ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5
Тақырыбы: Экологиялық стандарттау (2 сағат)
Экология саласында стандарттау - стандарттау жөніндегі ұлттық және халықаралық ұйымдар іс-әрекеттерінде ғана белгілі рөл ойнай бастаған жоқ. Стандарттар көбіне табиғатты қорғау мен ресурстарды пайдалану сфераларындағы қатынастарды реттестіруге қажет құрал ретінде қаралады. Стандарттар - қоршаған орта сапасын басқару қүралы.
Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген жүмыстар жүргізуде. Мысалы, тек ЕО-да экология саласы бойынша 90 аса директивалар қабылданды. Ол директивалар қоршаған ортаны, су сапасын, ауа сапасын қорғау; өнеркәсіп қауіптері мен биотехнология, қалдықтар, шулар бойынша ЕО-ның басты саясатына қатысты.
ЕО бас саясаты жөніндегі Директивалары өнеркәсіптегі ластануды бақылаудың құнын бағалау әдістеріне, қоршаған ортаға кейбір мемлекеттік және жеке сектор жобалары әсерінің дәрежесін бағалауға, қоршаған ортаны қорғау, бақылау желілері мен ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа-лық агенттік қүру және тағы басқаларш бағытталған.
Суға қатысты Директивалар - өзен, теңіз және басқа су қоймаларын қорғау мәселелерін, ішетін су сапасы мәселелерін, кейбір қауіпті заттар қалдықтарын су қоймаларына жығуды, балықтар тіршілігіне көмектесу және шаян тәрізділерді көбейту мақсатында қорғауды қажет ететін тұщы сулар сапасы мен тағы да басқаларды қамтиды.
Ауаны қоргау және өнеркәсіптік қауіп жөніндегі Директивалар - кейбір қауіпті заттар мен препараттарды қолдануға шектеу, «Қауіпті заттарды классификациялау, буып-түю және маркілеу туралы» директиваға бағынатын заттар тізімін, қауіпті химикаттар экспорты мен импортына міндетті талаптарды, кейбір нақты заттардың (асбест, азот қостотығы, қорғасын, күкірт қостотығы және басқалары) ауадағы мөлшері бойынша нормаларын белгілейді.
Қалдықтар мәселелеріне қатысты Директивалар - қала жағдайларындағы құбыр суларын тазалау, қоқыстарды жағуға арналған қондырғылардан ауаның ластануынан қорғау, қауіпті қалдықтарды тасымалдауды қадағалау мен бақылау, пайдаланылған майды жою талаптарын және басқа нақты нысандар бойынша талаптарды анықтайды.
Шуларды шектеу жөніндегі Директивалары түрлі жабдықтар, өнеркәсіптік қондырғылар мен тұрмыстық қүралдардан, сондай-ақ ұшақтар, автомобильдер, мотоцикльдерден болатын шулардың деңгейін нормалайды.
ЕО-ға алынатын өнімнің экологиялығы туралы тұтынушыларды дұрыс ақпараттандыру мен қоршаған ортаны қорғау бойынша норма мен талаптарды дайындаушылардың сақтауына себеп болу мақсаттарында арнайы белгімен экомаркілеуді енгізген. Экобелгі тағамдық өнімдер, сусындар және дәрілік препараттарға таралмайды. Экобелгілермен директиваларда қауіптіге жатқызылған заттар мен препараттар, бірақ жібері-летін шектерде болатын тауарларды маркілейді. Белгі түсі ақ реңде - жасыл, көгілдір, қара, ал қарада - ақ болуы мүмкін.
Дайындаушы экобелгісін пайдалану құқығын алуға, өнімнің экологиялығын бағалау үшін сертификаттаумен айналысатын органға оны ұсынады. Ізденуші, экобелгімен өнімнің әр түріне жеке келісім-шарт жасасады. Экобелгі жарнамамен белсенді пайдаланылады және сатушының (дайындаушының) нақты позициясына оң әсер етумен нарықтағы тауардың қозғалысына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |