Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет15/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   217
философия хасанов

деңгейде Күн, Ай және кейбір жақын планеталар адамға, қазіргі 
биокосморитмологияның оқытатын сәулелердің, яғни гравитациялық
электромагниттік және инфрақызыл, лептон сәулелерінің қалай әсер 
ететіндігі жайлы айтады. Астрологиялық деңгейде ғарыштық объектілер 
адам психикасының картасы іспетті әсер ететіндігі айтылады. Бұл жерде 
адамға планеталардың нақты тигізер әсері емес, адамдардың барлығының 
қоршаған ортадағы әр түрлі денелердің әсерін сезетіндігі айтылады. 
Сиқырлы (магиялық) деңгейде планеталар, жұлдыздар тірі жан ретінде 
кӛрсетіліп, олармен байланысқа түсе алатынымыз сӛз етіледі. 
Кӛне арийлер планеталар мен жұлдыздарды Сварга әлемін мекендейтін 
физикалық денелер деп есептеген. Сондықтан адам, мысалы, Жермен 
тілдескенде – оның тілдесіп отырғаны шындығында Бхуми Құдай болған. 
Юпитер – бұл жартылай Құдайлар патшасы, Индра немесе Зевс. Сатурн – 
Әлемдік Дхармараджа заңдарының Құдайы
 Санкхья философиясы медициналық емес, философиялық жүйеде, 
әмбебап күйдегі Аюрведаға негізделген. Ол алгоритмдерге, анықталған 
географиялық, климаттық, мәдени және әлеуметтік жағдайлар немесе ӛзге де 
дүниелерге негізделген. Аюрведа ӛзіне астрономия, биокосмомортитмология, 
астрология мен натуропатияны (ауруды емдеудің табиғи әдістері) енгізе 


отырып, материалдық дүниенің және оның заңдарының Джъотиша-шастрада 
екендігін бейнелейді. 
 
2.3. Йога жүйесі 
 
Йога жүйесі санкхья философиясымен байланысты. Патанджалидің 
185 афоризмінен тұратын классикалық «Йога-сутра» еңбегінде санкхья 
философиясының онтологиясы мен гносеологиясы кӛрсетілген. Йога 
тәжірибесі заттардың шынайы мәнін («вивека-джияна»), құтқару жағдайына 
қажетті ақыл («чит») қызметінің бес түрін кӛрсететін құрал ретінде 
байқалады. Ол адамға сана мен рух біріктіретін денені береді, «йога» сӛзінің 
ӛзі «бірлік», ал батыстық түсінікте «бүтін» деген мағынаны білдіреді. Ол 
санскриттік етістік түбірлі аудармасында «біріктіру», «байланыстыруды» 
білдіретін «йуджден» құралады. 
Ақыл қызметі тежелуінің бірінші баспалдағы, оның бір заттан екінші 
затқа «сырғанауы». Екінші баспалдақ ақылдың мұқатылуын кӛрсетеді. 
Үшінші баспалдақта ақылды тыныштандыру сӛз болады. Тӛртінші 
баспалдақта ақылдың бір жерге жиналу жағдайы қарастырылады. Ал бесінші 
баспалдақта ойлау қызметі толығымен шегіне жетеді.
Кӛптеген 
алдыңғы ұрпақтардың араласу тәжірибесі негізінде 
Патанджали йогалық тәжірибенің, физикалық, интеллектуалдық және рухани 
дамуының анықталған баспалдақтарын жасады. Бұл тәжірибе кез келген 
аяқталмаған жағдайдың орындалуы немесе оқытылуының анық еместігі, 
йоганың ӛзін тарату барысында қажетті бір баспалдақтың іске асуына кедергі 
келтіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет