ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 6-74 жас аралығындағы компьютерлік сауаты бар саналатын қолданушылардың облыстағы үлесі 66,5%.
Халықты компьютерді игерудің бастапқы дағдыларына үйрету үшін қалалар мен аудандарда жалпыға бірдей білім беру мекемелерінде оқуға арналған компьютерлік сыныптар бөлінген. Оқытудан өткен тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.
2013-2014 жылдар аралығында 49 110, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында 3 237 адам оқытылды.Одан бөлек, компьютерлік сауаты бар адамдардың қатарын арттыру мақсатында 2013 жылдан бастап Қарағанды облысы эектронды қызметтер порталында (www.e-krg.gov.kz) халықты компьютерлік сауаттылық негіздеріне үйрететін қызмет түрі ((www.e-krg.gov.kz/Services/EducationVideo/ ұйымдастырылды.
Оқыту келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі: Компьютер деген не? Компьютермен, мәтінмен, электронды кестелермен, презентациялармен, ғаламтор, әлеуметтік желі, ресми сайттармен жұмыс, вирустық қауіп-қатерлер, мобильді интернет, компьютер этикасы, авторлық құқықтардың қорғалуы. Оқыту түсіндірмелі бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Аталған қызмет түрін осы уақытқа дейін 62 007 қолданушы, оның ішінде 2013 жылы – 24 556, 2014 жылы – 28 042, 2015 жылдың 6 айында – 9 409 адам пайдаланған.
2.1.4.1.2. Байланыс пен коммуникация дамуының SWOT-сараптамасы
|
Оң әсері
|
Теріс әсері
|
|
Ішкі орта
|
Күшті жақтары:
-
Барлық 420 ауылдық өңірлер телефонмен қамтылған
-
Қарағанды облысының 10 000 тұрғыны бар барлық аумақтары 100% (3G) желісімен қамтылған
-
Барлық қалалық және аудандық бөлімшелер ұжымдық спутникті телефон және электронды байланыспен қамтылған
-
Кәсіби деңгейі төмен қызметкерлердің аздығы (4,5%)
|
Әлсіз жақтары:
-
500 не онан көп тұрғыны бар ауылдық өңірлер ұялы байланыспен қамтылмаған
-
Облыстағы жалпы инвестиция ішінде байланыс саласына тартылатын инвестициялар көлемінің аздығы (1,2%)
-
Кәсіпорындар саласының тұрақсыз рентабельдігі. 2014 жылы кәсіпорындар саласы рентабельді болмай қалды (-18%)
-
Оқытушылардың кәсіби дайындығының төмендігі
|
Сыртқы орта
|
Мүмкіндіктер
-
Мемлекеттік қолдау
-
Өңір тұрғындарының ақпараттық технологияларды қолдануға деген қызығушылығы
|
Қауіптер
-
Халықта электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің жоқтығы
|
| 2.1.4.1.3. Байланыс пен коммуникацияның өзекті мәселелері
- халық саны 500 және онан көп ауылдық өңірлер ұялы байланыспен қамтылмаған;
- облыстың жалпы инвестиция көлеміндегі байланыс саласына тартылатын инвестициялардың аз болуы;
- салалық кәсіпорындардың тұрақсыз рентабельдігі.
2.1.4.2. Жолдар
Қарағанда қаласының автокөлік жолдары қоры 12 516,4 км құрайды, соңғы 3 жылда жол жүйесінің ұзындығы өзгерген жоқ.
Жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының 98,2% - қалың қабатты жолдар, бұл көрсеткіш бойынша облыс респуликада 2-орында. 1000 шаршы километрге жалпы пайдалануға төселген жолдардың тығыздығы өте төмен болып табылады - 20,4 км. Салыстыру үшін, Қазақстанда бұл көрсеткіш - 31,7 км, ЕО елдерінде 50-110 км-лер ауқымында, ал ТМД елдерінің көпшілігінде 23- 37 км болып табылады..
Кесте 42.
Қарағанды облысы жолдарының сипаттамасы
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2014ж.
|
Жалпы қолданыстағы көлік жолдарының ұзындығы:
|
км
|
10 604,8
|
Республикалық деңгейдегі
|
км
|
2 773
|
Облыстық деңгейдегі
|
км
|
3 549
|
Аудандық деңгейдегі
|
км
|
4 282,8
|
Жалпы қолданыстағы қатты қабатты көлік жолдарының ұзындығы
|
км
|
10 410,8
|
Республикалық деңгейдегі
|
км
|
2 773
|
Облыстық деңгейдегі
|
км
|
3 458
|
Аудандық деңгейдегі
|
км
|
4 179,8
|
Жалпы қолданыстағы қалың қабатты автокөлік жолдарының жалпы ұзындықтағы негізгі үлесі, %
|
%
|
98,2
|
Жалпы қолданыстағы қалың қабатты автокөлік жолдарының 1000 ш. км қалыңдығы
|
%
|
20,4
|
Қарағанды облысындағы жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының ұзындығы 10 604,8 км, оның 75,3%, атап айтсақ 7 982,9 км жергілікті деңгейдегі жолдар. Олардың жартысына жуығы асфальт-бетон қабатты (49%), 38% қара қиыршық тасты төсеме, 11% - ақ даңғылдар болса, тек 2% грунтты жолдар.
Өңірде соңғы 3 жылда облыстық және аудандық деңгейдегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары жағдайының жақсару тенденциясы байқалады:
-
жағдайы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті мәндегі автомобиль жолдар үлесі 2012 жылыт 70%: жағдайы жақсы - 33%, қанағаттанарлық - 37%; қанағаттанарлықсыз жағдайда - 30%;
-
2013 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болған - 72%: жақсы - 37%, қанағаттанарлық - 35,4%; қанағаттанарлықсыз жағдайда - 28,5%;
-
2014 жылы жақсы және қанағаттанарлықсыз жағдайда -74%: жақсы - 38%,қанағаттанарлық жағдайда 36%; қанағаттанарлықсыз жағдайда - 26%.
2012 жылдан 2014 жыл аралығында Өрісіне 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде 43 млрд жергілікті жолдардың 1546,3 км жөнделген 361,8 млн теңге . ..
Кесте 43.
Жөнделген жергілікті көлік жолдары
2012
|
|
|
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
|
км
|
млн.тг
|
облыстық
|
282
|
4388
|
аудандық
|
29,9
|
885
|
қалалық
|
85,1
|
5273
|
2013
|
|
|
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
|
км
|
млн.тг
|
облыстық
|
199,6
|
3945
|
аудандық
|
166,6
|
1377
|
қалалық
|
174,1
|
11289
|
2014
|
|
|
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
|
км
|
млн.тг
|
Облыстық
|
194
|
4575,3
|
Аудандық
|
157
|
1998,8
|
Қалалық
|
258
|
9630,7
|
2014 жылы облыстық маңызы бар 75 км автокөлік жолдарының паспорттық тексеруі өткізілді: Ақтоғай ауданында ұзындығы 6 км құрайтын 2 жол, Бұқар-Жырау ауданында 42 км созылған 5 жол, Ұлытау ауданында бас-аяғы 27 км 4 жол.
Қарағанды облысы темір жолдарының эксплуатациялық ұзындығы 1940 км құрайды және 2009 жылдан бері өзгерген жоқ.
Қарағанды облысы көлік-транзиттік әлеуетке ие. Облыс аумағы арқылы келесі жолдар өтеді:
-
Петропавл – Астана – Қарағанды – Шу меридиандық темір жол көлік магистралі;
-
Трансазиялық темір жол магистралінің солтүстік бөлігі;
-
6 маңызды автокөлік тораптарының бірі - Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;
-
Көлік-транзиттік торап саналатын ҚР-ның оңтүстік және солтүстік өңірлерін біріктіретін республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» және «Жезқазган-Есіл-Петропавл» жолдары. Аталған жолдар Азиялық шоссе жолдарға жатады және Ресейге шығуға мүмкіндік береді.
-
Одан бөлек, облыс аумағының Астана қаласына жақын орналасуы (212,7 км) өңірде сауда мен туризмді дамытуға жол ашады.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы, «Нұрлы жол», «Жол картасы - 2020» бағдарламалары аясында, сондай-ақ қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары негізінде облыста жолдарды қайта жөндеу мен жаңадан салу бойынша бірнеше жоблаар атқарылып жатыр.
-
2012 жылы ұзындығы 535 км болатын «Жезқазған-Сексеуіл» (Қарағанды облысы арқылы – 370 км.), ұзындығы 214 км «Арқалық-Шұбаркөл» (Қарағанды облысы арқылы - 165 км.) темір жол бағыттарының құрылысы басталды, бұл жолдар республиканың «Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарында транспорттық әлеуетін ашуға және аталған жолдарда тасымал кезінде арақашықтықты 1200 км және 700 км дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Нысандардың құрылысы 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда;
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұзындығы 93 км құрайтын республикалық Анар-Теміртау автокөлік жолдары аумағындағы «Орталық-Оңтүстік» транзиттік торабын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Орталық-Оңтүстік» жобасы Астана мен Алматы агломерация орталықтарын Балқаш пен Қарағанды қалалары арқылы байланыстыратын автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. 2013 жылдан бастап, «Анар-Осакаровка» жолының бөлігінде 10 км созылатын аумақтың қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр; 2014 жылы ұзындығы 21 км болатын «Осакаровка-Батпақ» аумағында жұмыстар басталды. Қайта жөндеу жұмыстары 2016 жылы аяқталады.
-
«Моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 2014 жылы қалаішілік жолдарды жөндеу бойынша 14 жоба, 3 көше аумағы, ұзындығы 35,2 км құрайтын 24 көше жұмысы аяқталды;
- Қарағанды облысының Ұлытау ауданы, Сәтбаев және Жезқазған қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 2016 жылдан бастап, Жезқазған мен Қызылорда қалаларын байланыстыратын негізгі жіне жалғыз магистраль «Қызылорда-Павлодар» автокөлік жолын қайта жөндеу жұмыстары белгіленген. Аталған жол облысаралық жолаушы және жүк тасымалында айтарлық үлкен маңызға ие, ҚР-дағы транспорттық байланыстар мен Орта Азияға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |