JIT компилятордың атауы өз жұмысының принципін сипаттайды, яғни қосымшаның осы сәтте (just in time – дер кезінде) орындауды қажет ететін бөлігін ғана компиляциялау.
.NET платформасының құрылымы
.NET платформасының құрылымы
.NET Framework платформасының архитектурасы
CLR, CTS және негізгі класстар кітарханадарының байланысы
.NET платформасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелік көзқарас қолданылады - қосымша компиляциясы кезеңінде exe немесе dll кеңейтуі бар арнайы файл құрылады, яғни CIL тілінде коды және метадеректері бар құрылым.
Метадеректер өзіне қосады:
- құрастырудың аты мен нұсқасын,
- қосымшада қолданылатын объект туралы мәліметтер мен деректер типін,
- құрастыру тәуелді файлдар т.б. өзіне қосады.
Метадеректер пайдаланушы компьютерінде қауіпсіздік пен қосымшаны орнату мен қолдануды қамтамасыз етеді.
.NET платформасының үлкен «Кітапхана класы» (Framework Class Library – қысқаша .NET Framework) бар. «Кітапхана класын» кез-келген .NET. тілінде бағдарламалау барысында қолдануға болады.
.NET платформасының құрылымы
Материал мазмұнында қосымша, жоба, бағдарлама терминдері жиі қолданылады.
«Қосымша» терминін алғашқы кезде «бағдарлама» терминінің синонимі ретінде қабылдауға болады.
«Консоль» үшін құрылатын қосымшаларды программалар/ бағдарламалар деп атаймыз.
«Windows» (Windows- қосымшалар) үшін құрылатын бағдарламаларды қосымшалар деп атаймыз.
Әзірлеу сатысындағы қосымша жоба деп аталады.
.NET платформасы программаларды құрудың объекті-бағдарланған технологиясына (ОБТ) арналған. C# тілін оқымас бұрын келесі негізгі нүсініктермен танысу керек.
.NET платформасының құрылымы
Visual Studio.NET ортасы
Кез келген визуалды бағдарламалау ортасы сияқты Visual Studio.NET құру ортасы .NET үйлесімді тілдерді қолданатын қосымшаларды жазу, түзету, компиляциялау, дұрыстау және іске қосу құралдарын ұсынады.
.NET платформасының Visual Studio.NET құру ортасы төрт тілмен жұмыс істеуге арналған: C#, VB.NET, C++ және J#, бірақ қазіргі уақытта басқа да бағдарламалау тілдерін .NET платформасына қосу үшін құрулар белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |