БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов



бет4/13
Дата03.07.2016
өлшемі3.95 Mb.
#175800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бәсекелестікті дамыту


Қалада бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытумен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Негізгі азық-түлік тауарларына деген бағаның артуына жол бермеу туралы қажетті шаралар қабылданды. Негізгі азық-түлік тауарларының 27 түрі бойынша баға мониторингі күн сайын жүргізіледі, оның ішінде 18-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызды тауарлар. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде қалалық Штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына деген бағаның күрт өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Облыстың ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында облысқа Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қытайдан және көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінеді, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне базар аумағынан тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, дөңгелекте және жол бойында сауда жасау ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.

Жыл сайын күзгі мерзімде қала мен аудан әкімдіктері апта сайын жеміс-көкөніс өнімдерінің жәрмеңкелері базар нарығынан төмен бағамен өткізіледі.

Бәсекелестікті дамытудың бірқатар аспектілерін түсіндіру және әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнес пен «Атамекен» қоғамының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Осы тақырыпта қалалық газет беттерінде материалдар жарық көруде.


Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.

2005 жылы шағын субъектілердің саны 11594 құраса 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13662 құрап 17,8 пайызға өсті. Осы кезеңде өнім өндіру көлемі 2,5 есе өсіп, 68,8 млрд. теңгені құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 13,6 мығ адам немесе 37 %.

2010 жылы Тараз қаласы бойынша 3468 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (заңды тұлға).Жылдың басынан бері 255 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлға) 2180 құрады. Қазіргі уақытта нақты жұмыс істеп тұрған және қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1007.

229 кәсіпорын әлі өзінің қызметін бастаған жоқ, қазір олар ұйымдастыру кезеңінен өтіп жатыр. 944 кәсіпорын уақытша тоқтап тұр. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 747 сауда қызметін іске асырады, 514 кәсіпорын халыққа қызмет көрсету, 20 білім саласында, денсаулық сақтау саласында 26 кәсіпорын, 608 кәсіпорын құрылыс саласында және тек 265 кәсіпорын халық тұтынатын тауар өндіреді. Қысқартылған салық салу формасы және патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны айтарлықтай ұлғайған. Бүгінгі күнге қысқартылған салық салу формасы және патенттер саны 18513 адам. Жеке кәсіпкерлікпен қамтылған адамдар саны 13605.

2010 жылы бір күндік талон бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 5064 адамды құрады, олармен қала бюджетіне 144 млн. теңге түскен.
2005-2009 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
8 кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар




2005

2006

2007

2008

2009

Белсенді субъектілер саны, бірлік

11594

12652

12483

11448

13662

Өнім шығару, млрд. теңге

28,5

35,8

52,8

63,5

68,8

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

36,8

45,5

50,9

49,5

50,4

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Жамбыл облысына республикалық бюджет есебінен барлығы 912364,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:

- шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған мақсатты ағымды трансферттер - 600 364,0 мың теңге;

- индустриалды инфрақұрылымды дамытуға арналған мақсатты трансферттер - 312 000,0 мың теңге.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің қарауында жалпы сомасы 7200,7 млн. теңгенің 17 жобасы жатыр.

Жергілікті атқарушы органда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде БВУ-ға келіп түскен жобалар мониторингін жасауда және қалалық ақпарат құралдары арқылы да кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



Инвестициялар


Тараз қаласының инвестициялық динамикасы қызметiнiң талдауы келесi суреттемелердіi көрсетедi: 2005 жылы инвестицияның жалпы көлемi 11 721, 8 миллион теңге, ол Жамбыл облысының инвестициясының жалпы көлемінің 52, 8 % құрайды. Сондықтан Тараз қаласының көрсеткіші облыс аудандарының көрсеткіштерімен салыстырғанда бірінші орында тұр. Қаладағы инвестицияның жалпы көлемi 2009 жыл 18 437,3 миллион теңге немесе 88, 9 %, ал 2008 жылы ол 20 755, 3 миллион теңгені құраған.

2009 жылда қалалық инвестицияның салмағы жалпы облыстық нвестиция көлемiнің 8, 3 % жинағын құрады. Алғашқы көрсеткiш бойынша қала өзінің алғашқы позициясын жоғалтып, облыс аудандарынан кейін 6 орынға жайғасты. Осы сурет Тараз қаласының экономикасына қосымша инвестициялардың тартуды қажеттiлiгi туралы куәландырады.


Инновациялық белсенділік


Қаланың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған.

Инновациялық шығындар саласындағы ең белсенді сала – химия саласы (509 млн. теңге, немесе барлық шығындардың 21%-ы). Инновацияға арналған бірқатар шығындар өңдеу өнеркәсібінің өзге де салаларында (205 млн. теңге) және ауыл шаруашылығында (18 млн. теңге) байқалуда. Жамбыл облысының жалпы өнеркәсіптік шығарылымдарына қосып отырған үлкен үлесіне қарамастан, тамақ және металлургия өнеркәсібі инновациядағы қаржыларды инвестицияландырмайды. Зерттеулер мен зерттемелерді қаржыландыруда республикалық бюджет (64%) жетекші роль атқарады, 34%-ды – өз қаржылары, 1,5%-ды – жергілікті бюджет қаржылары, 0,5%-ды – даму институттарының қаржылары құрайды.

Көптеген отандық зерттеулер мен зерттемелер нақты нарықтық талаптарға бағытталмаған және импорттық ғылыми сыйымды өнімдер мен қызметтермен бәсекелесе алмайды. Өндіріске дайын ғылыми зерттемелерді ендіру механизмі жоқ.

Қазіргі кезде ғылыми зерттемелердің біршама үлесі коммерциялық қолданыс табуда. Көптеген қазақстандық зерттемешілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысындағы арнайы қызметтердің жоқтығы мәселесімен кездесіп отырады, бұл оларды ендіру процесін кешеуілдетеді.

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұзақ мерзімді болашаққа даму әлеуетін жасау, экономикалық өсімнің инновациялық бағытын қамтамасыз ету төмендегі стратегиялық қимылдарды іске асыруды көздейді:

- жаңа технологияларды өндіріске ендіру мақсатында мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдарды ұйымдастыруды қоса алғанда инновациялық процеске қатысушылардың іс-қимылдары механизмін жетілдіру өндіріс персоналдарының біліктілігін артыру;

- инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту, инновациялық қызмет саласындағы кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі желілерді ұйымдастыру, шағын инновациялық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық саласындағы дамуына ықпал ету, интеллектуалдық меншіктегі және ғылыми-техникалық қызметтердегі арнайы биржаларды дамыту;

- 2011-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық салаға инвестициялар салу мен инновациялық қызмет үшін жағымды қаржылық-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.
Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 43354,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылғы деңгейге – 102,0%.

Сауда кәсіпорындарының негізгі тауар айналымының көлемі 24677,5 млн. теңге (56,9%) құрады, сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 17508,8 млн. теңгені (43,1%) құрады.






2005

2006

2007

2008

2009

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы, млн. теңге

9655,9

16001,5

19499,6

28359,5

24677,5


Үлес салмағы, %

65,7

64,6

664,7

71,2

56,9

Базарлардың тауар айналымы, млн. теңге

5039,2

8761,2

10629,7

11473,7

17508,8

Үлес салмағы, %

34,3

35,4

35,3

28,8

43,1


Халықтың жұмыспен қамтылуындағы сауданың үлес салмағы





2005

2006

2007

2008

2009

Жұмыспен қамтылған халық – барлығы:

мың адам


133,8

144,1

164,6

170,6

172,6

Оның ішінде:

Сауда, автокөлік, жеке қолданыстағы тұрмыстық заттар мен бұйымдаржөндеу, – мың адам



30,9

33,6

36,8

37,4

39,5

Үлес салмағы, %-бен

23,1

23,3

22,3

21,9

22,9

Қала халқын сауда аумақтарымен қамсыздандыру орташа облыстық деңгейден төмен және ол 1000 адамға 168,8 шаршы метрді құрайды.


Қалада тұтыну тауарларын саудалайтын 31 киім, аралас және азық-түлік базарлары бар.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Қызмет көлемі, барлығы:

480

1013,4

1340,3

1940,2

2285,8

Көтерме тауар айналымының көлемі 2009 жылы 83406,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 113,7%-ды құрады. .


2005-2009 жылдардағы көтерме сауда динамикасы

млн. теңге




2005

2006

2007

2008

2009

Көтерме тауар айналымы

30722,4

31678,0

43302,3

71206,1

83406,6

Бөлшек тауар айналымы

14695,1

24763,3

30129,4

39833,2

43354,3

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

4873,2

7382,1

10329,2

10774,1

15166

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

9821,9

17381,2

19800

20059,1

27020,3


Туризм

Қалада 20 туристік фирмалар бар, олар ішкі және сыртқы туризммен айналысады. Туристік инфрақұрылымы қонақүйлерден, санаторийлерден, демалыс аймақтарынан, балалардың сауықтыру лагерлерінен құрылады.


Проблемалар:

1. Туристік және көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейде дамуы.

Қонақүй, мен демалыс үйлері мен базаларын қоса алғандағы көптеген орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторлық-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан өте қатты ескіргендігімен сипатталады.

Бүгінгі таңда туризмнің көлемі, түрі мен сапасы және туритерге тұруға ұсынылған жерлердің ауқымы халықаралық стандарттарға сай емес.

2. Ұлы Жібек жолының Жамбыл бөлігіндегі қызмет көрсету мен тарихи орындардың қол жетімсіздігінің жоғары деңгейі қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырады. Халықаралық насихаттау мен туристік өнімді туристік қызметтердің әлемдік нарығына жеткізу сапалы түрде қайта қарауды қажет етеді.

Туризмді дамытудың көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескерсек, жолаушылар тасымалының әуе және теміржол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және келу туризмі үшін туристерді топ тобымен тасымалдауға жеңілдік жүйелерінің жоқтығы маңызды мәселе болып табылады.

3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктіліктерін жоғарылату деңгейінің төмендігі.

Туризмді дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселенің бірі қызмет көрмету саласындағы білікті мамандардың жоқтығы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың жоқтығы мәселесіне ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін мамандар дайындау сапасына да қатысты мәселе болып табылады.
2.2.2 Әлеуметтік сала
Білім беру

Қаладағы білім саласы жылдан жылға орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сапасын жоғалтпай, тұрақтылық танытуда.

Бала-бақшаларды қалпына келтіру мен оларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға бағытталған іс-шаралардың молдығына қарамастан, бала-бақшаға кезекке қою, оқу-әдістемелік құралдар мен кадр жеткіліксіздігі, жиһаз, күрделі жөндеулер, т.б. сынды мәселелер өз шешімін таппай келеді.

Қалада қазіргі таңда мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін 52 мектеп бар. 2009-2010 жж. мәліметтер бойынша оқушылар саны 51448 бала. Оның ішінде қазақша білім беретін 1389 сыныпта 32351 оқушы, ал орысша білім беретін 790 сыныптың 18509 оқушысы болса, 14 өзбек сыныптың 262 оқушысы білім нәрін алуда.

Жол картасы бағдарламасы бойынша 2010 жылы 56872 мың теңгеге 2 орта мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Қаладағы ең басты мәселе мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі. Қазіргі таңда Таразда 29 бала-бақша жұмыс істеп тұр. Мұнда 9308 бала тәрбиеленіп жатса, кезекте бала-бақшаға орналасуға жолдама күтіп тұрған 9220 бала бар.

Осындай мәселелерді шешу үшін Республикалық «Балапан» бағдарламасы қабылданып, сол негізінде 2010 жылы «Қарасу» мөлтек ауданында 320 орындық «Назерке» балабақшасы, 75 орындық «Бәйтерек» шағын орталығы ашылды.

Білім сапасының дамуының бір көрсеткіші 2010 жылы қаладағы орташа бал өткен жылмен салыстырғанда 6 балға өскен (85 бал). Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының үлкен бүтіндей бір кешендері жұмыс жасайды. Қала мен облысымыздағы ең басты жоғарғы оқу орны М.Х.Дулати атындағы ТарМУ. Университет 1998 жылдың наурызында үш жоғарғы оқу орнын біріктіру негізінде құрылған: Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоратив-құрылыс институты және жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсіп техгологиялық институты.

Бастауыш кәсіби мамандықты 5 мемлекеттік кәсіби мектеп оқытады. Олар: №1 Тараз кәсіби лицейі, №№ 15,16,1 кәсіби мектептер, №2 теміржол кәсіби мектебі.

Жамбыл медколледжі, Жамбыл қазақ-түрік оқу экономикалық колледжі, Абай атындағы гуманитарлық колледжі, ТарМУ-дің көп салалы колледжі – кәсіби орта білім беру бойынша жұмыс істеуде.

Әйтсе де қаламызда квалификациялы және жоғары квалификациялы мамандардың жетіспеушілігі алаңдатады. Жұмыс беруші мен бастауыш және орта кәсіби білім берушілердің арасында ортақ серіктестік болмауы кадрларды білім сапасы мен экономикалық секторы сәйкессіздігіне ұшыратып, кадр дайындау мәселесіне қиындық туғызуда. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарының, кәсіби училище, колледж бітірушілердің толықтай жұмыспен қамтылмау және мамандар жетіспеушілігі мәселесі билік жағынан да, кіші және орта бизнес өкілдері тарапынан да қолдау таппай отыр. Себебі, олардың ойынша аталмыш оқу орнын бітірушілердің білім деңгейі жеткіліксіз.

Қорыта айтқанда, жалпы облысымызда түйінін қажет ететін біршама мәселелер бар. Олар:



  • әлсіз материалдық-техникалық база;

  • аудио, видео техникаларының жеткіліксіздігі;

  • Заманауи техникалық білім беру;

  • Сынық жабдықтарының кедейлігі;

  • Кәсіби техникалық мектеп колледж бітірушілерінің жұмыспен толық қамтылмауы;

Жоғарыда айтылғандар білім деңгейінің өсуін асқақтатары анық.


Жұмыспен қамту құрылымы

Тараз қаласы экономикалық белсенді халықтың құрылымында 2002-2009 жылдар кезеңінде: 2005 жылы экономикалық белсеңді халық саны қала бойынша 156,2 мың.адамды құрады, ол жалпы облыс бойынша экономикалық белсеңді халықтан 31,5%-ды құрады. 2009 жылы қаланың экономикалық белсенді халық саны 188,8 мың адамды немесе 2008 жылғы деңгейге қарағанда өсім- 100,7% (2008 ж.-187,4 мың.адам) құрады. Қаланың экономикалық белсеңді халықтың үлес салмағы облыстың жалпы көлемінде 2009 жылы 32,7%-ды құрады, ол 2008 жылға қарағанда 0,3%-ға төмен. 2009 жылы жұмыспен қамтылмаған саны 16,1 мың.адамды құрады, ол 2008 жылдың деңгейінен 96,4%-ды құрады. (2008 ж.-16,7 мың.адам).


Еңбек нарығы дамуының проблемалары:

1. Еңбек нарағындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңсіздік сақталуда, дәрігерлер, құймашылар, монтажниктер, газоэлектросварщиктер, электриктер, ауыр жүк машинасын жүргізушілер барынша қажет мамандықтар болып табылады;

2. Оқыту процесінде оқулықтардың жоқтығынан кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздар үлесінің төмендеуі, бұл қоғамдық жұмыстарға көп көңіл аударуға алып келеді;

3. Жұмыссыздардың кәсіби дайындықтан өтуі үшін оқу орнын таңдау еркінің (әсіресе ауылдық жерлерде) жоқтығы, бұл жұмыссыздардың оқу орнын таңдау еркін және кадрларды кәсіби даярлау саласында квази-нарықтық қатынастарды қалыптастыруды шектейді;

4. Өз бизнесін ұйымдастыруға әлеуметтік көмек мөлшерінің жеткіліксіздігі;

5. Мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы кадрларға ағымдық және болжамдық қажеттіліктің ғылыми негізделген мониторингінің жоқтығы;

6. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен маусымдық жұмыс істейтіндер үлесінің, әсіресе ауыл шаруашылығында, жоғарылығы; жастарды жұмыспен қамту мәселелері;

7. Әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі, жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;

8. Тілді білмеуінен және біліктіліктерінің төмендігінен оралмандарды жұмыспен қамтудағы қиындықтар;

9. Азаматтардың еңбек құқығын бұзу фактілерінің орын алуы;

10. Шетелдік жұмыс күшін тарту да еңбек нарығына әсер етуде. Қазақстандық жұмыс берушілердің объектілерді толығымен салып беруге 100 пайыздық шетелдік мамандардың қатысуымен болатын келісімдер жасауы;

11. Жақын шетел азаматтарын рұқсатсыз, заңсыз жұмысқа тарту.


Халықты әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыруға объективті қажеттілік қалада сақталып отырған кедейшілікпен байланысты. Кірістері кедейшілік деңгейінен төмен халықтың үлесі 2005-2009 жылдары 9,8% -дан 6,5%-ға төмендеді.

Қалада кедейшіліктен өз бетінше шығу үшін, өз ісін ашқаны үшін бір рет қайтарымсыз берілетін әлеуметтік көмек қолданылуда.

Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: адресті әлеуметтік, тұрғын үй көмегі, балалардың жәрдемақылары, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылған: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй жәрдемақылары республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік емес көздерден аз қамтамасыз етілген азаматтардың, мүгедектердің, ардагерлердің және жалғыз басты аналардың жанұяларына қосымша қолдау көрсетіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемалар:

1. Халықтың табыс деңгейі республикада әлі де ең соңғы орында қалып отыр;

2. Жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы еңбекақысы төмен салаларда жұмыс істейді;

3. Әлеуметтік көмек мөлшері – Қазақстан Республикасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі;

4. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;

5. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларды сау адамдар айналысатындай қызмет түрлерімен қамту мәселелері. Әлеуметтік қызметтерді таңдау мүмкіндігінің шектеуліліге, ТжКБ ұйымдастыру ;


Мәдениет

Қала әкімиятының мәдениет бөлімінің балансындағы мекемелерінің желісі 2 объектіні құрайды: 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана. Одан басқа 6 филиалдардан, 1 киноқондырғыдан, «Бейнемобиль-39099» автоклубтан құралады.



Саланың табыстары мен жетістіктері.

2009 жылы мәдениет бөлімі 312 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізген. Кітапханаларда 300 кітап көрмелер, 30 дөңгелек үстелдер, ұйымдастырылды, 30 конференциялар өткізілді. «Көрнекті ақпарат-2010» облыстық конкурсында Тараз қаласы 1-ші орынға ие болды. «Ана-тілі Сұлтаны-2010» республикалық конкурсында Тараз қаласы гран-приды ұтып алды. Сонымен бірге мәдениет мекемелерінің кейбір мәселелері бар: мәдениет ошақтарының жеткіліксіздігі, жастар театрының жоқтығы, кәсіби музыкалық аппараттың жоқтығы және мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге қаражаттың жетіспеушілігі.



2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Көлік

2005 жылға қарағанда жолаушылар көлігі бағыттары 8 бірлікке көбейді. Сонымен қатар, 2010 жылы 46 ауылдық елді мекендер тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігі болмады (2005 жылы - 69).

Облыстың 70% ауылдық елді мекендерінде автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Соңғы 5 жылда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамытуға 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарының 41 км күрделі жөндеумен, 189,3 км-і орташа жөндеумен қамтылды, 28,8 км автожолдар салынды.

2010 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 1 673,9 млн. теңге, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарға - 1 269,6 млн. теңге, аудандық мәндегі жолдарға - 404,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, республикалық бюджет қаржысы есебінен «Күйік-Қарабастау-Қаратау- Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 60 км облыстық мәндегі жолдар орташа жөндеумен қамтылған.

Облыс ішіндегі 218 қалалық, қала маңындағы және қалааралық бағыттарда, жолаушылар және жүк тасымалымен 27 жеке меншік тасымалдаушылар айналысады.

2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыс бағыттарында автокөліктер паркі 1828 бірлікті құрайды, оның ішінде 60% - шағын автобустар.

2009 жылы барлық көлік түрлерімен 46,8 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2005 жылға қарағанда 8,3 пайызға артық, жүк айналымы 1654,6 млн. тонна/км құрады және тиісінше 28,9 пайызға өсті. 2010 жылдың 9 айында облыстағы барлық көлік түрлерімен 36,9 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,9 пайыз. Жүк айналымы 1124,1 млн. тонна км құрады (104,9 пайыз).

2009 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 518,1 млн. жолаушы (2005 жылы бұл көрсеткіш - 482,0 млн. жолаушы) тасымалданды, жолаушы айналымы 3839,7 млн. жолаушы/км құрады (2005 жылы – 3156,8 жолаушы/км). 2010 жылдың 9 айында 396,0 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артық, жолаушы айналымы – 2819,3 млн. жолаушы км (7,7 пайыз).

Облыстың жолаушы-көліктік және автожол кешенінің басты мәселелері мыналар болып табылады:



  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол жабынының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер);

  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

  • жобалық-сметалық құжаттамада зертханалық жұмыстарға қаржы қарастырылмауы зертханалық сараптамалар сапасына кері әсер етеді;

  • облыстық мәндегі автомобиль жолдарын жалға беруге мүмкіндік жасайтын құқықтық базаның болмауы;

  • облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

  • қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.



Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

Мемлекеттік қорғау болмаса тұрғын үймен қамтамасыз етілу әлі де қысқарып, 2015 жылы бұл көрсеткіш адам басына шаққанда 15,1 шаршы метр құрайтын болады. Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға берудің төмен қарқынымен және халық санының өсіміне түсіндірелі.

Жамбыл облысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда екі есеге төмен.

Бағалар бойынша тұрғын үйлерге қол жеткізу деңгейі төмен.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Жылумен қамтамасыз ету

2010 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен қамтамасыз етумен тұрғын үй қорын қамту 25,8%-ды құрайды, біржола төмен көрсеткішке жатады.

Сонымен бірге, Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен және нормадан тыс шығындармен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2007-2008 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 36%-да пайдаланылған. Облыстың кіші қалаларында нақты шығындар мөлшерден асады: «Игілік» КМК КК нақты шығыстары 2007 жылы 41,8% құрайды, 2008 жылы – 37,0% және 2009 жылы – 24,9%. 2005 жылдан бастап жылу жүйелерін қайта жаңғырту мен ауыстыру, облыстың генераторлық қуаттарын жөндеу нормадан артық шығындардың азаюына себеп болды.

Жан басына шаққандағы орташа табыстың төмендігімен салыстырғанда жылумен қамтамасыз ету тарифтері біршама жоғары. Бұл табиғи газ бағасының жоғарылығымен және генераторлық қуаттардың көптігімен түсіндіріледі. Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған және ары қарай қайта жаңғырту мен ауыстыруды талап етеді. 2005-2009 жылдары барлығы 6,5 км жылу жүйелері қайта жаңғыртылған. Жылу энергия станциясын, үлкен қазандықтар мен жылу желілерін энергия үнемдеу құралдары мен технологияларды (алдын ала жекеленген құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру, сонымен қатар жылу энергия көздерін отынның арзан түрлеріне (отынды мазут пен дизелдік отынды тас көмірге) ауыстыру керек.

Жылу энергиясын өндіруге пайдаланылатын газдың бағасы халық үшін белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары, бұл газдың Өзбекстаннан импортталуына байланысты болып отыр.
Электр энергетикасы

Жамбыл облысы электр қуатын өндіруді бөлісуде шамалы қатысумен ерекшеленеді, электр қуатын магистралдық тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ-ның өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан. Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15076,99 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА. құрайды.

Жамбыл облысына электр қуатын жеткізу «ЖГРЭС»АҚ-мы, «ТЭЦ»АҚ-мы, «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-гі және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен қамтамасыз етіледі.

Облыс аумағында орнатылған электр қуаты көздерінің қуаттылығы:



  • «ЖГРЭС»АҚ - 1230 МВт;

  • «ТЭЦ»АҚ - 60 МВт;

  • «Гидроэнергетическая компания » ЖШС-2,1 МВт құрайды.

Облыс қажетілігін қанағаттандыруға қуаты жеткілікті Жамбыл гидроэлектростанциясының электр қуатына тапшылығы 2009 жылы 44 пайызды құрады. Мұнда оның жеке электростанциясы 20 пайыздан кем жүктелген болатын.

Жамбыл облысында электр қуатының энерготапшылығы бір жағынан облыс экономикасының жоғары электрсыйымдылығына және халықтың тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жоғары деңгейде пайдалануына, екінші жағынан энергия көздерінің оңтайлы емес құрылымына, оның салдарынан электр қуатының өзіндік өндірісінің бәсекеге жарамсыздығына байланысты.

Электр қуатына тарифтер Қазақстан бойынша орташа деңгейден 30 пайызға жоғары, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда халықтың табысының жеткіліксіздігін ескере отырып, үй шаруашылықтарының бюджетіне үлкен салым жүктейді.

Жоғары жіберу тарифі электр қуатын өндіруде, таратуда және сатуда туындайтын барлық мәселелерге байланысты.

Жамбыл облысында аудандық бөлімшілердің электр қуатын сатып алу бағасы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 40 пайызға артық. Ал Жамбыл гидроэлектростанциясынан өзіндік энергия қуатын сатып алу Қазақстанның солтүстігінен 20 пайыз магистралдық тасымалдауымен сатып алғаннан жоғары.

Өзіне меншікті электр қуатын жасап шығарудың жоғары бағасы Орталық Азиядан әкелінген қымбат отынға байланысты. Электр станциясы энергия көздерінің құрылымындағы мазут үлесі 70 пайызды құрайды, қалған 30 пайыз газға тиесілі. Сонымен бірге, мазут пен газдан алған электр қуатының бағасы көмірден алған электр қуатының бағасынан 18 және 7 есе артық.

Тарату желілері Жамбыл облысының электр қуатын сататын мекемелеріне электр қуатын жеткізу тарифі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 60 пайызға жоғары.

Электр қуатын сатумен бір ғана мекеме «Жамбыл-Жарық- Сауда-2030 » ЖШС-і айланысады, бұл тарифті төмендетуге қосымша үстеме төлем белгілейді.

Жамбыл облысында электр қуатын өндіру және тарату құралдарының қатты тозуы, оларды жаңартудың баяу қарқыны жоғары эксплуатациялық шығындарға әкеледі және келешекте энергожабдықтардың тоқтап қалу жағдайы да жиіленуі мүмкін.

Жамбыл облысында электр қуатын өндіруге, таратуға жылдық орташа инвестиция мөлшерлері Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден 25 пайызға төмен, қорлардың жаңартылу жылдамдығы 70 пайыздан төмен.

SVOT- талдауы бойынша электр энергетикасының дамуын тежейтін басты мәселелер айқындалды:

- энергожабдықтардың жоғары тозуы және оның салдарынан электр қуатын жоғалту мен эксплуатациялық шығындардың жоғары деңгейі, электр қуатын сатуда бәсекелестіктің жоқтығы және жоғары электросыйымдылық;

- өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының жоқтығы;

- өзіндік электр қуатының кемдігі, электр қуатының бағалары Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден жоғары.


Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысы тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорын балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 км, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 км, орта – 544,773 км, төмен – 1935,795 км құрайды.

ГТП саны – 49 дана, ТТШ – 919 дана, катодтық станциялар – 189 дана, газ құдықтары – 597 дана.

2005-2009 жылдары 168,6 км газ жүйелері іске қосылған, оның ішінде 2009 жылы – 128,24 км, бұл 2005 жылдан (2.32 км) 55 есе көп.

Жалпы газдандырылған пәтерлер саны – 136594.

Жамбыл облысы ең төмен деңгейде газбен қамтамасыз етілген облыстардың бірі - 17,2%. 383 елді мекендерден 66-сы ғана газдандырылған.

Жамбыл облысы аумағында табиғи газ Амангелді газ-кен орнынан өндіріледі.

Бүгінгі күнге кен орнында 25 ұңғыма бұрғыланып, табиғи газ және конденсат өндіріледі.

2005 жылмен салыстырғанда көлемі 18,0% ұлғайып (2005 жылы – 300 млн. текше метр), 2009 жылы табиғи газды өндірудің жылдық көлемі 354,2 млн. текше метрді құрады.

Амангелді кен орнының арқасында облыс тұрғындары пайдаланылған табиғи газға Республикадағы төмен тариф бойынша төлейді, ол 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 9,541 теңгені құрайды.

Амангелді кен орнының қуаты облыстың газға қажеттігін 50,0% кем қамтиды, сондықтан пайдаланылатын газдың жартысынан көбі Өзбекстаннан импортталады.

Өзбекстаннан импортталған газдың бағасы жергіліктіден екі есеге жоғары. Оған қоса Өзбекстаннан газ жеткізілімі өнімді емес және кідіріспен жүзеге асырылады. Облысқа газ транзиті іске асырылатын Қырғызстандағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы газ жеткізуде кідірістер болу қаупін тудырады.

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2993,74 км, оның ішінде ауылдық жерлерде 2131,8 км құрайды, оның 15% жеке меншікте.

2006 – 2009 жылдары жалпы ұзындығы 255,12 км құрайтын жаңа сумен қаматамасыз ету жүйелер салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2009 жылы 2006 жылға қарағанда 3 еседен астам су құбыры желілері іске қосылды (2005 жылы сумен жабдықтау желісін енгізу болмаған).

Облыс бойынша орталық сумен жабдықтау 2010 жылдың 1 қаңтарына жалпы 67,9 % құрады. Дегенмен 379 елді мекеннің 155-сі ғана ( 40,9 %) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 214 елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 10 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 км. құрайды.

2005 – 2009 жылдары 10,93 км кәріздік желі іске қосылды, оның ішінде 2009 жылы 7,66 км немесе 2005 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артық ( 2,16 км).

Тазарту құрылымдарының болмауы адам денсаулығы денсаулығына қауіп тудырады. Ағынды сулардың 80% алғашқы тазалаудан өтпестен сүзу алаңына келіп түседі. Сүзу алаңына түсетін салмақ мүмкінді мөлшерді төрт есеге арттырады.

Жамбыл облысының сумен жабдықтау және су жүргізу кәсіпорындарының негізгі қорғалары тозған және жаңғыртуды қажет етеді. Сондай – ақ, облыстағы ең ірі «Тараз Су» кәсіпорнының желісі 80%-ға, ұңғымалары – 90%-ға тозған.

Кәсіпорын қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қаржының жетіспеушілігі төмен тарифтерге, тұрғындардың қызмет көрсету төлемдерінің төмен деңгейіне, сонымен қатар тозған желілерді күтуге жұмсалатын көп ірі операциялық шығындарға байланысты орын алды.
Тұрғын үй қорын басқару

Қаланың тұрғын үй қоры 1077 көп пәтерлі үйлерден, олардың жалпы көлемі 1185 мың шаршы метрді құрайды (оның ішінде 117 үй күрделі жөндеуді қажет етеді) (128,7 мың шаршы метр), және 34936 жеке меншік үйлерден құралады.

Жалпыүйлік аумақтарда басқару саласында тұрғындардың төмен белсенділігінен және пәтер иелерінің кооперативтерінің (ПИК) нәтижесіз жұмыстары салдарынан тұрғын үй қоры жарамсыз жағдайға жеткізілді. Тұрғындар ПИК-не кірмейді. 2010 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 112 кондоминиум нысандары тіркелген.

ПИК-нің қызметі ашық емес. Әдеттігідей, бір ПИК-і бірнеше үйлерді біріктіріп, барлық үйлерге бірыңғай есепшот ашады, сондықтан бір үйдің тұрғындарынан жиналған ақша басқа үйлердің жөндеуіне жаратылатындығына және керісінше болуына кепілдік жоқ. Бұл, әрине үй тұрғындарының үйлерді жөндеуіге қаражат салу ықыласына кері әсер етеді. Ірі ПИК-ін бақылауға үй тұрғындарының нақты тетігі жоқ.

Қазіргі жұмыс істеп жатқан пәтер иелерінің кооперативтерінде кондоминиум нысандарын ұстауға штаттың аздығы мен жоқтығы және техникамен жабдықтаудың нашарлығы байқалады.

Қор сақтауға негіз жоқ. Әдеттегідей, тұтынушы мен монополист арасында қызмет көрсету туралы келісім-шарт төтесінен жасалынады, сондай-ақ тұтынушыға қызмет көрсету жалпы үй жүйелерімен орындалады, олар пәтер иелерінің жалпы мүлігі болғандықтан ПИК-і оларға қызмет көрсетуге мүддесіз.


Телекоммуникация.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

2009 жыл ішінде негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша біршама нәтижелерге қол жеткізілді.

2010 жылдың 1 қаңтарына телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • Тараз қаласы бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 24 бірлікті (2006 ж. – 18,9 бірлікті) құрайды.

  • Тараз қаласы бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон тығыздығы 85 бірлікті құрайды.

  • Интернет көрсеткіштерінің жалпы саны – 19 581, оның ішінде кең желілі жетімділікті пайдаланушылар – 15 423.


2.2.4. Аумақтық даму

Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 379 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 34% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 58%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

Облыстың қалаларында тұратын халық саны 437,5 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 606,6 мың адамды құрайды. Облыс жері 144,3 мың шаршы шақырым (км.) аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 7,2 адамды құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша облыс орталығы Тараз қаласында 352,5 мың адам тұрады, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 5,0 мың адамға көп.

Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 115,4 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 94,8 мың халық бар.

Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,6 мың адам тұрады.

Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 84,7 мың адам, Жамбыл ауданында – 78,9 мың адам, Жуалы ауданында – 51,9 мың адам тұрады.

Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 61,7 мың адам, Меркі ауданында – 75,0 мың адам, Талас ауданында – 51,3 мың адам, Сарысу ауданында 45,1 мың адам тұрады.

Облыстың кенттеніп, қаламен жақындасу (урбанизациялану) үрдісі Қазақстанның басқа өңірлерімен ұқсас қалыпта дамуда, бұл үрдістің бастапқы, негізгі бастаулары бұрынғы жоспарлы экономика кезінде қалыптасқан.

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, әсіресе, оның инфрақұрылымдарының дамуы зор ықпал етуде.

Облыстың басқа қалалары тұрғындар саны жағынан да, даму бағыттары жағынан да ірі қала деңгейіне жеткен жоқ. Облыстың қалалары мен аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.

Жамбыл облысында тұрғындардың, өндіріс орындарының және инфрақұрылымның орналасуында бірқатар диспропорциялар бар. Бұл мәселені реттеу үшін аумақтарды дамытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу қажет – барлық аудандарда аумақтарды дамыту жоспары болуы тиіс. Қазіргі кезде 2020 жылға дейінгі мұндай жоспар тек Тараз қаласында ғана бар.

Ауылдық елді мекендердің (АЕМ-дің) жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оларды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдармен тиісті нормативтер деңгейінде, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электр қуаттары, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету қажет.

Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 8 аудандық орталық аурухана, 9 ауылдық аурухана, 8 аудандық орталық емхана, 8 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 5 туберкулезге қарсы ауруханасы, 3 туберкулезге қарсы диспансері, 1 тері-венерологиялық диспансер, 130 дәрігерлік амбулатория, 165 медициналық пункттер жұмыс істейді. Сондай-ақ, 59 медициналық қызметкер тиісті медициналық пункттері жоқ болғандықтан, ауыл тұрғындарына өз үйлерінде қызмет көрсетеді.

2009-2010 жылғы оқу жылында облыста барлығы 114 233 оқушылары бар 388 ауыл мектептері жұмыс істесе, оның ішінде бастауыш мектептер – 65, негізгі мектептер – 46, орта мектептер – 277 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына ауыл мектептерінде 15395 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 12867, аяқталмаған жоғары білімдісі – 262, орта арнаулы білімдісі – 2245, орта білімдісі 21 адамды құрады. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2255 мұғалім жұмыс істейді.

2010 жылдың басына Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 459 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істесе, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 188, кітапханалар – 259, мұражайлар – 3, кинотеатрлар 1 бірлікті құрады.

2010 жылдың басына облыс бойынша жалпы саны 378567 адамды (62,5%) құрайтын 149 ауылдық елді мекен (39,1%) орталықтандырылған ауыз сумен, жалпы саны 216247 адамды (35,7%) құрайтын 221 ауылдық елді мекен (58%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, жалпы саны 10855 адамды (1,8%) құрайтын 10 ауылдық елді мекен (2,6%) тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тасып жеткізілетін ауыз суды Мойынқұм ауданының – 9 елді мекені, Талас ауданының 1 елді мекені пайдаланады.

Ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын дамыту үлкен маңызға ие. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, облыста жергілікті мәндегі жолдар 4246,4 шақырымды құрайды, оның ішінде, 2272,8 шақырым жол – облыстық мәндегі, 1973,6 шақырым жол – аудандық мәндегі жолдар. Олардың ішінде, 582,3 шақырым жол күрделі жөндеуді, 2142 шақырым жол орташа жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстарға барлығы 28,9 млрд. теңге қаржы қажет.

Облыс бойынша 3 ауылдық елді мекен (Сарысу ауданының Жарқұдық, Талас және Көкдала-2 ауылдары) телефондандырылмаған және электрлендірілмеген, бұл елді мекендердегі тұрғындар саны 33-тен 73 адамға дейінгі аралықты құрайды.

Аумақтарды дамытудағы басты нысаналы өлшеуіш – ауылдық елді мекендер дің экономикасының тұрақты өсуі, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы, жоғары әлеуетті даму сатысындағы ауылдық елді мекен сандарының артуы болып табылады.

Жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарына әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша, облыс құрамында 153 ауылдық округ бар, 10 ауданнан тұрады. Аталған ауылдық округтер құрамында барлығы 379 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар, олардың 137-сі – экономикалық даму әлеуеті жоғары, 240-ы – орта, 3-еуі – даму әлеуеті төмен елді мекендерге жатады және 1 елді мекенде тұрғындар тұрмайды. 2009 жылы облыста 2008 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары елді мекендер 6 бірлікке көбейді.

Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, ең біріншіден, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерге бағытталуда.
Экология
Облыстың қоршаған орта бойынша экологиялық жағдайы соңғы үш жылда тұрақтанып келеді. Мәселен Тараз қаласы бойынша ауаның ластану индексі 2009 жылы 7,4 бірлікті құрады, 2005 жылғы бұл бірлік – 7,9 құраған.

Зерттеулерді талдау көрсеткендей Шу қаласы бұрынғыдай облыстың ластануы аз қаласына, Қаратау, Жанатас ластануы орта деңгейдегі қалаларға жатады.

Қоршаған ортаның мониторингі жүйесін дамыту аясында 2008 жылдан бері Тараз қаласында тәулік бойы автоматтандырылған бақылауы бар «Скат» атмосфералық ауа саласын қадағалау станциясында бақылау жүргізіліп келеді.

Шу-Талас экологиялық департаментінің деректері бойынша стационарлық көздердің ауаға шығарындылары 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға немесе 13,8 тоннаға азайды. Шығарындылардың төмендеуі «Казфосфат» ЖШС ЖФ бойынша фосфор өндіру көлемінің 60,2 пайызға немесе 48394 тоннаға, «А. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша шығарындылардың 75,3 пайызға немесе 5,95 тоннаға азаюы есебінен болып отыр. Шығарындылардың 0,5 пайызға жуығы немесе 34,7 тоннасы қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларының орындалуынан және экологиялық департамент инспекциясының берген ұйғарымдары есебінен азайды. Инспекциямен анықталған бұзушылықтарды жою нәтижесінде 2009 жылы ластаушы заттардың шығындылары 77 тоннаға қысқарған. 2005 жылы бұл көрсеткіш 16,7 тоннаны құраған.

Өнеркәсіптік сала кескінінде химиялық саласы кәсіпорындарында шығарындылардың 24 пайызы, жылу энергиясына-14,4 пайыз, тау-кен өндіру өнеркәсібіне -10,4 пайыз, газ өнеркәсібіне – 14,2 пайыз, коммуналдық шаруашылыққа -6,1 пайыз тиесілі, қалған кәсіпорындарға облыстағы жалпы шығарындылар көлемінің 31 пайызын құрайды.

Автомобиль көліктерінің шығарындылары бұрынғыдай шығарындылардың жалпы көлемінің 75 пайыздан астамын құрайды. Алдын-ала деректер бойынша Тараз қаласындағы автомобиль көліктерінің саны 65740 тан 71870 бірлікке өсуіне қарамастан, қозғалушы көздердің шығарындыларының көлемі 2008 жылғы деңгейде болады деп күтілуде және 46 мың тоннаны (8,5 пайыз) құрайды. «Таза ауа» айлығын жүргізу кезінде инструменталдық өлшеулер деректі бойынша анықталғаны, онда автокөліктердің 50 пайыздан жоғарысында улану, түтіндеу нормалары артық.

Жамбыл облысында жер үсті сулары саласы жағдайының мониторингісі Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасымен жүргізіледі, атап айтқанда Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 9 гидрохимиялық бекеттерде және 11 створларда.

Трансшекаралық талдау деректері көрсеткендей, 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Шу өзені бойынша судың ластану индексі 1,85-тен 2,33 бірлікке өскендігі байқалады, Аса өзені бойынша (СЛИ) сол деңгейде -1,2 бірлік. Ластану индексінің Талас өзені бойынша 1,2-ден 1,42 бірлікке өскендігі байқалады. Су саласының өлшемі бойынша Шу, Талас және Аса өзендерінің сулары ластану индексі бойынша орташа ластануға жатады.

Облыс аумағында ластанған сулар көршілес жатқан Қырғыз Республикасы аумағынан келеді. Жамбыл облыстық гидрометерология орталығымен жергілікті бюджет қаржысы есебінен кіші трансшекаралық Ақсу, Қарабалта, Тоқташ Шарго өзендерінде бақылау жүргізіледі.

Кіші трансшекаралық өзендер бойынша жүргізілген зертханалық бақылаулар нәтижесі 2009 жылы ластаушы заттардың шекті-шығарындылар концентрациясы сульфат бойынша 7,6 есе, мыс 6,1 есе, фенолом 2 есе, мұнай өнімдері 1,4 есе БЛК5 5,5 есе артқанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау алдын-ала деректер бойынша 2009 жылы бірқатар кәсіпорындардың тастау көлемін азайтуынан 2,1 пайызға немесе 469 тоннаға азайды («Теміржол-су Шу» ЖШС-46,8 тонна, «Меркі қант зауыты» ЖШС-45,8 тонна, «Қант» АҚ-410,51 тонна, «БМ» ЖШС-152,317 тонна, «Игілік» МКК-235,038 тонна).

«Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС-інде өндірістің тоқтауына байланысты су көздеріне ластаушы заттарды тастау көлемі азайған.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда «Қант» АҚ бойынша ластаушы заттарды тастау көлемі 24,6 пайызға немесе 410,51 тоннаға төмендеген.

Ластаушы заттарды тастаудың негізгі үлесі 56,3 пайызға дейін коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, тау-кен саласы кәсіпорындарына-24,5 пайызы, тамақ-6,8 пайыз, жылу энергиясына-0,31 пайыз, газға-0,4 пайыз, құрылыс-0 пайыз, басқаларына-10,2 пайызы тиесілі. Онда ластаушы заттардың 99 пайызы жинағыштарға, сүзгі алаңдарына, тек 1 пайызы су нысандарына тасталынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың жалпы көлемімен кәсіпорындар үлесіне 30,2 пайыз шығарындылар (4,563 мың тонна), 21,7 пайыз ластаушы заттарды тастау (4,66 мың тонна), 80 пайыз өндіріс қалдықтарының 13668,8 мың тонна орналасуы тиесілі.

Қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында кәсіпорындармен атмосфера шығарындыларын іске жаратуға бағытталған жобалар енгізілуде, мәселен «Қазфосфат» (НДФЗ) ЖШС-гі ағымдағы жылдың сонында «Агломерат және натрий триполифосфат өндірісіне газ пешін іске жарату» нысанын іске қосу жоспарлануда, бұл табиғи газды пайдалану көлемін 3,4 млн.текше метрге азайтуға, қолданыстағы өндірісте ластаушы заттардың шығарындыларын 37 тоннаға, оның ішінде бу газдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-да жұмыстың кезеңділігіне байланысты шығарындыларды төмендетуге арналған іс-шаралар жүргізілген жоқ.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 2009 жылдың желтоқсанында «Амангелді Газ» ЖШС-нің табиғи газды тазалау және конденсатты қалыптастыру кезінде пайда болған газды іске жарату бойынша қондырғы іске қосылды, бұл жыл сайын атмосфераға шығарындыларды 40 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.



Сала мәселелері. Облыстың елді мекендерінде сарқынды суларды тазалау және бөлу мәселелерді шешілмей келеді. Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарында сарқынды суларды тазалау және бөлу жүйесі жоқ, кіші қалалар Қаратау, Жанатас, Шу және Байзақ, Жамбыл аудандарында тазалау құрылыстары мен кәріз жүйесі нашар жағдайда тұр.

Тазалау құрылғылары мен кәріз жүйелерінің апатты жағдайы жер асты суларының ластануына және осы қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкеп соғады.

2008 жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен Меркі, Қордай, Құлан елді мекендерінде сүзгі алаңдары мен кәріз жүйелерінің құрылысының, Жамбыл ауданындағы жүйке ауруларына арналған интернет үйінің сарқынды суларын механикалық тазалау кешені құрылысының, Шу қаласының тазалау кешенін қайта құру құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Облыстың өзекті экологиялық мәселелері өндірістік және тұтыну қалдықтарын іске жарату болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 6,1 млн тонна қалдықтар жиналған, Тараз қаласы бойынша-1991,1 мың тонна (в 2005 году-1880,0 мың тонна)

Бір жылда облыста 100 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар жиналады, оның ішінде 30-ы Тараз қаласы бойынша.

Олардың орналастыру орындары санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейді және қоршаған орта жағдайына теріс әсерін тигізуде. Сондықтан Тараз қаласы және аудан орталықтарында ҚТҚ көмуге арналған үлгі полигондарының құрылысы қажет. 2005 жылы облыста ҚТҚ жиналған көлемі 5,89 млн тоннаны құраған

2008 жылы Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының орталықтарында ҚТҚ полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, сонымен қатар Меркі, Қордай аудандарында және Шу қаласында ТҚҚ полигоны құрылысының сметалық-жобалау құжаттары әзірленді.

2009 жылы Тараз қаласында қатты сметалық бағасы қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысына сметалық - жобалау құжаттары әзірленді.

Қазіргі кезде сметалық бағасы 757,0 млн теңге болатын құрылысты қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде


2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Өңірді дамытудың негізгі бағыттарын талдау - әлеуметтік - экономикалық инфрақұрылымды, аумақтық даму, сонымен бірге билік институтарының бағыттары қалалық қазіргі таңда билік органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушыларының, ең әуелі азаматтардың алдында міндеттемені тиімді орындай алатынын көрсетеді.

Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қалада 9 саяси партиялардың, 132 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 47 жастар ұйымдары, 21 этномәдени бірлестік, 64 діни бірлестіктермен берілген 5 әртүрлі конфессиялар жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, қала әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.

38 БАҚ, оның ішінде 11 мемлекеттік баспасөз және 27 мемлекеттік емес тіркелген және жұмыс атқарады.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

Қалада 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2010 жылы 51084 адамды құрайды. Жастар ұйымдары саны өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2007 – 38 , 2008 – 39 , 2009 – 46 , 2010 – 47. Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2007 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 5403 адамды құраса, 2010 жылы - 8174 адам. Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуының өсімі тіркелген. Егер 2007 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 13 жастар ұйымы қатысса, онда 2010 жылы – 7. Осының нәтижесінде жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. Атап айтқанда, егер 2007 жылы іс-шараларды іске асыруға 20625 адам қатысса, 2010 ж.- 36525 адам.

Сонымен бірге жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарда қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы Тараз қалалық мәслихаттында 1 жас адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 4% құрайды (25 адам).

Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытудағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі проблемалар мыналар:

- үкіметтік емес сектордың аудандық деңгейде дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;

- әлеуметтік-елеулі жобаларды орындау сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;

- барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар санының төмен деңгейі;

- өңірлік ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.


Тілдерді дамыту

Қала халқының 85% астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Сала инфрақұрылымы Тараз қ. әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанында жұмыс істейтін Тараз қаласындағы мемлекеттік тілге үйрету Орталығымен берілген. Мұнда тыңдармандар саны өсімінің келесі динамикасы байқалады:

- 2007 жыл-қазақ тілін 136 адам оқыды (олардың 78-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2008 жыл-тыңдармандар саны 402 адамға дейін көбейді (олардың 279-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2009 жыл-мемлекеттік тілді оқитындар саны 916 адамды құрады (олардың 798-і - басқа ұлттар өкілдері);

- 2010 жыл-орталықта 1203 адам оқиды (олардың 976-і - басқа ұлттар өкілдері).
Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілген, облыс әкімдігі жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 2 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Әйелдер көшбасшылығы мектебі жұмыс істейді. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің республикалық желісінің құрамына Жамбыл облысынан үш қоғамдық бірлестік кіреді: «Жан дауа», «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы», «Тараз бастама орталығы» қоғамдық бірлестіктері.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен облыстық мектеп қызметі, сондай-ақ гендерлік стратегияны түсіндіру және насихаттау қаржыландырылады.

Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі ретінде тұрмыста да, көшеде де үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. 2010 жылдың 9 айы ішінде қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,1% өскен. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың өсуі ең алдымен халықтың жұмыссыздығына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануына, тұрмыстағы даулы мәселелерге байланысты орын алған.

Әйелдерді зорлықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдары 1176 кездесулер өткізіп, БАҚ-та мақалалар жариялады, оқу орындары мен ұжымдарда 778 түсіндіру-алдын алу әңгімелесулерін өткізді.

Облыста 1996 жылдан бастап жүкті әйелдерді және балаларды сауықтыру бойынша «Ана мен баланы аялау» орталығы жұмыс істейді.
Құқық тәртібін қорғау

Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес облыстың әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

2008 жылмен салыстырғанда құқық тәртібін нығайту және қылмыспен күрес бойынша қабылданған ұйымдық-тәжірибелік шаралардың нәтижесінде облыстағы жалпы қылмыс көрсеткіші 3,2% төмендеді (4075-тен 3943-ке дейін). 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 38,7% құрады.

Облыстағы құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарды криминалдық қауіптілікпен қорғау жүйесіне бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етуде. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың, әсіресе жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстардың, оның ішінде зорлық қылмыстары өсімінің себептерінің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, 2008 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санының бірден өсуі байқалды (2007 ж. – 271, 2008 ж. – 649), бұл қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік ахуалының индикаторы болып табылады. Алайда, қабылданған шаралардың арқасында 2009 жылы бұл қылмыстардың саны 5,1% (616 фактіге дейін) төмендеді және 2010 жылы да төмендеуі жалғасуда.

Осыған ұқсас аталған кезеңде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының өсімі байқалды (2007 ж. – 164, 2008 ж. – 198). 2009 жылы бұндай қылмыстар саны 1,6% төмендеп, 177 фактіні құрады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы мектептер, лицейлер мен гимназиялар оқушылары болып табылады.

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу шараларының бірі «мектептік» полиция инспекторлары институтын дамыту, сондай-ақ әрбір қалалық және ірі ауылдық мектепте осындай штаттық бірліктер енгізу болып табылады.

Соңғы жылдары облыста жол-көлік апаттарыныңі негізгі көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі байқалады. Жол-көлік оқиғаларының деңгейі (10 мың көлікке шаққанда) 2007 жылғы 67,9-дан 2009 жылы 39,8-ге дейін төмендеді, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар деңгейі (100 зардап шеккендерге шаққанда) 32,3-тен 31,5-ке дейін, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер деңгейі 12,6-дан 8,5-ке дейін төмендеді.

Сонымен бірге жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамалары өсімінің қарқыны көше-жол желісін дамыту қарқындарынан асып түседі. Республикалық мәндегі жолдар ұзындығының елеулі бөлігі күрделі қайта жаңартуды, көлік жүретін бөлігінің ені ұлғайтуды, оларды қоршаулармен жабдықтауды талап етеді. Жергілікті мәндегі жолдар өте нашар жағдайда.

Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік оқиғалары салдарлары ауырлығының жоғарылығын айқындайды.

Жалпы 2009 жылы қылмыстарды ашу деңгейі 70,2% құрады, 2008 жылы-67,8% (өсім 2,3%). Ауыр қылмыстарды ашу 2,5% (2008 жылғы 75,8%-дан 2009 жылы 78,4%-ға дейін), аса ауыр қылмыстарды ашу 5,9% (2008 жылғы 88,6% 2009 жылы 94,5%-ға дейін) көбейді.

Шұғыл ахуалды күрделендіретін маңызды фактор ұрлық болып табылады. Жалпы қылмыс құрылымында бірнеше жылдар бойы ұрлық фактілері көрсеткіштің жартысын құрайды, олардың әрбір екіншісі ашылмай қалады. Әрбір үшінші тіркелген ұрлық - пәтерлерді тонау. Соңғы жылдары қымбат автомобильдерді ұрлау және айдап кету жиілеген.

Облыста жасалған барлық қылмыстардың 90% астамын тергейтін ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеудің қазіргі жағдайы қарапайымдалған сотқа дейінгі өндірісті қолдану аясын кеңейту қажеттігін меңзейді.

2010 жылғы қаңтардан бастап мұндай нысан шағын және орташа ауыр қылмыстарды тергеу барысында қолданылуда. Бұдан былай ауыр қылмыстарды тергеу барсында да осындай нысанды қолдану көзделуде, бұл қылмыстық процесске қатысушы азаматтардың құқықтары мен еріктерін қамтамасыз етуге оңды ықпалын тигізетін болады.

Облыстағы нашақорлыққа байланысты ахуалдың шиеленісуі жалғасуда. Бірнеше жылдар бойы қылмыстар құрылымындағы нашақорлық қылмыстарының үлесі азаймай отыр (орташа алғанда 10%). 457 нашақорлық қылмыстары анықталды (2008 жылы-440, өсім 3,9%). Жыл сайын анықталатын есірткілер сату фактілерінің саны да төмендемей отыр. 2009 жылы есірткі сатудың 87 фактісі анықталды (2008 жылы-67, өсім 29,9%). Жыл сайын айналымнан 11 тоннадан астам есірткілік заттар, оның ішінде героиннің елеулі мөлшері алынады.

Тұрғындарды есірткі пайдалануға тарту деңгейі жоғары күйде қалуда. Есепте 5 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде есірткі заттарын медициналық емес тұрғыда пайдалануға жол берген 150-ден астам әйелдер, 12 жасөспірім. Есірткіге тәуелді тұлғаларды медико-әлеуметтік сауықтыру деңгейі облыстағы ағымдағы нашақорлыққа байланысты ахуалға сәйкес келмейді.


Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 70084 адамдық жеке құрамды 3709 құрылымдар бар, оның ішінде: 1551 адамдық жеке құрамды 167 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 12244 адамдық жеке құрамды 487 аумақтық құрылымдар; 55589 адамдық жеке құрамды 3044 объектілік құрылымдар.

Проблемалар. Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.

Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.

Ресми мәліметтер бойынша 2002 жылғы қар ерітінді суымен Жамбыл облысына 400 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. 2003 жылы Луговойда болған жер сілкінісінен 16 млрд. тенге, 2005 жылғы омбы қардан 3 млрд. тенге шығын келді. Жыл сайын техногендік және табиғи сипаттағы өрттерден 300 млн. тенгеге жуық залал келтіріледі. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан жыл сайын облыста 300-ден 400-ге дейін адам қаза табады, оның ішінде автожолдарда 200-ден астам адам. Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.



Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40,АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлкпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Облыста шатырлы лагерлер салуға арналған жабдық жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет