Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР
 
1. www.adilet.zan.kz. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан 
Республикасының Заңы. 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 – V ҚРЗ. 


96 
2. Абдрасилов Б.С. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері». – 
Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясы, 2016. – 176 б. 
3. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 
жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ 
 
Ұлтан Ә.Р., студент 
Ғылыми жетекшісі: Кобегенова Г.Ж. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. 
Бұл мақалада сыбайлас жемқорлықтың таралу себептері мен 
қоғамның 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге тиімсіз қатысуы
туралы қарастырылған.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, жемқорлыққа қарсы күрес, құқық 
бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана. 
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әртүрлі себептермен 
туындауы мүмкін. Қазіргі Қазақстан сияқты өтпелі экономикасы бар елдер үшін 
сыбайлас жемқорлықтың келесі жалпы себептері аталады: «экономикалық құлдырау, 
саяси тұрақсыздық, заңнаманың дамымауы және жетілмегендігі, мемлекеттік 
органдардың тиімсіздігі, азаматтық қоғам институттарының әлсіздігі, сыбайлас 
жемқорлықтың демократиялық дәстүрлерінің жоқтығы». 
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті 
мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-
өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын 
жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы 
елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан 
да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының 
бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында 
жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық 
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау 
мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде 
қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. 
Бұл себептерге сонымен қатар «халықтың басым көпшілігі арасындағы саяси 
мәдениеттің субъективті типі, сот жүйесінің әлсіздігі, халықтың құқықтық санасының 
дамымауы, пайда табу мақсатында заңға немқұрайлы қарау, шенеуніктердің заңға емес, 
билік пен нұсқауларға бағынуы, заңның бұзылуының жазаланбауы жатады. 
Сыбайлас жемқорлықтың біздің еліміздегі ең қалың бұқара арасында 
таралуының маңызды себептері кедейлік пен әлеуметтік қамсыздандырудың төмен 
деңгейі, ақысыз медициналық көмектің қол жетімді еместігі болып табылады. 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өсуіне ықпал ететін нақты 
себептердің қатарына мыналар жатады: экономикадағы нарықтық қатынастардың 
жетілмегендігі, заңнамадағы олқылықтар, азаматтардың моральдық жағдайын 
қалыптастырудағы проблемалар, мемлекеттік аппараттағы парақорлық, құқық қорғау 


97 
органдары қызметінің тиімсіздігі, соттардың істерді қараудың уақтылы өткізілмеуі 
және т.б. 
Сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептеріне үкіметтің ашықтығының болмауы 
және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге тиімсіз қатысуы жатады. 
Сыбайлас жемқорлық адамдар өздерінің мүдделерін қоғамдық мүдделерден 
жоғары қоя бастағанда ғана туындайды және бұл сыбайлас жемқорлықтың таралуының 
маңызды субъективті себебі болып табылады. 
Қазіргі жағдайда, сыбайлас жемқорлық қоғамның өміріне, оның экономикасына, 
билік аппараттары және тіпті мемлекеттің өзіне қауіп төндіреді, шенеуніктерден 
тұратын оның өкілдері, әлеуметтік мәселелерді шешудің орнына, өздері үшін жұмыс 
істейді, жеке мәселелерін шешеді. Бұл өмірдің барлық салаларына енеді: үкімет, 
кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар. 
Трансперенси 
Интернешнлдің 
«Қазақстандағы 
сыбайлас 
жемқорлық 
жағдайының мониторингі» зерттеуінің 2019 жылының деректері бойынша «Сыбайлас 
жемқорлық тәжірибелерінің ахуалдық талдауы алушының қызметке қызығушылық 
дәрежесі респонденттің сыбайлас жемқорлыққа тартылу дәрежесіне әсер ететінін 
көрсетті. Сыбайлас жемқорлық тәжірибесі бар респонденттер мәселені әскери 
комиссариаттарда, мемлекеттік балабақшаларда, азаматтық хал актілерін тіркеу 
бөлімдерінде (АХАЖ), кеденде формальды емес жолмен шешуге барынша дайын 
екендігі туралы хабарлады. Мәселені ресми емес шешу туралы уағдаластықтар 
көбінесе мамандармен (34,2%) бөлім басшыларымен (17%) және жетекші мамандармен 
(15,9%) жасалған [1].
Осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер 
кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар 
жауапкершіліктен құтылып кетеді. 
Сондықтан, адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру 
керек. сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа 
әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер 
мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы[2].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат 
қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп 
береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін 
моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ 
моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Қортындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік пен құқықтық 
мәдениетті қалыптастыруда әлі де көп жұмыс істелуі керек, әрбір азамат бұл 
қылмыспен күресті өзінен бастағаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет