Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР
 
1.Криминология: Учебник для вузов / под общ. ред. А.И. Долговой. 3 – е изд., 
перераб. и доп. – М.: Норма, 2010. – 384 с.; 
2.Кудрявцев, В.Н., Эминов В.Е. Криминология: учебник – 5–е издание / В.Н. 
Кудрявцев, В.Е. Эминов. – М.: Прогресс, 2013. – 544 с.; 
3.Турчинова, А.И. Кадровая политика: монография/А.И. Турчинова. – М.: Изд–
во РАГС, 2009. – 211 с. 
4.Антонян, Ю. М. Криминология. Избранные лекции / Ю.М. Антонян. – М. : 
Логос, 2004. – 213 с. 
5. Айрапетян, Э. С. Причины и условия, порождающие коррупцию в Российской 
Федерации в современных условиях / Э.С. Айрапетян // Акт. вопр. юрид. наук: 
материалы междунар. науч. конф. – Челябинск : Два комсомольца, 2012. – 213 с. 
6.Рейтинг 
стран 
по 
уровню 
коррупции// 
https://nonews.co/directory/lists/countries/corruption 
ӘОЖ 343.140.02 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ЗАТТАЙ 
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Нұридин С.Н. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ. 
 
Аңдатпа. Қылмыстық - процестік дәлелдеу тану және дәлелдеу-мазмұны 
бойынша әр-түрлі ұғымдар екендігіне негізделген. Дәлелдеуді екі аспектілі ұғым 
ретінде қарастыру қажет; бірінші аспект-құқықтық; екінші гносеологиялық-танудың 
философиялық теориясы.
Түйінді сөздер: Қылмыстық–процестік кодекс, қылмыстық құқық, құқық қорғау 
органдары.
Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сотта қарап шешу дәлелдеу қызметі 
арқылы жүзеге асырылады. Іс жүргізу органдары (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) 
қылмыстың қалай жасалғандығын, оның барлық мән-жайларын дәлелдемелердің 
негізінде ғана анықтай алады. Дәлелдемелердің негізінде прокурор қылмысты 
айыпталушы жасағандығын соттың алдында ашып көрсетеді, ал қорғаушы 
айыпталушыға тағылған айыптауды жоққа шығарады немесе оның жауаптылығын 
жеңілдету жөнінде өз талаптарын қоя алады. Сот айыптау және қорғау тараптары 
келтірген дәлелдемелердің негізінде сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі 
жөнінде анық тұжырымға келіп, айыптау немесе ақтау үкімін шығарады. Сондықтан да 
қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәселелерін зерттеу қылмыстык процесс 
ғылымының маңызды бөлімі болып табылатын дәлелдеу теориясының пәніне жатады. 
Дәлелдеу теориясы — ғылым бөлімі ретінде қылмыстык процестегі дәлелдеу 
қызметінің мәні мен мазмұнын, мақсатын, құқықтың негіздері мен жүргізу тәртібін, 
сондай-ақ бұл теорияның ұғымдырын қамтитын ілім, яғни ғылыми қағидалар 
жиынтығы болып табылады. Дәлелдеу теориясы ұғымын дәлелдеу құқығы ұғымынан 
ажырату қажет. Дәлелдеу құқығы қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің құқықтық 
негіздерін және дәлелдемелерді қолданудың ережелерін көрсететін нормалар 
жиынтығы деп білеміз. Яғни, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу қызметінің қалай 


58 
жүзеге асырылатындығы, оның жүргізілу тәртібі және қандай дәлелдемелердің 
қолданылатындығы қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген. Дәлелдеу қызметінің 
жалпы ережелері ҚІЖК-нің 15 және 16 тарауларында (111-127-баптар) жинақталған. 
Бірақ, дәлелдеу құқығының нормалары бұл тараулардың баптарымен шектелмейді. 
Себебі, дәлелдеу қызметі қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларына ортақ 
болғандықтан, әр стадияның жүргізілу тәртібін реттейтін заңның нормалары дәлелдеу 
құқығымен тығыз байланысты болып табылады [1]. 
Сондықтан дәлелдеу құқығының жалпы ережелерін қылмыстық іс жүргізудің 
стадияларымен байланыстырып қарастыру және зерттеу - дәлелдеу теориясының 
пәнімен қамтылады. Қорыта айтқанда, дәлелдеу теориясы дәлелдеу құқығын қамтитын 
болғандықтан, одан кең мағыналы ұғымды білдіреді. Методологиялық тұрғыдан 
алғанда, қылмыстық процестегі дәлелдеу теориясы философиялық таным теориясының 
қағидаларына негізделген. Мұнын, себебі, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу өзінің 
мәні жағынан тану қызметінің түрі ретінде қарауға жатады. Яғни, қылмыстың мән-
жайларын толық ашу — таным қызметінің ерекше, заңмен реттеу арқылы жүзеге 
асырылатын түрі болып табылады. Осы айтылғанға байланысты, таным теориясының 
нақты қандай қағидаларының дәлелдеу теориясы үшін маңызы бар деген сұрақ туады. 
Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен дәлелдеу қызметінің басты мақсаты қылмыстық 
іс бойынша ақиқатқа жету екенін айту қажет. Сондықтан, дәлелдеу теориясында ақиқат 
ұғымы туралы философиялық ілім қолданылады. Философиялық ақиқат ұғымы күрделі 
мәселе болғандықтан, ол жөнінде барлыкқа бірдей қабылданған пікір жоқ. Дегенмен, 
көбіне бұл ұғымды айналадағы құбылыстар мен заттардың адамның сана-сезімде 
бұрмаланбай бейнеленіп, соның нәтижесінде қалыптасқан оның (адамның) білімінің 
объективтік дүниеге сәйкес келетіндігі деп түсіндіріледі. Сол сияқты, қылмыстық 
процесте істің мән-жайларын толық көлемде және ол мән-жайлардың шындығында 
қалай болғандығына сәйкес дәл анықтау — кылмыстық іс бойынша ақиқатқа жету 
болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының (тергеушінің, 
анықтаушының, прокурордың және соттың) істің мән-жайлары жөнінде тұжырымдары 
мен шығарған шешімдерінің ол мән-жайлардың шындығында қалай болғандығына 
сәйкес келуі акиқатқа жеткендікті білдіреді

Ақиқат ұғымы — білімнің объективтік 
дүниемен сәйкестігін білдіретін болғандыктан, ғылыми еңбектерде бұл ұғымды 
объективтік ақикат деп те атайды. Дәлелдеу теориясының ғылыми негіздерінің бірі 
ретінде материяның бейнелеу қасиеті туралы ілімнің үлкен маңызы бар. Бұл ілімнің 
мәні қоршаған дүниеде болатын оқиғалар мен құбылыстар оларға сәйкес ортада өзара 
байланысты өзгерістер түрінде бейнеленіп, информациялық маңызы бар із қалдыратын 
болғандықтан, материяның осы қасиетін қолдану арқылы табиғи дүниені, қоғамдық 
құбылыстарды және болған оқиғаларды зерттеп анықтай аламыз. Яғни, материянын 
бейнелеу қасиеті ғылыми зерттеу амалдары арқылы ақиқатқа жету мақсатында 
қолданылады. Бейнелеу қасиеті материяның барлық түрлеріне (тірі дүние мен өлі 
дүниені қоса алғанда) ортақ қасиет болғандықтан, оның ғылым мен тәжірибенің барлық 
салалары үшін маңызы бірдей. Бұл ілімді қылмыстық процесте қолданудың, мысалы 
қылмыстың іздерін және қылмыстың мән-жайлары жөнінде адамдардың жауаптарын 
(куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының) дәлелдемелер ретінде қолдану болып 
табылады. Осындай дәлелдемелердің түрлерін қылмыстық істің мән-жайларын анықтау 
үшін қолдаудың занды жолдары мен тәртібі дәлелдеу теориясында түсіндіріледі [2]. 
Дәлелдеу теориясында ғылыми зерттеулер жүргізудің жалпы және арнайы 
әдістері мен амалдары туралы 
таным теориясында 
қалыптасқан қағидалар 
қолданылады. 
Таным теориясына
сәйкес, ғылымның барлық салаларына ортақ зерттеу 
әдістері және ғылымның әр саласының ерекшелігіне байланысты қолданылатын арнайы 
әдіс-амалдар ажыратылады. Мысалы, дәлелдеу теориясында, ғылымның басқа да 


59 
салаларында сияқты, зерттеу амалдарының мынадай түрлері кеңінен қолданылады: 
болжау, байқау, суреттеу, салыстыру, эксперимент жүргізу, үлгілер жасау 
(моделирование), логикалық талдау және қорытындылау. Ал, дәлелдеу мақсатында 
қолданылатын арнайы амалдарға өкілетті мемлекеттік органдар (қылмыстық ізге түсу 
органдары мен сот жүргізетін тергеу іс әрекеттері жатады. Заңмен реттелген тергеу 
әрекеттері дәлелдемелерді жинау және зерттеу мақсатында тек қана қылмыстық істер 
бойынша қолданылады және бұл тергеу әрекеттеріне байланысты мәселелер дәлелдеу 
теориясында қамтылып зерттеледі. 
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде 
егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, 
жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі, 
сарапшының қорытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары 
және өзге де құжаттар [3]. 
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей 
кездерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен 
пайдалануды түсіну керек. 
«Көз» ұғымын кең ауқымды мағынада түсіңдірудің құқықтық негізі бар. 
Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе сот 
мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген куәгердің және 
жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете алмайды. Бұл ереже 
көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелер 
сипатында сақтаушылар емес, оларда негізі қаланған ақпарат есептеледі. 
Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әр түрлі 
кезқарастар калыптасты, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту қажеттілігіне сүйенеді. 
Мәселен, П.П. Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде азаматтық талапкердің 
жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың өкілдерінің жауаптарын 
қарауды ұсынады. А.С. Ландо осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін 
кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің жауаптарымен толықтыруды 
орынды деп есептейді. 
В.Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола 
алмайды, өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық 
жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың «алғашқы 
көздері», яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды орынды санайды [4].
Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау жасау П.П. 
Якимов пен А.С. Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік 
туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік береді. 
В.Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс жүргізушілік 
мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі 
деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола алатындай заттың қасиеттері деген Р.С. 
Белкин мен А.И. Винбергтің пайымдауы да дұрыс көрінеді. Сараптамалық зерттеуге 
арналған үлгілерге қатысты айтатын болсақ, онда М.М. Михеенконың пікірі бойынша 
олар заттық айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де 
болып табылмайды. Бұл көзқарас Н.А. Селивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол 
былай деп жазды: «Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы 
арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты 
мұндай байланыс туралы айтудың өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес, 
тергеумен байланысты және оның қылмыстық іске қатысына қарамастан белгілі бір 
субъектіні немесе объектіні сипаттайды. Салыстырып қарауға көмектесе отырып, мәні 
жөнінен үлгілер таным құралдары ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды 
заттық айғақтарды зерттеуді жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын құралдармен, 
құрылғылармен және басқа да тетіктермен, сондай-ақ зерттеуші өзінің 


60 
қорытындыларында негізге алатын әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми 
деректермен салыстыруға болады» [5]. 
Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы іс 
жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. Бірақ қандай да бір нақты қимылды заң 
ескертпейді. Тергеу іс-қимылдарының хаттамалары дәлелдеме көздері болып 
табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым-процессуалистер арасында әр түрлі көзқарас орын 
алған. В.Д. Арсеньев қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген кез келген тергеу іс-
қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме көздері болып табылады деп ойлайды. 
Оған керісінше Ф.Н. Фаткуллин мен В.Я. Дорохов істің мән-жайын анықтауға 
бағытталған тергеу іс-қимылдарының хаттамалары ғана дәлелдеме көздері болып 
табылады деп есептейді. Мәселе мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына 
анағұрлым сөйкес келетін сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс-қимылдарының 
қосымша сипаты ғана бар және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін құрамайды 
(мәселен, мәйітті сойып көру оны қарауды және сот-медициналық сараптаманы жүргізу 
үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған). Өзінің көзқарасын жақтай отырьш, В.Я. 
Дорохов былай деп жазды: «Хаттамалардың дәлелдеу маңызы туралы мәселе 
дәлелдемелерді жинақтаудың іс жүргізушілік тәсілдері больш табылатын тергеу және 
сот іс-қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін» [6]. 
Сонымен, дәлелдемелер көздері ҚІЖК-де толық келтірілген және кеңейтіп 
түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес жолмен 
алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға алмайтындығы іс 
жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес келедіЗаңда көзделген 
дәлелдемелер көзі 
іс 
жүзінде қолда бар көздің ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің 
бірімен сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын 
дәлелдеу үшін ҚІЖК-де санамаланған кез келген көздер пайдаланылуы мүмкін 
екендігін белгілейді. Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір 
көздерден анықталуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 240-бабьша сәйкес қаза табуының 
себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, 
айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті 
сот сараптамасын жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын 
фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың қорытындылары болады. 
Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына адамның жасы 
туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмән болған немесе 
АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) қажетті құжаттары болмаған жағдайда 
сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау кезінде жасалатын 
сарапшылар қорытындылары да жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет