БАҒдарламасы қарағанды мазмұны №


Қаржыландыру көздері және көлемдері



бет2/20
Дата04.03.2016
өлшемі2.51 Mb.
#41413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қаржыландыру көздері және көлемдері


Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаттары, қарызға алынған қаражаттар.

Қаржыландыру көлемдері:


2011ж. – 15468,5 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 418,6 млн. тенге;

- областық бюджет – 91,2 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2005,1 млн. тенге;

- басқа көздері – 12953,6 млн. тенге.
2012ж. – 10219,4 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 394,9 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2408,3 млн. тенге;

- басқа көздері – 7416,2 млн. тенге.
2013ж. – 4131,7 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 457,8 млн. тенге;

- областық бюджет - 3,0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2025,6 млн. тенге;

- басқа көздері – 1645,3 млн. тенге.
2014ж. – 19096,8 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 488,9 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 1723,6 млн. тенге;

- басқа көздері – 16884,3 млн. тенге.
2015ж. – 335051 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 241,4 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 1597,3 млн. тенге;

- басқа көздері – 333212,3 млн. тенге.
Барлығы: 383967,4 млн. тенге.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қала жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сонымен қатар, олардың аймақтың және елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер етуі
Өнеркәсіп. Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін экономиканың өңдеуші секторының ірі, орта және шағын кәсіпорындары анықтайды.

Қала дамуының жағымды жағы ретінде өңдеуші өнеркәсіптің басымдылығын - 93,2% атап өтуге болады. Қаланың жүйетүзуші кәсіпорны болып «АрселорМиттал Темиртау» АҚ табылады. Машина жасау, химия өндірісі және құрылыс материалдары өндірісі жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Қала экономикасы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасын Қарағанды облысында жүзеге асырудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады.

Ал қала өнеркәсібі дамуының жағымсыз жағы ретінде оның металға және металл өнімдеріне деген әлемдік сұранысқа жоғары деңгейде тәуелділігін атауға болады.

Әлеуметтік сала. Бұл саланың келесідей жағымды жақтары бар: қала халқын әлеуметтік қорғаудың белсенді түрде қызмет етіп жатқан жүйесі; дамыған денсаулық сақтау мекемелерінің желісі; туберкулез және онкологиялық сырқаттар сияқты әлеуметтік мәні бар сырқаттардың және олардың салдарынан болатын өлімдердің азаюы; кәсіптік білім берудің тармақталған жүйесі.

Ал жағымсыз жақтары: еңбек нарығының негізгі индикаторларының нашарлауы; мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың мардымсыз деңгейі; орта білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдерінің үздіксіз тапшылығы; денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің төмен деңгейдегі материалдық-техникалық базасы; ВИЧ/ЖИТС ауруы бойынша сырқаттану мен өлімнің өсуі.



Көліктік және өмір сүруге қажетті инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Қалада жылу және электр энергиясы өндірісі бойынша меншікті қуаттар бар – КарГРЭС-1 және ТЭЦ-2, бұлар жеке меншік кәсіпорындар болып табылады. Тұрғындардың жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары (қала үшін орта шамадан жоғары).

Бұған қарамастан, қалада энергия тапшылығы орын алған, сондықтан қала электр энергиясын басқа өндірушілерден сатып алуға мәжбүр болып отыр. Бұл жағымсыз фактор болып табылады, себебі, қала халқының саны күннен күнге өсуде және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қала сапалы ауыз суымен қамтылған, ол суды тарату үш жеке меншік компанияның үлесіне тиеді. Халық санының одан әрі өсуіне және өнеркәсіптің одан әрі дамуына байланысты Ертіс-Қарағанды каналынан жаңа магистральды су құбырын тарту қажет болып саналады.

Сумен қамтамасыз ету және су өткізу саласының дамуының жағымсыз жағы ретінде су құбырлары мен кәріздің жоғарғы тозу деңгейін атап өтуге болады.

Қаладағы жол тораптарының 86% - жамылғысы бар жолдар болып есептеледі. Қалада тұрғындардың қалаішілік және қалааралық тасымалға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын автобус және трамвай хабарламалары үнемі қызмет істейді. Сонымен қатар, жол жамылғысының жоғарғы деңгейдегі тозуын, қала көшелерінде орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін, трамвай маршруттарының қысқарғанын және қаладағы аялдамалардың аздығын атап өтуге болады.

Оған қоса, келесідей маңызды мәселелер тағы бар: жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудың болашақта даму жоспарын жасау; жолаушы көлігінің дамуының тиімді кешенді сызбасын жасау.

Қалада байланыс қызметтерін көрсететін кәсіпорындар-монополистер – «Казахтелеком» АҚ және «Казпочта» АҚ. Магистральды мәліметтерді тасымалдау желісінің дамуы, NGN жаңа үлгілі желісінің салынуы, телекоммуникациялық инфрақұрылымның жаңартылуы нәтижесінде 2009 жылы IP технологиясына негізделген жаңа қызметтер көрсету мүмкіндігі туды. Мысалы, «Казахтелеком» АҚ ID Phone телефониясының жаңа шешімдерін алдыға шығара бастады. Сонымен қатар, Интернетке кең тарапты шығу желісі дами бастады. «Megaline» қызметін тұтынатын клиенттердің ішкі трафиктерінің өсуі байқалады. Оған қоса, абоненттер санын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, қала тұрғындары жеткілікті деңгейде байланыс қызметімен қамтылған. Пошта бөлімшелерінің желісі де жеткілікті болып табылады.



Қаланың аумақтық-кеңістіктік дамуы

Қаланың кеңістіктік дамуының жағымды жағы ретінде оның көліктік коммуникацияның жоғары тығыздығын және еңбек көші-қонының әлеуетін есепке ала отырып, Қарағанды қала агломерациясына енуін атап өтуге болады.

Аумақтық дамудың жағымсыз жақтары болып табылады: қаланың тұрғындар үшін тұрақты мекен-жай ретіндегі әлеуметтік тартымдылығын азайтатын жоғары экологиялық қауіптер, әлеуметтік және өмір сүруге қажетті инфрақұрылыммен жоғары деңгейде қамтылған Қарағанды қ. аумақтық жақындығы адамдарды облыс орталығына көшуге ынталандырады.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Өнеркәсіп

Теміртау қ. өнеркәсібі кен өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен, электр энергиясын, газды және суды тараты кәсіпорындарымен танылады. Ірі кәсіпорындар қатарына келесілер жатады: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ болат департаменті, «ЦентралАзия Цемент» АҚ, «Карцемент» АҚ, «ТЭМК» ЖШС, ЗПХ «Техол» ЖШС, «RenMilk» ЖШС, «АЯН м» ЖШС, «Бидай-НАН» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС.

2005-2009 жж. аралығында Теміртау қ. өнеркәсіп өндірісі көлемі қазіргі бағамен есептегенде 176484,4 млн. теңгеден 265644,7 млн. теңгеге дейін немесе 1,5 есе өсті. Қарастырылып отырған кезеңде өндірісте өсу тенденциясы байқалады.
2005-2009 жж. өнеркәсіптегі физикалық көлем индексінің және тауар өнімін өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

Кесте 1


2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің қазіргі бағамен есептегенде 20,1%-ға азайғаны байқалады. Бұның себебі: әлемдік нарықтағы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның экспортқа бағытталған негізгі өніміне деген бағаның және сұраныстың төмендеуі.

2005-2008 жж. аралығында өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар саны 51391 адамға дейін немесе 6,5 %-ға азайды.




Өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Кесте 2

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

176484,4

172828,1

280264,6

332602,8

265644,7

Еңбек ақы қоры, мың теңге

24400587

30418401

40106646

51340427

50399359

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

54982

53498

53187

51910

51391

Еңбек өнімділігі, мың теңге

3209,2

3230,6

5269,4

6407,3

5169,1

Қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек ақы қорының 24400,6 млн. теңгеден 50399,4 млн. теңгеге дейін немесе 2 есе артқаны, ал еңбек өнімділігінің 3,20 млн. теңгеден 5,16 млн. теңгеге дейін немесе 161,2%-ға артқаны байқалады.

Бесжылдық кезеңде қала экономикасына 153742,0 млн. теңге инвестиция салынған, оның ішінде 2009 жылы - 38827,2 млн. теңге. Өнеркәсіпке 148960,4 млн.теңге инвестиция салынған, оның ішінде 2009 жылы - 37897,9 млн.теңге.

«АрселорМитталТемиртау» АҚ-да «Қуаттылығы жылына 400 мың тонна сортты металлопрокат өндіру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны - 110,0 млн. АҚШ доллары (13200,0 млн. теңге). Шығарылатын өнім номенклатурасы: арматура, дөңгелек, бұрыштар, швеллер, сызықтар, тавр.

2009 жылы 4 жоба жүзеге асырылды:

- «Институт проблем комплексного освоения недр» ЖШС - «Патрондалған ампулаларды өндіру бойынша цех салу».

- «Карцемент» АҚ - «Құрғақ әдіспен цемент өндіру бойынша 6-шы технологиялық өндірісті қайта құру».

- «Сигма-Темиртау» ЖШС - «Болат балқыту шлактарын байыту бойынша кешен».

- «Хиллари Ассетс в Казахстане» ЖШС - «Су-көмір отынын өндіру».

Қала бойынша сыртқы сауда операцияларының қатысушылары болып келесі кәсіпорындар табылады: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «ТЭМК» ЖШС, «Экоминералс» ЖШС, «Магнитка» ЖШС, «КЗАЦИ» ЖШС, «Ast Etalon Crown» ЖШС, «Карцемент» АҚ.

Осы мерзімде негізгі экспорттық тауар ретінде қара металл прокаты, кальций карбиді, ферробалқытулар, алюмосиликаттық микросфералар, асбоцементтік бұйымдар және лакталған темірді атап өтуге болады.

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ кәсіпорнының экспорттық өнімдерінің көлемі шығарылатын өнімдердің жалпы көлемінің 80%-дан астамын құрастырады.

2005-2009 жж. металдардың және металдан жасалған бұйымдардың экспорт көлемі 18191,8 млн. АҚШ долларын құрастырды немесе Қарағанды облысы экспортының жалпы көлемінің 60,6% болды.

Негізгі экспорт тұтынушылар болып келесі мемлекеттер табылады: Қытай, Индонезия, Пакистан, Иран, Түркия, Египет, БАӘ, Тайвань, Тайланд, Малайзия, Филиппиндер, Үндістан, АҚШ, Ресей, ТМД мемлекеттері және басқалары.

Қаланың экономикалық дамуы болашақта мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы (ҮИИДБ) аясындағы, оның ішінде индустриалдандыру Картасы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы, Қарағанды облысы өнеркәсібінің негізгі салаларының даму Концепциясы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға негізделеді. Іс-шаралар мен жобалардың жүзеге асырылуы істеп жатқан кәсіпорындарды жаңартуға және жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған жаңа кәсіпорындарды іске қосуға мүмкіндік береді.
Кен өнеркәсібі

Саланың негізгі кәсіпорындары мыналар: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі - «Оркен» ЖШС және «Гаухартас» ЖШС, «Импульс» ЖШС, «Бакыт и К» ЖШС, «Аманский щебеночный завод» ЖШС сияқты шағын кәсіпорындар.

«Оркен» ЖШС 4 бөлімшеден тұрады: Оркен өкілдігі – Атасу, Лисаковск, Кентобе және Атансор, бұлар темір рудасын қазу жұмыстарымен айналысады.
«Оркен» ЖШС темір рудалары кен орындарының қорлары
Кесте 3

«Оркен» ЖШС бөлімшелері

Құрамындағы темірдің орташа мөлшері, %

Баланстық қорлар, мың тонна

Нақты қазу кезіндегі қорлармен қамтамасыз етілу, жыл

Жоба үшін жылдық қажеттілік, млн. тонна

Атансор

39,90

29184

13

1,2

Лисаковское

34,26

1121990

барлық кезеңде

1,4

Кентобе

46,87

132409

15

0,6

Атасу (Батыс Каражал)







50

0,6 (2017 жылдан бастап жылына 6,5 млн. тоннаға дейін)

«Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ құрамына: «Богач» карьерінде ферробалқыту өндірісі үшін марганец рудаларының кен орындарын өңдейтін «Марганец» руда басқармасы, металлургия өндірісі үшін аз қоқысты технологияларды пайдалана отырып, флюсалық әктасты қазуды және бөлшектеуді қамтамасыз ететін Оңтүстік-Топар руда басқармасы кіреді.

«Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ-да өндірісті одан әрі дамыту мақсатында 450 млн. теңге көлемінде арнайы карьерлік техниканы жаңарту бойынша «Өндірісті қайта құру және дамыту бойынша бағдарлама» жасалған.

«Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыра отырып, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ дамыту және жаңарту» жобасы аясында жұмыс жасап жатқан рудниктердің бірі – Атасу руднигін дамыту және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл шараның мақсаты – 2013 жылға қарай руданы қазып алу деңгейін 1,6 млн. тоннадан 2,2 млн. тоннаға дейін арттыру.

Сонымен қатар, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Лисаковск кен орнындағы темір рудаларын фосфордан айыру бойынша технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр және 2011 жылы 0,3 млн. тоннаға дейін фосфордан айырылған темір рудасын қазып алу жоспарланып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіп

Өңдеуші өнеркәсіптің негізін келесі салалар құрайды: қара металлургия (өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 86,1%), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (3,6%), химия өнеркәсібі (1,3%) және тамақ өнеркәсібі (0,8%).

2005 жылдан 2009 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 148766,8 млн. теңгеден 247480,1 млн. теңгеге дейін өсті, өсу қарқыны 66,3% құрастырды.

2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар саны 46638 адамға дейін немесе 12,9%-ға азайды. Қарастырылып отырған кезеңде өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек ақы қоры 24044,4 млн. теңгеден 46734,2 млн. теңгеге дейін өсті. Еңбек өнімділігі 2005 ж. 2,78 млн. теңге болатын болса, 2009 ж. екі есе өсіп, 5,31 млн. теңгені құрастырды.

2009 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 247480,1 млн. теңгені құрастырды немесе 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 166,4% құрастырды.
2005-2009 жж. өңдеуші өнеркәсіптің негізгі экономикалық көрсеткіштері

Кесте 4

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

148766,8

155667,0

263087,3

311282,5

247480,1

Жалпы өндіріс көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы

98,1

97,5

98,1

97,9

93,2

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

24044,4

29935,8

39513,3

50484,4

46734,2

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

53590

51954

51513

50201

46638

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2776,0

2996,2

5107,2

6200,7

5306,4


Тамақ өнеркәсібі

Бұл саладағы негізгі өндірушілер қатарына келесі кәсіпорындар кіреді: «Бидай-НАН ЛТД и Со» ЖШС, «Ren-Milk» ЖШС және «Аян-М» ЖШС, "Жер-Арна" ЖШС.

2005-2009 аралығындағы кезеңде тамақ өнеркәсібі өндірісінің 1177,1 млн. теңгеден 2013,1 млн. теңгеге дейін өскені байқалады, өсу қарқыны 71,02% құрастырды. Осы саланың кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар саны 317 адамға көбейді, сонымен қатар, еңбек өнімділігі де артты.
2005-2009 жж. тамақ өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштері

Кесте 5

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге

1177,1

1348,6

1497,5

1802,6

2013,1

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

110254,6

154229,8

208234,4

303296,1

357722,3

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

562

750

769

786

879

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2094,0

1798,0

1947,0

2293,0

2290,0

«Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС 2005 жылы Теміртау нан зауыты базасында құрылды. Негізгі қызмет түрі – нан, нан-тоқаш өнімдерін, пірәндік, печенье, торт және басқа да кондитерлік өнімдерді, алкогольсіз сусындарды өндіру.

Кәсіпорынның құрылымы келесідей: көлік бөлімі, сату қызметі, механикалық қызмет, нан-тоқаш өнімдері цехы, пірәндік цехы, кондитерлік цех, су құю цехы, дүкендер желісі.
«Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 6

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

188,7

199,6

257,4

260,8

435,9

Еңбек ақы қоры, мың теңге

11038,1

33145,8

38704,4

70383,2

87095,7

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

92

211

191

219

231

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2051,1

946,0

1347,6

1190,9

1887,0

2005-2009 жж. өндірісті кеңейту және жаңарту жұмыстары жүргізілді: қабатты өнімдерді өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылды, сушки өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылды.

2009ж. «Бидай-Нан ЛТД и Со» ЖШС негізгі капиталына 77,9 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

Өндірістік, әкімшілік және қосалқы ғимараттарда ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, тозған және моральды ескірген активтерді жаңарту үшін жаңа негізгі құралдарды сатып алу негізінде 2011-2015 жж. кәсіпорынды дамыту жоспарланған.

«АЯН м» ЖШС кәсіпорны 2002 жылдан бастап сүт өнімдерін өндіруге мамандандырылған, сүт өнімдерінің барлық түрлерін шығарады: пастерленген сүт, 3 түрлі майлылығы бар (1%, 2,5%, 3,2%) айран, ұйытылған айран, йогурт, қаймақ, ірімшікті крем, ірімшік, сары май және т.б. Бұл кәсіпорын Қазақстанда сүт коктейлін шығару технологиясын меңгерген жалғыз кәсіпорын болып табылады. Технологиясында «СТЕРИОФЛОУ» сауда маркасының ерекше француз құрылғысын қолданады. Бұл технология бойынша бірыңғай жылыту және қатаң түрде қысым беру арқылы жылу тасымалдаушының интенсивті айналымы қамтамасыз етіледі, бұл пайдалы қасиеттері сақталған, сүт өнімдерінің негізгі құрамы болып табылатын ақуызы бұзылмаған, таза өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
«АЯН- м» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері Кесте 7

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

137,9

185,8

199,1

185,1

298,9

Еңбек ақы қоры, мың теңге

11010,0

16522,0

19357,0

25128,0

37093,0

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

105

147

159

159

160

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1313,3

1263,9

1252,2

1164,2

1868,1

Бөлшек сауданың ұлғаюы, жаңа сату нарықтарының пайда болуы және негізгі және қосалқы құрылғалардың жаңартылуы себебінен 2005-2010 жж. ақшалай және натуралды шамада көлемдердің артқаны байқалады.

Жаңа технологияларды енгізу, жаңа құрылғыларды сатып алу, сату нарығын кеңейту және өнімнің жаңа түрін ойлап тауып, оны енгізу есебінен алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырмақшы.

Сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Ren-Milk» ЖШС – бұл алдыңғы қатарлы технологиялары және қазіргі заманғы құрылғылары бар белсенді түрде дамып келе жатқан кәсіпорын.

«Ren-Milk» ЖШС жаңа технологияларды қолдана отырып, сүт өнімдерінің 45 жуық түрлерін өндіреді. Олардың негізгілері: сүт, айран, қатық, ірімшік, ірімшік сырлары, ірімшікті крем, сары май, «Сулугуни» сыры және балмұздақ. Барлық өнім қазіргі заманғы орамаларға оралып, салынады. Зауыт базасында жақсы жабдықталған өндірістік зертхана жұмыс істейді, өнімді сынақтан өткізуді бақылаудың барлық үрдістері қарастырылған. Кәсіпорын өнімі тек қана Теміртау қаласында ғана емес, сонымен қатар, жалпы Қарағанды облысында да танымал. Халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында фирмалық дүкендер желісі ашылған. «Ren-Milk» ЖШС кәсіпорны бірнеше рет «Качество по карагандински» атты аймақтық конкурсқа, «Лучший товар Казахстана» атты республикалық конкурсқа қатысып, жоғары дәрежелі марапаттауларға ие болған. Қазіргі кезде зауыт жұмысының негізгі мақсаты – тұтынушылардың табиғи, сапалы және пайдалы сүт өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
«REN-milk» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 8

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

335,6

423,6

660,0

914,0

1129,1

Еңбек ақы қоры, мың теңге

66395,3

93435,0

136899,3

191613,0

228973,0

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

301

367

384

382

400

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1115,0

1154,2

1718,8

2392,7

2822,8

Кәсіпорын белсенді түрде өсіп, дамып келе жатыр, бірте-бірте жаңарып келе жатыр, өндірістік қуаттар өсуде. Зауыттың келесі цехтарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: құю цехы, ірімшік және сыр өндіру цехы, сонымен қатар, ірімшікті сақтауға арналған төмен температуралы камералар мен тез қатыратын камералар. Қазіргі заманғы жаңа құрылғылар сатып алынған және әлі де сатып алынады: пастерлеуші-суытқыш құрылғылар, қышқыл сүт өнімдерін өндіруге арналған сыйымды құралдар, тұтас сүт өнімдерін құю үшін және орау үшін автоматтар, сонымен қатар, «Сулугуни» сырын орауға арналған вакуумдық орамалар, балмұздақты орауға арналған орау автоматтары, ерітілген сырларды, өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылған.

Кәсіпорынның алдағы уақытта дамуында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: жаңа технологиялық линияларды іске қосу; қазандық цех, компрессорлы цех өндірісінің энергия сыйымды учаскелерін кезең бойынша қалпына келтіру; өңделген сүт өнімдерінің көлемін арттыру; логистиканың ұйымдастырушылық құрылымын тиімді ету; сүт өнімдерін сату географиясын кеңейту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет