Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер ді өзгертіп айтуға болады.
М ы с а л ы,
көрікті деген сөзді бірнеше сөз бен тіркестіруге болады: көрік-
ті адам, көрікті қыз, көрікті табиғат т.б.
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай тіркес; 2) күрде-
лі тіркес.
Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады. Күрделі тіркес үш не-
месе одан да көп сөзден құралады.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт. Көте ріл ген мәсе лені өз ойың-
мен жалғастыр. Сөз тіркес терін орынды қолдан
.
Құс жолы
Құс жолы – біздің Күн жүйеміз орналасқан, торланған спираль тәрізді
галактика. Оның құрамына 200–400 миллиардтай басқа да галактика
кіреді. Ал олар өз ішінде жүздеген, мыңдаған тұмандық пен жұлдыз
шоғырынан тұрады. Құс жолы галактикасының бір бөлігін ашық,
қараңғы түнде арнайы аспапсыз-ақ көзбен көруге болады, ол жалпақ,
төгілген сүт жолағы тәрізді кейіпте көрінеді. Басқа да торланған спираль
тәрізді галактикалар секілді Құс жолы да галактикалық дискіден, шар
тәрізді шоғырдан және сәуледен тұрады.
Галактикалық дискінің құрамына ядро, орталық төм пешік және
спираль тұтқалар кіреді. Ортасында ядро орналасып, оны тор пішінді
орталық төмпешік қоршайды. Ал тұтқалар орталық төмпешіктің сыр-
тында айналады. Шар тәрізді шоғырлар галактикалық орталықты айна-
лып жү ре ді, ал сәуле ғаламшарды толығымен қоршап тұрады.
(«Ғалам» энциклопедиясынан)
Жай тіркес
Күрделі тіркес
үйде қалды, әдемі қыз, гүлді
суғару, үйдің есігі, қызыл түлкі,
орындалған арман, ақ көйлек,
гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау
телефон арқылы сөйлестім, көпір
арқылы өтті, үйден кетіп қалды,
кешке қарай келді, жиырма екі үй,
күлім сірей қараған баланың күлкісі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|