ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №2
Тақырыбы: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды қолдану және оларға қойылатын талаптардың сипаты (2 сағат)
Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.
Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді.
Стандарттау құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.
Административті басқарудың жоқтығы өндірушілерге қосымша міндеттер жүктейді. Сол себептен өндірісте қолдану үшін және өндірістер мен ассоциациялар бірлестіктері ішінде қолдану үшін өз стандарттарын шығарады. Өндірістер шаруашылық қызметтерін өздері реттеуге мүмкіндік алады. Оны өз бизнесінің қызығушылығын ескере отырып жасайды және стандарттар шығару үшін өзінің нормативтік құжаттар мен стандарттарын құрастыра білулері қажет.
Ерікті стандарттау толықтай қадағалаусыздықты немесе хаосты білдірмейді. Өндірісі дамыған көптеген елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданып жүр, мысалы АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау административті стандарттаудан әлдеқайда қатаң. Нарық заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін төмендетуіне жол бермейді, ал ауытқыған жағдайда компания міндетті түрде қаржылық дағдарысқа ұшырайды.
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.
2. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
Мемлекеттік стандарттар төменгі құрылымдық элементтерден тұрады: титулдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе, стандарттың аты, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, библиографиялық мәліметтер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |