Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет44/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ЛИТЕРАТУРА 
 
1. 
Богданов И.Я., Калинин А.П. Коррупция в России: социально-
экономические и правовые аспекты. – М.: Юристъ, 2001г., - С. 240. 
2. 
Большой юридический словарь / Под ред. А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских. – 
2-е изд., - М.: ИНФОРМА –М, 2000. – С. 704. 
3. 
Водько Н.Г. Уголовно-правовая борьба с организованной преступностью: 
научно-практическое пособие. – М.: юриспруденция, 2000. – С. 80. 
4. 
Выступление Медведева Д.А. в Уфе //Вести. -2008. -27 февраля 
5. 
Гайдар Е. Государство и Эволюция. М., 1995. - С. 143, 173. 
 
ӘОЖ 342(045) Т-33 
 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 
САУАТТЫЛЫҒЫН КӨТЕРУ 
 
Темирова С.Д. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы 
 
Аңдатпа. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын 
алуға, оны болдырмауға, педагог қызметкердің мәртебесін түсірмеуге бағытталған 
шараларды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын 
қалыптастыру. 
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, академиялық адалдық
білім беру ұйымдарының ашықтығы, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
сауаттарын көтеру 
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына 
себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық 
мәдениеті мен патриоттық сезімдірінің төмендігі. Тұлғалардың құқықтық мәдениеті 
құқықтық әлеуметтену үрдісінде дамып қалыптасады. Құқықтық әлеуметтенудің 
маңызды механизмі тұлғалардың құқықтық санасының қалыптасуы болып табылады 
[1]. Білім беру ұйымдарында парасаттылықтың мақсаты - академиялық адалдықты 
қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін құру, білім беру стандарттарын жақсарту, 
оқытушылар құрамын шынайы бағалауға алып келетін кешенді тәсілі болып табылатын 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.


128 
Қазіргі қоғам студенттердің кәсіптік даярлығына жоғары білім талаптарын 
қойып отыр. Қалыптасып отырған жағдайда қызметтің алуан түрлерін сыбайлас 
жемқорлыққа бой алдырмай атқару қажеттігі, тұлғаның өз қызметінің мақсаты мен 
оның әлеумет үшін салдарын түсінуі өзекті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық бойынша 
құқық 
бұзушылық 
білім 
беру 
ұйымдарындағы 
студенттердің 
құқықтық 
сауаттылықтарының аздығынан болып отыр. Жеке тұлғалардың өз құқықтарын 
білмеулері ниеті жаман адамдардың осыны өздерінің алаяқтық мақсаттарына 
пайдаланып, осыдан баюға мүмкіндік береді. Білім беру саласы білім берудің ғана емес, 
сонымен қатар жастардың рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады 
және осы жастық шақта негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар 
қалыптасады. Сыбайлас жемқорлық бағдарламасының негізгі мақсаты - ашықтықты 
қамтамасыз ету және жоғары оқу орындарының беделіне нұқсан келтірмеу, кез келген 
тәуекел ретінде білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың тиімді және алдын алуға 
бағытталған іс-шаралардың өткізілуі [2]. Білім беру ұйымдарында құқықтық және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру бойынша жүйелі және ауқымды 
жұмыс жүргізу, жалпы көпшілікте сыбайлас жемқорлықты айыптайтын сана 
қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дәріптеу.
«Adaldy ala y» жобасы парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің басты 
арнасы болып табылады, оның шеңберінде оқу орындарында тұрмыстық сыбайлас 
жемқорлықты түбегейлі жоюға, ашықтықты қамтамасыз етуге және парасаттылық 
мәдениетін нығайтуға бағытталған «Sanaly urpa » бағыты белсенді түрде жүзеге асыру. 
Бүгінгі таңда гранттарға ауыстыру кезінде, емтихан өткізу кезеңінде пара беру 
мен ағайынгершілік тәжірибесі бар екендігін көрсетті. Бұл тұрғыда жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі 12 озық білім беру ұйымын біріктіретін Академиялық 
адалдық лигасы құрылды. Өзара бағалаулар негізінде оқу орындары Агенттік 
қауымдастырылған қатысушының рөлінде шыға отырып әзірлеген сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан мониторингті жүзеге 
асыруда. Академиялық адалдық – білім беру сапасын және оқушылар мен 
студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыратын басты 
факторлардың бірі Бүгінде академиялық адалдықтың халықаралық стандарттарына ҚР 
Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, М.Нәрікбаев атындағы 
КАЗГЮУ, Алматы менеджмент университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, 
Сүлеймен Демирел атындағы университет және Халықаралық бизнес университеті 
сияқты ЖОО-лар сәйкес келеді. Олар сыбайлас жемқорлықтан таза мекемелер болып 
табылады. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі (82%-ға дейін) білім беру және 
білікті кадрларды дайындау сапасын көрсетеді. Бұл тұрғыда алдыңғы қатарлы елдердің 
тәжірибесі бойынша бірлесіп басқаруды күшейту маңызды бағыт болып табылады. 
Қазіргі уақытта еліміздің 42 ЖОО-да қамқоршылық кеңестері, 26-сында қадағалаушы 
кеңестер, ал 24-інде директорлар кеңестері құрылған. 
Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдары: Тәрбиенің 
тұжырымдамалық мәселелері (Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 
сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген); жалпы білім беретін мектептер мен 
колледждердің барлығында дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары; барлық жоғары 
және орта арнайы (кәсіптік) білім беру мекемелері қол қойған сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл туралы хартиялар; білім берудің барлық деңгейлерінің оқу 
бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тақырыпты 
жекелеген пәндер бойынша енгізу; барлық бакалаврлар дайындайтын мамандықтар мен 
бағыттар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің үлгілік 
оқу бағдарламалары; Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-


129 
қимыл мәселелері бойынша типтік оқу бағдарламалары; мемлекеттік грант бөлу 
конкурсына құжаттарды қабылдау процесін мемлекеттік қызмет көрсету санатына 
ауыстыру; ЖОО-да құрылған студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет 
көрсететін және студенттердің деканатпен байланысын қоспайтын Студенттерге 
қызмет көрсету орталықтары; білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді 
автоматтандыру [3]. 
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты көтеру 
бойынша мынандай ұсыныстар айтуға болады:
- білім берудің барлық деңгейінде міндетті оқу пәнін енгізу (сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениет, академиялық адалдық, парасаттылық); 
- білім алушылар сияқты, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам үшін 
академиялық парасаттылық стандарттарын және оларды бұзғаны үшін жазалау 
регламенттерін (плагиат, көшіру, бағасын жақсарту үшін сыйлықтар мен сыйлар және 
басқалар) енгізу; 
- бұрын оқудан шығарылған адамдарға академиялық парасаттылықты бұзғаны 
үшін ЖОО-ларға түсуге 1 жылғы мерзімге тыйым салу; 
- қоғамдастықтың колы жететін дипломдық жұмыстардың, магистрлік және 
докторлық диссертациялардың бірыңғай электрондық деректер базасын (блокчейн) 
құру; 
- білім алушылар үшін оқу орнына қабылдаудан, анықтама беруден бастап 
аттестаттар мен дипломдарды беру рәсімдеріне дейін көрсетілетін барлық қызметтерді 
цифрландыруды жеделдету
- open space қолдануды кеңейту және білім беру саласының мекемелерінде 
«парасаттылық хабтарын» (коворкингтер, дәрістер) құру. 
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл профилактика мен 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беруді ұтымды жүзеге асыру қажет. 
Сапалы білім мен дұрыс өмірлік ұстанымдарға ие жастар, жастық және есейген 
шағында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте тұрақтылық танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет