Тек 2009 жылы 12534 ЖКО-да 2898 адам қаза болып, 14788 адам зақымданған.
Елдi мекендердiң көше-жол желiсiнде 67,6% немесе 8476 ЖКО жасалып, онда 1070 қаза болып, 9505 адам жарақат алған.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында әрбiр бесiншi (немесе 2634) ЖКО жасалып, онда 1321 адам қаза болып, 3453 адам жарақат алған. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда ЖКО салдарының өте жоғары ауыртпалығын сипаттайды, 2009 жылы осы көрсеткiш 100 зардап шегушiнiң 28-нiң қаза болуын құрады, бұл елдi мекендердегi (10) ЖКО салдары ауыртпалығының 2,5 есе асады.
2009 жылы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен 10983 ЖКО жасалды, бұл барлық оқиғалардың 87,6% құрайды, онда 2709 адам қаза болып, 13359 жарақат алған.
Қозғалыстың жылдамдық режимiн арттырғаннан 3118 ЖКО болған, олардың үлесi барлық оқиғалардың 24,9% құрады. Автомобильдiң қозғалыс жылдамдығы — жолда жарақат алу проблемасының шешушi факторы. Ол ЖКО-ның пайда болу қаупiне және оқиғаның салдары болып табылатын жарақаттарға ықпал етедi.
Елiмiзге қарудың, есiрткiлердiң, қылмыскерлер мен экстремистердiң енуiне ықпал ететiн криминалдық шиеленiс заңсыз көшi-қонды күшейтедi. Заңсыз көшi-қон арналарын жабу бойынша құқық қорғау органдарының күшi және басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасуы жеткiлiксiз болып отыр. Қазiргi уақытта көшi-қон жағдайы республикада еңбек көшi-қоны көлемiнiң өсуiмен, заңсыз көшi-қон ауқымының өсуiмен, қаңғыбастардың, сондай-ақ қарқынды iшкi көшi-қонның болуымен сипатталады.
2010 жылдың басынан бастап iшкi iстер органдарында 865 мың, тиiсiнше 2009 жылы 813 (+6%) шетелдiк тiркелген.
Көшi-қон заңнамасын бұзғаны үшiн 122,5 мың, 2009 жылы - 113,0 мың (+7,7%) шетелдiк әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.
Сот тәртiбiмен 12873 шетелдiк, тиiсiнше 2009 жылы 11947 (+7,1%) шетелдiк елден тыс жерлерге шығарылды.
Шетелдiк еңбек күшiн заңсыз пайдаланғаны үшiн 1576 жұмыс берушi, тиiсiнше 2009 жылы 1359 (+13,7%) жұмыс берушi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған.
Көшi-қон заңнамасын бұзғаны үшiн 242, 2009 жылы 269 (-10%) қылмыстық iс қозғалған. 254 (221, +12,9%) адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 330-2-бабы бойынша заңсыз көшi-қонмен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жұмыс нашар жүргiзiлуде. Ағымдағы жылы барлығы 15 қылмыстық iс, тиiсiнше 2009 жылы 11 қылмыстық iс қозғалған.
Қалалық және аудандық деңгейдегi iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасында сыртқы көшi-қон ағындарын есепке алуға арналған "Бүркiт" Бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң мүмкiндiгiн толық пайдаланбайды. Сонымен қатар осы бағыттарда сыртқы көшi-қон саласындағы есепке алудың жаңа тетiгiн әзiрлеу қажет.
Республика бойынша жалпы 4 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Экономикалық қылмыстар (213), сондай-ақ ұрлау, заңсыз сатып алу немесе объектiлер мен биологиялық өнiмдердi өткiзу фактiсi бойынша 340 қылмыстық iс қозғалды, 3,5 мың құқық бұзушы әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, жалпы сомасы 7 млн. теңгеден астам айыппұл өндiрiлiп алынды.
Орал-Каспий бассейiнiнiң аумағында браконьерлiкке қарсы күреске ерекше назар аударылды, онда iшкi iстер органдары заңсыз аулау, балықтар мен олардың өнiмдерiн сатып алу немесе сату фактiлерi бойынша 184 қылмыстық iс қозғалды, олардың 115-1 сотқа жолданды. Заңсыз ауланған 82 тоннадан астам балық, олардан 4,3 тонна бекiре тұқымдас, сондай-ақ 1,5 мың балық аулау құралы, 26 жүзу құралдары алынды.
Сонымен бiрге экология саласында құқық қолдану практикасын зерделеу табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды ескерту және анықтау бойынша iшкi iстер органдарының жұмысының тиiмдiлiгi жеткiлiксiз жүргiзiлуде, экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу бойынша тиiстi шаралар қабылданбайды. Қозғалған қылмыстық iстiң жалпы санынан тек үшiншiсi ғана сотқа жетедi. Бұл негiзiнен iшкi iстер органдары қызметкерлерi бiлiктiлiгiнiң төмендiгiне және осы саладағы қылмыстардың жолын кесудiң, анықтаудың, ашудың және тергеудiң бiрыңғай әдiснамасының болмауына байланысты.
Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-әрекет бойынша (ұрлық, тонау, қарақшылық және автокөлiктi айдап кету) алдын ала шаралар тиiмсiз болып қалуда (5-кесте).
5-кесте. Мүлiктiк қылмыстың жекелеген түрлерiнiң динамикасы
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 жылдың 10 айы
|
ұрлық
|
63141
|
59322
|
51482
|
52696
|
49004
|
49625
|
тонау
|
13064
|
12607
|
10930
|
11231
|
9274
|
8913
|
қарақшылық
|
3002
|
2474
|
1994
|
1950
|
1623
|
1357
|
айдап кету
|
2054
|
2410
|
2411
|
2134
|
1930
|
1837
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Осы жағдай криминалдық полиция бөлiнiстерiнiң жедел ұстанымының, сондай-ақ мақсатқа бағытталған жедел-профилактикалық iс-шараларды өткiзу кезiнде әкiмшiлiк полиция қызметтерiмен бiрге өзара iс-қимылдың нашарлауына негiзделген.
Соңғы жылдары жалпы елiмiз бойынша атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстар санының өскенi байқалады, оларды қолданумен кiсi өлтiру сияқты аса ауыр қылмыс түрлерi, денсаулыққа ауыр зиян келтiру және қарақшылық жасалуда (6-кесте).
6-кесте. Атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың динамикасы
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 жылдың 10 айы
|
барлығы
|
474
|
429
|
469
|
379
|
465
|
209
|
кiсi өлтiру
|
99
|
71
|
89
|
79
|
111
|
78
|
адам өлiмiне
|
|
|
|
|
|
|
әкелетiн
|
|
|
|
|
|
|
денсаулыққа
|
-
|
2
|
1
|
3
|
5
|
11
|
ауыр зиян
|
|
|
|
|
|
|
келтiру
|
|
|
|
|
|
|
қарақшылық
|
112
|
84
|
107
|
84
|
93
|
83
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Бұл ретте осындай қылмыстың 76%-дан астамы тiркелмеген атыс қаруымен жасалған, бұл заңсыз қару айналымы арналарын анықтау бойынша жұмыстың нашарлығын көрсетедi. Жойылған және ұрланған қаруды (тек қана 2009 жылы осындай 305 фактi тiркелген) анықтау бойынша жұмыс тиiстi деңгейде ұйымдастырылмаған.
Атыс қаруын есепке алуды тиiстi ұйымдастыру үшiн республикалық гильзотекаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелiнетiн азаматтық және қызметтiк қаруға сынақ жүргiзуге арналған мамандандырылған зертханалар құруды қажет етедi.
Стратегиялық жоспар - 2020 "Ұлтаралық келiсiмдi, қауiпсiздiктi, халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етудiң" басты бағыты шеңберiнде этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру бойынша мiндеттер қойылды.
Iшкi iстер органдары соңғы жылдары қақтығыс жағдайларға олардың жаппай, оның iшiнде ұлтаралық негiздегi тәртiпсiздiкте өршуiнiң ерте алдын алумақсатында мониторинг жүйесiн енгiздi. Осылайша, 2008 жылы IIМ-нiң Ғылыми-зерттеу институтының жанында Криминогендiк жағдайдың мониторингi орталығы құрылды. Осы мәселе бойынша мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы және кiшi ассамблеялары арасында өзара тығыз iс-қимыл жасасу және ақпарат алмасу жолға қойылды.
2009 жылы уақтылы шаралар қабылдаудың нәтижесiнде этносаралық және конфессияаралық қақтығысты арандатуы мүмкiн криминалдық-тұрмыстық негiздегi 11 қақтығыстың жолы кесiлдi.
Сонымен бiрге жағдайды талдау көрсеткендей әлеуметтiк шиеленiстiң едәуiр өршуiнiң қауiптi ошағы шетелдiк капиталдың қатысуымен құрылған кәсiпорынның еңбек ұжымы болып табылады, олардың көбi елiмiздiң батыс өңiрiнде жинақталған.
Құқық қорғау органдарының жұртшылық пен азаматтармен жұмысын жандандыруды талап етiледi. Бүгiнде елiмiз бойынша "Азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Заңға сәйкес құқық қорғауға бағытталған 6 мыңнан астам (2008 ж. - 4154, 2009 ж. - 5863) қоғамдық құрылым қызмет етедi, оған 41 мың адам қатысады. Олардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 35 мың құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар криминогендiк жағдайды талдау көрсеткендей, осындай құрылымдардың желiсiн жалпы бiлiм беретiн мектептерде кеңейту қажет.
Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының және Орыс православие шiркеуiнiң басшыларымен маскүнемдiк пен алкоголизмнiң алдын алу мәселесi бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Азаматтық қоғам институттарымен құқық қорғау органдары ынтымақтастығының әртүрлi нысандарын белгiлеу Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығында атап өткендей, құқық бұзушылық профилактикасындағы негiзгi басымдықтардың бiрi болуы тиiс.
Соңғы жылдары Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптi және құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру бойынша үлкен жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мынадай заңдары әзiрленiп, қабылданды:
"Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң, оның негiзiнде iшкi iстер органдарында оларды тiркеу жолымен заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша бiржолғы акция өткiзу тетiгi құрылды;
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң, онда елден шығарылған шетелдiктерге Қазақстан Республикасына кiруге тыйым салатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк қызметiн шетелдiктердiң жүзеге асыру шарттарын айқындайтын нормалар енгiзiлген;
Iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жарақаттайтын қаруды сатып алуды, сондай-ақ тұрғындардан қаруды сатып алу үшiн құқықтық база құруды көздейтiн нормалар енгiзу мақсатында "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
Нысанды киiмдi жеке және заңды тұлғалардың заңға қайшы пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi белгiлеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киiмдi киiп жүруi (пайдалануы) мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
Кәмелетке толмағандардың демалатын және ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн белгiлеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заң, онда жеке профилактика шаралары, оларды қолдану негiздерi мен тәртiбi нақтыланған, "қорғау нұсқамасы" енгiзiлдi.
Барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiн айқындайтын бiрыңғай профилактика жүйесiн құру мақсатында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заң.
Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтарды ұстау тәртiбi мен негiздерiн бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауында жатыр.
Сонымен бiрге құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы практика көрсеткендей, оларды заңнамалық деңгейде шешу қажеттiгiнде бiрқатар проблемалар кездеседi.
Осылайша, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңының азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бақылауды күшейту бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеудi талап етедi.
Объективтi құқықтық статистиканы қалыптастыру мақсатында "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiгi туындады.
Бүгiнде iшкi iстер органдарында ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жеткiлiксiз жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық профилактикасының проблемалық мәселелерi бойынша әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу толық көлемде қолданылмайды.
Соңғы екi жылда тұрғындар арасында 5 акция ("Сәлеметсiз бе, мен сiздiң учаскелiк инспекторыңызбын", "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн", "Танысуға рұқсат етiңiз", "Зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Полиция және мектеп") өткiзiлдi, бiрақ олар эпизодтық сипатта болып келедi.
IIМ жүйесiнде көбiне бөлек-бөлек жұмыс iстейтiн автоматтандырылған деректер базасымен жасалған ақпараттардың елеулi массивi қалыптастырылды. Сонымен бiрге қазiргi күнi қалыптасқан криминогендiк жағдайды талдау және болжау үшiн осы мәлiметтердi кешендi пайдалану қажеттiгi туындап отыр. Осыған байланысты Бiрыңғай ақпараттық-талдамалық орталық құру мәселесi пысықталуда.
Қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қолдағы байланыстарды күшейтуге және шетелдер мен құқық қорғау органдарының практикалық iс-қимыл жасасу тетiгiн кеңейтуге бағытталуы тиiс.
Қылмыстылыққа қарсы күрестiң шартты құқықтық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Жан-жақты ынтымақтастықта Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымдары ауқымында құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасасуға назар аудару қажет. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылды жолға қою.
Елiмiздiң құқық қорғау органдарының БҰҰ-ның жобаларына және бағдарламаларына қатысуын жандандыру, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға және ЕҚЫҰ "Үштiгiнiң" құрамына Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын iске асыру қажет.
Практикалық мiндеттердi қоса отырып, екi жақты негiзде Ресей Федерациясының, Қытайдың, Орта Азия елдерiнiң, Еуропа және АҚШ мемлекеттерiмен құқық қорғау органдарының динамикалық байланысын жалғастыру.
Ұйымдасқан қылмыстың әртүрлi көрiнiстерiне, терроризм және өзге де экстремизм көрiнiстерiне, есiрткi трафигiне, қаруды заңсыз дайындау және айналымына қарсы iс-әрекетте шекаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылсын.
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзiрлеу шеңберiнде орын алған проблемаларды шешу бойынша позитивтi халықаралық тәжiрибе зерделенген болатын, бұл туралы қорытынды жасау осы қызметке бағдарламалық тәсiлдер кеңiнен таралған батыс елдерiн алуға мүмкiндiк бередi.
Мақсатты бағдарлама құқық бұзушылыққа халықтың қатысуының негiзгi ұйымдастырылған нысаны ретiнде алынады. Осындай бағдарламаларда осы сияқты полицияның қызметi ықшамдалған және көбiне ағымдағы мәселелерге бастама жасаумен және оны шешумен шектеледi.
Мысалы, "Очисть и посей" ("Weed&Seed") бағдарламасы АҚШ-тың федералдық ведомстволарының бастамасы бойынша жүргiзiледi және құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, коммунаны1 сауықтыру проблемасын шешуде инновациялық, кешендi, ведомствоаралық тәсiл болып табылады. Бағдарламаның мақсаты қауiпсiз қоршаған ортаны және оның тұрғындарының әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген аумақта зорлық-зомбылық қылмыстармен, есiрткiнiң заңсыз айналымымен және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерiмен күресудi қамтиды.
Бағдарлама терт iргелi қағидатқа негiзделедi: ынтымақтастық, үйлестiру, халықтың күш-жiгерi және ресурстарды бiрiктiру.
"Очисть и посей" бағдарламасын пайдалану тиiмдiлiгi (полицейлердiң басқа да бастамаларының жиынтығымен) туралы Нью-Йорк қаласы бойынша берiлген статистика куәландырады, онда оны iске асыру кезеңiнде кiсi өлтiру орташа есеппен 39%, пәтер ұрлығы 25% және автомобилдердi ұрлау 36% төмендеген.
Федералдық және жергiлiктi деңгейлерде қылмыстарды ескерту бағдарламасы iске асырылуда. Кейбiр штаттарда құқықтық тәртiптi нығайтуға азаматтардың қатысуы көшелердегi тонаудың санын 30% темендетуге мүмкiндiк бердi.
Бүгiнгi күнi анағұрлым негiзгiлердiң бiрi қылмысты ескертудiң виктимологиялық бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейдi және барлық адамдарға тән өзiн-өзi қорғауға деген талпынысты iске асырады.
Осылайша, Жапонияда қазiргi уақытта профилактикалық бейiндегi әртүрлi қоғамдық қозғалыстардың тармақталған желiлерi жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде ең белгiлiсi - Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсiп корпорацияларымен байланысы жөнiндегi комитеттер жұмыс iстейдi. Осындай алдын алу шараларының нәтижесiнде Жапонияда "түрме халқының" көрсеткiшi 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегi ең төмен көрсеткiш.
Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберiнде мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар қызығушылық тудыруда.
Мысалы, Батыс Еуропаның барлық оқу орындарында, бастауыш мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейiн, полицейлердiң қатысуымен қолданбалы виктимология бойынша дәрiстер өткiзiледi, оның нәтижелерi бойынша ниет бiлдiрушiлер өзiн-өзi қорғау тәсiлдерiн игеру және экстремалдық жағдайларда оңтайлы мiнез-құлық дағдыларын үйрену мақсатында арнайы тренингтерден өте алады.
Осындай бағдарламалар әртүрлi санаттағы оқушылардың әлеуметке қарсы мiнез-құлқының тәуекел факторлары санын төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарламаларда ең бастысы оқушылар, ата-аналар мен жергiлiктi қауым арасында өзара тығыз iс-қимыл жасасуды орнату. Сонымен қатар онда оқу орны қабырғасында оқушылардың терiс мiнез-құлқын (оның iшiнде алкогольдi, марихуананы тұтыну, темекi шегу) барынша төмендету және оқу қызметiне назар аудару көзделедi.
Осылайша, Германияда 2004 жылдан бастап балалар (-10,9%) және жасөспiрiмдер қылмысы (-4,3%) сияқты құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша едәуiр төмен көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Болгарияда кәмелетке толмағандар (14 жастан 17 жасқа дейiн) жасаған қылмыстардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда төрт жыл iшiнде 4286-дан 2930-ға дейiн, Румынияда 1958-ден 1379-ға дейiн қысқарған.
Израильде осындай жұмыс мектепке дейiнгi ұйымдарда "Мен және менiң полицейiм" жобасын iске асыру арқылы ұйымдастырылған.
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұлттық бағдарламасы Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Грецияда, Данияда, Испанияда, Италияда, Канадада, Латвияда, Литвада, Малайзияда, Мексикада, Нидерландыда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Польшада, Португалияда, Корея Республикасында, Ресейде, Сауд Аравиясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Финляндияда, Швецияда, Японияда қолданыста.
Көптеген елдерде (Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Италияда, Литвада, Малайзияда, Норвегияда, Корея Республикасында, Ресейде, Түркияда, Финляндияда) олар дара құжат ретiнде жүредi.
Кейбiр елдерде жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұлттық бағдарламасына қосымша арнайы бағдарламалар әзiрленедi. Корея Республикасында аварияны төмендетудiң жалпы бағдарламасынан басқа қазiргi заманғы жоғары технологиялық навигациялық құралдарды қолдана отырып, "интеллектуалды көлiк жүйесiн" құру бағдарламасы жұмыс iстейдi.
Профилактиканың шетелдiк тәжiрибесiн шолу батыс мемлекеттер өздерiнiң профилактикалық векторын қоғамдық ұйымдармен және халықпен тұрақты ынтымақтастыққа елеулi қайта бағыттағанын, азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде барлық мемлекеттiк органдардың қызығушылығы мен жауапкершiлiгi планкасын көтергенiн көрсетедi.
Осыған байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық бағдарламасы шеңберiнде зерделенген шетелдiк жұмыс тәжiрибесiн қазақстандық полицияның қызметiне бейiмдеуге болады деп ұйғарамыз.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында осы бағытта белгiлi бiр шаралар қабылдана бастады.
Осылайша, соңғы уақытта қабылданған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы" заңдарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасында әрбiр мемлекеттiк органның құзыретi белгiленген, сондай-ақ осы жұмысқа азаматтық қоғам институттарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуы көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |