Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды


Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі отбасылық кеңес беру



бет13/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі отбасылық кеңес беру.
Жоспар:

  1. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі әлеуметтік және психологиялық кеңес беру. Кеңес беру әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде.

  2. Әлеуметтік кеңес беру түрлері, оны жүргізудің технологиясы

  3. Психологиялық-әлеуметтік кеңес беру әлеуметтік

қызметтің технологиясы ретінде. Психологиялық-әлеуметтік кеңес берудің мазмұны. Кеңес беруді өткізудің стратегиясы.
4. Әлеуметтік қызметкер-кеңесшінің тұлғалық және кәсіби сипатына қойылатын талаптар.
5. Отбасылық кеңес берудің мәні.
ә) Әлеуметтік- педагогикалық отбасылық кеңес беру әдістемесі
6. Отбасылық кеңес беру техникасы. Отбасыларына кеңес берудің әлеуметтік-психологиялық теориялық модельдері.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.


Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші тренинг және басқаларын атап өтуге болады.
Мақсаты бойынша бірі біріне ұқсас және кәсіптік қызмет түрлерінің техникасы – консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.
Өзінің технологиясы мен нысанына қарай кеңес беру кеңес берушінің өтініш иесіне арнайы білімі мен тиісті ақпарат беретін екі немесе бірнеше адамның өзара әрекеттестігін қамтиды. Нысандарына қарай кеңес берудің топтық және жеке, ал мазмұны жағынан нақты және бағдарламалық түрлері болады.
Білім берудегі әлеуметтік қызмет бойынша мамандар даярлауының мемлекеттік қалыбының соңғы редакциясына отандық теория мен тәжірибе үшін «психологиялық жұмыс» деген жаңа ұғым енгізілген болатын. Сірә, кез келген басқа да кәсіптік қызмет бағыттары сияқты, мұның да өзіндік технологиясы мен әдістемелік құралдары болу керек шығар.
Тура әдіс кеңес алушының өзіне ұсыныстар, кеңестер айтумен, сондай-ақ оның назарын аудару мен шешім қабылдауы үшін тартымды пікірталас ұйымдастыру арқылы тікелей ықпал етуді қамтиды. Өзіне серіктік қарым-қатынас орнату көмегімен маман кеңес алушының шешім қабылдауына әсер етеді, сондай-ақ өзінің келесі әрекеттері мен кеңес алушының мүдделерін қорғайтын шараларды ойластырады.
Жанама әдіс әлеуметтік қоршаған ортаға мүмкіндігінше азда болса өзгеріс беретіндей әсер ету арқылы кеңес алушының өмірлік көзқарасына қолайлы ықпал ететін әрекеттерді қамтиды.
Әлеуметтік қызметтің отандық тәжірибесінде психологиялық және әлеуметтік синтез идеясы барлық деңгейде – халыққа әлеуметтік көмектің мақсаты мен міндеттерін құруда, біліктілік талаптарында, әлеуметтік қызмет бойынша мамандар даярлаудың мемлекеттік білім беру қалыптық талаптарында бақыланып отырады.
Отбасылық кеңес берудің негізгі мақсаты – адамның ішкі психикалық өмірі мен оның тіршілік әрекетіне әсер ететін жүйеаралық қатынастар арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Осыған орай, іс жүзіндегі әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби қызметіне қатысты отбасымен жұмыс жүргізгенде кеңесшінің, көмекшінің, аудармашының, делдалдың, адвокаттың, брокердің, тәлімгердің және басқалардың рөлін (қызметін) атқаруы мүмкін
Әлеуметтік қызметкер-кеңес берушінің тұлғааралық дағдылары мен біліктілігінің қатарында төмендегі мынадай қабілеттіліктер болуы тиіс:
- іскерлік, қызметтік өзара қарым-қатынас құру мен оны сақтай білу;
- сезімталдықпен жұмыс істеп және оның өзіне және басқа да адамдарға ықпалын санасына тоқи білу;
- басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс жүргізу өзі үшін және басқа адамдар үшін аса зиянды екенін түсіне білу;
- мінез-құлық пен мақсатты анықтап, түсініп және өзінше түсіндіре білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет