Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды


Дәріс тақырыбы: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы



бет11/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Дәріс тақырыбы: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы


Жоспар
1. Педагогикалық мәдениет анықтамасы.


2. Отбасылық тәрбиенің отандық теориясының қалыптасу тарихы.
3. Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері.

Педагогикалық мәдениет дегеніміз адамның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, мұнда адамзат жинақтаған отбасында бала тәрбиелеудің тәжірибесі көрінеді. Педагогикалық мәдениетке төрт дербес құрамдас бөлік жатады:


1. Ата-аналардың социологиядан, балалар психологиясы, физиологиясы салаларынан білімі болуы керек.
2. Ата - аналар көздеген мақсатқа жету үшін қандай әдістерді қолдану керектігі туралы теориялық біліммен қатар осы әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды білуі керек.
3. Болашақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы балалық шақтан басталады.
4. Бұл қасиеттің қалыптасуы ата - аналардың өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі қызметі барысында, сондай-ақ олардың өзін - өзі оқыту және өзін- өзі тәрбиелеу барысында жалғаса түседі.
Отбасын зерттеуге арналған түрлі аспектілі еңбектер баланың жеке тұлғасының отбасында қарым - қатынас барысында, отбасылық қызметте, бос уақыт өткізу барысында қалыптасу мәселесіне деген қызығушылықты өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру отбасы ролінің артуына байланысты отбасылық тәрбие теориясын жасау үшін белгілі бір дәрежеде ынталандыра түсті.
Отандық зерттеуші Р.М. Капралова сипаттаған отбасы қарым-қатынастарының негізгі типтерін қарастырып өтейік.
Бірінші тип – отбасында үйлесімді, келісімді, жоғары әлеуметтік бағыттағы қарым-қатынас.
Екінші тип – отбасында жоғары әлеуметтік бағыттағы, келісілген, реттелген қарым - қатынас.
Үшінші тип – қарым-қатынастар тұрақсыз, ал жалпы алғанда қарым-қатынастар оң сипатта.
Төртінші тип – отбасындағы қарым - қатынас реттелген, алайда әлеуметтік бағыты төмен.
Бесінші тип – сырттай қарағанда қарым-қатынастар жағымды, реттелген, алайда отбасы мүшелерінің әлеуметтік бағытының төмен немесе қарама -қайшы болғандықтан, ішкі жағынан қарағанда жағымсыз.
Алтыншы тип- отбасында келіспеушілік қарым – қатынастар, әлеуметтік бағыт төмен немесе қарама - қайшылықты.
Сөйтіп, отбасы – бала тәрбиелеудің әлеуметтік - педагогикалық жүйесі ретінде баланың қоршаған ортада табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін қажетті қасиеттер жиынтығын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет