130
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты
жоюға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
пара, жемқорлыққа қарсы күрес, жемқорлыққа қарсы мәдениет, өскелең ұрпақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты
жоюды - әлемнің бәсекеге
ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін
айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-
2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың
Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025
жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген
адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін
және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне
не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы,
сол сияқты игiлiктер мен
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-
тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» ретінде ашылады.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс
істеуде, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және "Мемлекеттік
қызмет туралы" заңдар
болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске
асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган
құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық
ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге
мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың
өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік
белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан
шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың
жалпы қабылданған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.
Сонымен бірге, экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру,
әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі
өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар
қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін
арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға
мүмкіндік берер еді.
131
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін ең
алдымен қазіргі заманғы жағдайларда оның көріністеріне ықпал ететін негізгі
факторларды айқындау қажет. Оның ішінде қазіргі уақытта неғұрлым өзектісі
біріншіден, олардың нормалары құқық қолдану кезінде
сыбайлас жемқорлық іс-
әрекеттерін жасауға көбіне жағдайлар жасайтын салалық заңдардың жетілдірілмеуі
болып табылады. Құқықтанудың қыр-сырын білмейтін азаматтар үшін практикада
мұндай заңдардың ережелерін дұрыс түсіну мен тиісінше ұғыну қиынға соғады.
Екіншіден, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз
болуы. Басқарушы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері, оның ішінде
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер туралы сөз
болған жағдайларда әлі де ең жабық процестердің бірі болып қалуда.
Үшіншіден, лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен
кездегі халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
сақталуда.
Төртіншіден, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің
өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де төмен,
бұл арам пиғылды
қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға
мүмкіндік береді.
Бесіншіден, азаматтар мінез-құлығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін
және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру
бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.
Алтыншыдан,
мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының
еңбекақысының және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз
деңгейі.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының
тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем
төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл
қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып
табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең
ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты
жоюға мүмкіндік береді.
Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты
қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша
мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне
қарамастан барлық оқу
орындарын қамтуға тиіс.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық
оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық
қоғамды қамту қажет.
Жастарды
тәрбиелеудегі
кемшіліктер
мен
қателіктер,
мемлекеттік
қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл
бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың
адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік
құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі
мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау
қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола
алмайды.
Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ,
отбасында балаларды еңбекке,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық
132
тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс-әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы
тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз.
Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.
Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға болады:
– өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын
арттыру қажет;
– отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін
тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет;
– адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде
қоғам мен мемлекеттің
тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір
қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек, шыншылдық және сатылмаушылық
қағидатын ұстануы қажет. Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Яғни, ерте бастан сыбайлас
жемқорлықтың әлеуметтік індет екенін жеткізу, бұл жамандық атаулыны түбімен
жоюға өз септігін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану
нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды
білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің
қуатты факторы.
Достарыңызбен бөлісу: