Бағдарламаның паспорты



бет3/6
Дата07.07.2016
өлшемі182.5 Kb.
#183648
1   2   3   4   5   6

Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетін болады.


Іске асыру тетігі:

1) Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш береді.

2) Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады.

3) Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтерді жергілікті жұмыспен қамту органдары қарайды.

4) Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша жергілікті жұмыспен қамту органы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5) Бағдарламаға қатысушы мен жергілікті жұмыспен қамту органы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

6) Кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялау мүмкіндігімен, орналасу ұсынылады. Бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналастырылған азаматтарға, қажет болған жағдайда, оқу ақысы Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат есебінен төленетін қысқа мерзімді (6 айдан аспайтын) кәсіптік оқу курстарында оқуға қосымша мүмкіндік берілуі мүмкін.

7) Дерекқор шеңберінде бар бос жұмыс орындарына орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар басым мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жіберіледі.

Басым мамандықтардың тізбесін Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл сайын айқындайды.

8) Кәсіптік оқуды оқығаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына немесе құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу ұсынылады.

9) Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды оқығаннан кейін жұмысқа орналаса алмастырыла алмайтын болса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.

10) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын жергілікті жұмыспен қамту органы бақылайды.


4.3.2. Екінші бағыт:

ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу


Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның бұл бағытына ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтын әйелдерге қатысудың басым құқығы беріледі.

Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

микрокредит беру;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

консультативтік қызмет көрсету;

кәсіпкерлік негіздерін оқыту.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы адамдардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетін болады.

Микрокредит беруді ұйымдастыру үшін Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға 5 жыл мерзімге бюджеттік кредит береді.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы ұйымдарын іріктеу және кредит ресурстарын беру, сондай-ақ олардың осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Микроқаржы ұйымдарына конкурстық негізде кредит беру қағидасында көзделетін болады.

Микрокредит беру шарттары:

республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттары негізінде ұсынылады;

бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді;

кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды;

кредиттің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органға берілетін бюджеттік кредиттің сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады;

соңғы қарыз алушыға, микроқаржы ұйымдарына кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша 18 айға дейін, алайда кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін;

уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына ұсынатын кредиті бойынша сыйақы ставкасы айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджеттің ақтарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді;

соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберінде қатысушылар іске асыратын жобалар үшін қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрізге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды салуды меңзейді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуын қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар белгілі бір техникалық талаптар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау құны жобаның (жобалардың) құнынан аспауға тиіс.

Жетіспейтін инфрақұрылымды салу елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемаларына) сәйкес келуге тиіс және бір немесе бірнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Микрокредит беру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.

2) Жергілікті атқарушы орган микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.

3) Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микроқаржы ұйымдарын іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.

4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

5) Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға тілек білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш береді.

6) Жергілікті жұмыспен қамту органдары ұсынылған құжаттарды қарайды, әлеуетті қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді және мемлекеттік қолдау алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады.

7) Кәсіпкерлік негіздерін оқыту:

- жергілікті жұмыспен қамту органдары үміткерлер келіскен жағдайда, оларды кәсіпкерлік негіздерін оқуға жібереді және бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

- кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган жергілікті жұмыспен қамту органдарының ақпараты негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қамтамасыз етеді, олардың оқу мерзімі бір айдан аспауға тиіс.

Оқу бағдарламасы және оны жүргізу кестесі жергілікті жұмыспен қамту органдарымен келісіледі.

8) Микрокредит беру:

- Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы жергілікті жұмыспен қамту органының жолдауы бойынша микрокредит алу туралы өтініммен, Бағдарламаға қатысатын микроқаржы ұйымына өтініш береді;

- микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды.

9) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

- жергілікті жұмыспен қамту органдары МҚҰ-дан оң қорытынды алған жағдайда, жобалары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды талап ететін Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

- инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және жергілікті атқарушы органды хабардар етеді.

10) Жергілікті жұмыспен қамту органы МҚҰ мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның қорытындыларын қоса тіркей отырып, Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының құжаттарын аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына жібереді (ал болмаған жағдайда - өз бетімен қарайды).

11) Жергілікті жұмыспен қамту органы аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымы бойынша (ал болмаған жағдайда - өз бетімен) өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды осы туралы хабардар етеді.

12) Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасалады.

13) Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.

14) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

15) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет