Дәріс тақырыбы: Жұбайлардың келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
Жоспар
Ажырасу: себептері мен салдары
Үйлесімді ерлі-зайыптылықтың факторлары
Жұбай таңдау үйлесімді ерлі-зайыптылықтың шарты ретінде
Жұбайлардың қарым-қатынастарын тактикалық тұрақтандырушылар
Ажырасу дегеніміз – некені ресми түрде бұзу. Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына байланысты болып отыр.
Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмаудан басталады. Бұл сынды жағдай бірнеше сәттен тұрады:
- ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;
- ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;
- қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).
Ажырасу себептері: сотта талқылауы барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі, 2-орында – жұбайының адалсыздығы тұр, тағы бір себеп - ішкілікке салыну болып табылады. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау, жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.
Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі келесі факторлардың өзара әрекеті болып табылады:
- Еңбекке деген көзқарас. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай қол жеткізе алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі - зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.
Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік - психологиялық қызметке тиістілігі, олардың қызметінің ерекшелігі – осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді.
В.С. Торохтий «психологиялық қиындықтар» ұғымына мынадай анықтама береді – бұл жеке тұлға психикасының нақты қызметке немесе қарым - қатынасқа тән сыртқы, ішкі факторлардың әсеріне қарсы тұратын субъективтік жай – күйі (реакциясы). Психологиялық қиындықтар индивидке, адамға, жеке тұлғаға тән.
Неке – отбасылық аймақтағы қарым – қатынасты тұрақтандырудың жолдарымен шараларына талдау жасап, оның екі қызмет бағытын аңықтауға
болады.
Бірінші –отбасы өмір үшін болашақ жұбайлардың жауапкершілінгін өсіруге назарды аударып некеге даярлау. Тек махабаттық – эмоционалдық қарым –қатынастар мен бірге отбасын нығайтатын адамгершілік қатынастардың мағынасына акцент жасау. Жастардың конфликт шешу және қарым – қатынас мәдениеті бар жалпы мәдениет потенциалын жоғарлату.
Екінші бағыты – отбасына әлеуметтік – экономикалық көмек. Неке – отбасылық аймақтағы қарым – қатынасты тұрақтандыруға бағытталған, әлеуметтік саясаттын шараларын жоспарлағанда және іске асырғанда отбасының әлеуметтік коршаған ортасымен байланысының сипаттамасын аңықтайтын тарихи – мәдени дәстүрлерді есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |