Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі»


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124885
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Курстық жұмыстардың орындалу тәртібі?



Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

28 тақырып: III және IV курстарда практика өтудің ерекшеліктері



Дәріс мақсаты: III және IV курстарда практика өтудің маңыздылығын түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Практианың өту мерзімі?

Дәріс.

III – курс практикасының өту мерзімі ақпан – наурыз айларында 6 апта.

IV – курс практикасының өту мерзімі қыркүйек – қазан айларында 6 апта.

Әрбір студент сабақ өткізеді, сабақ жоспарына сай бұған қоса бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін атқарып сол сыныптағы бір оқушыға және сыныпқа мінездеме жасайды. Сол мектеп жайлы мағұлмат жинайды. Бастапқы әскери дайындық оқытушысы – ұйымдастырушысы жеке жұмыс жоспарын, апталық жоспарын, сабақ жоспарын жасайды. Сабақтан тыс уақытта әскери спорттық әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып оларға белсене қатысады.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әрбір студент сабақ өткізуі керек?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

29 тақырып: Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау?

Дәріс.

Студент жұмысын іс – тәжірибе институты бойынша практика жетекшісі бақылауға алып, практика барысында конференция ұйымдастырып өткізеді. Онда практика мазмұнын, міндеттерін, мақсатын атап өтіп әр бір студентке бекітілген оқу орынға жіберіледі. Әрбір мектепте студентке тура бақылау жасайтын сол мектептің оқушы – ұйымдастырушысы болып табылады.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Осы конференцияда қандай мәліметтер қарастырылып оқу орындарына жіберіледі?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

30 тақырып: Практика мазмұны. Студент жұмысын бақылау және бағалау оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Практика мазмұны. Студент жұмысын бақылау және бағалау оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Практика мазмұны?

Дәріс.

Практика соңында мектептің оқытушы – ұйымдастырушысы студентке мінездеме беріп оған бағасын қояды. Соңында мектеп мүдірі осыны бекітеді, барлық құжаттарды институттың кафедра бойынша оқытушысы бекітеді.



  1. Күнделік

  2. Қоңырау кестесі

  3. Сабақ кестесі

  4. Апталық жоспар

  5. Сабақ жоспары

  6. Сабақтан тыс өткізілетін шаралар

  7. Мінездеме (оқушыға, студентке)

  8. АӘД орталығы туралы мәлімет

  9. Қортынды

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Студент жұмысын бақылау?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.



Тәжірибелік сабақ.
6 тақырып: Сарбаздың әр – түрлі ұрыстағы әрекеті оқыту әдістемесі
Бөлімшеде (танкіде) нақты және үйлесімді әрекеттер жасау үшін әрбір сарбаз ұрыс құжаттарында белгіленген өз міндеттерін білуі тиіс. Бұл кезде оқушылар түсінбейтін терминдерді, мысалы: “дезактивизация”, “дегазация”, ‘дезинфекция” түсіндіріп кетуге тырысыңыздар.

Оқушыларға сарбаздың ұрыстағы қозғалысы мен жаяу ретпен қимылдау кезіндегі тәсілдері туралы айтып беру қажет.

Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен сарбаз шабуыл барысында да алған жылжиды.

Мұғалім өзі оқу қаруын (макетін) пайдалана отырып, бауды қолданбай жүріп келе жатып атысты жүргізу немесе дүмді бүйірге қысып, атыста жүргізу тәсілдерін көрсетеді.

Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

Жер бауырлай еңбектеу, жартылай төрт тағандап немесе бүйірлей жылжуы үшін, сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтынжасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлай жылжу тәсілін ең әуелі оқушыларға көрсету керек, ал содан соң қашықтықты (200 м-ге дейін) белгілеп, әрбір оқушы жүгіре ату және жер бауырлай жылжуы арқылы қозғалыс орындайтындайетіп, пәрмен беру қажет. Оқушыларды практикалық дағдыларға үйрету үшін жер бауырлай жылжудың барлық тәсілдерін орындау жөн.

Мұғалім оқушылардың назарын атыс үшін жер мен жағдайды дұрыс таңдауға аңғаруы қажет. Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы шолуды және атқылауды, сарбазды қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды, сондай – ақ атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Сарбаз атыс және бақылау жүргізу үшін жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет.

Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу және басқа жағдайларда сарбазға орлануға тура келеді автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана мөлшері, ал автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана қазудың реті көрсетілген.

Сарбаз әр түрлі табиғи кедергілерден өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Мұғалім бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды екенін ашып көрсете отырып, бөгеттерден өту тәсілдері мен құралдарын атап беруі қажет.

Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған болуы немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Қазіргі заманғы ұрыста әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар мен сымды бөгеттер кеңінен қолданылады.

Қарсылас жарылмайтын бөгеттерді өзінің оғымен тасалап миналайтын оқушылардың естеріне түсіруі қажет.

Инженерлік бөгеттер тауып, олардан өту үшін миналарды бүркенішті ашу белгілері бойынша және қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болатынын айтып беріңіздер. Сондай – ақ миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерді кесіп өту жарғыш тәсілмен немесе қолмен, миналы тралмен жабдықталған танкілер арқылы кесіп өту жүзеге асырылады.

Мұғалім оқушылар назарын инженерлік бөгеттерден өту тәсілдерін оқып – үйрену қажеттілігіне аударады.

Ұлы Отан соғысы, Ауғаныстан және басқа шағын аймақтағы соғыстарда қолданылған миналы бөгеттердің шешуші рөл атқарғаны жайлы айтып беруі қажет.

8 тақырып: Мотоатқыштар танкі взводының ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті оқыту әдістемесі


Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті – үш лек немесе екі лек бойынша жасалады .

Ұрысқа кіру реті – маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып оның жорық реті – лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін – маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі сарбаздар арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бөлімше шабулының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 –ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взодының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.

Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) – атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артта орналасады. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.

10 тақырып: Атыс қаруынан ату тәсілдері мен ережесі және қол гранатасын лақтыру оқыту әдістемесі


Қазіргі уақытта атыс қаруының барлық түрлері бойынша қажетті әдебиет бар, онда басқа сұрақтармен қатар атыс ережелері де баяндалады. Нысанаы кез келген жағдайда алғашқы кезектен (атыстан) жою өнерін меңгеру үшін атыс ережелері мен тәсілдерін білу қажет.

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерінің және жарықшақты қол гранаттарын лақтырудың теориялық негіздерін оқып – үйретудің мақсаты – оқушылардың практикалық қолдануында бастапқы дағдыларын қалыптастыру.

Әр түрлі қару түрлерінен ату тәсілдері бір – біріне ұқсас болады. Оларды мына жүйелілікпен оқып – үйренген жөн: оқжатарды патрондармен жабдықтау және патрондарды одан алып тастау – қаруды оқтау және оқсыздандыру, атуға оңтайлану, жатып (қолдан, тіреуден), тізерлеп отырып, әр түрлі тасалар артынан, оқпанадан тұрып, жүріп келе жатып, қысқа фялдама жасап атыс жүргізу және тоқтату.

Оқушыларды оқжатарды патрондармен жабдықтауға үйрету кезінде оларды жаттығу, оқсыз және ұрыстық патрондарды ажыратуға және байқау жүргізуге үйрету қажет. Бұл кезде оқушылардан жарамсыз патрондарды қолданбауын және оқжатарды жабдықтауын білуді талап ету керек.

Оқ ушылар оқжатарды дұрыс жабдықтауға үйренген соң, тәсілдерге үйретуге кірісуі қажет.

Ұрыстық қаруының (гранатаның ) жоқ болуы мұғалім мен оқушылардың оқылып жатқан сұрақтарға үстіртін қарауға және сабақта атыс жүргізу ережелері мен жарықшақты қол гранаттарын лақтыру талаптарын сақтамауға себеп болмауы керек.

Оқып – үйрену сапасын бағалау үшін келесі білім деңгейлерін ұсынамыз.

Оқушылар тарау материалын оқып – үйреніп, мыналарды білуі тиіс.



  • Атыс қаруынан (кіші калибрлі винтовкадан, автоматтан, пулеметтен), гранататқыштан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

  • Автоматтан (пулеметтен) атысқа оңтайлануды;

  • Көздеуішті, автомат (пулемет) дүмін қондыруды, көздеуді, шүріппені басуды;

  • Атысты тоқтату ретін;

  • Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдерін;

  • Әуе нысаналарын ату тәсілдерін;

  • Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдерін;

  • Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтауды.

Бұл кезде оқушылар мыналарды істеуі тиіс.

  • Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу, (атысқа оңтайлану, көздеу және шүріппені босату) тәсілдерін орындауды;

  • Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу тәсілдерін орындауды;

  • Атыс жүргізу үшін жатып, тізерлеп тұрып, тұрып атудың жағдайларын қабылдауды;

  • Гранатты бір орында тұрып лақтыруды;

  • Нысанаға дейінгі арақашыұтықты анықтауды (көзбен, дүрбімен, сызғышпен).

12 тақырып: Сапта жүру, сапта жүру тәсілдері мен қозғалысы. Бөлімше мен Взводтың сап түзеуі оқыту әдістемесі


Саптық қалып «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.

Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.

Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.

«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.

«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.

Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.

Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады

Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.




Орнында бұрылулар

Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.

Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.

Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:

бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;

екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.



Қозғалыс

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.

Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.

Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады. Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады.

Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.

Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.

Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Саптық адыммен қозғалыс жасау

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.

Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.

Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.

Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта».

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

Қозғалыста бұрылулар

Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла – БАС».

Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.

Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.

Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.


13 тақырып: Ішкі қызмет жарғысы. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы. Тәртіп жарғысын оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.

Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының


ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет