БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов



бет3/13
Дата03.07.2016
өлшемі3.95 Mb.
#175800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Агроөнеркәсіптік кешен


Соңғы жылдары Тараз қаласында агроөнеркәсiп кешенiнің дамуы тұрақтандырылды. Бұл оң фактор болып табылады, өйткенi аграрлық өндiрiстiң орнықтылығы – азық-түлiк қауiпсiздiгi және қаланың әлеуметтiк тұрақтылығының негiзi. Ауыл шаруашылығы - бұл өндiрiстiң саласы ғана емес, қала маңы тұрғындарының өмiр салты, сонымен бiрге қала тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын жақсартуға өз үлесiн қосушы сала.

Ауыл шаруашылығының өңірлік өнімдерінің құрылымында өсімдік шаруашылығы басымдық рөлді атқарады, оның үлес салмағы 2009 жылда 86,2% құрады, ал мал шаруашылығының үлесі 13,8%-ға тең. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімінің құрылымындағы өсімдік шаруашылығының үлесі өсті, ол 2005 жылы 73,7%-ды, 2009 жылы – 86,2%-ды құрады. Өсімдік шаруашылығы үлесінің өсуі егіс алқаптарының және дәнді дақылдар өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделген.

Қалада ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндіруді арттыруда оңды серпілістер байқалуда. Азық-түлік импортының деңгейі төмендеуде, жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталу артуда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Кесте 1




2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, барлығы

1067,1

100

1069,9

100

1609,5

100

1635,5

100

1868,2

100

оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы


786,3

73,7

781,1

73

1413,5

87,8

1392

85,1

1610,6

86,2


- мал шаруашылығы

280,8

26,3

288,8

27

196

12,2

243,5

21,9

257,6

13,8

2005-2009 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 есеге артты және 2009 жылы 2005 жылғы 1,1 млрд. теңгеге қарсы 1,9 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы нақты көлем индексі 114,2%-ды құрады (1 кесте).

2009 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 1,6 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2005 жылда 0,8 млрд.теңгеге тең болған (2 есе өсті). 2009 жылы нақты көлем индексі 115,7%-ды құрады.

Қалада мал шаруашылығы өндірісінің көлемінің тұрақты өсу қарқыны байқалуда, ол 2005-2009 жылдары 8%-ға төмендеді және 2009 жылы 2005 жылғы 0,28 млрд. теңгеге қарсы 0,258 млрд. теңгені құрады.

2010 жылдың қаңтар-қараша айларын өткен жылмен салыстырғанда – ет өндіру 7,3 %, сүт сауу 1,8%, жұмыртқа 3,0 % өсті. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жеке шаруашылықтарға тікелей қатысты: Атап айтсақ еттің 93,7%, сүттің 99,3 %, жұмыртқаның 100% осы жеке шаруашылықтарға тиесілі.
Азық-түлік өндірісі

Азық-түлік өнеркәсібі қаланы дамытуда болашағы бар сала болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының Тараз қаласының шекаралық аудандарына шоғырланғандығынан, Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасқандығынан болып отыр.


Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары
Кесте 3



Компания

Негізгі өндірілетін өнім

1.

«Қант» АҚ

Қант өндіру

2.

«Та-Мак» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

3.

«Салангани» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

4.

«Галеника» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

5.

«Дәнегүл» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

6.

«Астана Самсон» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

7.

«Төлебай Май 2007» ЖШС

Өсімдік майын өндіру

8.

«Палванов» ЖК

Өсімдік майын өндіру

9.

«Надыров» ЖК

Нан-бөлішке өнімдерін өндіру

Тамақ өнеркәсібінің және қайта өңдеу өнеркәсібінің салаларында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Бірақта тамақ өнеркәсібінде келесі мәселелер туындап отыр:

Шикізаттың тапшылығына байланысты ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап 1-ші қазанға дейін «Қант» АҚ тоқтап тұрған. Жыл қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107 % құрады.

2010 жылы қаражаттың тапшылығына байланысты («Концерн Азия Казахстан», «БМ», «Тараз», «Зар-Замин» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері толығымен тоқтап тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет