Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет95/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   217
философия хасанов

Галилео Галилей (1564-1642 жж.) – теологиялық әлемтануға 
астрономиялық және математикалық есептеулермен тәжірибе жүргізу 
арқылы гелиоцентрлік теория ӛлшемінің дәлдігін дәлелдеп, теориялық 
әлемтануға үлкен ӛзгеріс әкелді. Ол сенім мен ғылымның арасындағы 


байланысты Қасиетті Писанияның автономды ғылымы арқылы түсіндірді.
Галилей әлем туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми 
тәжірибелер ойлап тапты. Тәжірибенің бақылаудан ерекшелігін Галилей 
қорытынды шығаруға немесе қандай да бір гипотеза жасауға 
болатындығымен түсіндірді. Ол іс жүзінде орындала бермейтін 
тәжірибелерді ойлау жүйесі арқылы да жасаған. Оны ғылыми танымдағы 
гипотетикті-дедуктивті әдісті теорик деп атауға да болады. 
Г.И. Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа 
астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы 
туралы тәжірибиелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сӛзінің 
орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын 
біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді 
математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол 
жұмбақты шешу деп есептеген.
«Коперниктік астрономияның қысқаруы» (1618) және «Әлем 
гармониясы» (1619) атты еңбектерінде Кеплер ғаламшар қозғалысының осы 
күнге дейін сақталып келе жатқан үш заңын айтады. Осы заңдарды ашу – 
нағыз ғылыми ізденісті талап етеді. Ӛзінің кӛруі нашар болғандықтан, ӛз 
тәжірибиелерінде кӛбіне Тихо Брагтың нақты ӛлшемдерін қолданған. 
Кеплердің арқасында ғаламшарлар қозғалысында гелицентрлік жүйенің мәні 
арта түсті. 
Қайта ӛрлеу дәуірін қорытындылыай келе, бұл дәуірдің ортағасырлық 
схоластикадан бӛлініп, Жаңа дәуір философиясына енуімізге үлкен сепігі 
тигенін айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет