Visual Studio.NET ортасы әр түрлі типті жобаларды жасауға мүмкіндік береді, мысалы:
- Windows-қосымшалар Windows интерфейсінің дәстүрлі басқару элементтерін қолданады;
- консольді қосымша шығаруды командалық процессор терезесінде орындайды;
- басқа қосымшаларда пайдалану үшін қолданылатын кластар кітапханасы (Dll модульдері) ;
- веб-қосымшалар, яғни әдістерін Интернет арқылы шақыруға болатын қосымшалар, т.б.
Visual Studio.NET ортасы технологиясының басым бөлігі Windows және веб-қосымшаларды құруға арналған, бірақ әзірлеушілер консольді қосымшалармен жұмысты да ескерген.
Консольді қосымшамен жұмысты орындау барысында пайдаланушы Windows операциялық жүйесінің командалық жолының терезесіне немесе Турбо Паскаль ортасының мәтіндік режіміндегі терезесіне ұқсас мәтіндік терезеде жұмыс істейді.
«Консольді қосымшалар тілді оқу үшін ең қолайлы болып келеді, өйткені оларда графикалық интерфейсті дайындау үшін көптеген стандартты объекттер қолданылмайды» [Павл. 15 бет].
Сондықтан осы пәнде деректерді өңдеудің түрлі алгоритмдерін зерттеуге көбірек уақыт бөлу мақсатында және C# тілінің базалық қасиеттерін қарастыру үшін біз консольді косымшаларды ғана құраймыз.
Visual Studio.NET ортасы
Жобаны жасау үшін Visual Studio.NET ортасы іске қосылғаннан кейін, басты менюде File ->New -> Project командасын таңдау керек.
Ашылған диалогтық терезенің сол жағында Visual C# Windows тармағын, ал оң жағында Console Application тармағын таңдау керек.
Name өрісіне жоба атын жазуға болады, бірақ жобаның берілген атын қалдыруды ұсынамыз. Жобаның орналасу орны ретінде Location өрісінде (жобаның дискіде сақтау орны) компьютердің жұмыс орнын жазыңыз.
Берілген мәндер расталғаннан кейін ортада жоба берілген атаумен құрылады. Бағдарлама кодының үлгісі 1.1-суретінде көрсетілген.
Жобаны құру. Ортаның негізгі терезелері
Достарыңызбен бөлісу: |