Бағдарламасы 5В050900 «Қаржы», 5B050800 «Есеп және аудит», 5B090900 «Логистика»


Айталмыш пәннің оқыту әдісі төмендегідей



бет2/10
Дата01.11.2023
өлшемі70.52 Kb.
#482056
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
!!!f-pr-02.3.2-05-2014-03

Айталмыш пәннің оқыту әдісі төмендегідей:

  • дәріс (лекция) оқу;

  • практикалық сабақтар жүргізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ;

Пәнді оқытудың мақсаты:
- студенттерді тіршілік қауіпсіздік негіздерімен таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;
- өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;
- тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;
- студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;
- зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;
- қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру;
- техникалық жүйелерде және шаруашылық жүргізу нысандарының тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процестердің қауіпсіз жағдайларын жобалау;
- табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдау.
Алдыңғы деректемелер:
- Орта мектеп бағдарламасы «Биология», «Физика», «Химия»
Соңғы деректемелер:
- Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері


Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:
Білу:

  • Қазақстан Республикасының негізгі зандарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды;

  • адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші объектілердің төтенше жағдайларда (ТЖ) жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін;

  • адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші объектілердің

  • төтенше жағдайларда (ТЖ) олардың салдарын жою бойынша шараларды білуі тиіс;

Істей алу:

  • әртүрлі көздерден алынған арнайы ақпараттарға негізделе отырып, қауіпті жағдайларды алдын ала болжай білу;

  • табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстарға сараптама жасауды;

Дағдыны меңгеру:

  • тіршілік әрекетінің кауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды әзірлеу шеберлігі болуы тиіс;

  • жоспарлау және құтқару және баска қауырт жұмыстарды жүргізуге қатысу дағдылары болуы тиіс;

  • тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде құзыретті болуы тиіс.

Пәндік мамандандырылған:


Білу:

  • өмір – тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық нормативті – техникалық және ұйымдастыру негіздерін;

  • техника және технологиялық үрдістердің экологиялық тазалығын арттыру әдістерін;

Істей алу:

  • меңгерген білімдерді практикада қолдана білу;

  • жеке адам қауіпсіздік моделін болжай білу, түсінікті ынтымақтасты қарым – қатынастарды қалыптастыруды;

Дағдыны меңгеру:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет