«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары Астана қ., 2015 жыл



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі295.5 Kb.
#6104
1   2   3   4



Сарапшы, С–5 санаты (№ 03-7)


Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина),мамандығы бойынша біліктілік санатының немесе денсаулық сақтауды ұйымдастырушы бағыты бойынша немесе мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификатының болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Денсаулық сақтау саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына, соның ішінде негізгі тариф мөлшерлемелері бойынша қаржыландыру шеңберінде стационарлық және стационар алмастырушы қызметтерге сараптама жүргізеді; медициналық, оңалту, санаторлық-курорттық қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ ведомстволық қарасты ауруханалар мен санаторийлердің статистикалық көрсеткіштеріне мониторинг және бақылау жүргізеді; ведомстволық қарасты стационарларға жатқызылған пациенттер бойынша жедел ақпараттың күн сайынғы мониторингін, ведомстволық қарасты ұйымдарда медициналық құрал-жабдықтың тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді; мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен әдістемелік және консультативтік жұмысты және Басқарманың Медициналық орталықтың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да әкімшілік ведомстволармен емдік-диагностикалық, дәрілік көмек сапасының мониторингі мен бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрамын тіркеу және тіркеуден шығару мәселелері бойынша өзара байланысын іске асыруға қатысады; Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық даму жоспарларын орындауына мониторинг жүргізеді. Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының мамандарын біліктілігін арттыру мен оқуға шетелге жіберуді бақылау және мониторинг жүргізу. Медициналық орталықтың алқаларына дайындықты жүргізу және оны өткізу. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және мемлекеттік қызметшілер мен Медициналық орталыққа тіркелген азаматтардың басқа да санаттарына медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Медициналық орталыққа Басқарма қызметіне қарастыкеліп түсетін құжаттаманың, хаттамалық және өзге де басшылық тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Сарапшы, С–5 санаты (№ 03-8)


Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Сараптамалық медициналық қызметте (медициналық қызмет сапасын бақылау сараптамасы) тәжірибесінің немесе денсаулық сақтауды ұйымдастырушысының кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына, соның ішінде негізгі тариф мөлшерлемелері бойынша қаржыландыру шеңберінде стационарлық және стационар алмастырушы қызметтерге сараптама жүргізеді; медициналық, оңалту, санаторийлік-курорттық қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ ведомстволық қарасты ауруханалар мен санаторийлердің статистикалық көрсеткіштеріне мониторинг және бақылау жүргізеді; ведомстволық қарасты стационарларға жатқызылған пациенттер бойынша жедел ақпараттың күн сайынғы мониторингін, ведомстволық қарасты ұйымдарда медициналық құрал-жабдықтың тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді; мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен әдістемелік және консультациялық жұмысты және Басқарманың Медициналық орталықтың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да әкімшілік ведомстволармен емдік-диагностикалық, дәрілік көмек сапасының мониторингі мен бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрамын тіркеу және тіркеуден шығару мәселелері бойынша өзара байланысын іске асыруға қатысады; тіркелген контингентке медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; өндірістік қажеттілік пен басшының тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шегінде Басқарманың болмаған бас сарапшысының немесе сарапшысының қызметтерін атқарады. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және мемлекеттік қызметшілер мен Медициналық орталыққа тіркелген азаматтардың басқа да санаттарына медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Ресми тұлғалардың сапарлары мен ресми іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.


Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
Басқарма басшысы-бас санитариялық дәрігері, С-3санаты (№ 04-1)


Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (гигиена және эпидемиология), мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Нормативтік- құқықтық актілер туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Денсаулық сақтауұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3жыл жұмыс өтілінің, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысының болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Іс басқармасы объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалын қамтамасыз ету мәселелері, әдістемелік және консультациялық жұмыс бойынша Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру. Іс басқармасының объектілерінде, ресми тұлғалардың қатысуымен өтетін іс-шаралар және олардың тұратын, тамақтанатын орындарында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қатысты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және орындау бөлігінде Іс Басқармасы объектілерін жоспарлы санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер және жоспардан тыс тексеру (эпидемиологиялық көрсеткіштер ресми тұлғалардың қатысуымен іс-шараларды өткізуге объектілерді дайындауға және зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелері бойынша), сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтарды ескерту, жолын кесу мен жою талаптарын сақтау және орындау. Зиянды, қауіпті еңбек шарттарында жұмыс істейтін, сонымен қатар қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен оған теңестірілген орындарда жұмыс істейтін тұлғаларды міндетті, кезеңдік медициналық тексеруден өткізу тәртібін сақтауды қадағалауды жүзеге асыру. Басқарма қызметтерін Медициналық орталықтың басқа Басқармаларымен, мемлекеттік органдармен және министрліктермен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың перспективалық дамыту жоспарларын, тұжырымдамаларды, мақсатты кешендік бағдарламаларды әзірлеуге, санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.




Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Медициналық орталықтың және ведомстволық қарасты ұйымдардың Стратегиялық жоспарларын, тұжырымдамаларын, даму жоспарларын әзірлеуге қатысу және үйлестіру.Медициналық орталықтың және ведомстволық қарасты ұйымдардың Стратегиялық жоспарларының, тұжырымдамаларының, даму жоспарларының орындалу мониторингін, талдауын және бағалауын жүзеге асыру. Іс Басқармасының объектілерінде, сонымен қатар күзетілетін тұлғалардың қатысуымен ресми іс-шаралар өткізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың орындалуына бақылау жасау.



Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 04-2)


Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (гигиена және эпидемиология), мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Жұмыс бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес ресми (күзетілетін) тұлғалардың және шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ресми іс-шараларды өткізу кезінде және олардың Қазақстан Республикасы мен ел өңірлеріне сапары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың дайындығын ұйымдастырады және орындалуын бағалайды. Іс Басқармасының объектілерінде қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін және оған теңестірілген зиянды, қауіпті жұмыста істейтін адамдарды міндетті кезеңдік медициналық тексеріп-қараудан өту тәртібін, санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауға Іс Басқармасының объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізеді (қажет болған жағдайда мемлекеттік санэпидқадағалаудың аумақтық органдарымен).Аса маңызды литерлік рейстердің бортындағы тамақтарды тексеруге қатысады. Іс Басқармасы объектілерінде санитариялық-гигиеналық жағдайлар және Басқарма жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы аналитикалық шолу дайындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзге құрылымдық бөлімшелерімен Басқарма қызметінің өзара қарым-қатынасын, мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен әдістемелік және консультациялық жұмысты жүзеге асыруға; санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Іс басқармасының объектілеріне және тіркелген контингентке санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысады. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдар дайындау және күзетілетін тұлғалардың қатысуымен ресми іс-шаралар өту кезінде, Іс Басқармасының объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды жетілдіруге ұсыныстар енгізеді.

Бас сарапшы, С–4 санаты (№ 04-3)


Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (гигиена және эпидемиология), мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Жұмыс бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Қызметтік міндеттері

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аурухана ішіндегі инфекцияларды, инфекциялық-паразитарлық ауруларды алдын алу іс-шараларының әзірлемесімен және санэпидтексеру актілерін дайындаумен бірге Медициналық орталықтың емдік-профилактикалық мекемелеріне, «Астана-Өнім» АҚ кәсіпорнына және балабақшаға санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына эпидемиологиялық тексеру жүргізу. Зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және декреттелген құрам санындағы тұлғаларды міндетті, кезеңдік медициналық тексеруден өткізу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық орталықтың емдік-профилактикалық мекемелерінде, «Астана-Өнім» АҚ кәсіпорнында және балабақшада әдістемелік және консультациялық жұмыстарды іске асыруға қатысу. Мемлекеттік, жергілікті атқару органдарымен, Медициналық орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды, аурухана ішінде инфекциялардың туындауын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекеттестікті жүргізеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларға, зертханалық зерттеулер нәтижелеріне мониторинг жүргізу. Іс Басқармасының объектілерінде және тіркелген контингенттің санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша Стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысады. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдарды әзірлеу және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу.


Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 04-4)



Критерийлер

Талаптар

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (гигиена және эпидемиология), мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс.

Кәсіби біліктілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»; Қазақстан Республикасының заңдары: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Тілдер туралы»; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Жұмыс бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы қалаулы, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысының болуы.

Қызметтік міндеттері

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілерін жасап, коммуналдық объектілерде қоғамдық тамақтану орындарында ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды және Іс Басқармасының құрылыс, реконструкция жасайтын объектілерінде алдын ала санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды әзірлейді. Ұйғарым (нұсқамалардың) орындалуын бақылайды. Коммуналдық объектілерде, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін зиянды, қауіпті жұмыстағы адамдарды міндетті кезеңдік медициналық тексеріп-қараудан өту тәртібін қадағалайды. Іс басқармасы объектілерінің құрылыс, реконструкциялау жобалары бойынша гигиеналық қорытындыларды: санитариялық-эпидемияға қарсы және гигиена мәселелері бойынша ұйғарымдар мен қаулыларды дайындайды. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша аналитикалық материалдарды дайындайды және Іс Басқармасының объектілерінде, сонымен қатар күзетілетін тұлғалардың қатысуымен ресми іс-шаралар өткізу мезгіліне санитариялық-эпидемиологиялық жағымды ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет