Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
Дәріс: 
1. Еліміздегі XIX ғасырдағы саз мәдениеті 
Төртінші кезең Қазақ хандығының саз мәдениетінің логикалық 
жалғасы болып табылады. Ол тұтас феномен ретінде сөз бен музыканың 
тығыз өзара байланысуымен, ауызша трансляциялау тәсілімен, жалпы- 
ламалығымен, тұтастығымен, суырып-салмалығымен сипатталады.
Сөз бен саздың байланысының төлтумалығың ауызша мәдениетін- 
де тереңірек сезіну үшін күй өнерін келтірейік. «Ғалым-зерттеушілердің 


35 
пікірі бойынша осы уақытқа дейін қазақтың бес мыңдай күйі тіркеуге 
алынған. Яғни, соншама күй аңызы да бар деген сөз. Өйткені қазақтың 
дәстүрлі күйлерінің бірде-бірі себепсіз дүниеге келмеген. Әрбір 
күйдің қосарлана айтылатын аңыз әңгімесі бар. М. Әуезовтің сөзімен 
айтқанда, «күй аңыздарының көп екенің ел біледі, бірақ кітап, баспа 
білмейді», – дейді А. Сейдімбек, 122 б.
Бұл қабаттың мәдени-тарихи маңызы, біріншіден, музыканың 
алғашқы негіздері қасиетті салт-дәстүрлік практика ретіндегі сақтал- 
ғаны. Екіншіден, саз мәдениетінің дәйекті эволюциясы ауызша кәсіби 
музыкалық тәжірибе сияқты осындай өзін-өзі қамтамасыз ететін және 
өзіндік құнды феноменнің қалыптасуына әсер етті.
Қазіргі уақытта зерттеушілер әншілік, күйшілік, жыраулық және 
ақындық аймақтық мектептерін жарыққа шығарды. Батыс Қазақстанның 
саз мәдениеті басқа аймақтық мектептерден өзгеше өз заңдылықтарын 
қамтитыны анықталды. Терең философиялық толғанысқа толы төкпе 
күйлерде қуатты әрі толыққанды образдар жасалады. Төкпе күйлердің 
ерекшелігі – күйлердің міндетті реті бар суырып-салма дамуын 
құрастыратын динамикалық форма-кестесі: бас буын, орта буын, саға. 
Айқындаушы стиль – бұл қағыстар – оң қолдың алуан түрлі қозғалыс- 
тарымен ерекшеленеді.
Батыс Қазақстан аймағының ішінде әр авторлық мектептің өз 
ерекшеліктері бар. Мысалы, ең ірі – Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, 
Қазанғап күйшілері және шығармашылықтары жеке мектепті ұсыны- 
латын, басқа да қайраткерлер.
Сол сияқты, Сарыарқада – Орталық Қазақстан – Біржан сал, Ақан 
сері, Жаяу Мұса, Майра және т.б. есімдерімен ұсынылған әншілік 
және сал-серілік мектептері кеңінен танымал және белгілі болды. 
Мұнда, сондай-ақ Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда шертпе күй 
домбыра мектебі дамыды, оның негізін қалаушы – Тәттімбет. Шертпе 
күйлері әнге ұқсастығы, күрделі камералықты, саусақтардың жұмсақ 
шертпелі дыбыс шығаруын сипаттайды. Шертпе күйлерінің мазмұны 
нәзік психологиялық суреттер, адамның терең эмоциялары, әсем әйел 
бейнелері болды.
Сөйтіп, XIX-XX ғасырлардың шекарасында көшпелілік мәдениеті, 
соның ішінде саз мәдениеті өзінің өмірін жалғастырып жатты.
Оның дәлелі ауызша кәсіби шығармашылықтың, әсіресе әншілік, сал-
серілік, айтыс және күйшілік өнерлерінен байқауға болады. Тіпті
20-шы ғасырда, кеңестік кезеңде де ақын Жамбыл, күйші Дина, сал-
серілер Естай, Әмре Қашаубаев секілді әйгілі тұлғалардың зияткерлік-
шығармашылық іс-әрекеті биік дамығаны туралы тарихта белгілі.
Қазіргі кезде зерттеушілер о кездегі сазгерлер туралы көп жаңа 
деректер іздестіріп тауып жатыр. Мысалы, тек қана батыс Қазақстанда 


36 
Қазанғап Тілепбергенұлының өзінің домбыра мектебі, Маңғыстау 
өңіріндегі Бөкей күйшілік мектебі, Адай күйшілік мектебі және олар- 
дың түрлерің келтіруге болады. Мысалы Құрманғазы мен Динадан 
басталған Бөкей күйшілік мектебі Ақтөбе мен Қызылорданың Аралға 
шейін созылады. Мұнда Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей секілді атақты 
күйшілердің әрқайсысының өздері ірі жеке күйшілік мектептердің 
қалаушылары. Сонымен қатар Бөкей күйшілік мектебінің белгілі 
өнерпаздары Байжұма, Сейтек, Әлікей; Үсен төре, Мырза болып 
табылады. 
Адай күйшілік мектебі және оның түрлері: Жанай мектебі, оның 
негізің қалаушысы Өскенбай; Абыл және Байшағыр есімдерімен 
байланысты мектептер; Шонай мектебі. Адай күйшілері – адай руының 
өнерпаздары. Оның ішінде: Жанай мектебі: Өскенбай Қалмамбетовтан 
ұлы Мұрат Өскенбаевқа дейін; Абыл мектебі: Абыл – Есбай – Алтынай; 
Байшағыр есімен байланысты мектеп. Байшағыр жыр-күй, ән-күй 
жанрларын дамытты. Шонай мектебі – адай руының тармағы: Есір 
Айшуақовтан Сержан Шәкіратовқа дейін;
2. XX ғасырдағы жаңа – жазбаша - композиторлық практиканың 
пайда болуы 
Сонымен бірге ғасырлардың ауысуы Ұлы Даладағы әлеуметтік-
мәдени өзгерістердің ерекше өткірлігімен және белсенділігімен 
ерекшеленеді. Бір жағынан, жоғарыда қысқаша сипаттағандай, әнші, 
сал-сері, күйші мен ақындардың жеке кәсіби шығармашылығының 
гүлденуі тән. Екінші жағынан, ХХ ғасыр қазақ музыкасы үшін – бұл 
«дала санасын және ұлттық мәдениетті өзгерткен өзара іс-қимылдың 
ең белсенді және даулы заманы». Осылайша, композиторлар өз хорға 
арналған шығармаларында жоқтау, толғау, жар-жар, айтыс дәстүрлі 
жанрларын қолданып, олардың мазмұнын жаңаша ашады. А cappella 
жанры, ерекше хорлар белсенді түрде игеріледі.
Хор поэмасы – дала фольклорының қырларын ұсынылатын, 
эпикалық бастама, философиялық ойларды бейнелейтін a cappella хорға 
арналған шығармаларының ішінде ең ауқымды жанр. Сонымен қатар, 
бұл жанр автор ойының барлық нюанстарын икемді түрде жүзеге асы- 
руға мүмкіндік береді. Классикалық хор жазу техникасын қолданумен 
қатар Қазақстан композиторлары түрлі салт-дәстүрлік және тұрмыс- 
тық халық әндерінің, әсіресе терменің, дәстүрлі түрлерін өзгертті.
Осылайша Қазақстан композиторларының шығармашылығы 
«музыкалық өнердің жалпы әлемдік үдеріске кіруінің бір ғана нысаны 
болып табылады». Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелігі мен дамуы 
мәселесі композитор шығармашылығы мен саз мәдениетінің арақаты- 
насымен анықталады. Әсіресе: дәстүрлі және жаңа, ұлттық және 
еуропалық, «өз» және «бөтен» диалектикасының бейнеленуі. 


37 
Сонымен қатар ұлттық музыка мәдениеті өткеннің ауызша мұра- 
сымен тұйықталып, шектелмейді. Қазақстан мәдениеті – музыкалық 
әлемнің жаңа парақтары жазылып жатқан ашық кітап. Қазақстан 
композиторлары әлемдік музыканы өзіндік ерекшеліктері бар, ұлттық 
сипаттағы өнермен байытты. Қазақ композиторлары үшін ұлттық 
дәстүрлі музыка шығармашылық ізденістің қайнар көзі іспетті. Көпте- 
ген опера көріністері халық әуенінің негізінде шығарылды. Еуропалық 
симфония мен қазақтың кәсіби аспаптық музыка қағидаларының 
сабақтасуы жаңа жанр – оркестрге арналған күйлерді тудырды. Ғасыр- 
лар бойы қалыптасқан қазақтың аспаптық дәстүрдің бағытын өзгерту 
өзгеше оркестрлер бояулар мен үндердің, фортепианолық және вокалды 
техниканың асқан шебер тәсілдерінің пайда болуына себепші болды.
Ежелгі қазақ мифологиясына, тәңірлік дүниетанымға және тарихқа 
жүгіну музыканың әсерлі-көркемдік аясын киелі тотемдік жануар 
бейнелерін пәлсапалық толғаулар мен асқан трагедиялық сипаттарға 
қарай жаңартты. 
Сөйтіп, қазақ музыкалық мәдениеті жаңа қабатты, атап айтқанда, 
композиторлық жазбаша практиканы, яғни европалық классикалық 
музыканың көпдауыстылығы мен жанрлық арсеналын игерді. Бұл – 
опера, симфония, балет, аспаптық концерт, кантата, ораториялық, 
ансамбльдік, оркестрлік, хорлық орындау түрлері. Шығармашылық- 
тың жазба түрінде қалыптасқан жаңа кәсіби композиторлық мектебі 
құрылды. Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-
40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық 
өнерінің классикалық шығармалары – Е. Брусиловскийдің «Қыз 
Жібек», А. Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан – 
Сара» опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және 
музыкалық негізі – қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың 
шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. 
ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 
19 ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші 
Махамбеттің және ән-жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-
70 жж. Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры – 
симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ. Жұбанованың, 
Қ. Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй – жаңа жанрлық 
синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық 
музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. 
«Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы 
танымал өнер ұжымына айналды. Оның құрамына ғалым Б. Сарыбаев 
қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары кірді. Күйлердің оркестрлік 
орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең 


38 
даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі 
шерулер – барлығы бір арнаға тоғысады. Бұл ұжымның нақты бетінің 
танылуына осы ансамбльдің жетекшісі және дирижері, композитор 
және домбырашысы Н. Тілендиевтің аса көп еңбегі сіңді. 
Қорыта келе, бүгін тақырып бойынша 2 сұрақ 1 Еліміздегі 
XIX ғасырдағы саз мәдениеті және 2 XX ғасырдағы жаңа – жазбаша - 
композиторлық практиканың пайда болуы қысқаша қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет