БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ



бет4/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#24022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Саланың проблемалары:

Ауылдық жерлердегі ШОБ субъектілерінің, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың кепілдік мүлкі болмауынан несиелік ресурстарға жету шектеулігі.

ШОБ иелерінің жұмыс тәжірибесінің жетіспеушілігі, білікті кадрлардың жоқ болуы.

Сауда саласында нарықтық механизмдердің жетіспеуі.

Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы, сауда саласында отандық тауар өндірушілердің сәйкесті тауарынан төмен баға бойынша сатылатын импорттық өндірістердің тауарының декларацияланбауы.
Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту және жалпы бәсекелестік ортаны жақсарту мақсатында қажетті инфрақұрылымды құру бойынша шаралар іске асырылуда.

Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамуда. 2009 жылы 1903 сауда нысандары іске қосылды, оның ішінде 1751 дүкен, 15 базар, 215 қоғамдық тамақтану нысандары, 623 қызмет көрсету нысандары. Осыларға 5360 адам жұмысқа орналасты.

Облыста азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаның өсуін болдырмау бойынша қажетті шаралары қабылданады.

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларына қатысты бағаның өсуін қысқарту мақсатында, азық-түлік саудасы мен жанар жағар май саудасындағы жағдайды реттеу бойынша облыстық штаб өз жұмысын жүргізуде.

Азық-түліктің әлеуметтік-мәнді мағынасы бар тауарлары бағаларының өсуін болдырмау және сол тауарлармен қамсыздандыру бойынша Меморандумдарға қол қойып бекіту бойынша жұмысты жалғастыру қарастырылды.

Ақтөбе облысының ішкі саудасын көкөніс өнімдерімен қамту бойынша бағдарлама әзірленіп бекітілді.

Азық-түлік тауарларының жеке өндірісін дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

Бәсекелестікті дамыту, әкімшілік тосқауылдарды қысқарту басымдықтарын түсіндіру мақсатында «Атамекен» қоғамы мен бизнес өкілдерімен қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыстар ұйымдастырылады және дөңгелек үстелдер өткізіледі. Облыстық және аудандық газеттердің беттерінде аталған тақырыптар бойынша материалдары жарияланып тұрады.

Рұқсат беру процедураларын оңтайландыру және қайта қарау, шағын және орта бизнесі субъектілері қызметінде әкімшілік тосқауылдарды төмендету жөнінде Ақтөбе облысы жанынан кәсіпкерлік мәселесі бойынша Сараптама Кеңесі (кеңес беру және кеңесу органы) жұмысын жалғастыртырып келеді.

Сараптама Кеңесінің түгендеу қорытындысы бойынша мерзімдерді және ұсынылатын құжат пакеттерін қысқарту, сондай-ақ 41 берілген рұқсатты тоқтату ұсынылды. Нәтижесінде шығындарды 44,1% қысқарту түрінде экономикалық тиімділік күтіледі. Осындай жолмен өңір экономикасындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында әкімшілік тосқауылдарды азайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бәсекелестік ортаны күшейту мақсатында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдар, нарық тауарларының дамуы мен жағдайына талдау жүргізу, облыстағы бәсекелестіктің дамуы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялау бойынша шаралар көзделген.

Сонымен бірге өңір экономикасының кейбір салаларында проблемаларда бар.

Жергілікті энергия өндіретін ұйымдардың өндірістік қуаттары жетіспейді.

Ақтөбе облысының географиялық шекараларында электр энергиясын бөлек іске асыру саудасында әдеттегідей сауданың жоғарғы концентрациясы сақталады. Облыс халықтарына қажетті электр энергиясының жалпы алғанда барлық көлемін «Ақтөбе электрқамту» ЖШС іске асырылады.

Жергілікті энергия өндіру ұйымдарының өндірістерінің қуаттылығының жетіспеушілігі орын алуда.

Жергілікті шикізатта жаңа энергия тудыратын қуаттарды салу, электр энергиясын беру желілерін реконструкциялау және Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесіне интеграциялау өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді



Сұйытылған газ рыногы сұйытылған газдың бірінші жеткізіліміне (өндірісі) және екінші рынокқа бөлінген, мұнда көтерме және бөлшек сауданы құрай отырып, сатып алушылар газды әрі қарай іске асыру үшін сатып алады.

Ақтөбе облысының аумағында өндірілетін сұйытылған газдың үлкен бөлігі экспортқа шығарылады, осыған байланысты ішкі нарықтың тұтынушылары облыста сұйытылған газдың тапшылығымен кездеседі.

Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау мақсатында облыстың адекваттық қажеттілік көлемінде сұйытылған газды жеткізу туралы сұйытылған газдың жергілікті өндірушісімен меморандумдарға отыру мүмкіндіктерін қарау көзделген.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі рейтингісінде Қазақстанның шептерін жақсартуға ықпал ететін іс-шаралар ауқымында Ақтөбе облысының әкімдігі тұрақты негізде жергілікті бәсекелестікті дамыту жөнінде әрекетті шараларды қабылдайтын болады, яғни әкімшілік тосқауылдарды төмендету, бәсекелестік қатынастарда, оның ішінде ӘКК және МЖК арқылы, қолайлы жағдайларды құру жөніндегі шаралар арқылы «Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» көрсеткішін жақсарту.



Инновациялар және инвестициялар

Өнеркәсіпте заманауи технологияларды қолдану деңгейі

2008 жылғы инновациялық даму деңгейі бойынша өңірлерге ранг беруіне сәйкес Ақтөбе облысы 12,6% үлесімен Павлодар және Қарағанды облыстарынан кейін 3 орында тұр.

«Ақтөбе» өңірлік индустриалдық технопаркі» ЖШС энерготиімділік және ғылыми жетілдірілген технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңірдегі инновациялық қызметке бағытталған кәсiпорындар саны соңғы бірнеше жылдар бойы өзгерiссiз ағымда болып қалады. Алайда 2004 жылдың көрсеткішімен (8076,5 млн. теңге) салыстырғанда, 2008 жылдың инновациялық өсу өнiмiнiң көлемi 14 056,9 млн. теңгеге өсті.

2009 жылы ғылыми-техникалық өңдеулерге 492,4 млн. теңге жұмсалды, 2008 жылға қарағанда шығынның (99,1%) азаюы байқалады. Ғылыми-техникалық жұмыстар құрылымы фундаметальдық, қолданбалы зерттеулер, ғылыми-техникалық өңдеулер және қызметтер түрінде көрінеді.

Облыста мақсаттары инновациялық және трансфеттік технологияларды дамыту, жеке инновациялық өндірістерді құру болып табылатын келесідей индустриальды-инновациялық инфрақұрылымдар бар: «СПК «Ақтөбе» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Ақтөбе» өңірлік индустриальды технопарк» ЖШС, бірқатар бизнес-инкубаторлар мен шағын несие ұйымдары.

Облыстың инновациялық саласын дамытуға Ақтөбе облысының әр түрлі білім саласындағы 100-ден астам ғылым докторлары, 600-ге жуық ғылым кандидаттары жұмыс жасайтын білім беру кешендері тікелей қатысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізетін 11 ғылыми орталық жұмыс істейді, 12 – ЖОО, 20-дан астам колледждер жұмыс істейді.

Өңірдің инновациялық дамуындағы проблемалар:

«Ақтөбе» өңірлік индустриальды технопарк» ЖШС ЖОО алынған ғылыми еңбектерге, инновациялық жобаларға жүйелеу мен бағалау жүргізді.

Ағымдағы уақытта облыстың инновациялық дамуында келесідей проблемалар бар:

инновациялық жобаларды жүзеге асыруда облыстың ірі кәсіпорындары мен ЖОО арасында салалық өз ара іс-қимыл жоқ;

инновациялық жобаларды әзірлеушілердің ірі кәсіпорындармен өз ара іс-қимыл теттіктері айқындалмаған;

облыстағы ірі кәсіпорындардың инновациялық жобаларды енгізуге тікелей қызығушылығы жоқ;

өңір инновациясының жеткіліксіз қаржыландырылуы, инновацияны дамыту мен енгізу саласындағы ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділігінің төменділігі;

қажетті кадрлармен қамтамасыз ету және дайындау, оның ішінде жаңа техникалық мамандар дайындау бойынша, сонымен бірге инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ЖОО ірі кәсіпорындармен ара іс-қимылдарын толық қамтамасыз ету қажет.

Инфрақұрылымның ғылыми-техникалық деңгейі

Ақтөбе облысы бойынша 2009 жылы зерртеулер мен өңдеулерді орындаған ұйымдардың саны 15 бірлікті құрады. Соңғы 5 жылда облыста негізінен осы көрсеткіш тұрақты болып келеді. Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлері арасында 5 орында тұр.

Технологиялық дамытуға жеткiлiктi қаржысы, кадрлық және зияткерлiк қоры бар экономикалық жағдайы жақсы кәсiпорындар тартылған. Осы кезеңде бүкіл әлемде инновациялық процесстердi интенсификациялауды ептілікпен, қабiлеттiлiкпен, олардың талаптылығымен және белсенділігімен шағын кәсiпорындарға жатқызудың бүкiл әлемде атқаратын ролі аса маңызды.

Негiзгi құралдардың жағдайы

2008 жылы Ақтөбе облысында негiзгi құралдардың тозу дәрежесі 37,3 болды, 2004 жылға қарағанда (31,4%) 1,2 есе артық. Өңдеуші өнеркәсiптегi негiзгi қорлардың қызмет жасаудағы орташа мерзiмдерi 17-20 жыл құрайды. Осы кезеңде басқа елдерде жабдықтың толық алмастыруы 5-7 жыл мерзiмде болады.

Кәсiпорындар көбiнесе бәсекелес елдерден 2 есе төмен жабдықтарда жұмыс iстейдi. Ескi жабдықтағы жұмыс орташа 30% жоғары дамыған елге қарағанда, отандық өнеркәсiптiң энергия сыйымдылығын айтарлықтай үлкейтедi.

Облыс бойынша 2004 жылға қарағанда 2008 жылы 3,6 есе көбiрек 271, 2 млрд теңгеге жаңа негiзгi құралдарының енгiзу және алу жұмыстары орындалды.



Қазіргі заманғы басқару техналогиясын енгізу дәрежесі.

Өңірде индустрияландырудың базалық институционалдық негiзі құрылды және кластердi iске асырудың қолайлы алғы шарттары бар. Облыста тау-металлургиялық кешеніндегi салалық кластерлер және құрылыс индустриясы ойдағыдай дамып келеді.

Кластерлі белсенділіктің дамуының келешекті бағыты көліктік-логистикалық қызмет пен тамақ өнеркәсібі салалары болып табылады.

Аймақ үшiн негiзгi мәселелердiң бiрi жоғары энергия сыйымдылық болып қалады. Ірі газ қорларының болуы, жаңа газтурбиналы электр станцияларының құрылысына қажеттiлік тудырды.

2010 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 364,5 млрд. теңгені құрады, 2009 жылға қарағанда 12,0%. Тұтастай алғанда Ақтөбе облысы республика бойынша негізгі капиталдағы инвестицияны игеруде 2 орында тұр.

Негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы республикалық көлемінде облыстың үлесі көлемі 7,8%.

Негізгі капиталдағы инвестицияның елеулі бөлігін (67,6%) кәсіпорындардың жеке қаражаттары құрайды. Бюджеттік қаражт – 15,1%, шетелдік және заемдық инвестицияның жалпы көлемінде сәйкесті 8,0% және 9,3%.

Негізгі капиталдың инвестиция технологиялық құрылымы бойынша басқада капиталдық жұмыстар және шығындарға 42,5%, бұйымдар,құралдар сатып алуға 22,4 %, ғимараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша 35,1% келеді.

Кәсіпорынның көлеміне қарай, негізгі капиталға салымдардың көбі ірі кәсіпорындар көрсетті, олардың жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 61,5% құрайды.

Инвестициялық салымдарға қызығушылық танытатын кен өңдеу өнеркәсібі және көлік және сақтау саласы болып табылады. Олардың жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі сәйкесінше 58,1% және 9,5%.

Облыста мемлекеттік бағдарламаның негізгі аргументі болып табылатын Қазақстанның индустриаландыру Картасына кірген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді және жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның индустриаландыру Картасына Ақтөбе облысы бойынша жалпы сомасы 517,2 млрд. теңгеге құрылыс кезінде 7,6 мың жұмыс орнын және пайдалануға берілген кезде 9,0 мыңнан астам жұмыс орнын құрылатын 74 жоба кірді.

Инвестициялық қызығушылықты ұлғайту және аймақтың индустриалдық дамыту мақсатында Ақтөбе қаласында индустриалды аймақ құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсаттарға аумағы 200,0 га жер телімі бөлінді, ТЭҚ әзірленді, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қаралуда.

Индустриалды аймақта 100 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартумен 15 жуық өндірістік объектілер орналасатын болады. 5 жаңа жұмыс орны құрылады. Индустриалды аймақта бірнеше ірі инновациялық мәселелер қарастырылды.

Проблемалық сұрақтардың шешімі:

Индустриаландыру Картасына жобаларын қосу үшін потенциялды бизнес кәсіпорындарды қолдау;

жергілікті атқарушы органдарға индустриаландыру Картасына жобаларын қосу кезінде өз бетінше шешім қабылдау;

индустриаландыру Картасынан толық жобалық қуаттылыққа шыққан іске асырылған жобаларды алып тастау;

ӘТК жүзеге асырылатын жобалар коммуналдық қызметтер және жүзеге асырылатын жобаларды сыртқы инфрақұрылыммен пайдалануға арналған төлемдер бойынша басқада шығындарды жабу үшн субсидиялар;

отандық тауар өндірушілерді сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі үшін сатып алу бойынша несиелей және қазақстандық франшиз дамыту;

өңірлік инвестициялық даму қорларын құру (табыстың бөлігін аудару есебінен, салықтан түскен сомалар, экспортталатын пайдалы қазбалар, ресурстар, салықтар) және тб келешектегі өңірдің индустриалды - инновациялық дамуына ықпал етеді.
БАҒЫТ: Әлеуметтік сала

Демографиялық әлеует

Ақтөбе облысының демографиялық жағдайы соңғы жылдары аймақта елеулі түрде бала туушылықтың жоғарылауы, қаза болу деңгейінің төмендігі және халықтың көші-қон қалпының елеулі баяулауы нәтижесінен жағымды деп бағалауға болады. Сонымен қатар, соңғы 15 жылда Ақтөбе облысының демографиялық дамуында өсімнің және жойылудың түрлі факторлары атап өтілді.

2009 жылы облыс халқының саны 757,7 мың адамды құрады. Халықтың табиғи өсу динамикасы өсудің оң тенденциясына ие. Негізгі халық санының өсімі облыс аудандарына тиесілі,, мысалға, Ақтөбе қаласында, Алға ауданы, Мұғалжар, Темір аудандары. 2009 жылдың басынан 2010 жылдың қаңтарына алғанда ауыл тұрғындарының саны 2091 адамға ұлғайды. Жалпы алғанда, қала тұрғындарының үлесі 60,8%-ды құрады. Облыстың ауылдық жерлерінде өңірде тұрушы халықтың 39,2% шоғырланған.

Халық санының тығыздығы. Облыстың ең ірі аудандарында Шалқарға (61,9 мыс кв м.) және Байғанинге (61,0 мың кв мөңірдің жалпы аумағының 20,6% және 20% аймағы кіреді, халық тығыздығы 1 мың кв м-ге 0,75 және 0,39 адам. Қаралып отырған 2005-2008 жылдар аралығында халық тығыздығының өсуінің қарқыны статикалық қалыпта қалды. Облыстың ең тығыз аудандары олар Алға, Мәртөк, Қарғалы және Хромтау аудандары. Бірақ тұрғындардың ең көбі Ақтөбе қаласы, 2009 жылдың басында 2,3 мың кв км-ге 136,06 адамнан болып келеді. Алаңы 41,5 мың кв км-дегі Ырғыз ауданында халық санының ең төменгі көрсеткіші – яғни онда 1 мың кв км-ге 0,38 адам келеді.

Өлім және туу. Адам өлімі 2007 жылдан бері төмендеп келеді. 2009 жылы бұл 1000 адамға 8,34 коэфицентті құраса, ол 2003 жылдың коэфицентінен 1,2 есе кем.

1999 жылы соңғы 15 жылда туу коэфицентінің ең төменгісі белгіленді, яғни 1000 адамға - 14,3, ал ол 2009 жылдың деңгейінің 61,6 % құрайды, ал бұл кезде аймақта туу коэфиценті жоғары болатын. 2005 жылдан бастап туу деңгейі 1995 жылмен теңдесті, осылайша туу коэфиценті, яғни 1000 адамға 19,1 жетті. Келесі жылдары туу коэфицентінің оң тенденциясы қалыптасты.



Жас ерекшелік құрылымы. 2010 жылдың 1-қаңтарына Ақтөбе облысы халқының 65 % жұмысқа жарамды тұлғалар. Солардың ішінде, 67 % ер адамдар, 61,8 % әйел адамдар. ВОЗ бойынша жасты жіктеуге сәйкес, Ақтөбе облысындағы халықтың 16,8% орта жастан сәл жоғары адамдар (45-59 жас), 6,66 % қарт шамалас адамдар (60-74 жас).

Қазіргі уақытта 15-19 және 20-24 жас арасындағы, сонымен қатар 25-29 және 0-4 жастағы адамдар саны көпшілік деп айтуға болады. Мұны облыстың халық саны жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.



Көші-қон. Халықтың табиғи өсудегі оң және жағымды динамикасына қарамастан, Ақтөбе облысында облыстың демографиялық даму, былайша алғанда, халықтың тетіктік қозғалысы динамикасына қарағанда, сәл баяулауда. Көші-қонның жоғарғы интенсивтігі аймақ халқының санының динамикасында ерекше бейнеленеді.

Облыс халқының ауқымды тетіктік төмендеуі түрлі этникалық топтар өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына кетулерімен байланысты. 2004 жылға дейін облыста миграцияның теріс әсері сақталып келді, бұл өз кезегінде халықтың Ресей, Украина және Беларусь көші-қонының жоғарғы үлесін көрсетеді. Жалпы алғанда, этнос санының төмендеуі титулды этностың ұлғаюында жалғасын табады.

Ақтөбе облысының көші-қон сальдосы: 1576 қала үшін, 1609-ауылдық жер үшін. Ақтөбе облысының ішкі көші-қонында Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданы көш бастап келеді. Қалған аудандар өңірдің экономикалық өсуінің негізгі нүктелері болып табылады. Осылайша, миграция жұмыс орындарының бар болуымен, өмірдің аса жағымды жағдайларына, қызметтің кеңейтілген шеңберіндегі сапасы мен қол жетімділігіне байланысты болуы мүмкін.

Аймақаралық миграцияда халықтың негізгі массасының кетуі анықталды. Аймақаралық ауысымның көші-қон сальдосы 2009 жылы - 4093 құрастырды. Негізінен алғанда, Астана қаласына кетушілер (-830), Маңғыстау облысына (-798) және Алматы қаласына (-582) құрайды. Бұл жерде негізгі үлесті 16-62 (57) жастағы жұмысқа жарамды адамдар құрастырады. Осылайша, 2009 жылы барлық көші-қон көшуден 83 % жұмысқа жарамды адамға келеді. Егер жұмысқа жарамды жастан жас болып келетін, яғни, 0-15 жасқа дейінгі тұлғалар көші-қон жойылудың 14 %-нан астамын құрастырса, жағдай қиындайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ақтөбе облысында 2 тенденцияны анықтап алуға болады. Біріншіден, аймақтан кетіп жатқандардың негізгі бөлімі жұмысқа жарамды және 15 жасқа дейінгі тұлғалар болғандықтан, халық құрамында жұмысқа жарамдылық жасынан үлкен тұлғалар есептеледі, және осыған сәйкес Ақтөбе облысында «халықтың қартаюы» тенденциясы күшеюі мүмкін. Бұрын айтылғандай, облыс халқы жеткілікті түрде жас, сондықтан, осы тенденция қысқа мерзімді жоспарда бейнеленуі тиіс емес. Ұзақ мерзімді дамуда ең елеулі фактор болып табылады.

Екіншіден, көші-қон жойылымдар салдарынан Ақтөбе облысының еңбек ресурстарының тек қана сандық құрамы емес, сонымен қатар сапалық құрамы да төмендейді. Ақтөбе облысынан жоғары, аяқталмаған жоғары, арнайы орта білімдері бар кеткен тұлғалардың қатары 2009 жылы 52,9 %-ды құрастырды. Осыған сәйкесті білімі бар мигранттардың келуі аз. Осылайша, Ақтөбе облысында «білікті мамандардың кетуі» тенденциялары байқалады.

Қорытындысында, Ақтөбе облысының демографиялық дамуының басты артықшылығы қазіргі уақытта облыстың халықтарының негізгі бөлігін бала туу кезіндегі тұлғалар құрастыратындығын атап өту қажет.

Халықтың өмір сүру деңгейі

Ақтөбе облысындағы өмір сүру минимумының ауқымы 14952 тенгені құрайды. Кедейшіліктегі халықтың үлесі – 6,0 %, кедейшіліктің тереңдігі – 1,1 %, кедейшілік өткірлігі – 0,3 %.

Жалпы Ақтөбе облысының көрсеткіші ҚР басқа облыстарына қарағанда төмен.

Халықтың өмір сүру минимумы халықтың жан басына шаққанда негізгі азық-түліктің тұтынудағы ең аз нормадан алып есептегенеде, 2010 жылдың қаңтарында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орта есеппен 2,0 %-ға төмендеді.

2009-2010 жылдары тұрғындардың номинальлді ақшалай табысы жан басына шаққанда сәйкесті 33710 және 38761 теңгені құрады.

2009 жылы қызметкердің еңбек ақы төлемі 60375 теңгені құрады немесе орташа республикалық көрсеткішке қарай 92,2%. Номинальлді орташа айлық еңбек ақы деңгейі бойынша Ақтөбе облысы 6 орында.

Еңбек ақы қорының құрылымында экономикалық қызметтің барлық түрі бойынша елеулі диспропорция байқалуда. Орташа айлық еңбек ақы облыс экономикасының түрлі салаларында өзгешеленеді. Статистика органдарының мәліметтері бойынша салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы таукен өндіру өнеркәсібінде сақталады – 92946 тенге (орташа облыстық деңгейден 1,8 есе асады), қаржы қызметтерінде – 86052 тенге (1,5 есе), көлік және байланыс – 79692 тенге (1,4 есе). Ең төменгі еңбекақы ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің үлесінде – 24518, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 56,2 % төмен.

Ең жоғары еңбекақы Хромтау (70 687 тенге), Байғанин (67 829 тенге), Мұғалжар (63 909 тенге), Темір (59 210 тенге), және Ақтөбе қаласында (62558 тенге) қалыптасты. Бұл аудандарда қалыптастастырылған өнеркәсіптік кәсіпорындар бар.

Экономикалық қызметтің негізгі түрі ауылшаруашылығы болып келген аудандарда негізінен төмен еңбекақы белгіленген.

Орта облыстықтан төмен деңгейдегі еңбекақы облыстың 8 аудандарында атап өтілді. Ең төмен еңбек ақы Ойыл (30699 тенге) ауданында және Қобда (32851 тенге) ауданында белгіленді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымындағы диспропорция еңбек саудасында белгілі бір мамандықтардың тиімділігінің төмендеуі немесе жоғарылауының басты факторы болып табылады.

Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша экономикалық дамыған аудандарда, экономикалық, қаржылық, және еңбек ресурсын шоғырландыру жөнінде міндеттер шешілуде.



Білім

2009 жылдың ішінде 389 мектепке дейінгі мекеме, соның ішінде 186 кіші орталық ашылды, оның ішінде 37 % мектепке дейінгі ұйым қалада және 63% ауылдық жерлерге жатады. Аймақта бала бақшамен қамту 64,3 % құрайды. (ҚР- 41,3 %).

Мектепке дейінгі мекемелердің жағымды динамикасына қарамастан, 2005-2009 жж аралығында облыста балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер тапшылығы сақталып келеді. 2009 жылы бала бақшаларындағы балалар санағы 22264 баланы құрады, оларға 2126 жуық педагогикалық қызметкерлер талап етіледі. Орта есеппен тұрақты мектепке дейінгі ұйымдарда 100 орынға 113,4 баладан келеді.

2009 жылы балаларға арналған 3846 орындық 53 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 26 бала бақша, 27 кіші орталық. 26 бала бақшаның 4-еуі жаңа құрылыс есебінен ашылды, ал 22 ғимарат қайта жаңғырту есебінен ашылып жатыр.

Жалпы, мектепке дейінгі білім беру саласында жағымды динамика қалыптасқан, ол өз кезегінде балаларды мектепке дейінгі білім беру қамтылуының жоғарылауы, мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің дәрежесінінің күшейуі.

Орта білім

Ақтөбе облысында 2009 жылда 472 күндізгі жалпы білім беру мектебі бар, 2005 жылмен салыстырғанда, 5 бірлікке төмендеді. Статистикалық мәліметтер бойынша мектеп жасындағы балалардың азаюы салдарынан оңтайландыруға байланысты аймақта орта мектептердің саны жайлап қысқаруы екендігі аталып өтіледі. Оқудың 12 жылдық оқыту моделіне көшуге басты назар аударылуда. 2002 жылдан бері облыстың 6 мектебінде 12 жылдық білім беру бойынша экспериментальды алаңдары жұмыс істеп келеді, ал 2015 жылға қарай облыстың 11 мың оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқылатын болады.

2005 жылдан бері республикалық және жергілікті бюджет есебінен 11136 оқушы орындары бар 36 мектеп пайдалануға енгізілді.

Облыста мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 5 мектеп бар, оның ішінде 3 мектеп Ақтөбе қаласында, ал қалған екеуі Алға және Мәртөк аудандарында.

Облыста жалпы білім беру мектепьтерінде 15970 педагогикалық кадры жұмыс істейді, соның ішінде 1732-сі жоғарғы санатты педагог, 3959- бірінші санатты және 5081 екінші санатты мұғалім.

Кәсіби білім беру

Техникалық кәсіби білім беру деңгейі мейлінше жоғары республикалық деңгейде -23,1 %. Аймақта 2005-2009 жылыж аралығында 15 кәсіби білім беру желісі сақталған.

2009 жылы Ақтөбе облысында кәсіпті лицей (КЛ) оқитындар арасында танымал мамандықтар ретінде тамақтану мекемесінің маманы (295), кең көлемдегі шебер-құрылысшы (275), ауылшаруашылық өндірісінің шебері (251) болып табылады. Олардың арасында мамандықтары бойынша оқып жүргендер санында осындай үрдістер сақталады.

Облыстың барлық колледждері Ақтөбе қаласында орын алған. 2009-2010 жылдардың бас кездерінде 20 өзіндік колледждер есептелген. Сондай-ақ ЖОО жанында 4 колледж жұмыс істеуде.

Ақтөбе облысында оқуға қабылдау кезінде колледждердегі ең талап етілген мамандықтар құқықтанушы (546 оқушы/, тасымалдау және басқаруды ұйымдастыру (468 оқушы), мұнай және газ жер қойнауын пайдалану (396 оқушы) болып саналды. Ағымдағы оқу жылында колледждерде оқитындардың саны 32441 адамды құрастырды, кәсіби мектептерде /лицейлерде/ ол 5626 құрастырды. Облыста ТжКББ ұйымдарында 2289 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 539 жоғарғы санатты педагогтар, 418-бірінші санатты, 612-і екінші санатты педагогтар.

Өңірдегі білім беру саласының өзекті проблемалары:

балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің тапшылығы, топтың тығыздығы мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің жүктемесінің артықтықтығы;

ауылдық жерлер үшін, әсіресе қалалықтар үшін балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің сұранысы;

кейбір мектептің бөліктері мен базаларының материальдық-техникалық жағдайы қазіргі талапқа сай емес;

12 жылдық оқыту жүйесіне көшу кезінде және шағын комплектілі мектептің өсуі жағдайында қазіргі заманғы информациялық-коммуникативтік оқыту технологияларын енгізу қажет;

орта білім беруде оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

заманауй оқу әдебиеттерінің, әсіресе мемлекеттік тілде арнаулы дербес әдебиеттердің тапшылығы;

кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың жоғары деңгейі;

балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті тәртібінің болуының жоғары деңгейі (аяқталған суицид);

ТжКББ оқу орындарында тозығы жеткен құралдарпайдаланумен жұмыс жасайдыф;

жұмысшы квалификациясын алуға қызығушылықтың төмендеуі;

мамандықтар боцынша дайындалған кадрларлардың еңбек нарығында қажеттілігінің теңгерімсіздігі;

арнаулы дербес мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өндірісте сықтан өтуде мықты жүйенің тыс қалуы.


Денсаулық сақтау

Күтілетін өмір ұзақтығы 2005 жылы 65,71 жас болды, ал 2009 жылы ол 68,19 жасқа үлкейтілді. Бұған облыстағы жағымды демографиялық өзгерістерге әсерін тигізді.



Дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер

2005-2009 жылдары Ақтөбе облысында дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің жағымдың динамикасы белгіленеді. Осылайша, халық санының тууы 1000 адамға 19,1 (2005ж) 23,09 (2009ж) дейін тіркелді, өлім көрсеткішінің төмендеуі 1000 адамға – 9.63 (2005ж) 8,49 (2009ж) дейін жетті. Осыған байланысты халықтың табиғи өсу саны коэфицентінің үлкеюі байқалды, ол 2009 жылы 1000 адамға 14,60 (2005 жылы - 9,47) дейін өсті.

2009 жылы ана өлімі 100 мың тірі туған сәбилерге 17,9 дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 100 мың тірі туған сәбилерге 15,3 құрады. 2010 жылы ана өлімінің тенденциясы сол қалпында сақталуда.

2009 жылы сәби өлімдерінің облыстық көрсеткіші 1000 тірі туған сәбилерге 18,81 құрастырды, Республикалық көрсеткіштер деңгейінде және ол жылдан жылға төмендеуде.

Сәби өлімінің негізгі себептерін перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар құрастырады, ал екінші орында – туа біткен аномалия және үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары құрастыруда.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар

Соңғы жылдары жүрек аурулары жүйесі облыс халықтарының арасында бірінші орынға ие болып отыр.



Қанайналым жүйесінің аурулары, гипертониялық ауру жүрек ауруларының барлығынан 28,5 %-ды құрастырды, жүректің ишемиялық ауруы 18,4 % және цереброваскулярлы аурулар 11,4 % құрастырды. 2005 жылы қан айналым жүйесі ауруының көрсеткіші халықтың 100 мың адамына 2093,8 құраған болатын. Соңғы жылдары оның елеулі төмендеуіне қарамастан, көрсеткіш сол жоғары қалпында қалуда /2009 жылы 100 мың адамға 1956,2/, төмендеу 6,6 %-ды құрастырады.

2009 жылы облыс бойынша қан айналым жүйесі ауруы салдарынан пайда болған өлімнің жоғары көрсеткіші Ақтөбе қаласы Мәртөк ауданында тіркелді.

Облыс халықтарына туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің жетілдірілуі бойынша қабылданған шаралар туберкулез ауруының төмендеуіне септігін тигізді, яғни ол 100 мың адамға 2005 жылы 208,3-тен 2009 жылы 96,0-ға дейін төмендеді (2,17 есе төмен).

Туберкулез өлімінің облыстық жоғары көрсеткіші 100 мың адамға 18,1 Ақтөбе қаласы тұрғындарында байқалды.



Онкологиялық аурулар

2005 жылдан бері зақымды жаңадан пайда болған аурулар көрсеткіштерінің елеусіз төмендеуі байқалуда, 2005 жылда 100 мың адамға 162,9 дан 2009 жылда 158,7 дейін /2,6 %/ төмендеген. Сонымен қатар халық арасында скриниговты зерттеулердің жүргізілуі онкоауруларды алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік туғызды, бұз өз кезегінде 5 жылда және одан да көп жылдарда зақымды аурулардан тірі қалудағы көрсеткіштің өсуіне өз септігін тигізді. Зақымды аурудан тірі қалу көрсеткіші тіркелген аурулар санының 5 жылда және одан да көп жылда 2009 жылы 52,6 %-ды құрастырды /2005ж-44,9 %/.

2009 жылы облыстың деңгейден жоғары болып зақымды аурулар көрсеткіші Ақтөбеде, өндірістік аудандарда /Алға, Мұғалжар, Темір, Хромтау және Арал аумағындағы аудандарында / Байғанин, Темір, Ырғыз, Шалкар аудандарында аталып өтті.

Көлік санының көбеюіне байланысты күнделікті өмірде травматизм және травматизм салдарындағы өлім өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Травматизмді төмендету және жедел жәрдем көмегін көрсету сапасын жақсарту мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыс және сектораралық өзара байланыс травмадан алынған өлім көрсеткішінің 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 36 %-ға төмендеуіне мүмкіндік туғызды.

Травматизмнің және травматизмнен пайда болған өлім көрсеткішін төмендету үшін ауқымды жұмыс жасалды: ірі автомобильді және темір жол магистральдары жиегінде бар елді мекендерде қазіргі заманды дәрігерлік пунктер салынып жатыр. Жарақат алған сәттің алғашқы кезеңде көрсетілетін медициналық көмектің үлкен маңызын ескере отырып, аралас ведомстволардың мамандарын медициналық дайыгдау жұмысы жүргізіледі (жүргізушілер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және т.б.).



Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің дамуы. 2010 жылдан бері ЕНСЗ шегінде ТМКМҚ шегінде көрсетілетін стационарлы және стационарлы алмастыру медициналық көмектің төлемінің орталықтандырылуы, тегін мед. көмектің кепілдендірілген көлемі тізбесінің кеңейтілуі, сонымен қатар жаңа технологияларды дамыту және енгізу жұмыстары ашылды. Кезекте БМСК төлемін орталықтандыру тұр.

Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 2010 жылдың 01 қазанында мемлекеттік стандарттармен сәйкестендірілген. 557 медициналық ұйымдар қызмет етуде (оның ішінде 28,5% жеке меншік), оның ішінде 55 дәрігерлік /27,3 % жеке, 15,7 % құрайтын койкалық қорымен / және 502 амбулаторлы-емхана /28,7 % жеке меншік/ жұмыс жасайды.

2010 жылдың басында облыста ДС жүйесінде 2736 дәрігерлер жұмыс жасайды немесе 10 мың халыққа 38,1 дәрігер қызмет атқарады ҚР-30,9) және 4938 орта мед қызметкерлер жұмыс жасайды немесе 10 мың адамға 68,7 (ҚР-74,8).

2010 жылдың басында облыс бойынша дәрігерлік мамандық дефициті 193 адамды құрастырды, сонымен қатар ауыл бойынша 124 дәрңігер жетіспеді.

Мемлекеттік дәрігерлік ұйымдардың орындарының қоры 2005 жылда 4348 ден 2009 жылды 4314 төмендеді. Халықты орынмен қамсыздандыру 2009 жылы 60,0 %-ды 2005 жылы 63,3 %-ды құрады (ҚР-65,9).

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлармен қатар стационарлы алмастыру технологиялары дамып келе жатыр. Бүгін 64 күндізгі станционар қызмет етеді, олардың 60 - амбулаторлы емханалық ұйымдар, 4- аурухана жанында. Күндізгі стационардың орын қоры 2005 жылғы 280 орыннан - 2010 жылы 672 орынға ұлғайтылды.



Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы

Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы білікті кадрлардың үнемі дайындығын, мед көмектің стандартизациясын, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредитациясын талап етеді. 2010 жылы 56 мед ұйым аккредитациядан өтті, аккредитицияның барлығы 100 %-ға өтті. Осы мәселелерді шешу үшін аурулдарды диагностикалау және емдеу кезеңді хаттамалары кеңінен қолданылады, облыстағы мед ұйымдардың аккредитациясы аяқталды. 2009 жылы әр мед. ұйымда штат саны шегіне байланысты ішкі аудит қызметі енгізілді, мамандарды жоспарлы дайындау жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласына шығындар 2009 жылы 15095,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ГОМБП 11957,6 млн. Теңге (79,2%) 2005 жылмен салыстырғанда шығындардың өсімі 2,8 есе.

2009 жылы Жол кртасын жүзеге асыру ауқымында 350,0 млн. теңгеге 9 объектіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы 292,1 млн. теңгеге 5 объекті жөнделді.

100 аурухана құрылысы шеңберінде Ойыл ауданында 60 керуетті 1 АОА және Ақтөбе қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын 2 қалалық поликлиника салынды.

300 керуетті облыстық көп салалы аурухананың және облыстық көпсалалық 200 керуетті балалар ауруханасының құрылысы жүргізілуде.

2010 және 2011 жылдардың соңына объектілер беріледі.

Денсаулық сақтау саласының проблемалары:

Эпидемиологиялық бақылау туберкулезды тарату көпшілік дәрілік тұрақтылықпен (КДТ) қиын емделетін туберкулез формаларына біршама резервуары мәселелері қалып отыр;

туберкулезбен ауыратындарды әлеуметтік қолдау жасаудың жеткіліксіздігі;

онколгиялық аурулармен аурудың жоғары көрсеткіші;

жарақаттылық санының және жарақаттылықтан болатын өлімнің көбейуі;

облыс бойынша дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі бар оның ішінде, ауыл бойынша;

аудандардың түлектерінен БҚММУ-де дәрігерлік кадрларды мақсатты дайындау;

ауылдағы біршама саны медициналық объектілердің (ДА, ФАП және МП) биімделген және жалдамалы ғимараттарда орналасады, негізінен мектеп және ауылдық әкімдік ғимараттарында;

денсаулық сақтау объектілерін материалды - техникалық жеткіліксіз жабдықтауы, оның ішінде ауылдағы АМЖЖ объектілерде және т.б.

;

Жұмыспен қамтамасыз ету құрылымы

2010 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысы бойынша негiзiнен жасы 15 жастан үлкен экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 397, 3 мың адамды құрады. Соңғы жыл iшiнде еңбек нарығында жұмыспен қамтылған халықты бiр қалыпты өсуі байқалады. Статистикалық мәлiметтерге сай, Ақтөбе облыстарындағы экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың негiзгi шоғырлануы облыстың орталығына - Ақтөбе қаласына келедi. Мұғалжар ауданы (Қанды ағаш қаласы) облыс орталығына жақын болуына байланысты, өндiрiс қуаттылықтарының шоғырландыруы арқасында және тұрғын өмiрiнiң биiк деңгейi үшін, Ақтөбе қаласынан кейiнгі басты аймақ болып табылады. Жұмыспен қамтылған халық саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 373, 3 мың адам, жалданбалы қызметкерлер - 246, 2 мың адам, өз кәсібімен айналысатындар саны - 127, 1 мың адамды құрайды.

Ақтөбе облысында жұмыссыздықтың санының басылуы байқалады. Статистика бойынша 2009 жылы соңғы 15 жылдарға ең кiшi көрсеткiш болып табылған жұмыссыздық деңгейi 6, 0% құрады.

Ақтөбе облысының еңбек нарығының негiзгi мiнездемелерiнiң бiрi деп гендер құрылымын атауға болады. Ақтөбе облысында жұмыспен қамтамассыз етілген әйелдер санынан ер адамдар саны басым. 2009 жылы әйел адамдардың жұмыссыздар саны 68, 6% құрады, сонымен қатар осы көрсеткiш бойынша Астана қаласынан кейiн Ақтөбе облысы 2 орында.

Жұмыспен қамту құрылымында жалданбалы қызметкерлерiнiң негізгі үлесі өнеркәсiп (30% ), бiлiм (19, 1%), көлiк және байланыс (13, 4%) және денсаулық сақтауға (8, 4%) келедi. Өңірде жұмыспен қамтамасыз етілу саны мемлекеттiк басқару, құрылыста және жылжымайтын мүлiкте елеулі көрінеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасында экономикалық қызметтің басты түрi ауыл шаруашылығын болып қалады. Өңірдің АӨК ауыл шаруашылығында кадр тапшылығы өзекті мәселе болып қалады. Ақтөбе облысының ауыл тұрғынының көші-қоны жоғары болып қалады. Қозғалыстың негiзгi массасы ауылдық жерлерден қалаға жүредi. Ауылдық жерлердегі басты мәселе еңбекақы деңгейi болып қалады.

Өлкені дамытудың осал тұстары гендерлік құрылымдағы жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың қалыптасқан жағдайы мен еңбек көші-қонынан пайда болатын ахуалдар болып табылады (әйелдер және жастар жұмыссыздығы).

Бiрақ позитивті тенденциялар да бар. Ақтөбе облысының тұрғынының жұмыссызының саны азаюда. Экономикалық белсенді тұрғындар саны өсіп келеді белсендi. Сонымен бiрге оң тенденция жұмыспен қамтылған халық санында сақталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет