БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ



бет6/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#24022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Құрылыс

Ақтөбе облысында 2009 жылы 243 құрылыс ұйымдары қызмет түрлерін жүзеге асырды, олар 85773 мың тенгеге құрылыс жұмыстарын аяқтады. 2008 жылмен салыстырғанда көлем 113,7%-ға өсті. Жалпы республикалық көлемде Ақтөбе облысы 4,7 %-ды құрайды.

Салынған тұрғын үйдің ең үлкен көлемі Ақтөбе қаласында /73 %/. Мұғалжар ауданында /6,8 %/, Хромтау /4,9 %/, Темір /2,7 %/.

Жалпы, 2009 жылы пайдалануға 382,3 мың ш.метр алаң енгізілді, ол 2003 жылмен салыстырғанда 4,2 есе артық, бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысы қарқын алуда.

Дегенмен, әлемдік экономикалық дағдарыс әсерін тигізуде, бұл құрылыс қарқынында сезілді. 2010 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша 1149 ірі, орта, кіші ұйым тіркелді, олардың барлығы «Құрылыс» экономикалық қызмет саласында орын алды. Олардың ішінде 551- /48 %/ уақытша тұрып қалды. Тұрғын үй құрылысының салыну қарқынының қысқартылуы байқалады. 2007 жылға қарағанда тұрғын үй ғимараттарының салынуы 10,0 %-ға төмендеді.

Саланы дамуын тежейтін факторлары көптеген елді мекендерде қала құрылысы құжаттарының болмауы болып табылады. Құрылыс саласына жаңа технологиялар мен жергілікті құрылыс материалдары өндірісіне әлсіз енгізілуде. Жас отбасыларын қол жетімді үймен қамту жеткіліксіз. Облыста үй салу комбинаты жоқ.



Жолдар мен көлік

Автомобильді жолдар. Ақтөбе облысында автомобилді жолдардың жалпы ұзақтығы 6090,7 км құрайды, сонымен қатар республикалық мағынасы бар жолдар-1864км, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар-4226,7км. Облыстың 300,6км алаңынде автомобильді жолдардың тығыздығы 1000 кв км 21 км құрайды.

Облыстық және автомобиль жолдарында 150 көпір және 1855 су өткізу құбырлары бар.

Қатты жабындысы бар автожолдардың үлес салмағы жалпы пайдаланудағы жолдың жалпы көлемінен 86,7%-ды құрайды. Сонымен қатар, республикалық және жерлігілкті жолдардағы асфальтбетонды және қара жапқыштар 1699,5 км және 1175,6 км, гравиялық-тасты жапқышта 2046,6 км және 2108,9км тиісінше, сонымен қатар жергілікті мағынадағы топырақты жолдар 942,2км.

Көлік жүру ауқымдылығын төмендету және Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Бұтақ өзені арқылы көпір салынған, ол өз кезегінде көліктің қаланы айналып кіруін қамтамасыз етеді және жаңа көпірді құрумен байланысты Елек өзені арқылы жасалған көпір автокөліктік кептелістерін жойылуы жүзеге асырды. «Қобда-Ойыл» облыстық деңгейдегі жолда Ойыл өзені арқылы көпір салынған, ал бұл өз кезегінде осы бағытта көліктің жыл бойын өтуін қамтамасыз етеді.

Осы кезеңде ұзақтығы 142 км құрайтын «Ойыл-Жиренкопа» жол бөлігіне жасалған жөндеу жұмыстары толық аяқталды және ұзақтығы 78 км құрайтын әлеуметтік мағынасы бар «Покровка-Темір-Кенкияқ» бағытындағы жолға жөндеу жұмыстары басталды.

Ресей Федерациясының шекарасына шығатын «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Үшқатты» автокөлік жолының 0,50км құрайтын бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары, «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автокөлік жолының101-125км бөлігін және «Аққұдыққа кіру»жолыұзақтығы 29км болатын жолға күрделі жөндеу жалғастырылуда.

Жасалған жұмыс нәтижесінде 2010 жылдың 1-қаңтарына қарасты автокөлік жолдарының жағдайы 44 %-ға жақсарды.

Ақтөбе облысы «БатысЕуропа-Батыс Қытай» халықаралық инвестициялық мегажобаны іске асыруға қатысады. Коридордың жалпы ұзақтығы 8445км құрайды, сонымен қатар Қазақстан аумағы бойынша-2787км. Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының аумағы бойынша 621км көліктік коридор орнатылатын болады.

Автожол саласының басты проблемасы жол жапқыштарының нашарлығы.Жол инфрақұрылымлдарына бөлінетін инвестицияларға қарамастан, жолдардың техникалық жағдайын жақсарту әсіресе жергілікті мағынадағы жолдарды жақсарту, өз өзектілігінен айырылған жоқ. Жергілікті мағынадағы жолдар қатарынан тек 10 % немесе 427км-і ғана жақсы қалпында, ал қалған 34 % немесе 1437 км-і қанағаттандырарлық қалыпта.

Қалғанжолдың 56 % немесе 2366 км-і қанағаттандырырлақ қалыпта емес, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Автомобильді көлік. Облыстың жолаушылар автокөлік кешеніне жолаушыларға арналған көліктің бірнеше түрі кіреді, оның ішінде: орта және кішісыйымдылықтағы автобустар, тролейбустар және жеңіл авто көлік. 2010 жылы облыстың жолаушыларға арналған автокөліктері 1 281 техника бірлігін құрады, соның ішінен автобустар - 578б, микроавтобустар -439б, троллейбустар-10б, жеңілавтокөліктер – 254 б. Облысты жолаушылар автокөліктері паркінің пайдалану мерзімі бойынша оларды келесідей бөлуге болады:5 жылға дейін қолдану-64 % автокөлік; 5 жылдан аса қолдану-26% актокөлік; 10 жылдан аса қолдану-10 % автокөлік.

Бүгінгі күні облыста 20 қалааралық ішкі облыстық бағдарлар қолданыста. Жолаушалар мен жүкті тасымалдау бойынша түрлі меншік иесіндегі 16 тасымалдаушылар іске енгізілген, соның 5-ЖШС және 11 жеке кәсіпкерлер болып табылады. Осы тасымалдаумен 103 автобус және 69 микроавтобустар айналысады олардың барлығы 172 бірлік. Облыс бойынша Ақтөбе қаласында 1 автовокзал бар –«Сапар Автовокзалы» ЖШС, мұнда 90 % өз қуаттылығы жүктелген, және 4 автостанциялары бар. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында «Экспресс» ЖШС автостанциясы және облыстың аудандық орталықтарында 3 автостанция бар: Хромтау қаласында, Қандыағаш қалаында және Шұбарқұдық кентінде. Сонымен қатар соңғы жылдары облысты халықаралық және облысаралық жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Олардың негізгі тасымладаушысы «Экспресс» ЖШС болып табылады, ол 8 бағдарды іске асырады,оның ішінде Ақтөбе-Санк-Петербург, Самара, Казань, Орынбор, Орск, Новотроицк, Краснодар, Екатеринбург.

Сонымен қатар, аудан орталықтарында үлгілік автовокзалдар жоқ, ауданішілік және ауданаралық автобус қатынастары жете дамымаған.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй қоры. 2009 жылы Ақтөбе облысының тұрғын үй секторы 11,8 млн ш.м. есептейді, соның ішінде 11,5 млн ш.м немесе 97,7 % жеке меншік үлесінде.

Көп қабатты үйлердің саны 2105 бірлікті құрайды, жалпы алаңы 6231,5 млн. шаршы метр. Тұрғын үйлерді басқару мақсатында облыста 395 пәтерлерді меншіктеу кооперативтері жұмыс істейді.

Тұрғын үй қорының инженерлік инфрақұрылыммен төмен қамсыздандырылуы тұрғын үй- коммуналды қызмет көрсетуді деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік бермейді.

Қолайсыз топырақ (тұзды болуы) бұл ғимараттардың конструктивті эٍлементтеріне және тұрғын үй қорының инженерлік қамсыздандырылуы жүйесіне теріс ۙәсерін тигізеді. Коммуналды кәсіпорындар тұрғын үй шаруашылығының негізгі иегерлері ретінде қайта құру бағдарламаларын жүргізуде қаржылық қаражатты қажет етеді.

Коммуналдық кәсіпорындардың қиын қаржылық жағдайы қызмет көрсету өндірісінің нақты шығындарына тарифтардың сәйкессіздігімен шарттасылған.Қазіргі тарифтер коммуналды сектордың шығынсыз қызметін жүзеге асыруға мүмкінідік бермейді.

Суық су санағын құралмен жабдықтау-86,6 %, ыстық су-69,2 %, электрэнергия -100 % қамсыздандырылады.

Тұрғын үй қорының инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі: су өткізгіш-62,3 %, канализация - 54,4 %, орталық жылумен қамту-49,6 %, ыстық сумен жабдықтау-40,9 %, газбен қамсыздандыру-89,7 %.

Сумен жабдықтау және субұрғыш

Бүгінгі күні облыстың барлық су өткізгіштері күрделі жөндеусіз және реконструкциясыз 20-25 жыл пайдаланылады, кейбір аудандарда 30жылдан астам уақыт бойы қолданылады. Бірқатар су өткізгіштерін және олардың бұтақтарының қолдану мерзімі өтіп кетті, соған сәйкес тиісінше авариялар да пайда бола бастады. Жоғары авариялық екінші рет ластануға, судың ұзақ уақыт болмауы, желіде ауқымды ағуына, жекелеген жағдайларда 25% және одан да жоғары пайыздарға судың ағуына әкеп соқтырады, бұл электрэнергиясының шығынына және 1 куб. м. суға өзіндік құнның өсуіне әкеледі.

Қазіргі заманғы даму жағдайларында қаланың/ауылдың дұрыс өмір сүруі, олардың дамуына арналған болашақтағы жоспарлары суға қажеттілікті 10-15 жылға басып озуы қажет. Ауыз суын алу және қамтамасыз ету, оны дұрыс үнемді пайдалану адамдардың міндеті болып табылады, себебі ол халықтың барлық бөліктеріне өмірлік қажеттілігі.

Ақтөбе қаласының ауыз суына қажеттілігі бүгінгі күні тәулікке 200 куб метрді құрайды. Сумен қамту бес су асты көздерінен 115 мың нақты қуаттылықпен жүзеге асырылады, яғни тәулігіне 85мың куб метр дефициті бар.

70-80 жж салынған осы су өткізгіштерінің қолданыстағы сәттері қарқынды түрде дамып келе жатқан қала құрылысының талаптарына жауап бермейді.

«Ақбұлақ» АҚ балансында 547 км су өткізгіш желілері бар, олардың 325 немесе 59 % мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ауыстырылуы тиіс. Құбыр өткізгіштерінің тозғаны 60 және одан астам пайызды құрастырады.

Канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 624,6 км құрайды, оның ішінен 555,2 км /88 %/ коммуналдық меншікте.

Облыстың 372,7 канализациялық коллекторларынан 75% авариялық жағдайда тұр.

Канализациялық желілердің тозуы салдарынан жылдан жылға көптеген үзілістер болып жатыр. Соның салдарынан тазармаған ағын сулар жергілікті рельефке және Елек өзеніне ағып кетуі, тұрғын үйлердің подвалдарын су басып кететін уақыттар болады.

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына 410 ауылдық аймақтардан 95 орталықтандырылған сумен жабдықталған, 310 (74,5%) ауыл аймақтары сумен қамтудың орталықтандырылмаған жүйелеріне ие. 6 ауыл аймақ (1,5%) суды тасып пайдаланады. Халықты суқұбырлық сумен қамту 78,9 %-ды құрайды. Орталықтандырылмаған-20,8 %, тасылатын сумен қамту-0,3 %.

Су өткізгіштің ең жоғарғы қамтамасыз етілуі Мұғалжар ауданында байқалады /83 %/, ең төменгі Байғанин ауданында /19 %/.

Жер асты су қойнауларына барлау жасау

«Ауыз суы» бағдарламасын сәтті іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі «Батысқазжерқойнау» Батыс Қазақстан аймақаралық аумақтық департаментімен бірлесіп, жыл сайын су асты суларына барлауды жүзеге асырады. Осылайша, келісілген тізім бойынша 2011 жылда іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуі тиіс, 139 ауыл аймақтан облыстың 24 ауыл аймағынан су асты барлау жүргізуді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Облыстың ауыл аймақтарына орталықтандырылған сумен толық қамту үшін жыл сайын 24 ауыл аймақтан кем болмайтын іздеу-барлау жұмыстарын өткізіп отыру жоспарлануда.

Жылумен қамту

Облыстың тұтынушыларына жылумен жабдықтау саласында коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорындар: «Трансэнерго» АҚ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ, «Алға жылу» КМК, «Коммуналшы» КМК.

Облыстың жылу желілерінің жалпы тозуы 50 ден бастап 90 % дейінгіні құрайды.

Ақтөбе қаласында көп қабатты тұрғын үйлерде және тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық мағынадағы объектілердегі жылумен қамтуды «Транэнерго» ААҚ жүзеге асырады.

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жалпы проблемасы – пайдаланылатын жабдықтың технологиялық артта қалуы, негізгі құралдардың өте тозуы, қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және энергияны сақтау жөніндегі іс-шараларға жеке қаражаттардың жетіспеуі болып табылады.

Газбен қамту

Облыстағы қазір қолда бар «Бұхара-Орал» және «Жаңажол-Ақтөбе» газ магистральдарының желісі халықтың жалпы санынан 465,7 мың адамнан тұратын 59 ауыл аймақты газдандырды, бұл облыс халқының жалпы санының 65 %-н құрайды ( сонымен қатар Ақтөбе қаласында 321,3 адам немесеоблыс түрғындарының жалпы санынан 45,1 % табиғи газбен қамтылды).

«ҚазТрансАймақ» АҚ АПФ мәліметтері бойынша облыстың газ өткізу құбырларының жалпы ұзындығы 4 160 км құрайды, оның ішінде-2 897км жоғарғы, 140км-орта, 1 123 км төмен қысымды.

Ауыл аймақтарды газбен қамту бүгінгі күнде халықтың тұрғын үй коммуналдық жағдайларын жақсарту процесінде өзекті мәселе болып табылады. Ақтөбе облысының 2006-2010ж арналған ауыл аймақтарды газдандырудың аймақаралық бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл аймақтарды газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген аса ірі өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер газбен қамтылды.

Ақтөбе қаласынан басқа, облыстың 8 ауданындаелді мекендер газбен қамтылды: Алға, Байғанин, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау Темір және Шалқар аудандары.

Облыстағы мұнай газының негізгі тасымалдаушысы «СПНС - Ақтөбемұнайгаз» болып табылады. 2009 жылы 1827,4 млн.куб м газ тасымалданды.

Пайдаланылатын магистральды газды желілер техникалық қанағаттандырарлық жағдайда.

Электр энергетикасын дамыту

Облыстың электржелілік шаруашылығы 0,4-6-10-35-110-220 қуаттылықтағы электроберілістен тұрады, оның ұзындығы 14893 5 км құрайды, 35-110-220 кВ-165 қысымдағы ішкі станциядан тұрады, 0 4-6-10-35 кВ-1885 шт 35-04 кВ 8 шт құрайды. Энгергетикалық саланың материалды техникалық базасы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Облыстың электрэнергиялық кәсіпорындарының негізгі қорларының тозғандығы жоғары дәрежеде.

Бұл желілердің негізгі бөлігі 1960-70 жж салынған, олардың техникалық жағдайы пайдаланатын талаптарға толық сәйкес келмейді. Тозуы 30 дан 100 пайыз құрайтын электр желілерінің 39,4 % талаптарға сәйкес келмейді.

Электржабдықтаудың шешілмеген мәселелерінің бірі иесі жоқ электр желілер, бұрын бұл жүйелер қазіргі уақытта қолданыста жоқ ведомство балансында есептелген. Бұл желілердің тозуы өте жоғары және оларды қайта құру үшін ауқымды қаржылық салымдар талап етіледі.

Облыстың сенімді электржабдығын қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе облысының электр желілерін дамыту жоспары әзірленді және ол 2010 жылға дейін болашақта 2015 жылға дейін арналған».

Облыста электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес 2007 жылы ауыл аймақтарын электрификациялау жұмысы аяқталды.

Ақтөбе облысының электрэнергиясындағы қажеттігі 390МВт шегін құрайды.

Қазіргі уақытта облыстың электр кешені 4 электр станцияларымен көрсетілген. Бұл 135 1МВт болатын «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ- 102МВт, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС -110 МВт, ГТЭС-45 үшінші Жаңажол газ өндіру зауыты-45МВт. Жеке электр көздерінің жиынтық үлесі 393МВт құрайды.

Энергетикалық тәуелсіздікте облыс үшін өзекті болып аймақаралық электрберу линиясы «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» инвестициялық жобасының құрылысы болып табылады. Электр беру линиясы Ақтөбе облысын Қазақстан Республикасының бірыңғай электрэнергетикалық жүйемен біріктірді.

Облыста электр энергиясын тұтыну өсу тенденциясына ие. Орта есеппен жыл сайынғы өсім 3-8 %-ды құрайды.

Облыстың электр энергиясын шығаруы жалпы алғанда облыста 2006 жылы 54 %-ды немесе 1707 2 млн кВтс, 2009 жылы 60 %-ды немесе 2082 млн кВтс құрады.

Электрэнергиясының жаңғыртылатын көздері

Электрэнергиясының жаңғыртылатын көздерінің әлеуеті болмауына байланысты осы салада шын жобалар жоқ, осыған байланысты ВИЭ үлесін Ақтөбе облысының энергобалансында бейнелеу қиынға түседі. Сонымен қатар әкімдікпен ВИЭні дамытуға арналған анықталған жұмыс жүргізіліп жатыр, ол әсіресе:

2009 жылдың қазанында Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының Бадамша кентінде жел әлеуетін зерттеу үшін метрологиялық мачта орнатылған. 1,5 жылда осы бөліктің желді әлеуетін көрсететін замерлер жасалатын болады.

Сонымен қатар облыстың әкімдігімен әлеуетті инвесторлардың бастамасымен жұмыс басталды, сонымен қатар ВИЭ объктілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орналастыру мақсатында жердің бос бөліктерін резервілеуге дайындық жүргізіледі.



Энергияны сақтау

Ақтөбе облысының 2010 жылға арналған электр сақтау кешенді жоспарының мақсаты:

Ақтөбе облысының сенімді, дефицитсіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

тұтынушылардың барлық топтарын энерго және ресурс сақтауға белсенді түрде енгізу;

жылу және электр энергиясының шығындалуын жылу желілерінің пенополиуретанмен жабу және электрэнергиясының қолдануға жарамсыз желілерін жөндеу.

Облыста электрді сақтау бойынша белгіленген ұйымдастыру техникалық іс-шаралар нәтижесінде ірі өндірістік кәсіпорындар электр энергиясы бойынша экономикалық эффект 32,5млн кВтс, жылу энергиясы бойынша 82 25 мың Гкал күтіледі.


БАҒЫТ. Ауылдық аумақты дамыту, экология

Аймақтың аумақтық (кеңістіктік) дамуы.

Ақтөбе облысының физико-географиялық жағдайын ескере отырып, экономикалық әлеует пен халықты қайта орналастыру, қазіргі уақытта минералды шикізаты мен отын-энергетикалық ресурстардың жекелеген түрлеріне өндіру және қайта өңдеу базасында жекелеген кіші қалалар, орта қалалар және қала типтес поселкелер орналасқан аумаққа жатқызуға болады. Мысалы, Темір, Жем, Хромтау және т.б. қалалар.

Ақтөбе қаласы айналасында Ақтөбе облысының тұрғындары көп шоғырланған.

Ақтөбе облысының солтүстігінде Ақтөбе облысы тұрғындарының 55 % адам тұрады. Облыстың қала тұрғындары-391,6 мың адам. Тек Ақтөбе қаласында ғана облыстың қала тұрғындарының 81,2 % тұрады.

Халықтың басым бөлігі Ақтөбе қалалық әкімшілігі, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы және жақын арадағы Шалқар ауданы аумақтарында орналасқан.

Оңтүстік, жартылай Шығыс және Батыс аудандарында халық санының орналасуы төмен.

Ақтөбе облысына аумақтардың және қалалардың дамыуы деңгейінің түрлі ерекшелектері қалыптасқан.

13 әкімшілік-аумақтық бірліктен олардың 1-іне 136,06 адам құрылады, қалғандарына максималды тығыздық-5,83 адамды құрайды, ал минималды тығыздық- 1 ш.м 0,38 адамды құрайды.

Ақтөбе облысы стратегиялық оңтайлы зонада орналасқан, және облыс Батыс Қазақстанды Республиканың басқа облыстарымен байланыстырады.

Ақтөбе облысының аумақтық-кеңістік құрылымының жағымды жағы аймақтық миграцияны тартудың орталықтары болып табылады, олар: Ақтөбе қаласы және Хромтау қаласы, Қандыағаш қаласы, сонымен қатар Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандары, мұнда өсімнің ыңғайлы геоэкономикалық жағдай байқалады.

Жалпы, Ақтөбе қаласы тірек орталығымен қатар, аймақ экономикасы үшін өсімнің дамуы ретінде Мұғалжар, Темір, Хромтау аудандары бола алады, мұнда таукен өндірісінің динамикасы мол.

Заңды тұлғалардың концентрациясы облыс кәсіпорындарының бір жерде жинақталуын білдіреді. Концентрацияның негізгі нүктесі ретінде тағы да Ақтөбе қаласы болады, себебі мұнда заңды тұлғалдардың 79 % тіркелген. Жаңа өндірістік әлеуеттің, сондай-ақ Ақтөбе қаласында шоғырланған.

Мұндай жағдай бұл қалаларда орналасудың тіректік каркасының қалыптасқандығы деп түсінуге негіз болады. Тірек каркастары буындары арасында және қалған аймақтар арасында ауқымды поляризация пайда болады, ал бұл егер процесс барысы өзгермесе, осы облыс аумағында тек бірнеше ірі өңірдің қалыптасуына апарады. Осы зонадағы халық концентрациясы сондай- ақ оның сапасын да білдіруі мүмкін.

Тірек каркасының әрекетін күшейтетін мысал ретінде буындық элементтеріндегі халық концентрациясы ареалдарының қалыптасуы қызмет ретінде бола алады, мысалға Алға қаласында.

Қазіргі заманғы және перспективті дамудың негізгі линиялық зоналары теміржол магистральдарының жәнеалдағы жылы қосылған - Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль көлік коридорының әсеріндегі зоналар болып табылады. Облыс сыртқы экономикалық байланыстың дамытуында жағымды мүмкіндіктері бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі материалды-техникалық қатынаста дәстүрлі түрде даму базасы болып табылады және ол білім саласында, сонымен қатар ғылым мен кадрларды дайындау саласында да негіз болып табылады. Ауылшаруашылық өндіріс үшін жағымды болып келетін зоналар шегінде АПК мамандандырылған зоналарын қалыптастыру мақсатқа сай болып табылады. Мысалға, интенсивті сүт өнімдері және құс шаруашылығы.

Облыс аумағында өмірдің тұрақты және қауіпсіз дамыту негізі инженерлік-көліктік инфрақұрылымның дамыту мен жетілдірілуі қажеттілігі көзделуде, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен төтенше жағдайларды тоқтату бойынша шаралар қабылданып жүзеге асырылуы тиіс.

Облыстың орналасуы мен игерілуі, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамытуында қалыптасқан аумақтық ерекшеліктері облыстың кеңістіктік дамытуындағы перспективаларын анықтайды.

Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш үш бұрышы Ақтөбе облысы тірек каркасының негізі болады, ал Шалқар қаласы сүбаймақтық сипаттағы тірек қаласы ретінде қаралады. Ақтөбе, Қандыағаш, Хромтау қалалары өздерінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени әлеуетіне қатымты көп жағдайда кең ауқымды аумақтардың функцияларын орындауға дайын және олар аумақтағы тірек каркасының елеулі түрде маңызды буындық элементтері болып табылады - әр түрлі деңгейде қалыптасқан және әлеуетті ауданаралық орталықтары.

Облыстың аумақтық ұйымдасуын жетілдірілуінің басты мақсаты сонымен қатар орналасуы басты мақсаты облыстағы тірек каркасының көшірілуі болады:

түрлі деңгейдегі орталық арасындағы байланыстың көршілес аумақтарды түрғындар мен байланыстың нығаюы;

түрлі деңгейдегі орталықтардың нысаналылыққа сай дамыту, ең бастысы, олардың нарық және ақпараттық инфрақұрылым аспектілеріндегі дамыту, аумақтық және халықтың өндірістік қызмет етілуі, әлеуметтік қызмет етідің алдыңғы қатардағы бағыттары (денсаулық сақтау, білім беру).

Ақтөбе өсудің негізгі нүктесі және облыстың басты тірек қаласы болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясына сәйкес Ақтөбе ұлттық деңгейдегі тірек қала ретінде танылды, Орал экономикалық макроөңірінің орталығы (Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары) болып табылады.

Тірек ауыл аймақтардың негізгі функциялары аймақтық және әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде Ақтөбе облысының бәсекелестікке қабілетті мамандарымен қамтамасыз ету мақсатында өндірістік, инвестициялық және адам ресурстардың концентрациясы болады. Сонымен қатар, барлық аудан ортылықтары аудан деңгейіндегі тірек орталықтарын қалыптастыру үшін әлеуетке ие болады.



Ауылдық аумақтар

Ақтөбе облысында 12 ауданда және Ақтөбе қаласының қала маңындағы аумағында 411 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар.Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау Әдістемесіне сәйкес жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес облыстың 35 АЕМ әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары әлеуетке, 352 - орташа әлеуетке, 22 – төмен әлеуетке жатады, 2 АЕМ-де тұрғындар тұрмайды. Қолданыстағы әдістеме бойынша, негізінен, басымдылық өсімдік шаруашылығын дамыту болып табылады. Осыған байланысты, Ақтөбе облысында даму әлеуеті жоғары АЕМ саны көп емес. Ауылдардың көпшілігі мал шаруашылығына маманданған. Өсімдік шаруашылығы облыстың солтүстік аудандарында ғана таралған. Соңғы жылдарда байқалған, өсімдік шаруашылығын дамыту үшін жағымсыз ауа–райының жағдайы, мал шаруашылық секторын ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын жүргізу жағдайлары жылыжай шаруашылықтарын дамыту және суармалы жерлерді пайдалану жағына өзгеру тенденциясы бар.

Елімізді 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістікті дамытудың болжамды схемасына сәйкес тірек 36 АЕМ анықталды. Облыстың ауылдық аумақтарының сирек орналасуына, сондай-ақ АЕМ дамытуға бағытталатын бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерді тең деңгейде ұсыну мақсатында тірек АЕМ бірінші кезекте дамыту көзделуде. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік саланы бұдан әрі дамыту мақсатында тірек АЕМ-де аграрлық өнімді алғашқы өңдеуге бағытталған, кәсіпорындарды орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерді оңтайландыру жұмысы басталды.Әкімшілік-аумақтық орналастыру заңына сәйкес 2012 жылдың аяғына дейін 25-тен аса АЕМ қысқарту жоспарлануда.



Өңірлік даму

Әрбір өңірдің жаңа кезеңдегі дамуын жүзеге асыру үшін Аумақтық-кеңістікті дамудың болжамды схемасы және Өңірлерді дамыту бағдарламасымен өсу нүктелері, негізгі бағыттары мен болашақтағы даму стратегиясы белгіленген.

Ақтөбе облысына үлкен міндет жүктелуде, себебі мемлекет Президенті Ақтөбе қаласын болашағы бар агломерация орталығы деп белгіледі.

Ақтөбе агломерациясы аймағында 1,0 сағаттық изохрон шегіндегі көліктік қол жетімділігінде Ақтөбе облысының Алға, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандары (Хромтау, Қандыағаш қалалары және т.б.) бірқатар елді мекендері қатынасады.

Ақтөбе агломерациясының бәсекелестік басымдықтарын есепке ала отырып, ұзақ мерзімді болашақта оны дамыту бойынша мынадай шаралар қабылданатын болады:

өңірді индустриялық орталық есебінде:

металлургиялық, химиялық өнеркәсіптің бұдан әрі қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру және құрылыс материалдары мен конструкциялары өндірісін дамыту;

өндірісті басқарудың халықаралық стандарттарын және өнім сапасын бағалау жүйесін енгізу;

қолданыстағы өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру;

өңірді инновациялық орталық есебінде:

технопарк қызметін (тиісті өндірістік алаңдарымен, зертханалық жабдығымен) Ақтөбе облысының жоғарғы технологиялық аймағы етіп қайта ұйымдастыру;

қолданыстағы және жаңа өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ететін, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

индустриялық аймақты құру;

өңірдің болашақтағы көліктік-логистикалық хабы есебінде:

Ақтөбе-Хромтау-Қандыағаш «үшбұрышында» көліктің жылдамдықты түрлерін енгізу;

Ақтөбе қаласында авиациялық хабымен көліктік-логистикалық орталығын құру;

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасын аяқтау;

«Ақтөбе-Атырау» (615 км.), «Ақтөбе-Орск» (161 км.), «Ақтөбе-Орал» автожолдарын реконструкциялау;

«Ақтөбе-Астана» автожолын («Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Лисаковск-Аманқарағай-Есіл-Астана» бағыты бойынша) салу және (немесе) реконструкциялау, Ақтөбе қаласын оңтүстік айналма жолы, Ақтөбе қаласында үш жол өтпесін салу;

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі өңірлік орталық есебінде:

агломерация құрамына енгізілген ауыл шаруашылық аудандардың аймақтарында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша өндірістерді дамыту.

Ұзақ мерзімді болашақта инженерлік инфрақұрылымды жүйелі өзара байланысты (үйлестірімді) дамыту, бірінші кезекте, инновациялық технология негізінде электр- және жылумен жабдықтау бойынша жобаларды іске асырумен байланысты болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе агломерациясы үшін жылдамдықты рельсті жер үсті көлігін дамыту (оның ішінде Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Алға-Қандыағаш, Хромтау-Қандыағаш қала маңындағы қатынастары және басқалары), агломерация шегінде біртұтас қоғамдық көлік және кіші авиация дамыту басымдықты болып табылады.

Жайлы қала ортасын құруға бағдарланған Ақтөбе агломерациясын дамыту қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасына сәйкес көліктік және өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту мен орналастыру жүзеге асырылатын болады.

Оңтайлы қала құрылысы саясатын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе агломерациясы аймағының аумақтарын функционалды аймақтау, сондай-ақ қолда бар алғы шарттар мен тәуекелдерді (табиғи және инженерлік-геологиялық жағдайларды, қала құрылысы және шаруашылық қызметті жоспарлы шектеулерін айқындау, демографиялық даму және еңбек қорларының болжамы) есепке ала отырып, аумақтарды кешенді бағалау. Ақтөбе қаласының бас жоспарын іске асыру оның болашақтағы агломерациялық дамуын есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.

2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігімен Хромтау қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары қалыптастырылды. Жоспар жобасы, бағдарламада келтірілген бағыттарды есепке ала отырып, ЭДСМ әдістемелік нұсқаулықтарына сәйкес әзірленді.

Жоспардың жобасы өзіне Хромтау қаласының ағымдағы жағдайының талдауын, әлеуетті мүмкіндіктері мен қысқа мерзімді перспективаларын, экономикасын әртараптандыруды енгізеді. Хромтау қаласында кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде 40,0 млрд. теңгені, оның ішінде моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 1,6 млрд. теңге жолдау күтілуде. Аталған қаражаттар ауқымында «зәкірлі» 3 жобаны іске асыру жоспарлануда, жекелеп айтқанда:

«сағатына қуаты 2,0 тонна макарон фабрикасын салу және кеңейту (макарон фабрикасы, кондитер цехы, нан-бөлке бұйымдары зауыты)» «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 735,0 млн. теңгені құрайды, 110 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;

«жылына 100,0 мың дана жобалық қуатымен санфаянс бұйымдарын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы» «Керамика» АҚ. Жобаны іске асыру кезіндегі инвестиция көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайды, 115 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда;

«жылына 460,0 мың тонна қуатымен №5 инновациялық технологиялық цехты пайдаланумен жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту» «Қазхром» ТҰК» АҚ. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген, іске асырудағы инвестиция көлемі 107,0 млрд. теңгені құрайды (2015-2019 жылдар), 500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Аталған жобаларды іске асыру Хромтау қаласындағы 720 жаңа жұмыс орнын құруға, біліктілікті арттыру және оқыту арқылы жоғарғы білікті мамандардың санын ұлғайту, өңдеу секторында өндірістің жаңа түрлерін игеру, жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңдеу секторының үлесін ұлғайту, импортты алмастыруды жүзеге асыру, экспорттық әлеуетті және сыртқы сауда айналымы көлемін ұлғайту және т.б. құруға мүмкіндік береді.

Жоспар жобасында, сондай-ақ:

қосымша және қызмет көрсету өндірістер, тапсырыстарды қала құраушы кәсіпорындарда орналастыру;

кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашу және қала құраушы кәсіпорындармен Серіктестік бағдарламаларды іске асыру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту көзделген.

Жобада қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ қолда бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау және күрделі жөндеу арқылы дамыту жоспарланған.

Өңірдің экологиялық проблемалары

Аймақта бірқатар түрді экологиялық проблемалар бар – су асты суының хромның, бордың қалдықтарымен ластануы, кәдеге келтіру және өндірістік сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардың келіп түсуін болдырмау бойынша мәселенің шешілмеуі, Көкжиде ауыз суы бар су асты суының ластануы.

Ақтөбе облысында жеткілікті дамыған өндірісінде атмосфералық ауаның ластануынан, ірі өзендердің, көптеген қалдықтардың жинақталуынан тауындайтын қоршаған ортаға тиетін жоғары антропогенді әсер болып табылады.

Ақтөбе облысында атмосфера ауасы жағдайына байқау жасау негізінен Ақтөбе қаласының 3 стационарлы посттарында анықталады. Бұл посттарда іліктірілген заттардың, диоксидтің, азоттың, азот оксидінің, сера диоксидінің, сероводородтың және формальдегидтің концентрациялары өлшенеді.

Сонымен қатар, «Казгидрометтің» нашар жабдықталуы салдарынан Ақтөбедегі ауаның ластануы қазіргі уақытқа дейін тек кезең бойынша ғана байқалады және ол тек 8 көрсеткіш арқылы жүзеге асырылады. Облыс орталығының атмосфералық жағдайының шын бейнесі жоқ.

Ілек өзені – Оралдың сол жағалауының ең ірі жинағышы және ол бассейннің ең ластанған объектісі болып табылады. Қазіргі уақытта өзеннің бортпен хроникалық ластануы орын алуда. ПДК жоғарылауы борт бойынша 24,7 ПДК белгіленген, нитритті азот бойынша 3,5 ПДК, аммония 2,8 ПДК және БПК, 1,6 ПДК. Ілек өзенінің үстіңгі сулары «кір, ластанған» сипат алады.

Ақтөбе облысының жер ресурстарын ластаудың негізгілері химиялық өндіріс кәсіпорындары, мұнайгазалу және мұнайгаз өндіру, ауылшаруашылық кәсіпорындары болып табылады. Мұнай алынатын аудандарда мұнай жер ресурстарын ластаушы болып табылдады, ал пайдалы заттарды алатын аудандарда – басты ластаушылар хром, бор, фосфор, ауылшаруашылық – фтор, фосфор және т.б. болып табылады.

Ақтөбе облысы Қазақстанда орманы аз өңірдің бірі. Ақтөбе облысындағы орман алқабы тек 0,13 %-ды ғана құрастырады, ал мұндай Шалқар, Ырғыз, Бағана сияқты экологиялық теріс аудандарда орман мүлдем жоқ.

Ақтөбе облысында орман шаруашылығы дамытуының негізгі проблемаларының бірі орман шаруашылығының кешенді бағасын беретін және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорымен пайдаланатын алқапты құру, соңғы ревизиялық кезеңге негізгі ережелерді әзірлеп, орман шаруашылығын жүргізу болып табылады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асыру

Жыл сайын облыста 650 мыңнан астам қалдықтар пайда болады, сонымен қатар оның 400мың тоннасы коммуналды және 250 мың тоннасы өндірістік қалдықтар. Қатты-өндірістік қалдықтармен орталықтандырылған-жиі жинақтаумен Ақтөбе қаласы қамтылуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қоймалау мен сақтаудың негізгі орындары Ақтөбе қаласының ұйымдасқан ауылдардың қалдық жинау полигоны.

ТБО 5 %-нан кемі қана өндірілуге ұшырайды, ал қалған қалдық іріктеусіз мусорлық полигондарда өз орнын табады және ол өз кезегінде қоршаған ортаның ластануына тура апаратын жол. Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, ТБО морфологиялық құрамының 40 %на жуығы өндіріске пайдаланатын әлеуетті сырье болып табылады, ал тағы 30 %-ға жуыға автосервис қалдықтарын компостированиялауға жатады. Мысалы 1 тонна дөңгелек 700 кг резинадан, 160 кг темірден және 170 кг текстильден тұрады.

Осылайша, ТБО пайдалы екінші жаңартылымға кәдеге келтіру экономикалық тұрғыдан қарағанда, сондай ақ экологиялық тұрғыдан перспективалы бағыт болады.



БАҒЫТ. Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет Реестріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегінде жергілікті атқарушы органдармен бекітілген қаулы бойынша 127 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 45-сі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі. ҚР «Мемлекттік қызметтер туралы» Заңын қабылдауына байланысты барлық қызмет стандарттары аталған заңға сәйкес бекітіліп, қайта бекітіледі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 24 түрі жергілікті атқарушы органдармен «электронды үкімет» арқылы электронды форматта көрсетіледі.

Осы орайда, негізгі проблемалардың бірі – электронды қызметтің атақсыздығы, Осыған байланысты электронды мемлекеттік қызмет үлесі – өте төмен.

Электронды қызмет көрсету дамуының негізгі проблемалары мыналар:

мемлекеттік органдардың ресурстары мен ақпараттық жүйелері, ақпараттық-коммуникациялық жүйелері сақталуының төмен деңгейлілігі;

көптеген әлеуметтік топтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігі.

Бұл бағытта, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарына сәйкес, электронды қызмет көрсету мен «электронды үкіметті» дамытуға 2014 жылдың ІV тоқсанында «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша оқу бағдарламасын әзірлеп, бекіту жоспарлануда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес қоғамдастықтарына, «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету» курсы бойынша дистанционды оқыту бағдарламасы әзірлеп, актуалдандыру жоспары бар.

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту- электронды үкіметті дамытудың бірінші бағыты болып табылады және мемлекеттік органдар құзырындағы белгілеулер, электронды қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау, қоғамды ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласы қарым-қатынасын реттеуге көзделген.
2.2 Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдердің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары мен бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудың кешендік сипаттамасы

Ақтобе облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау нәтижелері өңірдің даму диамикасының өсуін көрсетеді. Әлемдік қаржылық дағдарыс салдары облыста 2009ж. аса байқалды, бұл макроэкономикалық дағдарыс лагымен және аймақтық экономикалық күйзеліспен түсіндіріледі.

Табиғи қойнауларында негізделген аймақ экономикасының құрылымында өсу байқалған жоқ. Аймақтық экономика күшті тау-кең өндірісі мен экономика секторына инвестициялардың өсуімен сипатталады. Облыстық экономикалық кеңістігінің сапасы тек Ақтобе қалалық агломерациясында ғана жақсарады: халық тығыздығы, жолдар шоғырлануы мен тұрғын аймақтарының байланысының өсуі. Ақтөбе, Қандыағаш пен Хромтау қалалары берілген агломерациялық аймақты құрайды.

Жалпылай келгенде аймақтық кеңістікті-құрылымдық даму бірыңғайсыздығы азаймайды. Денсаулық сақтау, білім беру мен халықтың әлеуметін қорғау салаларының дамыту байқалады, өңірдің ірі корпорацияларымен әлеуметтік сабақтастық өсіп келеді, мемлекет пен коммерциялық емес сектор арасындағы қарым-қатынас дамып келеді.

Өңірдің кешендік сипаттауында SWOT-анализ әдістемесі қолданылды.

Артықшылықтары:

облыстық географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, көршілес Ресей Федерациясымен шекаралас болуы, Еуропа-Азия бағыты бойынша транспорттық-логистикалық және транзиттік потенциялының болуы;

мұнай-газ және минералдық шикізат қорларының байлылығы өңірдің тау-кең өндірісінің дамытуын қамтамасыз етеді;

химиялық өндірісінің дамытуына қажет шикізаттарының бар болуы;

қара және түсті метталургия саласының экономикалық аса ірі потенциялы мен медицина және мұнай жабдықтарын жасаудағы инновациялық әлеует;

машина жасау, металл бұйымдары мен құрылыс материалдарын дамытудың аса зор әлеуеті;

жағымды инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі;

жоғары демографиялық әлеует: бала таба алатын халықтың басым болуы;

еңбек нарығының дамыту: еңбек ете алатын халықтың басым болуы, жұмыссыздықтың деңгейін азайтады, экономикалық белсенді халықтың санын өсіреді;

заман талабына сай кәсіптік білім беру үшін кешендік қорларының бар болуы;

инфрақұрылым, профессорлық-мұғалімдік құрам;

денсаулық сақтау саласының дамуы: туберкулез, ісік ауруымен ауратын науқастардың азаюы.



Кемшіліктері:

өсіп келе жатқан энергия жетіспеушілігі және өндірістің дамуын шектейтін желі ішіндегі жоғалту деңгейінің жоғары болуы;

салалық бірқалыпсыздық: тау-кең өндірісінің басым болуы, шағын бизнес саласының деңгейінің төмен болуы;

шикізат секторның әлем бағаларынан тәуелділігінің жоғары болуы;

қоршаған ортаның қазіргі кездегі және көп жылдар бойы ластануы;

ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетінің бірқалыпсыз болуы;

Республика бойынша еңбек бөлінісіндегі облыстың тар кәсіптенуі, терең шикізаттық бағытталу мен өңдеу өндірісіндегі жеке кәсіпкерлікті дамытуға шарттардың жоқ болуы;

экономикалық қорларды таратудағы аймақ аралық бірыңғайсыздық;

жер құнарлығы деңгейінің төмен болу себебі: агроөндірістік кешенінің дамымай қалғандығы, көп аймақтардағы су тапшылығы, ауылшаруашылық тауарларын өндірудің табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты болуы және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің сату нүктелерінен қашық болуы;

жоғарыдағы себепке байланысты ауылшаруашығын қолдаудағы жеке қызығушылықтың бар болуы;

азаматтардың тұрғын үйге тапшы болуы;

аймақ аралық жолдарының сапасы төмен болуы;

еңбек қорларындағы кәсіптік-дәрежелік құрылымының экономика талаптарына сай болмауы, кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды дайындаудағы көлем мен бағытының арасындағы байланыстың жоқ болуы;

әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңындағы шетел тауарларымен бәсекелестік;

әлеуметтік инфрақұрылым объектілер жүйесінің аз дамыту, алыстағы ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетуінің қиындығы;

кірістің бір жанға деген бөлінуінің бірқалыпсыздығы;

ауылдық жерлердегі білім беру деңгейінің төмен болуы;

аталмыш саладағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет көрсету саласының төмен болуы;

мемлекеттік органдары мен халық арасындағы жедел байланысының жоқ болуы.

Мүмкіндіктері:

Оңтүстік, Орталық және Солтүстік өсу осьтерінде мультикөліктік шиеленісі сияқты Қазақстанның маңызды территорялық аймақта географиялық тұрғыдан тиімді бар Ақтөбе облысы серіктес қалалардың дамуына жеке урбанистік шоғырланған аймақтарда агломерациялық-желілік орналасуына жағдай туғызады;

экономика дамытуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымындағы белсенді ролі дәстүрлік экспорттық секторларында тауар айналымын жақсартады;

қарқынды индустриялизациялау бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдаудың өңдеу саласын дамытуда және аймақ экономикасын көтеруде әсерін тигізеді;

СПК мен өңірдің технопаркінің жұмысы белсендіру инновациялық және өндірістік бағыттағы орта және шағын бизнесті дамытуға жағдай тудырады;

Республикалық бюджет және Даму фондтарының қаражатының арқасында көздеген инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда облыс экономикасының әлеуетінің өсуі;

әсіресе өндіріс күштері жоқ қашық аймақтарда өнімді бірігіп дамыту мақсатында тұрғын шаруашылығы мен фермерлік шаруашылығының бірігуі;

жергілікті шикізатта жаңа энергия өндіретін қуаттылықтардың құрылысы, электроэнергиясын беру желісінің реконструкциясы мен бірыңғай Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесіинтеграциясы;

қоғамдық сектор қорларын тиімді пайдалану үшін мемлекеттің коммерциялық емес және жеке секторымен институционалдық ара қатынасын дамыту;

орта және шағын қалалардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғызу және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

кластерлер негізіндегі ауыл өндірушілердің кооперация процесін белсендіру арқасында өндіріс көлемін және ауылшаруашылық шикізат өңдеу дәрежесін арттыру;

бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру;

жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жылдық бағалау жүйесін ендіру арқасында жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін арттыру;

медициналық мамандарды дайындау (Батыс Қазақстандағы жалғыз) және медициналық жабдықтарды шығару үшін базаның бар болуы, «Мамандарды дайындау – жабдықтарды шығару – қызмет көрсету» схемасы бойынша медициналық қызмет нарығының дамыту;

жазғы топтарды дайындау мен ұщу аппараттарын жөндеу үшін базаның бар болуы. Экономиканың түрлі салалары үшін кіші авиация құралдарын жасап шығаруды қайта ұйымдастыру мен ұшу аппараттарына қызмет көрсету бойынша дамыту;

көрші мемлекеттерінен иммиграция арқасында дәрежеленген жұмысшы күштерінің санын арттыру мен толықтыру мүмкіндігі (ауылды жерлердегі тұрғын үйлер, мектептер мен медициналық мекемелер құрылысы).


Қауіпті тұстары:

энергия жетіспеушілігінің сақталуы нәтижесінде облыс экономикасының даму жылдамдығының баяулауы;

технологиялық тұрғыдан артта қалу, аймақтық экономикасының салалық диспропорциясы мен шикізаттық экспорттың үлесі жоғары болуына байланысты ішкі нарығының импорттық тәуелділігінің артуы;

жол шаруашылығы мен көлік дамытуының қазіргі деңгейінің сақталуындағы бәсекелестік артықшылықтарының азаюы;

тазарту құрылғыларының төмен жетілдіру жағдайында экологиялық жағдайдың нашарлауы;

желілердің тозу деңгейінің жоғары қалпында сақталудағы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің және бизнес жүргізу шарттарының нашарлауы;

ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулеріне тапшы болуы ауылдық жерлердегі адам әлеуетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады;

даму институттарындағы жобаларды қарастыру мерзімдерінің созылуы, соның ішінде қарқынды индустриялизациялау бағдарламасына байланысты;

жаңа жоспарлау жүйесіне көшудегі басқармалардың дайын болмауы;

мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шараларын енгізудегі алатын теріс нәтижелері;


3. АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Ақтөбе облысы көмірсутекті және минералды шикізаттарды өндіру негізінде, өңірдің таңдаулы салаларының (құрылыс индустриясы, химиялық өндіріс, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу) дамытумен байланысқан динамикалық өңдеу өндірісінің негізінде және Батыс Қазақстандағы көліктік-логистикалық орталығын дамытудың арқасында жағымды бизнес аясы бар, өмір сүру деңгейі жоғары аймаққа айналады.

Жалпы көріністі жүзеге асыру келесідей бағытталған:

аймақ бойынша өндіріс күштерін тиімді бөлу, әлеуметтік-экономикалық өсудің барлық көздеріне халыққа жол ашатын орналастыру жүйесін дамыту арқасында өңірдің ұлттық және әлемдік нарықпен бірігуін және әлеуметтік-экономикалық дамытуын тездетуді қамтамасыз ету;

минералды-шикізаттық қорларға бай және ішкі өндірістің есебінен азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарда өзінің қажеттілігімен толық қамтамасыз ететін индустриялдық аймақты дамыту;

табиғи қорларды игеру және түбегейлі қайта өңдеу;

азық-түлік қауіпсіздігі және саланы қарқынды даму кепілі бола алатын агроөндірістік кешенді дамыту:

көкөніс өсіру саласында құрылымдық және технологиялық диверсификация жұмыстарын, таңдаулы ауыл шаруашылық өнімдерін егу аудандарын кеңейту жұмысын әрі қарай жалғастыру (Әйтекеби, Қарғалы, Матрук, Хромтау және Қобда аймағының Солтүстік бөлігінде бар бидай егістіктері);

Алға, Мәртүк, Қарғалы, Қобда және Хромтау аудандары сияқты Ақтөбенің қала маңайындағы аймақтарында сүтті мал шаруашылығын дамытуын жалғастыру (қазақтың қатты жүнді қойларын Шалқар, Байғаны, Ойыл, Темір, Ырғыз және Әйтекеби аудандарында ұстайды;



цигай тұқымды қойларды Алға, Мұғалжар және Қобда аудандарында ұстайды);

Ақтөбе қаласы және Алға ауданында шошқа және құс шаруашылығын дамыту;

инновациялық өндіріс пен аймақтық өндірістік кластерлер құрылымындағы істегі өнеркәсіптерді жетілдіруін тездетуді қамтамасыз ету;

отандық келешегі зор ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру және шет елдерінің алдыңғы қатардағы технологияларды қолдану есебінен өндіріс қуаттылығын технологиялық жетілдіру;

әлемде дамып келе жатқан көліктік және өндірістік логистика механизмдері көмегімен жасап шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестігін қамтамасыз ету;

«Шығыс – Батыс», «Солтүстік - Оңтүстік» бағыттары бойынша транзиттік орталық болып саналатын аймақ мәртебесін нығайту;

инфрақұрылымның барлық түрлерін, соның ішінде инновациялық, жетілдіру;

аймақтық экологиялық жағдайды жақсарту. Экономикалық істің экологизациялау есебінен өңірдің қоршаған ортасын түбегейлі түрде жақсарту;

орналастыру жүйесін жетілдіруді жалғастыру, негізгі тұрғылықты жерлер аясында оларға серіктес тұрғын аймақтары негізінде жоғары өмір сүру деңгейлі агломерация құрастыру.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы орындалудың әр түрлі кезеңдердегі құралдары болып есептеледі: 2011-2015 ж.ж. аралығындағы Ақтөбе облысының аймақтарын дамыту Бағдарламасының шаралар Жоспары, сәйкес мемлекеттік құрылымдарының стратегиялық және операциондық басқармалардың жоспарлары, басқармалардың шебер-жобалары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары.

Ақтөбе аймағының негізгі болашағы зор салалары:

1) мұнай және газ өңдіру;

2) қара және түсті металлургия;

3) химиялық өндіріс;

4) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу;

5) құрылыс материалдарын жасау;

Жалпы өңірдің индустриялдық кешенінде өндірістің барлық дерлік түрлері ұсынылған. Ақтөбе облысының әрі қарай дамытуында өндірістің инновациялық белсенділік пен шикізаттық емес салаларды диверсификациялау мәселелері үлкен орын алады.

Металлургиялық өндірісі және мұнай өңдеу өндірісіндегі экспорттық салаларының дамыту істегі өндірістерді қайта жаңғырту, жетілдіру, техникалық қайта жабдықтау және бағытын өзгерту жолымен өнімдерді диверсификациялауға негізделген.

Сонымен қатар өндірісті басқарудың халықаралық стандарттары және өнім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін еңгізу қарастырылады. Келесі маңызды элементі инновациялық саланы дамыту және өндірісте жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Аймақтық айналым өніміндегі шикізаттық бөлімнің орнына жоғары технологиялық экспорттық өнімді қолдану аймақ экономикасын диверсификациялаудағы маңызды мәселе болып саналады.

Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық іскерлікке кішігірім кәсіпкерлерді шақыру, кластерлік әдісі негізіндегі аймақтық нарығында бәсекелестік әлеуеті бар салаларды дамыту, халықаралық маңызы зор жаңа жобаларды іске асыру, экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторын құрастыру өңірдің бәсекелестігін арттырады және әлемдік экономикасымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.


Түиінді индикаторлар:

2015 жылы Жалпы өңірлік өнім көлемі нақты көріністе - 107,9% құрайды.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеу өнеркәсіптерінің үлесі 2015 жылы 8,0% құрайды (2011ж. – 8,4%).

Жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларын сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесі - 24%, жұмыс пен қызмет - 70% құрайды.

Шикі мұнай өндіру көлемі 2015жылы – 8,4 млн. тонна, газ - 4600,0 млн. куб.м. құрайды.

2015 жылы агроөнекәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2011 жылмен салыстырғанда 16,2% құрайды.



Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 4,8% дейін қысқарады (2011ж.- 4,9%).

Жұмысқа орналастыру бойынша өтініш білдірген адамдардан жұмысқа орналастырығандардың санының үлесі 2015 жылы - 65% құрайды.

2015 жылы тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қанағаттанушылық деңгейі - 90% құрайды

2015 жылы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының саны олардың жалпы санының - 30% құрайды (2011ж. – 12,0%).

2015 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 80% жетеді.



Тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 95 % құрайды.

2015 жылы зиянды заттарды жалпы шығарудың деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 11,8% төмендейді.



2015 жылы жоғары әлеуетті дамыған ауылдық елді мекендердің саны 41 бірлікке жетеді.

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МАҚСАТТАР ТАЛАПТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет