Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипат
2.3. Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
Ауылшаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;
Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар өндірісінің болуы.
Өнеркәсіп
Облыстың Қырғызстан, Өзбекстан және республиканың орталық бөлігі арасындағы қолайлы географиялық орналасуы;
Бай минералдық-шикізат ресурстары, табиғат-ауа райы жағдайларының әртүрлілігі;
Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі, химия, металлургия өнеркәсібі;
Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;
Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші;
Тұтыну тауарлары үшін үлкен өткеру рыногы.
Бәсекелестікті дамыту
Қолайлы инвестициялық климат;
Нарыққа кірудегі біршама төмен күрделі салымдар;
Өнімді пайдаланудың сыйымды рыногының болуы.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Жергілікті бюджет, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казагро» ұлттық басқару холдингі АҚ және басқа көздер қаржылары есебінен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған елеулі қаржылық қолдау;
Шағын бизнес саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері санының, шағын бизнес өндірісі көлемдерінің өсімі;
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
АҚ, «Ауылдық кәсіпкерлікті қаржылық қолдау қоры» АҚ, шағын несиелік ұйымдар, кәсіпкерлер қауымдастықтар сияқты шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы.
Сауда саясаты
Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;
Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.
Өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары;
Демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.
Білім беру
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;
Арнайы (түзету) білім ұйымдарының ашылуы;
Арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жағдайлар жасау;
Балаларды отбасыларына орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда;
Кәсіптік лицейлер мен колледждерді бітірушілер санынан жұмысқа орналасқандарының көбеюі.
Дене шынықтыру және спорт
Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.
Күшті жақтарының тағы бірі ҚР басқа өңірлерімен салыстырғанда денешынықтыру мұғалімдері білімінің жоғары деңгейі (мұғалімдердің басым көпшілігінің профильдік білімі бар). Сондай-ақ облыста денешынықтыруды оқыту әдістемелерін әзірлеу құзыры бар ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығы бар.
Мәдениет
Облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамытуда жұмыс жүйелендірілген;
Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;
Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.
Көлік
Облыс аумағы арқылы ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді;
Облыстық мәндегі жолдардың біршама жоғары тығыздығы;
Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.
Құрылыс
Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: гипс, шағал тас, құм, топырақ;
Құрылыс материалдары өндірісінің қарқынды өсуі;
Облыс аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бойынша мердігерлік жұмыстарға сұраныстың өсімі;
Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;
Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру;
Тұрғын үй құрылысы көлемдерінің және оларды пайдалануға берудің артуы.
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу
Жер асты сулары қорларының болуы;
Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.
Жылумен қамтамасыз ету
Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала ғимараттарының енгізілуіне байланысты коммуналдық қызметтерге сұраныстың өсуі.
Газбен қамтамасыз ету қызметтеріне сұраныстың тұрақтылығы.
Тұрғын үй қорын басқару
Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;
Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.
Электр энергетикасы
Электр энергиясын тұтынудың өсуі;
Солтүстік-оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің артуы;
Электр станцияларын дамытуға арналған қолжетімді алаңдар.
Аумақтық даму
Бүкіл облыс үшін өсім орталығы болуға қабілетті ірі қаланың болуы;
Аумақтық-кеңістіктік құрылымның ерекшелігі - өңірлік көші-қонды тарту орталықтарының болуы.
Тілдерді дамыту
Мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерін оқыту инфрақұрылымы кеңейтілді;
Мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар) ендіру қамтамасыз етілді;
Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда.
Ауылшаруашылығы
Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техникасы ескіруінің жоғары деңгейі;
Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;
Тыңайтқыштар себудің төмен деңгейі, топырақ құрамына бақылаудың және тыңайтқыштар себу бойынша ұсынымдардың жоқтығы;
Маңызды азықтық жем дақылдары түрлерін (сүрлем, силос) дайындаудың жоқтығы және осыған байланысты малдың өнімділігін төмендететін мал азығындағы қоректі заттардың аздығы;
Мал өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемелерінің әлсіздігі - 1,2%;
Инфрақұрылымдық объектілердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);
Малдың 90% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.
Өнеркәсіп
Өңірдің ел экономикасындағы төмен үлесі;
Химия саласының жоғары энергия сыйымдылығы;
Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;
Электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату жөніндегі өндірістердің бәсекеге қабілетсіздігі;
Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;
Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);
Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;
Шағын бизнесті ұстау инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;
Мұнайды қайта өңдеу зауыттарының инфрақұрылымына шектеулі қолжетімділік;
Жамбыл облысының аумағында мұнайды қайта өңдеу зауыттарының жоқтығы;
Әкімшілік тосқауылдар.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Қаржылық проблемалар: кепілдік қамсыздандырудың жоқтығынан, қаржы мекемелеріндегі өсімнің жоғары пайыздық ставкаларынан, құжаттарды қараудың ұзақ мерзімдерінен ауылдық және бастапқы бизнестің кредиттік ресурстарға шектеулі қолжетімділігі; кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;
Кадрлық проблемалар: иелері мен қызметкерлерінде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;
Кәсіпкерлер жолында әкімшілік тосқауылдардың болуы.
Сауда саясаты
Қызметтер саласында негізінен бөлу-тарату, жеке сипаттағы қызметтер, сондай-ақ инновациялық әлеуеті төмен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
Ақпараттық және ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметтер үлесі аз.
Туризм
Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;
Сервистің төмен деңгейі;
Кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.
Білім беру
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда;
Қаланың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының төмен жалақыға және артық жүктемеге байланысты білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;
Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;
Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының (саз, көркемсурет мектептері, техникалық шығармашылық орталықтары) жеткіліксіздігі.
Дене шынықтыру және спорт
Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі.
Мәдениет
Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты қала халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;
Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;
Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Көлік
Автожол төсенішінің нашар жағдайы;
Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;
Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;
Тараз қаласындағы автобус қатынасының оңтайландырылмаған бағыттық картасы;
А класты қойма терминалдарының жоқтығы;
Көлік-логистикалық орталықтың жоқтығы.
Құрылыс
Халықтың төмен кірістері;
Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;
Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;
Ескірген құрылыс технологиялары;
Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу
Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;
Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;
Су көздерінің техногендік ластануы;
Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;
Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;
Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.
Жылумен қамтамасыз ету
Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы;
Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағалардың жоғарылығы.
Газбен қамтамасыз ету
Қолданыстағы газ құбырлары желілері бұрынғы кеңес газ құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады және басқа республикаларға газды тасымалдауға арналған, сондықтан табиғи газды қажет көлемде жеткеруге қабілетсіз;
Жергілікті газ-кен орны қуаттарының төмендігі;
Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;
Өзбекстан газының қымбаттығы және жеткерудің тұрақсыздығы.
Тұрғын үй қорын басқару
Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;
Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;
Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.
Электр энергетиксы
Халық кірістерінің төмен деңгейі;
Шектеулі дәстүрлі шикізат көздері;
Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер кезінде энергия жабдықтарының жоғары физикалық және моральдық тозуы;
Жоғары энергия сыйымдылығы және электр энергиясына шығыстар тарифті көтеру мүмкіндігін шектейді.
Аумақтық даму
Өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық әркелкіліктер, қосымша құнның өнеркәсіптік буындарының жоқтығы;
Қала аудандарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі әркелкіліктер.
Тілдерді дамыту
Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;
Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.
Мүмкіндіктері
Қауіптері
Ауылшаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешенін индустриаландыру;
Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;
Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;
Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жүйесін жасау.
Агроөнеркәсіп кешенін, шағын бизнесті индустриаландыру;
Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;
Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту;
Кедендік одаққа қатысудан ашылатын өнімді экспорттау мүмкіндігі;
Балама энергия көздерінің технологияларын дамыту.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Қаладағы шағын бизнестің басымда жобаларын одан әрі тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету;
Франчайзинг және аутсорсинг принциптерінде ірі кәсіпорындар маңайындағы шағын бизнес кәсіпорындарын дамытуды ынталандыру;
Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;
Нарықтағы сұраныстар мен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткерушілер, дайын өнімді өткеру мүмкіндіктері және сатып алуларға қатысу туралы ақпараттар банкін жасау;
Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.
Сауда саясаты
Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;
Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.
Білім беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;
Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;
Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту.
Дене шынықтыру және спорт
Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;
Сондай-ақ маңызды мүмкіндіктердің бірі спорттық объектілер салу және ұстау үшін жеке инвесторлардың (жергілікті ірі компаниялардың) қаржыландыруын тарту болып табылады.
Мәдениет
Қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
НПА жетілдіру және желінің қамсыздандырылуының ең аз нормативтерін ендіру арқылы облыстың мәдени инфрақұрылымын дамыту.
Көлік
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанын ашу;
Тауар айналымын ұлғайту.
Құрылыс
Тұрғын үй құрылысын республикалық бюджетпен қолдауды ұлғайту арқылы өңір халқы үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
Ипотекалық несиелеуді одан әрі дамыту;
Үлестік құрылысты дамыту.
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу
Жеткілікті қаржыландыра отырып Тараз қаласын ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.
Жылумен қамтамасыз ету
Бюджеттік ресурстармен қарқынды қаржыландыра отырып магистралдық және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
Жеке инвестицияларды тарту.
Газбен қамтамасыз ету
Тараз қаласын газдандыру.
Тұрғын үй қорын басқару
Кондоминиумдар құру және ПИК-не ену;
Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.
Электр энергетикасы
Балама көздерден алынған электр энергиясын кепілді түрде өткеру;
Балама энергетиканың жоғары ресурстық әлеуеті;
Экономиканың барлық секторларындағы электр сыйымдылығы және халықтың электр энергиясын тұтыну деңгейінің жоғарылығы;
Электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы.
Тілдік көптүрлілікті сақтай отырып әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілді қолдану;
Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру.
Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді.
Өнеркәсіп
Республиканың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен;
Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;
Ішкі нарықтың ашылуына және Бүкіләлемдік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуге байланысты облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі, ішкі нарықтың импорттан тәуелділігінің артуы.
Сауда саясаты
Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы, облыста мектепке дейінгі балаларды қамту деңгейінің төмендігі, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындардың тапшылығы балаларды орта мектепте оқытуға дайындау және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бойынша мүмкіндіктерді шектейді;
Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан облыстағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;
Балалар мекемелерінің жабылу қаупінен балаларды отбасыларына орналастыру мәселесіне интернат мекемелері қызметкерлерінің жасырын қарсыласуы, бұл мәселеде интернат мекемелері басшыларының және қызметкерлерінің әлсіз негіздемесі;
Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды отбасыларға орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы;
Колледждердегі өндірістік оқу шеберлері жалақысының төмендігі, олардың кәсіптік білім беру жүйесінен кетуі оқу процесінің сапасының және оқушылардың практикалық тәжірибені меңгеруінің төмендеуіне әсер етуде, бұл кезегіне қарай бітірушілердің еңбек нарығындағы қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.
Дене шынықтыру және спорт
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;
Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу
Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан облыс халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.
Жылумен қамтамасыз ету
Жаңатас и Қаратау шағын қалаларында жылумен қамтамасыз ету желілері аварияларының веерлік тізбегі.
Газбен қамтамасыз ету
Өзбекстаннан газ жеткерулердің бұзылуы;
Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан елді мекендерді газдандыру үрдісінің баялау қаупі бар.
Тұрғын үй қорын басқару
Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;
Тұрғын үй қорыныі істен шығу қарқынының жеделдеуі.
Электр энергетикасы
Қуаттардың тозу деңгейінің одан әрі өсімі, авариялар санының өсімі, э/э техникалық жоғалту деңгейінің және пайдалану шығыстарының өсімі;
Энергия үнемдеу технологияларын ендіру бағытында тұтынушылар арасындағы төмен белсенділік;
Энергия үнемдеу технологияларын іске асыруға қаржылық ресурстарды тартудағы проблемалар.
Аумақтық даму
Жақын орналасқан өсім орталықтары – Шымкент қаласына және Алматы облысына халықтың көшіп кету қаупі;
Аудандардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму әркелкілігінің тереңдеуі.
Тілдерді дамыту
Мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық кемшіліктердің болуы;
Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.