БАҒдарламасы қарағанды мазмұны №



бет6/20
Дата04.03.2016
өлшемі2.51 Mb.
#41413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Еңбек нарығы

2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында Теміртау қаласының еңбек нарығында келесі тенденциялар байқалады:

– экономикалық белсенді халық саны 1,4 мың адамға немесе 1,5%-ға азайды;

– экономикалық белсенді халық деңгейі 0,1 пайыздық пунктке төмендеді;



  • жұмысбасты адам саны 2557 адамға немесе 2,8%-ға азайды;

  • жұмыссыздар саны 1177 адамға немесе 37,3%-ға артты;

  • жұмыссыздық деңгейі 2004 ж. 3,4% деңгейінен 2009 ж. 4,7% деңгейіне дейін немесе 1,3 пайыздық пунктке жоғарылады.

Оған қарамастан, Теміртау қаласындағы жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден 1,4 пайыздық пунктке төмен болып табылады.

Өкілетті жұмысбастылық органдарына жұмыс сұрап келген адамдардың ішіндегі жұмыссыздардың үлесі 2004 ж. 69,2% болатын болса, 2009 ж. 29,6%-ға жоғарылап, 98,8% құрастырды (кесте 1 қосымшалар).

Өкілетті жұмысбастылық органдарына жұмыс сұрап келген адамдардың ішіндегі жұмысқа орналасқан мүгедектердің үлесі 2004 ж. 72,2% деңгейінде болатын болса, 2009 ж. 100%-ға жетті.

Өкілетті жұмысбастылық органдарына жұмыс сұрап келген адамдардың ішіндегі кәсіптік дайындыққа жіберілген жұмыссыздардың үлесі 2004 ж. бастап 2008 ж. дейінгі аралықта 8,6%-дан 8,2%-ға дейін төмендеді. 2009 ж. кәсіптік дайындыққа жіберілген жұмыссыздар үлесі 2004 ж. деңгейіне қарағанда 15,4%-ға дейін жоғарылады. Бұл жетістікке «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді.

Жалпы алғанда, кәсіптік дайындық масштабтары төмен, себебі, жұмыссыз адамға оқу барысында ешқандай жәрдемақы төленбейді. Нәтижесінде, жұмыссыздар бұндай қызметтен бас тартып, қоғамдық жұмыстар істеуге барады.

Бұл жүйенің тағы бір мәселесі – жеке бизнесті ұйымдастыруға көрсетілетін материалдық көмектің жеткіліксіз мөлшері. Бөлінетін қаражат көлемі тек бюджеті аз бизнес құруға мүмкіндік береді, ал ондай бизнесте жоғары бәсеке байқалады. Соның нәтижесінде, өкілетті органдарға көмек сұрап келген адамдардың ішіндегі жеке бизнеспен айналысу үшін материалдық көмек алғандардың үлесі 2004 ж. 1,5% деңгейінен 2009 ж. 0,4% деңгейіне дейін немесе 1,1 пайыздық пунктке төмендеді.

Теміртауға қайтып келген оралман отбасыларын талдау бойынша 2005 ж. оралмандар көші-қоны ағымының азайғаны анықталды. 2005 ж. 1245 оралман қайтып келген, оның 685 – еңбекке жарамды жастағылар, ал 2009 ж. – 691 адам қайтып келген, оның 381 – еңбекке жарамды жастағылар. Жұмысқа орналасқан репатрианттардың үлесі 2009 ж. 47,8% құрастырды.

Еңбек нарығындағы құрылымдық дисбаланс мәселесі әлі де орын алуда. Ең тапшы болып келесілер табылады: ұсталар, тасшылар, металл пісірушілер, электриктер.

01.01.2010 ж. жағдай бойынша 134 жұмыс істеп тұрған ірі және орта кәсіпорындар бойынша жасалған ұжымдық келісім-шарттар саны 124 болды немесе 92,5% құрастырды.
Әлеуметтік көмек

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік әлсіз халық топтарына әлеуметтік қызметтің кең спектрін көрсету түрінде жүзеге асырылады. Оларға: ақшалай төлемдер – бұл кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан отбасыларға мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек; жан басына шаққандағы табыс көлемі азық-түлік кәрзеңкесі құнынан аспайтын табысы бар отбасылардан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы; тұрғын үйлік көмек; мүгедектерді әр түрлі қызметтермен және техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз ету; жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға үй жағдайында қызмет көрсету.

Әлеуметтік қорғау бағдарламалары мемлекеттік бюджет және бюджеттік емес қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2004 ж. бастап 2009 ж. дейінгі аралықта тіркелген кедейшілік деңгейі 0,9 пайыздық пунктке төмендеді (1,1%-дан 0,2%-ға дейін).

01.01.2010 ж. жағдай бойынша бөлім есебінде 84 аз қамтылған отбасы тұр (321 адам), бұл өткен жылға қарағанда 23%-ға аз болып табылады (105 отбасы – 416 адам).

Жалпы, 2009 ж. әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге бюджеттен 146,9 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен 74,3 млн. теңге жұмсалды.

Қарастырылып отырған кезеңде МАӘК сұраушы азаматтардың саны 2,2 есе азайып, 486 адамды құрады. Бұл өзгеріс келесі шаралардың орындалуы есебінен жүзеге асты: үміткерлерді МАӘК жұмысқа орналастыру; халық табысының өсуі; МАӘК алушылардың табыстарын жасыру фактілерін анықтау мәселесі бойынша учаскелік комиссияның жұмысын қатаңдату; 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балаларға арналған жәрдемақы төлеу. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алушылардың санының азаюына байланысты жергілікті бюджеттен адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттар саны 1730,9 мың теңгеге немесе 25,8%-ға қысқарды. Адрестік әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1 адамға айына 852,3 теңге болады, бұл көрсеткіш облыстық көрсеткіштен 2,4 есе аз болып табылады (кесте 2 қосымшалар).

Балаларға жәрдемақы төлеуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттар сомасы 2009 ж. 5459,8 мың теңгеге тең болды, бұл 2006 ж. деңгейінен 1,5 есе артық болып табылады.

Тұрғын үй жағынан көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттар сомасы 2009 ж. 3084 мың теңгені құрастырды, бұл 2004 ж. деңгейінен 1,1 есе артық болып табылады.

Қаланың аз қамтылған азаматтарына мемлекеттік жәрдемақыдан басқа материалдық, натуралдық жағынан қолдау түрінде қайырымдылық көздерінен де көмек беріліп жатыр. Бұндай көмектің мөлшері 1 адамға: 2006 ж. – 14382 теңге болатын болса, 2009 ж. – 25121 теңге болды.

2010 ж. 1 қазанындағы жағдай бойынша қалада 5210 мүгедек, яғни арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар тұрады, оның 378 – мүгедек балалар. Олар үшін қалалық бюджет қаражаттарынан келесідей көмек түрлері қарастырылған:

– І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер мен туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға, амбулаторлық емдеу кезеңі бойы жолақы билеті беріледі, ал қалған азаматтарға айына 500 теңге көлемінде ақшалай өтемақы беріледі;

– үй жағдайында тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балалары бар отбасыларды қолдау үшін 1733 теңге көлемінде материалдық көмек көрсету;


  • қозғалуы қиыншылық тудыратын мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы автокөліктің жұмыс істеуі. 2008 ж. көліктің мұндай түрін 353 мүгедек пайдаланды және 1881 өтініш қарастырылды, ал 2009 ж. қарастырылған өтініштер саны 24%-ға артты;

  • көру қабілеті бойынша мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа үйрету. 2008 ж. 25 мүгедек оқытылса, 2009 ж. 55 мүгедек оқытылды, оған 1148,2 мың теңге ақша қаражаттары жұмсалды.

2010 ж. 1 қазанындағы жағдай бойынша қалада 137 соғыс ардагері тұрады. Олар үшін әлеуметтік көмектің келесі түрлері қарастырылған:

  • коммуналдық қызметтерді төлеуден босату, қызмет көрсетушілердің есебінен;

  • пайдаланушылық қызметтерді және газбен қамту қызметтерін төлеу үшін ҰОСҚ және ҰОСМ-не материалдық көмек көрсету;

  • халықтың белгілі бір топтарына, оның ішінде ҰОСҚ мен ҰОСМ-не қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) қалалық бюджет және автокөліктік кәсіпорындар есебінен ақысыз жүруді ұйымдастыру.

Қалада Әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істейді. 2010 ж. басынан бастап бұл орталыққа 131 адам келген. Орталық тұрғындарға құжаттарды дұрыс толтыру, мүгедектік бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алу, Интернат үйлеріне орналастыру, психологиялық және медициналық көмек алу бойынша әрекет жасады.

«Жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ҚБ қарамағындағы 5 үй жағдайында көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелері үй жағдайында арнайы қызмет көрсетеді. 4 бөлімшенің әлеуметтік қызметкерлері 398 жалғыз басты қарт адамдарға, оның ішінде 97 мүгедекке (01.10.2010 ж. жағдай бойынша) әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Ал 5-ші әлеуметтік-педагогикалық көмек бөлімшесінде мүмкіндіктері шектелген 85 балаға үй жағдайында көмек көрсетіледі.


Халықтың өмір сүру деңгейі

2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында номиналды жалақы көлемі 42086 теңгеге немесе 2,3 есе артып, 2009 ж. 74051 мың теңгені құрастырды (кесте 3 қосымшалар).

Өмір сүру минимумы мөлшерінің 5636 теңгеге немесе 2,1 есе жоғарылағаны байқалды, 2009 ж. 10875 теңгені құрастырды. Номиналды жалақының өмір сүру минимумы мөлшеріне қатынасы, қарастырылып отырған кезеңде, 0,7-ге өсті. Теміртау қаласы бойынша номиналды жалақы мөлшері орташа облыстық көрсеткіштен (57611 теңге) 16439 теңгеге немесе 28,5%-ға жоғары болып табылады.

Номиналды жалақының өмір сүру минимумы көрсеткішіне қатынасының орташа облыстық көрсеткіші 5,0 болды, бұл Теміртау қаласының көрсеткішінен 0,2-ге төмен болып табылады.

Тұрғын үйлердің жайластыру деңгейі бойынша қаланың 1152 көпқабатты үйлерінің коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуі келесідей болды: сумен жабдықталу – 90,4%, кәрізбен жабдықталу – 86,6%, жылу энергиясымен жабдықталу – 100%, электр энергиясымен жабдықталу – 100%.
Спорт

2009 ж. қала аумағында 20 спорт объектісі қызмет жасайды (2004 ж. – 12), оның 6 (30%) – меншік түрі бойынша мемлекеттік, ал қалған 14 (70%) – жеке меншік болып табылады. Спорттық құрылыстар саны 193 бірлікті құрастырды (оның ішінде: 4 стадион, 3 жүзу бассейні, 42 футбол алаңы, 2 теннис корты, 90 спорт алаңы, 52 спорт зал), бұл 2004 ж. салыстырғанда 56 бірлікке артық болып табылады.

Спортпен белсенді шұғылданатын адамдар саны 2009 ж. 48000 адамды құрастырды, қамтылу 27,3% болды, ал 2004 ж. бұл көрсеткіш 19,5% шамасында болған, яғни қарастырылып отырған кезеңде қамтылу көрсеткіші 7,8%-ға (15000 адамға) артты. Халықтың спорт объектілерінің қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 85% құрастырды, бұл 2004 ж. салыстырғанда 40%-ға жоғары болып табылады.

Мектептерде дене тәрбиесі сабағына қатысатын балалардың үлесі жалпы мектеп оқушыларының ішінде 99,8% құрастырды, бұл 2004 ж. қарағанда 18,4%-ға артық болып есептеледі. ЖОО-да дене тәрбиесі сабағына қатысатын студенттердің үлесі, қарастырылып отырған кезеңде 51%-дан 79%-ға дейін жоғарылаған. Білім беру мекемелеріндегі спорттық үйірмелер саны 2004 ж. қарағанда 4 бірлікке артып, 2009 ж. 23 бірлікті құрастырды. Білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесінен сабақ беретін мұғалімдер саны жағымды өзгеріске ие, 2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында 22 адамға артып, 2009 ж. 117 адам болды. 2009 ж. білім беру мекемелерінің дене тәрбиесі мұғалімдерімен қамтылу деңгейі 100% деңгейіне жетті. Мүгедектер қатысатын спорттық-жалпылық іс-шаралар саны, қарастырылып отырған кезеңде 4 бірлікке артып, 2009 ж. 9 бірлікті құрастырды.

Спорттық мекемелердің басым бөлігі (80%) өз қызметтерін ақысыз негізде көрсетеді, ал қалған 20% - ақылы негізде. Спорт объектілерінің жоғары білікті тренер-мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі 2009 ж. 80% құрастырды, ал 2004 ж. бұл көрсеткіш 55% деңгейінде болған.

Спорттық құрылыстардағы құрылғылардың тозу дәрежесі 30% құрастырды, бұл 2004 ж. көрсеткіштен 2 есе төмен болып табылады.



«Жол картасы» бағдарламасы бойынша» 2010 ж. «Жастар» жүзу бассейнінде 499,9 млн. теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ол бассейнде Қазақстан Республикасының жүзу бойынша Ашық Кубогының ІІІ кезеңін өткізу жоспарланып отыр. Ақтау поселкесіндегі Спорт сарайында 39,7 млн. теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. №3 ООМ, №20 Лицей, №9 МЛ, №1 қалалық гимназия аумағында 32,9 млн. теңге көлемінде 4 хоккей корты салынды. Қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүргізілді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен Қарағанды облысы әкімі арасындағы Меморандум бойынша Мұз Спорт сарайында жалпы сомасы 200 млн. теңге («АрселорМиттал Теміртау» АҚ) және облыстық бюджеттен 100 млн. теңге көлеміндегі күрделі жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілді.

Мүмкіндіктері шектелген адамдарға баса назар аударылады. Қалады 8 мүгедектер қоғамы жұмыс жасайды, ондағы адамдардың жалпы саны 4126 адам. Ондай қоғамдар қатарына келесілер жатады: Соқырлардың қазақ қоғамы «СҚҚ»; «Барс» қоғамдық ұйымы; Қалалық мүгедектер қоғамы; Кереңдердің мәдениет сарайы; Сөйлеу интернаты; «Ангел мой» қоғамдық ұйымы; ОВШИ №1; ОВШИ №3.
Мәдениет

2010 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мәдениет объектілерінің желісі 13 объектіден тұрады, оның ішінде: 7 кітапхана, 3 Мәдениет үйі, мәдениет және демалыс саябағы, Жас көрермен театры, қалалық мұражай.

Мәдениет мекемелерінің қызметтері. 2009 ж. клубтар 400 іс-шара өткізді, оған 79,8 мың адам қатысты. Клубтық құрылымдар саны 33 бірлік, олардағы қатысушылар саны – 1041 адам. Оның ішінде 13 көркем шығармашылық ұжым «Халықтық» және «Үлгілі» құрмет атақтарына ие болған.

2009 ж. қала кітапханаларында 39 мың оқырманға қызмет көрсетілді. Кітапханалардың кітап қоры 363,5 мың кітап данасынан құралады, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны – 23,2 мың дана. Барлық кітапханалар Интернет желісіне шыға алады және бәрінің электронды пошталары бар.

Соңғы үш жыл ішінде 8 мәдениет объектілерінде, оның ішінде 6 кітапханада, Теміртау мәдениет сарайында және қалалық мәдениет және демалыс саябағында, жалпы сомасы 718,8 млн. теңге көлемінде күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қала аумағында жергілікті мәні бар 2 тарихи және мәдени ескерткіш тіркелген.

Өткізілген жалпылық мәдени іс-шаралар саны 2009 ж. 2000 бірлік болды, оның ішінде: 30 қалалық фестивальдар мен конкурстар, 461 экскурсия, 316 дәріс, 25 көрме, 218 спектакль. Іс-шаралар саны 2004 ж. салыстырғанда 55 бірлікке (2,3%-ға) артқан. Теміртау қ. мәдениет объектілеріне келу саны 1 адамға шаққанда 2004-2009 жж. 10,5%-ға азайып, 2009 ж. 1,11 құрастырды.

Мәдениет мекемелері көрсететін қызметтерден түскен табыс, зерттеліп отырған кезеңде, 2 еседей өсіп, 2009 ж. 21,4 млн. теңгені құрастырды. Барлық мәдениет мекемелерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, мүгедектерге, бала үйлерінің, интернат балаларына, жетім балаларға ақысыз қызмет көрсетіледі. Мәдениет объектілерінің жоғары білікті мамандармен қамтылу деңгейі жоғарылап, 2009 ж. 52% құрастырды (2004 ж. - 48%).


Қаладағы мұрағат ісі

Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағатында сақталып жатқан Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының көлемі 01.01.2010 ж. жағдай бойынша 54 мың бірлік болып табылады және жеке құрамы бойынша – 160,4 мың бірлік сақталуда. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері ретінде облыстың 55 мекемесінің ведомстволық мұрағаттарын есептеуге болады, олардың 4 – мемлекеттік емес меншікте. Қазіргі таңда ведомстволарда сақталып жатқан Ұлттық мұрағат қорының басқару құжаттамасының көлемі 12,85 мың бірлікті құрастырады, оның ішінде мемлекеттік емес меншіктегі мекемелердің мұрағаттарында 0,34 мың бірлік сақталып жатыр, ал жеке құрамы бойынша – 4,35 мың бірлік.

Мұрағаттың негізгі мәселелері болып табылады:

– 874 м2 аумағы бар мұрағат қоймасының 100% жүктелуі, соның салдарынан мұрағаттың аумағы 514 м2 мекемені жалға алуына тура келді. Арнайы жаңа ғимарат салуға деген қажеттілік бар және ол қажеттілік әлі қанағаттандырылмаған;



  • көбейту, компьютерлік, сандық техникамен жеткіліксіз жабдықталу, соған байланысты құжаттарды сандық форматқа ауыстыру қиындай түседі.


Ішкі саясат

Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жағдайы.

Қалада 4 саяси партияның, 10 этномәдени ұйымның, 28 діни ұйымның филиалдары және адам саны аз 2 діни топ, 27 ҮЕҰ мен 5 кәсіподақтық ұйым, 23 бұқаралық ақпарат құралдары, оның 16 – баспа құралдары, жұмыс жасайды.

Қызығушылық танытқан құрылымдармен біріге отырып, әлеуметтік қауырттылық ошақтарын анықтау және алдын-алу бойынша, сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша жер-жерлерде қоғамдық-саяси жағдайды мониторингтен өткізу жүйесі құрылды.

Халықты патриоттылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту және сақтауға сәйкес машықтарға үйрету, мемлекеттік нышандарды насихаттау бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен серіктестігін дамыту мақсатында әр түрлі «сұхбат алаңдары» жұмыс жасайды. Олардың ішіндегі дәстүрлісі болып ҮЕҰ қалалық форумы саналады.

2009 ж. қаланың мемлекеттік емес ұйымдары 25 жобаны жүзеге асырды, оның ішінде қазақстандық патриоттылықты, этносаралық келісімді, діни экстремизмге қарсы әрекеттілікті насихаттауға, гендерлік тепе-теңдікті дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жобалар орын алған. Ең белсенді серіктестіктер болып табылады: «Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру және дамыту бойынша орталық» ҚҰ, көру қабілеті бойынша мүгедектердің «Барс» ҚҰ, «Халық бірлігі, ұрпақтар мен дәстүрлердің сабақтастығы үшін» ҚҰ, «Теміртау жастар клубы» ҚҰ, «Кредо» ҚҰ және т.б.

Ішкі саясат саласының негізгі бағыттары бойынша жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар қызметін әдістемелермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

Саланың негізгі мәселелері ретінде төмендегілерді қарастыруға болады: азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы және олардың мемлекетпен тең құқылы серіктестігінің дамуы үшін қажетті заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаның жетілдірілмеуі; ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуге қажетті ақпараттық технологиялардың жеткіліксіз деңгейде қолданылуы; қоғамның және барлық санаттағы халықтың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы төмен деңгейде ақпараттандырылуы; ұлтаралық және конфессияаралық ауызбіршілікті насихаттаудың төмен деңгейі.



Ақпараттық саясат.

2010 ж. қазан айындағы жағдай бойынша Теміртау қаласында 23 БАҚ тіркелген. Оның 16 – баспа құралдары, 7 – электронды, бұлар мемлекеттік емес болып табылады. Осылай, БАҚ-ның басым көпшілігі (98%) мемлекеттік емес басылымдар, теле және радио арналар болып табылады. Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру шекарасындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру үшін ақпарат саласындағы заңдарды сақтау, БАҚ-ның құқықтық мәдениетін көтеру және журналисттер қауымдастықтарының этикалық нормаларды сақтауы (БАҚ-ның мониторингісін өткізу) қажет болып табылады.

Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында келесі шараларды іске асыру қажет: мемлекеттік электронды БАҚ-ның тақырыптық жіктелуі (меншікті деректі фильмдер, әлеуметтік роликтер, балаларға арналған қызықты бағдарламалар жасау); мемлекеттік БАҚ-ның ұйымдастырушылық және кадрлық жағынан нығаюы бойынша шаралар жүргізу (кадрлардың біліктілігін арттыру, БАҚ-мен бірігіп әр түрлі шаралар дайындау және өткізу, оның ішінде журналисттердің кәсіптілігін жоғарылату мақсатындағы шаралар, атақты журналисттердің қатысуымен семинар-тренингтер және мастер-кластар өткізу); мемлекеттік БАҚ жан-жақты жаңарту (масс-медиа жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әлемдік стандарттарын есепке ала отырып, материалды-техникалық базана жақсарту, БАҚ-ның сапалық деңгейін арттыру, Интернет ресурстарының және масс-медиа web-сайттарының болуы); БАҚ-ның үйлесімді дамуына жағдай жасау (қала әкімінің БАҚ өкілдеріне гранттар бөлуі, оларды мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындауға тарту).

Жастар саясаты.

Қалада 14 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы 46154 (26,2%) жас адам тұрады. Жастардың әлеуметтенуінде, жастардың мәселелерін шешуде белгілі бір рөлі бар 9 қоғамдық жастар ұйымы тіркелген. Мемлекеттің қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасын қала әкімі қарамағындағы консультативті-мәжілістік орган статусы бар жастар ісі бойынша Кеңес іске асырады.



Қалада «2008-2010 жж. Теміртау қаласының жастары» қалалық бағдарлама шекарасында мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жастардың әлеуметтік тұрақтануы және дамуы үшін, олардың шығармашылық әлеуетін толықтай жүзеге асыру үшін қажет саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалды.

Жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында студенттік құрылыс отрядының (СҚО) қалалық штабының жұмысы ұйымдастырылған. 2010 ж. 1280 адамның басын біріктірген 29 отряд құрылды.

Қаладағы жастар мәселесін шешудің тиімді әдістері болып келесі шаралар табылады: әлеуметтік жағдайды жақсарту, әлеуметтік әлсіз жастар тобына тікелей көмек көрсету, жастардың дұрыс бағытта әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау; жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және әлеуметтік емес девиантты өзгерістердің алдын алу; жастарды және жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу; нашақорлық мәселесін шешу; жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау; балалар мен жасөспірімдердің коммерциялық емес ұйымдарының әлеуметтік мәні бар ынталарын белсенді түрде қолдау және т.б. Оқушылар, студенттер арасында талантты жастарды анықтау мақсатында қоғамдық, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық пәндер бойынша олимпиадалар, ең үздік жұмысты анықтау үшін конкурстар өткізіледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында жастар саясатына қосқан үлестері үшін, ғылыми шығармашылық және әр түрлі саладағы (медицина, БАҚ, спорт және т.б.) табыстары үшін жас ғалымдарға «Молодежка» жүлдесін тапсыру жыл сайын өтеді.

Қала аумағында 3000 жасөспірімді қамтыған балалар мен жасөспірімдерге арналған 23 аула клубтары құрылып, қызмет етуде.

Қалада 1 жастар БАҚ басылып шығарылады: «Второе счастье», ал «Зеркало» газетінде «Мир молодежи» айдары бар, сонымен қатар, «РТРК «Казахстан» КОФ АҚ, «ТТК» ЖШС, ТРК «Сфера» ЖШС арналарындағы жаңалықтар блокында үнемі сюжеттер шығарылады. Жастардың қазіргі заманғы дамуы жастар БАҚ қызметін күшейту арқасында ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткіштерінің жоғарылауын талап етеді.

Жастар арасында сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтылу мәселелері осы күнге дейін көкейкесті мәселелердің қатарына кіреді. Соңғы жылдары жастар ұйымдары санының артуына қарамастан, олардың тек 21% ғана белсенділік танытып отыр. Жастардың 20%-ға жуық үлесі жастар ұйымдары өткізетін іс-шараларға ат салысады. Кадрлық, ғылыми және ақпараттық жағынан жеткіліксіз деңгейде қамтылу жастар саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіреді.
Тілдерді дамыту

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында тіл саясатын насихаттауға, мемлекеттік тілді барлық салаларға еннгізуге бағытталған «2007-2009 жылдардағы Теміртау қаласы тілдерінің қызмет етуі және дамуы» атты қалалық бағдарлама дайындалды.

2009 ж. тіл саясатын насихаттау мақсатымен 9 шара өткізілді.

Қала бойынша мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 01.12.2009 ж. жағдай бойынша 54% құрастырды, бұл 2008 ж. салыстырғанда 18%-ға артық болып табылады (2008 ж. – 36%).

2008 ж. бастап мемлекеттік тілге үйрету курстары жұмыс жасай бастады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен біріге отырып, оқыту бағдарламасы дайындалды, соған сай әдістемелік әдебиет таңдалды. Бұл бағдарламаны орындау үшін қала бюджетінен 2008-2009 жж. 4011 мың теңге бөлінді.

Қоғамдағы мемлекеттік тілдің орнын жоғарылату үшін келесі шараларды орындау қажет: қазақ тіліндегі әдістемелік нұсқаулар, әдебиеттер, сөздіктер санын арттыру; мектептерде қазақ сыныптарының, ал балабақшаларда қазақ топтарының санын арттыру; барлық білім беру орындарына, мекемелеріне, ұйымдарына қазақ тілін жақсы меңгерген аудармашылар мен іс жүргізушілерді қабылдау.


Құқықтық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстықпен күресу

Қаладағы жалпы криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, бұл сөзсіз, жалпы облыстың дамуына және ішкі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Осы орайда жыл сайын қабылданатын (2006-2008) Теміртау қаласындағы және Ақтау поселкесіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстықпен күресу бойынша облыстық бағдарламалардың зор үлесін атап өтуге болады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстар, сонымен қатар, мас күйде және есірткі шеккен күйде жасалынатын қылмыстар әлі де кеңінен таралған.

Қоғамдық орындарда жасалынған қылмыстар саны күннен күнге ұлғаюда, 2009 жылы қоғамдық орындарда 135 қылмыс жасалынған, соның ішінде 65,9% - көшелерде жасалынған. Тұрмыс жағдайындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу бойынша шаралар жеткіліксіз болып табылады. Тұрмыстық жағдайда жасалынатын кісі өлтіру қылмыстары, адам денсаулығына ауыр зардап келтіру, көбінесе, алкогольді шамадан тыс тұтыну себебінен болады. Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтынатын адамдарда емдейтін бір ғана мамандандырылған емдеу мекемесі (СЛПУ) бар.

Соңғы жылдары жасөспірімдер жасайтын қылмыстар санының азаюына қарамастан, бұл саладағы қылмыстық әлеует әлі де маңызды болып қала береді. Мүліктік сипаттағы қылмыстар көбейіп барады, мысалы, мүлік ұрлау, тонау сияқты қылмыстық іс-әркеттер 14-16 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмаған балалармен жасалады.

Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін «мектептік» полиция инспекторларының институтын дамыту қажет болып табылады. Олардың саны қалада жеткіліксіз (24 адам) болып табылады.

Халыққа және азаматтық қоғам институттарына негізделген құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының тиімді жүйесін жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Төмендегі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шаралар жүргізілетін болады: қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу жөніндегі заңды бұзу фактілерін анықтау және болдырмау; заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстарды анықтау. Бұл саладағы шаралар қаладағы темекі шегудің және нашақорлық пен маскүнемдіктің азаюына елеулі әсерін тигізеді.

Соңғы жылдары жол апатының негізгі көрсеткіштерінің азаюына қарамастан, жол-көліктік оқиғалардан болған салдар деңгейі ауыр болып табылады.

Жол-көліктік кешен қиын жағдайда жұмыс істейді. Автокөліктік парктің және қазіргі заманғы автокөліктердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желісінің даму қарқынынан асып түседі. Жергілікті деңгейдегі жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда болып табылады.

Жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде көлік жүргізушілерінің, тәртібі төмен деңгейде қалуда. Жүргізушілерді дайындау жүйесін жақсарту бойынша іс-шаралар қабылдау қажет болып табылады.

Осы және басқа да себептер кешені жол-көліктік оқиғалар салдарының жоғары деңгейдегі ауыртпалығын білдіреді.

Қаладағы құқықтық тәртіп жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық институттардың криминалдық қауіптен қорғану жағдайына бірқатар маңызды ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан туындаған экономикадағы қиыншылықтар, халықтың тек кейбір бөлігінің, әсіресе жастардың, жартылай жұмысбастылығы сияқты жағдайлар тонаушылықтың және басқа да кекті-зорлықтық сипаттағы қылмыстар санының өсуінің бірден бір себебі болып табылады.

Оперативтік жағдайды қиындататын ең негізгі фактор – тонаушылық. Жалпы қылмыстылық құрамындағы жартысынан көбі тонаушылықтың үлесіне тиеді, оның ішінде әрбір үшінші қылмыс ашылмаған қалпында қалады (жалпылық қылмыстар құрылымындағы тонаушылықтың үлесі 2009 ж. 54,1% құрастырды).

Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай заңсыз есірткі айналымының, тонаушылықтың және басқа да қылмыс түрлерінің өсуіне қолайлы жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет