1.Герменевтика мен феноменология
2.Психоанализ-неофрейдизм
3.Структурализм-постструктурализм
1.Позитивизм мен логоцентризм
2.Неопозитивизм: Логикалық атомизм, Аналитикалық философия, Логикалық позитивизм, Неореализм
3.Постпозитивизм мен постмодернизм
5 Дәріс. Ғылыми білімнің құрылымы
1.Эмпиризм және теориялық таным
2.Ғылымның негізделуі және құрылымы
3.Әлемнің ғылыми бейнесі: тарихи формалары мен функциялары
Таным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің біржақты формальді-логикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі.
Ол шығармашылық ойлауға, ғылыми зерттеудің шынайы сыншыл рухына қарсы, дайын нәтижені ойлауға алып келіп байлайды, анықтмалардың көпмағыналылығы мен күрделілігіне сүйенеді, субьективизм орнатады, мәтіндермен тек түсіндірмелі жұмыстар жүргізеді, арнайы ортодоксальды доктринаны негіздейді, соған бағынады.
Эмпириканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.
Қазіргі ғылыми танымда айғаққа байланысты екі шеткі бағыттар қалыптасқан: фактуализм және теориялық. Біріншісі теорияға қатыссыз айғақтың дербестігін, тәуелсіздігін баса көрсетсе, екіншісі айғақ терияға тәуелді деп санайды. Ғылымда айғақ дәйекті болса, ол келесі айғаққа жол ашады.
Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.
Ал теориялық білім рационалдылықтың элементтерін қамтиды: ұғымдар, теориялар, заңдар, ойлау операциялары. Теориялық білімнің негізгі мақсаты барлық нақтылықта және толық мазмұнда обьективті ақиқатқа қол жеткізу, абстракциялау, идеалдадыру, синтез, дедукция жүреді.
Ғылымның өзіне қарай үңілуі, яғни, рефлексия – танымның өзін, оның формалары мен тәсілдерін қарастырады. Теориялық таным негізі ойлау болып табылады: пайым және ақыл.
Пайымдау (рассудка) күнделікті ойлау, парасатты тұрмыстық парасатты ой мағынасында және формальді логикалық ой бағытында қолданылады. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы. Мысалы, Астана – ұғым, Пікір: Астана – Қазақстан Асатанасы. Ой қортындысы: Барлық металдар ток өткізеді; Алюминийй металл; Алюминий ток өткізеді.
Ал рационалды емес ойлау: қиялдау, фантазия, сезім, интуиция т.б. құралады. Теориялық танымның құрылымы: проблема, гипотеза, теория, заң т.б.
Проблема – әлі танылмаған, бірақ нені тану керек екендігі жолға қойылған теориялық білім мазмұны. Ол қойылуға және шешілуге тиісті және жауап күтетін сауал. Бірақ проблеманың дұрыс қойылуы логикада өз алдына арнайы мәселе болып табылады: өзектілігі, нақтылығы, шешімін табуға тиістілігі т.б.
К. Поппер ғылым бақылаудан басталмайды, проблемадан басталады, бір проблемадан екіншісіне, неғұрлым күрделіге қарай өтіп отыру деп санайды. Оның түсінігінде, проблема мынадан туындайды: 1) Теорияның қайшылықты болу салдарынан; 2) Екі теорияның қақтығысынан; 3) Теория мен байқаудың қайшылығынан.
Негізінен, ғылыми емес пробле,маны ажырата білу аса маңызды. Мысалы, мәңгі оталдырғыш (двигатель) туралы проблема шешімі табылмайтын ғылыми емес проблема болып табылады.
Гипотеза – дәлелдеуге мұқтаж, ақиқат мағынасы анықталмаған, айғақтардың негізінде қалыптасқан теориялық білім формасындағы шамалау – болжау.
Олар: 1) Ақиқат теорияға айналуға бет түзейді; 2) Түрлері өзгеріп нақтыланады; 3) Адасу болып шығады немесе дәйектеледі. Мысалы, Квант физикасы гипотезасы ғылымға айналса, эфир адасу болып табылады. Ғылымда бәсекелес бірнеше гипотезалар ұсынылады. Гипотеза ғылым заңдарына сәйкес болуы тиіс, айғақтармен келісілген болуы қажет, ол өз ішінен қайшылықты болмауы тиіс, қарапайым (артық нәрселер, субьективтілік болмауы тиіс) болу керек, ол не терістеледі, не бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |