдайдың құдіретімен болады, адамдармен 
қарым-қатынас, ерекше тарихи жағдайлар, т.б. 
Аквинаттың ойы бойынша, адам ӛмірі Құдайға қатысты. Ол бұрын 
Құдайға жақын болған. Бірақ күнә жасағаннан кейін ол Құдайдан алыстады, 
оған қарсы шықты. Ізгі ойы тұманданды. Адам Құдаймен байланысты 
жоғалтты. Ол байланысты тек қасиетті кітап арқылы жӛндей алады. Ол 
адамның табиғаты рационалды, ойы жақсылық пен жамандықты біледі дейді. 
Тек оның еркін ойы ғана жан-жақпен байланыста болады немесе күнә 
жасайды. Жамандық туралы ойын ол грек философтарының айтқанын мәнге 
алады, жамандық дұрыс ойдың болмауында емес, Құдаймен байланысты 
үзуде Фоманың ойынша, жамандық соңы жан мен еркіндіктің құртылуында 
(Августин Блаженный).
Ол адам табиғаты рационалды, оның ақыл-ойы жамандық жасауды, 
адамдықты біледі. 
Иоанн Дунс Скотт (1266-1308 жж.) – жаңа уақыт философиясын 
әкелуші. Ол теология ғылымы бойынша жұрт алдында сӛйлеуде «еретиктік»
екі
шындықты ашқан: сенудің шындығы, білімнің шындығы. Ол 
«Аристотельдің метафизикаға қатысты сұрақтары» және
 
Петр 
Ломбардскийдің сол уақыттағы теологиядан негізгі «Сентенции» 
түсініктемесінің авторы. Скотт осы жұмыстарында ойға келмейтін ақиқат бар 


екенін айқындайды. Мысалы: әлемнің басы уақытта, жанның мәңгілігінде. 
Бұл ақиқатқа адам дәлелдеумен емес, ӛзінің ізгілік сенімімен келеді, оны 
түсіну үшін білім керексіз. 
Дунс Скотт теология мен философияны ерекше бӛлгенде адам ӛз 
бетімен Құдайдың бар екенін,жанның мәңгіліктігін дәлелдей алмайды. Ол 
теология мен философияның бӛлек екенін кӛрсетеді. Теология (Құдай туралы 
оқу), шынайылықтағы ақиқаттан шыққан. Ал философия (метафизика) 
тұрмыс туралы оқу. Болмыс барлық тіршілікке тән құбылыс. Құдайға да, ол 
жаратқан барлық заттарға да тән құбылыс. Болмыстың шынайылығы оны 
тудыратын себеп-салдарын біз салыстыру, ой елегінен ӛткізу арқылы білеміз. 
Бірақ бұл бәріне қатысты, бірақ ерекше. Болмыстың бірінші белгісі жай емес, 
шексіз болмыс. Осы мәңгіліктерде – Жақсылық, ақылдылық және т.б сәйкес 
келеді. Шексіздік біреу, кӛп емес. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі 
заттарды жаратқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет