БАҒдарламасы 6М050900 «Қаржы» мамандығы Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰрастырылды



бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі304.5 Kb.
#186608
түріБағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К


ПОӘК 042-18-4.1.83/01-2014

«Қаржы теориясы» пәннің бағдарламасы

№ 1 баспа 11.09.2014 ж.






«ҚАРЖЫ ТЕОРИЯСЫ»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

6М050900 «Қаржы» мамандығы


Семей 2014



Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы ___________С.Ж. Ибраимова, э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
«29» 08. 2014 жыл
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды


Хаттама №1 29.08. 2014 ж.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі __________ С. Ибраимова
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №1 09.09.2014 ж.
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №1 11.09.2014 ж.
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша

проректор _____________ Г. Искакова

Мазмұны








1 Пайдалану саласы

4




2 Нормативтік сілтемелер

4




3 Жалпы мәліметтер

4




4 Оқу пәннің мазмұны

6




5 Магистранттардың өздік жұмысының тақырыптары

14




6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

22




7 Әдебиеттер

23



1 ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Қаржы теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 6М050900 «Қаржы» мамандықтарының магистранттарына арналған. Ол магистранттар-ды курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, магистранттардың оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Қаржы теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі өңдеп белгілейді:

Мемлекеттік жалпы жоғарғы білімнен кейінгі білім беру стандарты. Магистратура. Қазақстан Республикасының 23.08.2012ж. № 1080 Үкімет жарлығы;

«Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің және өңдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарттары;

«Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылымы» ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедуралары.

«Қаржы» мамандығының жоғарғы білімнен кейінгі білім беру б/ша типтік бағдарлама, Т. Рыскулова атындағы ҚазЭУ, Алматы.
3 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Қаржы теориясы» курсы экономикалық ғылымының маңызды бөлікте-рінің бірі ретінде базалық оқу-пәні болып табылад. Қаржы туралы ғылым-ның ерекшеліктері зерттейтін «Қаржы-теориясы» арнаулы пән және оның мақсаты қаржының мазмұнын, ролін және экономикалық ғылымдар жүйесіндегі оның орның сондай-ақ қаржылық қатынастарды ұйымдастыру-дың әлемдік тәжірибесін терең теориялық аспектілерін зерттеу болып табылады.

Курстың міндеттері:

1)магистратура тыңдаушыларының қаржыны кейін практикалық қолданудың негіздері ретінде оның табиғаты мен өзіндік ерекшелігін терең теориялық біліп алуы;

2)қаржының классикалық және қазіргі тұжырымдамаларын зерттеу және экономика мен проблемаларды негіздеу үшін оларды бейімдей білу;

3)экономикалық және әлеуметтік механизмдер жүйесіндегі категорияның іс-әрекет механизмдерін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктерді кеңейту;

4)диалектикалық өзара байланыс пен шектес категориялар механизмдерінің кешенді іс-әрекетін түсінуге жету;

5)аса маңызды экономикалық категорияның жұмыс істеунің күрделі проблемаларына сәйкес ғылыми ойлауды дамыту және ретке келтіру.

«Қаржы теориясы» курсына негізгі аспектілер берілген: теориялық негіздерді, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолданымы. Қаржыны әр түрлі тұрғылардан қарастыру магистранттарға экономикалық категорияның мәнін, ұдайы өндірістік үдестер мен қоғамның әлеуметтік-экономиқалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндік береді.

Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функцияларды, оның басқа экономикалық категорияларымен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралды, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасып отырған нарықтық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген.

«Қаржы теориясы» курсын зерттеу экономика мен қаржыларда нарықтық негіздері қолдану жөнінде қолданымстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануы қажет етеді. Сондықтан нарықтық қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтық экономиканың дамуының болып жатқан үдістерлеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет.

Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер - «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық тәукелдерді басқару».



Кесте 1


Оқу жоспарынан көшірме


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет