Жобаны құру. Ортаның негізгі терезелері
1.1-суреттің жоғарғы бөлігінде бас меню (File, Edit, View режимдерімен, т.б.) және орта режимдерінің командаларын жылдам таңдауға арналған құрал-саймандар панелі орналасқан.
Экранның жоғарғы оң жағында жобаны басқару терезесі - Solution Explorer орналасқан (егер ол көрінбей тұрса, бас менюдің View -> Solution Explorer командасын пайдалану керек).
Жобаны құру. Ортаның негізгі терезелері
Экранның негізгі бөлігін редактор терезесі алып тұр, онда ортада автоматты түрде құрылған бағдарлама коды (мәтін) орналасқан. Бағдарлама коды үлгі ретінде құрылады, оған Сіз керекті жағдайда өз кодыңызды жаза аласыз.
Бағдарлама коды көрсетілген кезде оның әртүрлі құрамдас бөліктерінің түрлі-түсті түстері қолданылады. Қызметтік сөздерге (кодтың резервте сақтаулы сөздері) көк түс арналған.
Түсініктеме сұр немесе қара жасыл түсте, ал қалған мәтін қара түсте көрсетіледі.
Мәтіннің сол жағында құрылым символдары орналасқан, ішінде минус немесе плюсы бар вертикаль сызықтар мен квадраттар қосылған. Егер минусы бар кез келген квадратты басса, онда сәйкес код фрагментін (блогын) «жинауға» болады, бұл ретте минус плюске ауысады.
Егер плюс квадраты басылса, онда сәйкес код фрагменті (блогы) экранның сәйкес бөлігіне «жайылады». Ақпаратты көрсетудің осындай құрылымдары Windows жүйесінің бумаларын көрсету кезінде қолданылады және бағдарлама кодының керекті фрагментіне назар аударуға мүмкіндік береді.
Магнитті дискіде жобаны жазу үшін File->Save All команда тізбегін қолдану керек (көптеген дискеттер салынған құрал-саймандар панелінде). Редакцияланатын файлда өзгерістерді ғана сақтау үшін File->Save Program.cs командасын таңдауға немесе аспаптық панелінде бір дискета салынған батырманы басу керек.
Жобаны ашу үшін келесі File->Open Project команда тізбегін қолдану керек.
Жобаны құру. Ортаның негізгі терезелері
Достарыңызбен бөлісу: |