Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің



Pdf көрінісі
бет93/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   217
философия хасанов

6.5. Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің 
қалыптасуы: Н.Кузанский, Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей, Г.И. 
Кеплер 
 
Н. Кузанскийдің (1401-1464 жж.) ғылыми зерттеулері мен 
натурофилософиясын орта ғасыр мен Қайта ӛрлеу дәурінің алтын кӛпірі 
десек те болады. Кардинал Кузанский негізінен Қайта ӛрлеу дәуірінің ӛкілі. 
Бірақ ол схоласт емес. Ғалым, теолог ретінде ол «ғылыми білімсіздік» деп 
аталатын математикаға негізделетін таным ілімін ойлап тапты. «Қарама-
қайшылықтың сәйкестігі» концепциясына жүгіне отырып, әлем мен Құдай 
мәселесін шешеді. 
Н.Кузанский 
неоплатонизмнің 
қағидаларына 
сүйенген. 
Бірақ, 
неоплатониктердің ойларына ортақ ұғымды тереңірек зерттеді. Бұл 


мінездеме ортақ нәрсені бӛлуші пифагорлықтар мен элеаттарға тән еді. 
Осыдан ол: біртұтастыққа барлық ұғым кіреді деген қорытынды шығарады, 
бұл формула пантеистік және пантеистікті дамытушы Дж.Бруноның ойына 
ұқсас. 
Н.Кузанскийдің ойынша, Құдай әлемнен тыс нәрсе емес, ол онымен 
бірге. Сондықтан да, «әрбірі әрбіріне» деу, Құдай барлығына, барлығы 
Құдай арқылы» деумен тең. Құдайды тануға ұмтылу сенімнің емес, ақыл- 
ойдың ілімі. Бірақ танудың мүмкіндіктері шектеулі: жоғары білімге тек 
математикалық деңгейдегі символикамен, жеке жетістіктермен белсенді ӛмір 
салтымен жетуге болады. Құдайға жету мүмкін емес, ол ӛзін бар деп білетін, 
мойындайын әлемнен табылады. Табиғат Құдайдың жаратылысы, шексіздік 
шексіздіктен, бірлік кӛпшіліктен ал мәңгілік уақытпен ұштасады. 
Шексіз әлем туралы тезис астрономияға қайта жаңғыру әкелді. Егер 
геометрия мен философияда шексіздік ұғымы білімімізді соңғы қатынасқа 
шамаласа, 
астрономияда 
бұл 
жаңа 
ӛлшем шекті 
қатынастарды 
байланыстырады. Шынымен де әлемдегі ӛлшемдердің нақты ӛлшемі шексіз 
десек, оларда ортақ нүкте болуы мүмкін емес. 
Кузанскийдің тұжырымдамалары әлемнің орталығы туралы ескі 
пікірлерді және философиялық категориялардың арасындағы балансты 
түзуге кӛмектеседі. Платон мен Аристотель ғана емес, Птоломей мен 
Архимед ұстанған ғарыштық бейнені бұл тұжырымдама жарып шықты. 
Антикалық ғылым және философия үшін ғарыш ӛте үлкен, бірақ соңғы 
жаратылыс болып табылады. Ал дененің шексіздігінің белгісі – оның 
орталығын білудің соңғы мүмкіндігі, яғни «басы» мен «соңы». Кузанскийдің 
ойынша ғарыштың орталығы және айналысы – Құдай, сондықтан да әлем 
шексіз болмаса да, оны шекті деп ойлауға болмайды. 
Оның осы ойлары аристотельдік физикаға қарсы келеді. Олар 
антикалық және ортағасырлық ғылымдағы ғарыштық шек туралы 
түсінігімізді ӛзгертеді. Осылайша, ол бізді коперникалық астрономия 
революциясына, яғни аристотель мен птоломей картинасындағы әлемге 
дайындады. 
Қайта ӛрлеу дәуірі мәдениетінде антикалық философиядан және ӛзін-
ӛзі тануға ұмтылудан жаңа философиялық әдістер пайда болды. Жаңа әлем 
картинасының пайда болуына натурофилософияның кӛрнекті ӛкілдері Н.Коп, 
Дж.Бруно, Г.Галилей, И.Кеплер ӛз үлестерін қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет