Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет17/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   217
философия хасанов

 
2.4. Миманса жүйесі 
 
Миманса Джаймини (б.д.д. II-I ғғ.) даналардың жасауымен ережелер 
жүйесі сияқты игерілген еді, негізінде ведалық мәтіндер және салттар 
түсіндірілуге тиісті болатын. Ол Веданың барлық ұйғарымдарын орындай 
отырып, адам қылығына қарай жазалардан («самсары доңғалағынан») және 
қайта туу заңынан (карма) азат етіле алады деп бекітті. Миманс 
қолдаушылары Веданы Құдайландырды, оларды әмбебап субстанция, мәңгі 
абсолют және Брахмаға теңеді. Миманса Ведаларды мәңгі және ешкімге 
тәуелді емес деді. Веда дәстүрлерін марапаттылық үшін емес, шын кӛңілмен, 
парызың ретінде атқаруың қажет деп түсіндірді. Осының нәтижесінде жеке 
жан ӛлгеннен кейін қайтадан еркіндік алады деді. Миманса жан мәңгі, ал 
таным ол денемен қосылғанда пайда болады дейді. Денедегі жан әр түрлі 
білімге ие. Дұрыс білім кӛзі болып, қабылдау («пратьякша»), қорытынды 


жасау («анумана»), салыстыру («упамана»), куәлік («шабда») және бекіту, 
қорытынды жасау («артхапати»). 
Бұл мектеп ӛкілдері таным теориясы заттарды тануға кӛмектеседі деп 
есептеді. Олар логикалық қабылдауды кеңінен пайдаланды. Танымның 
шығар кӛзі болып қабылдау танылады, дүние пайда болғандай
субстанцияның түрлері сияқты сезіммен қабылданады. Осы уақытта Веда 
белсенділігі артып, Миманса философиясы сезіммен қабылдау мен 
логикалық егізден басқа «дұрыс» білімді алудың нақты кӛзі Веда мәтіндері, 
ал ӛзге басқа кӛздер оны қабылдау үшін ғана арналған деп кӛрсетеді. Кей 
жағдайларда, жоғарыда атап кӛрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де 
жатқызады, ӛйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. 
Сӛйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды 
мойындаудың мәні жойылады. 
2.5. Ведант жүйесі 
Веданттар жүйесі Веда аяқталғаннан кейін Упанишадтан пайда болды. 
«Брахма-сутрада» Упанишад оқуы пайда болды, оған түсініктемелерді ведант 
мектебінің бірнеше негізін салушылары Бадараяна, Шанкара және 
Рамунджалар берді. «Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті 
қаншама ғасыр ӛтсе де оның бүгінгі таңда да кӛптеген жақтаушылары бар. 
XIX ғасырда Ведант мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал 
XX ғасырды Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің ӛзі де 
айналысқан. Ведант дүниенің жаратылуын 
Брахмамен
 байланыстырады. Бұл 
күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сӛйтіп ӛліп бара 
жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады. Бұл оқуда теологиялық білімді 
адам үшін шындықта тек Құдай бар, күнделікті ӛмірдегі шындық – ол елес 
қана дейді.
Ведант дүниедегі құбылыстың ақиқаттылығын тануға ұмтылыс 
жасатады, адам ӛз сезімдері мен ақылына бақылау жасауы керек, ӛз жанын 
сыртқы күштер әсерінен аулақтатуы қажет деп оқытады. Бостандыққа жол 
авидьиді жарып ӛтуде жатыр, ӛмір сүріп отырған дүниеміздің барлығы 
жалған дейді (майя). Нақты ӛзгеріссіз шындық болып, Брахма табылады. 
Ведант ақиқаты рухани тәлімгердің жетекшілігін игере отырып, адам 
ақырындап Брахманы тани алады. Ол нақты ақылды бола отырып
материалдық тәуелділіктен босатылады. Оның ақылды және еркіндіктегі 
жаны Құдайға жақындап, жер ӛмірінің қайғысынан құтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет