41
5-тапсырма.
Көп нүктенің орнына жиі және сирек қолданылатын сөздерді
қойып жаз.
Әрбір мамандықтың өз ... ..., сондықтан керексіз ... болмайды. Қазіргі
жастар қарапайым ..., ..., ..., болғысы келмейді. Сол қарапайым маман
иелері арасынан ... ... .
Мамандық таңдамас бұрын ..., .... деген сұрақтар төңірегінде ... ... .
Мамандық таңдауда өмірлік тәжірибесі бар ... ... , олардың кеңесінің де
зор екенін естен шығармаған абзал.
6-тапсырма. Заманауи мамандық атауларын қатыстырып, сөйлемдер құра.
7-тапсырма. «Еңбек пен жетістік» тақырыбына сөйлем
құ ра.
Сөйлемнен
қанша сөз тіркесін табуға болатынын дәлелде.
8-тапсырма. Мәтінді жалғастырыңдар. Өз ойларыңды ортаға салыңдар,
сұхбат құрыңдар.
Болашақ мамандықтары
1)
Инженерлер. Қазірдің өзінде көп
елде білікті инже нерлердің
жетіспеушілігі байқалады. Еліміздегі өндіріс пен техника саласының да-
муында бұл мамандардың орны ерекше.
2)
IT саласының мамандары. Әрине, қазір бұл саланың адамда-
ры үлкен рөл атқарады. Өйткені күнделікті өміріміз ақпараттық тех-
нологияларға барынша бейімделіп жатыр. Бұл мамандар қанша көп бол-
са, сонша сұранысқа ие.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
42
3)
Нанотехнология саласының мамандары. Әлемдік экс перттердің
болжауынша, нанотехнология саласы болашақта ғарыш, мәшине жасау,
тамақ өндірісі, медицина сияқты ірі салаларда үлкен рөл атқаратын бо-
лады. Сондықтан бұл саланы таңдасаңыз, өкінбейсіз.
4)
Электроника және биотехнология мамандары.
Бұл салалардың
әлемдік сахнада өзіндік үлкен орны бар. Бола шақта жаңа қуат көздері
мен электроникалық жүйелерде, молекулярлық медицинада еңбек еткіңіз
келсе, осы мамандықты таңдаңыз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
43
5)
Маркетологтер. Маркетологтер жұмыс басқаруда, бизнесте, шаруа-
шылық пен мемлекеттік жүйеде өте қажет. Болашақта өндіруші мен
тұтынушы тығыз жұмыс жүргізіп, жетістікке жетуде бұл мамандардың
орны ерекше болатыны сөзсіз.
6)
Логистер. Мемлекетті әлемдік нарықпен интеграция жасауда
бұл мамандардың қажеттілігі айқын көрінеді.
Өнім ді тасымалдап,
сыртқа шығару мен мемлекетке кіргізуде халықаралық және ішкі
тұтынушылар іздеуді жоғарғы сапада атқаратын мамандар қажет.
Қазір әлемдік нарыққа шығудың мәні аса зор.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
44
7)
Экологтар. Қалалар үлкейіп, өндірістер көбейген соң, әрине,
өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болады. Оларды шешу үшін
жоғарғы дәрежелі мамандар қажет-ақ. Үлкен
қалалардағы кептелістер
т.б. экологиялық мәселелер туындаған кезде экологтардың қосар үлесі
жоғары болады.
8)
Дәрігерлер. Адам адам болғалы бері ол – ауырады, өміріне қауіп
төнеді. Бұл үрдіс тіршілік біткенше жал ғасатыны сөзсіз. Қазір әлемдік
медицина дамып, компьютерлік диагноз қою,
лазер сәулесімен емдеу
алға шықты. Сондықтан дәрігерлерге жұмыс таусылмас.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
45
9)
Химиктер. Химия – адамзатқа ерте заманнан жақсы таныс
ғылым. Қазір оның биохимия, геохимия, электрохимия, компьютерлік
химия, мұнай химиясы салалары ерекше даму үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: