Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді



Дата07.07.2016
өлшемі102.52 Kb.
#182041

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған


Кәсіби-бағытталған шетел тілі (неміс тілі)

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38



БЕКІТЕМІН


ГП факультетінің

Деканы


______Ж. Т. Сарбалаев

"___" __________20__ж.


Құрастырған: доцент________ Г. К.Кенжетаева

Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
5В020700 «Аударма ісі» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
Кәсіби-бағытталған шетел тілі (неміс тілі)
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»___________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Г. Х. Демесінова 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _________ Е. Н. Жұманқұлова 20__ж. «_____»__________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Кенжетаева Гулзира Кабаевна

Доцент


Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы, бас корпуста (Ломов көшесі, 64), 250 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны: 673631 (1346)
2 Пән туралы мәліметтер

Бұл пән 4 семестерде оқылады. Пәнді зертелеуге 90 сағат, соның ішінде тәжірибелік 30 және СӨЖ 60 сағат бөлінген. Қорытынды бақылау – емтихан (4 семестр).


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

4

2

30




30










60

30

Емтихан

Бар-лығы

2

30




30










60

30

Емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты тындалатын мәтіннің жалпы мағынасын және егжей-тегжейлігін (хабарландырудың, сұхбаттың, хабардың, ток-шоу мәліметтерін т.б.) түсіну. Тындап-түсінуге үйрету монолог және диалог түріндегі аутенттік есту және бйне мәтіндері негізінде бейтарап, ресми, ауыз екі тілдегі, радио-теледидар және бағдарламалар күнделекті оқиғаға, ақпараттар мен жаңалықтарға байланысты, сөйлеу тақырыбы және ауқымдары негізінде іске асырылады.

Пәннің міндеттері

Аталмыш курста мәдениаралық қарым-қатыныс жасау компенциясының негізін сөз әрекетінің 4 түрі: сөйлеу, тыңдап-түсіну, оқу және жазба сөз қалайды.



5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Жиі қолданылуымен, басқа сөздермен тіркесу қабілеттілігімен және бейтараптылық, сондай-ақ күнделікті қолданылатын ауыз екі және публицистикалық стиль үлгілерімен сипатталатын 1200 лексикалық бірліктер. Баламасыз және түпкі лексикаға, ұлттық-мәдени мағыналы сөздерге, оларға көрсетілген қарым-қатынас өрістері мен сөйлеу тақырыптары көлімінде және сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

Коммуникативтік компетенцияны қалыптастыру үдерісінде грамматикалық материалдың қажетті көлемін меңгеру. Тіл және сөз әрекетінің грамматикалық жүйесі туралы, нормативтік және функционалдық грамматика туралы біртұтас түсінік қалыптасу.

Коммуникативтік компетенцияны меңгеру үдерісінде дыбыстарды анық айту және тындағанда айыра алу, дауыстылардың созылыңқы айтылуы мен қысқа айтылуын сақтау, сөздерде және сөйлемдерде екпінді сақтау; сөйлемнің басты түрлерін мағыналық топтарға бөлу; айтылым мақсатына сәйкес келетін әртүрлі интонациялық үлгілерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.


6 Пререквизиттер

Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді зерделеу қажет: Шетел тілі (А1,А2,В1), Тәжірибелік фонетика, Тәжірибелік грамматика.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқу кезінде қабылданған білім, іскерлік және дағдылар Жалпы кәсіби шет тілі, Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум, Аударма теориясы пәндерін меңгеру үшін қажет.


8 Тақырыптық жоспар



р/с

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж

Зерт

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6




4 семестр













1

Wirtschaft. Globalisierung der Wirtschaft.

қ/ж

10

қ/ж

15

2

Neue Technologien. Wissenschaftliche Forschungen.

қ/ж

7

қ/ж

15

3

Medien und Informationen.

қ/ж

7

қ/ж

15

4

Mein zukunftiger Beruf

қ/ж

6

қ/ж

15




ҚОРЫТЫНДЫ




30




60


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Оқу мақсаты студенттердің мәдениетаралық коммуникативті және кәсіби құзыреттігін қалыптастыруда. Коммуникативті құзірет студенттердің білімін, іскерлігін және жеке бастарының қасиеттерін қалыптастыруға сүйенумен олардың мәдениаралас деңгейде басқа тілді халықтармен қатынасуға қабілеттілігі және даярлығы деп түсіндіріледі.



10 Курстың компоненттері

Тәжірибе сабақтарының тізбесі
Тақырып 1 Wirtschaft. Globalisierung der Wirtschaft. Vor- und Nachteile.

Wirtschaft als Bestandteil der Gesellschaftsentwicklung. Wirtschaftspobleme: Krisen. Arbeitslosigkeit. Ursachen der Wirtschaftskrisen und Wege ihrer Verhinderung. Wirtschaft in der BRD und in der RK. Weltbank.


Тақырып 2 Neue Technologien. Wissenschaftliche Forschungen. Internationale wissenschaftliche Projekte (Vor- und Nachteile). Neue Technologien und Konkurrenz. Politik auf dem Gebiet der wissenschaftlichen Forschung.
Тақырып 3 Medien und Informationen. Arten der Medien. Die Rolle der Medien im Leben eines Menschen. Medien und Computer nutzen. Medien –Eregnisse analysieren. Medien und Werbung. Mit Medien durch den Tag – Sprachunterricht mit/ohne Medien?
Тақырып 4 Mein zukunftiger Beruf . Spezifik des Berufs. Wie sehe ich die Zukunft des Berufes. Mein Wunsch-Beruf. Die Rolle des Berufes in der BRD und in Kasachstan. Vermutungen ueber die Zukunft der Arbeit anstellen.
Студенттің өздік жұмысы түрлерінің тізбесі

Пәнді меңгеру барысында жұмыс жоспарына сәйкес дәрісханадан тыс жұмысты орындауыңыз қажет.






СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа

шыққандағы

көлемі


1

Тәжірибе сабақтарын мен үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Жазбаша-ауызша

53

2

Бақылау жұмыстарына дайындық

жазу

тесттер

5

3

Бақылау жұмыстарына дайындық

жазу

РК 1, РК 2 (бақылау жазбашасы)

2




Барлығы







60

Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

Тақырып 1 Экономика.Экономикадағы жаһандану үрдісі.

Тақырып 2 Жаңа технологиялар. Ғылыми жаңалықтар. Халықаралық ғылыми жобалар (Жетістіктері мен кемшіліктері).

Тақырып 3 Бұқаралық ақпарат құралдары. Байланыс түрлері. Қазіргі адам өміріндегі бұқаралық ақпарат және байланыс құралдарының рөлі мен орны.

Тақырып 4 Менің болашақ мамандығым. Осы мамандықты меңгеруге қажетті білімдер, іскерліктер, моральдық-этикалық қасиеттер. Тілі оқытылып отырған елде және Қазақстанда осы мамандықтың алатын орны.


Курстың саясаты
Кәсіби-бағытталған шетел тілі (неміс тілі) 4 семестрде оқылады. Оқу процесіне қатысу: сабақтарға келу, топтың ішіндегі әңгімелерге қатысу және белсенді болу қажет. Жұмысқа қатысуының сапасы саннан маңызды. Сабақтарға уақытында келулеріңізді сұраймын. Мінез-құлық ережелерін бұзу штрафтық санкциялармен жазаланады. Маңызды емес себеппен немесе алдын ала ескертусіз сабаққа кешігіп келуі– минус 1 балл.

Сабақтарда болмағаны үшін студентке келесі айыптар тағайындалады:



  • орынды себепсіз тәжірибелік сабақтарда болмау 1 балл алынады;

  • көрсетілген мерзімге дейін істелінбеген сабақтарға үшін айып 1 балл;

  • әр істелінген сабақ үшін ең жоғары балл – 5.

Барлық тәжірибе сабақ оқытушымен студенттің өздік жұмысына (осөж) бөлінеді. Әрбір сабаққа дайындық міндетті түрде, өткені ол сіздің рейтингіңізді есептегенде жалпы балға әсер етеді. Әрбір тәжірибелік сабаққа қатысты үй тапсырмасын орындау 3 баллмен бағаланады. Үй тапсырмасы қате орындалса немесе толық орындалмаса, 1 балл аласыз. Үй тапсырмасы орындалмаса - 0 балл. Үй тапсырмасының орындалмауы рейтингіңіздің балдарының сомасына әсерін тигізеді.

Сіздің дайындығыңыз тесттермен тексеріледі. Барлық тапсырмалар белгіленген уақытқа дейін орындалу тиіс.

Дәлелді себеппен (оқытушының пайымдауынша) бақылау шараларына қатыспаған болсаңыз, оқытушы белгілеген уақытта өтуіңізге мүмкіндік беріледі. Керісінше жағдайда «0» балл аласыз.

Әр семестрде екі межелік бақылау көзделген. Межелік бақылау дұрыс орындалса студент 100 балл алады.

Емтихан 4 семестрде қарастырылған.

Қорытынды емтихан ауызша және жазбаша өткізіледі. Емтихан 100 ұпаймен бағаланады, содан кейін классикалық жүйеге аударылады.

Қорытынды емтихан 2 бөліктен тұрады:

Емтиханның жазбаша бөлімі



  1. Лексикалық-грамматикалық тест – 30 ұпай (1 сағат 30 мин)

  2. Тындап түсіну іскерлігінің қалыптасқанын бақылайтын тест – 10 ұпай

(30 мин)

3. Оқылымға тапсырмалар – 10 ұпай (30 мин)

Ауызша бөлімі


  1. Сөйлеу

  • Тапсырылған ситуация бойынша диалог (оқытушы – студент, студент-студент, уақыты – 8 мин) – 20 ұпай

  • Сурет бойынша монолог (уақыты – 4 мин) – 15 ұпай

  • Проблемалы мәселенің шешімі – 15 ұпай


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Auf neuen Wegen. Max Hueber Verlag, 2007

2 Em. Kursbuch. Arbeitsbuch. Berlin: Langenscheidt. 2007.

3 Hallo, Nachbarn! Deutsche Gesellschaft fuer Technische Zusammenarbeit, Goethe Institut, 2007.

4 Мoment Mal. Lehrbuch 2. Berlin : Langenscheidt., 2002.

Қосымша

5 Арсланбаева А. Praktisches Deutsch : in 3 Teilen. Almaty : Print. 2005

6 Eindruecke-Einblicke. Kursbuch – Berlin : Langenscheidt,. 2002

7 Сорокина С.С. Praktisches Deutsch : in 3 Teilen. Almaty : Print. 2005



Аудиоматериалдар

8 Ausspracheschulung" - Phonetikkurs, Verlag IN, Kцln, 1985.

9 "Hoerverstaendnisuebungen fuer Fortgeschrittene"

10 "Atmosphaerische Hoerszene fuer Anfaenger"

11 " Von Aachen bis Zwickau"

Бейне материал

12 "Alles Gute"







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет