Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі»


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124885
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қоғамдық гигиена ережелеріне?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

22 тақырып: Жараққаттану, сүйектер сынуында және күюлер кезіндегі алғашқы көмек оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жараққаттану, сүйектер сынуында және күюлер кезіндегі алғашқы көмек беруді үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тереңдетілген медициналық тексерулер?

  2. Диспансерлеу?

  3. Медициналық тексеру?

Дәріс.

Негізгі емдеу-алдын алу іс-шаралары әскери қызметшілерді амбулаториялық, стационарлық, санаторлық-курорттық емдеу және диспансерлеу болып табылады.

Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметі ұсынатын емдеу-алдын алу іс-шаралары барлық әскери қызметшілер үшін міндетті.

Диспансерлеу үрдісінде:


  • әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына медициналық бақылау;

ауруларды белсенді түрде ерте анықтау;

  • әскери қызметшілердің қызмет жағдайы мен тұрмысын зерделеу, олардың денсаулығына теріс әсер ететін факторларды анықтау;

  • алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;

  • әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу іс-шаралары жүргізіледі.

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылау:



  • күн сайын жауынгерлік даярлық процесінде және тұрмыста жеке құрамға медициналық бақылау;

  • әскери қызметшілерді медициналық қарау;

  • әскери қызметшілерді тереңдетілген және бақылаулық медициналық тексерулер;

  • әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына диспансерлік динамикалық қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.


Медициналық тексеруге:


  • әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы – алдын алу егулерді жүргізу алдында;

  • мерзімді әскери қызметтің барлық әскери қызметшілері – моншада жуынар алдында;

  • қарауылдың, кезекші күштердің (ауысымның) жеке құрамы – қарауылға және жауынгерлік кезекшілікке (жауынгерлік қызметке) түсер алдында;

  • жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкін болатын әсерімен байланысты әскери қызметшілер, сондай-ақ диспансерлік динамикалық қадағалаудағы адамдар – олар үшін белгіленген мерзімдерде;

  • асханаларда, азық-түлік қоймаларында, сумен жабдықтау объектілерінде, наубайханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында тұрақты жұмыс істейтін адамдар мен санитарлар – аптасына бір рет;

  • асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам – тәуліктік нарядты таратқанға дейін;

  • әскери бөлімге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, іссапарлардан және сауығуы бойынша емдеу мекемелерінен келген, басқа әскери бөлімдерге кеткен барлық әскери қызметшілер – әскери бөлімге келген күні, бірақ оларды бөлімшеге жібергенге дейін;

  • жүргізушілер – рейске шығар алдында;

  • спорттық жарыстарға қатысушылар – жарыстар алдында алынады.

Одан басқа, аптасына бір рет әскери бөлім командирі белгілеген уақытта бөлімшенің мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің денесін қарау жүргізіледі.



Тереңдетілген медициналық тексерулер:

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін – жылына екі рет, оқу-жаттығу кезеңі басталар алдында;

офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін – төртінші тоқсанда жүргізіледі; екінші тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргізіледі. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тереңдетілген медициналық қарауға медициналық мекемелерден дәрігер-мамандар тартылады. Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу уақыты, тәртібі және орны бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Медициналық тексеруді демалыс күндері белгілеуге тыйым салынады. Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеруде барлық офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысуға міндетті.

Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімше командирі, ал медициналық қарауға рота старшинасы апарады. Олар дәрігерге бағыныстылардың денсаулық жағдайын өздерінің қадағалаулары туралы хабарлауы тиіс.

Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеру және қарау нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулық жағдайы бойынша диспансерлік динамикалық қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер есепке алынады және бақылаулық медициналық тексерулерге жиі тартылады. Бөлімшенің (ротаның) командирі жеке құрамды толық медициналық тексеру үшін жауап береді.Қандай да бір себеппен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшілерді бөлімше командирі мүмкіндік болған кезде осы үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді.

Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексерудің нәтижелері, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы әскери бөлімнің командиріне баяндайды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін амбулаториялық қабылдау әскери бөлімнің медициналық пунктінде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерінде әскери бөлім командирі мен гарнизон бастығы белгілеген сағатта жүргізіледі.

Кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алған әскери қызметшілер әскери бөлімнің медициналық пунктіне немесе гарнизонның әскери-емдеу мекемесіне тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) рота бойынша кезекшімен ротаның санитарлық нұсқаушысымен немесе бөлімше командирі тағайындаған үлкеннің командасымен жіберіледі. Рота старшинасының қол қойған сырқаттарды жазу кітабы бөлімнің медициналық пункті (медициналық рота) бойынша кезекшіге амбулаториялық қабылдау басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Дәрігер ротаның сырқаттарды жазу кітабына енгізілген барлық әскери қызметшілердің медициналық пунктке (медициналық ротаға) келуін бақылайды. Медициналық пункттен (медициналық ротадан) тыс дәрігерді шақыру және сырқатты қарау жағдайында сырқаттанғандар сырқат сипатына байланысты емделу үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне, бөлімнен тыс емдеу мекемелеріне (госпитальға, ауруханаға) жіберіледі немесе оларға амбулаториялық емдеу тағайындалады. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үй жағдайында емделу үшін қалдырылуы мүмкін. Дәрігер сырқаттарды қарау нәтижелері, көрсетілген медициналық көмектің сипаты және тағайындаулар туралы медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды, ал қорытындыны әскери қызметші медициналық қамтамасыз етілуде тұрған әскери бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысын бекітумен сырқаттарды жазу кітабына тіркейді.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері медициналық көмек алғаннан кейін ротаға санитарлық нұсқаушының немесе үлкеннің командасымен қайтып келеді. Команданың үлкені сырқаттарды жазу кітабын рота бойынша кезекшіге береді, ол оны рота командиріне береді. Рота старшинасы сырқаттарды жазу кітабында бар дәрігердің қорытындысы бойынша рота командирінің шешіміне сәйкес қажетті нұсқаулар береді.

Сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату, сабақтар мен жұмыстардан ішінара немесе толық босату туралы қорытындыны анықтама түрінде дәрігер, ал штатында дәрігер көзделмеген әскери бөлімдерде фельдшер кемінде үш күнге береді (Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрығымен белгіленген тұмаумен жаппай ауыру кезеңінде – алты күнге). Берілген мерзім өткеннен кейін әскери қызметшілер, қажет болған кезде, егер олар осыған мұқтаж болса, қайта медициналық тексеруге жіберілуі тиіс және қайта босатылуы мүмкін.

Алты тәулік өткеннен кейін, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда сырқат емдеу мекемесіне тексерілуге жіберіледі. Дәрігердің (фельдшердің) әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындаудан ішінара немесе толық босату туралы ұсынымдары лауазымды адамдардың міндетті түрде орындауына жатады. Босату туралы құжаттарды ресімдеу дәрігер (фельдшер) емдеу үшін айқындаған уақытты қысқартпауы тиіс.

Әскери қызметші қызметке келе алмаған жағдайда өзінің ауырғаны туралы командирге (бастыққа) кез келген мүмкін болатын тәсілмен хабарлауға міндетті. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан босату туралы және олардың сауыққаннан кейін қызметке шығуы әскери бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Дәрілер қабылдау және басқа да емдеу процедураларын жүргізу үшін амбулаториялық емдеу тағайындаған сырқаттар, сондай-ақ медицина мамандарының кеңесін қажет ететіндер әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) дәрігер сырқаттарды жазу кітабында (медициналық кітапшасында) көрсеткен күндері және сағатта жіберіледі. Емдәмдік тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін және әскери оқу орындарының курсанттарын тіркеу әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысы негізінде үш ай мерзімге жүзеге асырылады. Әскери бөлімнің медициналық пункті (медициналық ротаның) лазаретінде сырқаттарды стационарлық емдеу он төрт күн емдеу мерзіміне дейін жүргізіледі.

Лазаретке түскен кезде сырқаттар санитарлық өңдеуден өтеді. Әскери қызметшілерді әскери бөлімдерден тыс орналасқан стационарлық емделуге дәрігердің қорытындысы бойынша бөлім командирі, ал дәрігер болмағанда жедел көмек көрсету үшін медициналық пункт (медициналық рота) бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) бір уақытта әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндаумен жібереді. Сырқаттарды емдеу мекемесіне жеткізу фельдшердің (санитарлық нұсқаушының) ілесіп жүруімен әскери бөлімнің санитарлық немесе өзге көлігімен жүзеге асырылады. Әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден тыс емделуге жіберілген кезде жыл мезгіліне сәйкес нысанда киінуі және өзімен бірге емделуге жіберу туралы бөлім бойынша бұйрықтың көшірмесі, бөлім командирі қол қойған жол қағазы, медициналық кітапшасы, жеке басын куәландыратын құжаты, жеке гигиена заттары, қажетті жеке заттары мен азық-түлікке аттестат, қажет кезде жарақаты туралы анықтама мен медициналық сипаттамасы, ал гарнизоннан тыс емделуге кеткен кезде, одан басқа, медициналық мекеме орналасқан жерге дейін және кері жолда жүру құжаттары болуы тиіс. Әскери қызметшіні шұғыл госпитальға жатқызу кезінде медициналық мекемеге құжаттарды ұсыну жөніндегі міндет оның тікелей бастығына жүктеледі. Командир (бастық) стационарлық емделудегі әскери қызметшілерге баруды ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың емдеу мекемелерінде болуын бақылауға міндетті. Әскери бөлім орналасқан жерден тыс стационарлық емделуге түскен барлық әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды сауығуы бойынша шығару туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сол күні осы әскери қызметшілер келген бөлімнің командиріне хабарлауға міндетті. Келіп түскен сырқаттан жұқпалы ауру табылғаны туралы және уланумен, жарақаттармен келіп түскен сырқаттар туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сырқат келіп түскен әскери бөлім командирін, ал жұқпалы ауру туралы, одан басқа жақын маңдағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемені дереу хабарландыруға міндетті.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тереңдетілген медициналық тексерулер?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

23 тақырып: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәрігерлік көмек көрсету оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәрігерлік көмек көрсету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жалпы мұздау?

  2. Үсу туралы мәлімет?

Дәріс.

Төмен температураның ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдалуы пайда болады. Тіндердің шектеулі түрде зақымдаулы үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсері етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер жалпы мұздау деп аталады.

Үсу ылғал ауа, жел, ылғал киім, тар және су аяқ киімі әсерінен болады. Сондай – ақ, шаршау, ашығу, қан аздық, шок, тамырлардың ауруы, мас болу және басқа да себептер үсудің дамуына жағдай жасайды.

Жалпы мұздаудың (қатудың) белгілері: қалтырау, шаршау, ұйқы басу, соңында ұйықтап кету. Дене сіресіп, тыныс алу мен жүрек жұмысы әлсірейді. Миға қан жетіспей, ақырында адам қайтыс болады.

Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзақ уақыт әсер еткенде (аязда немесе ылғалды, суық көктемгі – күзгі уақытта) қалтырау болуы мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау байқалып, тері қышиды (“қаз терісі”). Ол терінің ашық жерлерінде, қол саусақтарында, құлақ қалқанында, кейде аяқ басында байқалады.

Зардап шегушіні жылы бөлмеге орналастыру керек. От немесе ыстық пеш жанында жылытуға болмайды. Жылыта отырып ауруға ыстық шай, кофе, шарап немесе арақ беруге болады. Жалпы қату кезінде зардап шегушіні шешіндіріп, денесін спирт немесе арақпен сылайды, есін жинатқызып, сусын береді, жылы етіп қымтайды. Егер зардап шегуші дем алмаса, онда жасанды тыныс алдырады, тері астына камфора немесе кофеин, қажет болса эфедрин, кордиамин енгізеді. Содан кейін ауруды босатады. Клиникалық өлім белгілері байқалғанда реанимациялық іс – шараларын жүргізеді.

Үсудің алғашқы кезінде ең алдымен аяқ – қолды жылы су ваннасында (су температурасы 20 – дан 37 – қа дейін ақырындап көтере отырып) жеңіл массаж жасай жылыту керек. Ысқылағаннан кейін мақтаның қалың қабатымен таза (ең жақсысы стерильді) таңғыш салу керек, аяқ – қолды жоғары көтеріп, дәрігерге жіберу қажет. Үсіген бөлік домбығып іссе немесе күлдірек пайда болса ысқылауға болмайды. Ең дұрысы үсіген бөлікке мақтаның қалың қабатымен стерильді таңғыш салады, аяқ – қолды жоғары қалыпта ұстайды және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Үсудің алғашқы кезінде ең алдымен не істеу қажет?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

24 тақырып: Негізгі ұғымдар мен анықтамалар оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Негізгі ұғымдар мен анықтамаларды оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Негізгі ұғымдар?

Дәріс.

Негізгі ұғымдар:

  • Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы;

  • Теріні күту;

  • Санитарлық тексеру (өңдеу);

  • Науқасты бөлімге апару;

  • Дененің қызуы және оны өлшеу;

  • Қан айналымына әсер ету шаралары. Қыша салу. Қан айналдыру шаралары. Қышалар;

  • Жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған ауруларды бақылау және күту;

  • Жарақат алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері;

  • Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері;

  • Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас, сүйектері, қол – аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері;

  • Басқа, кеудеге, ішке, аяқ пен қолға, бұт арасына таңғыш қою тәсілдері мен ережелері;

  • Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек;

  • Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек;

  • Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • Суға кеткен кезде көрсетілетін алғкашқы медициналық жәрдем;

  • Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Медициналық жәрдем?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

25 тақырып: Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларды оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Төтенше жағдайлар туралы мәлімет?

Дәріс.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министірлігі заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынышты аумақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, ауыл аймақтарында жасақталған.

Заманның түрлі қажеттілігіне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан алуан қызметтері құрылды.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдарда бар. Бұл осы салалардың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта сондай – ақ шаруашылық жүргізуші объектілер үшін аса маңызды екенін көрсетеді.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Төтенше жағдайды болжау және болатын салдарын бағалау?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

26 тақырып: Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай агентствосының рөлі, негізгі ұйымдастырылу структурасын оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай агентствосының рөлі, негізгі ұйымдастырылу структурасын тусіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері?

Дәріс.

Қазақстан Республикасының басты қорғанысы оның Қарулы Күштері болып табылады. Дұшпанның шабуылына соққы беру немесе оның талқандалуы үшін – бүкіл халықтың және шаруашылық объектілерінің жаппай жою қаруына қарсы дер кезіндегі дайындықтың маңызы зор. Бұл міндетті орындаудағы ерекше рөл Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына жүктеледі.

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі . ол дұшпанның түрлі қаруларының (жаппай жою қаруының, аса қуатты қарудың т.б. қару түрлерінің) сондай – ақ техногендік және табиғи сипаттың негізгі факторларының халық пен объектілерге әсерін әлсірету үшін Азаматтық қорғаныс функциялары Төтенше жағдайлар агенттігіне, заңды тұлға болып табылатын әскери емес құрылымдарға жүктелген.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:


  1. Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.

  2. Бастырмалатқан соққылардың нәтижелілігін бәсендету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.

  3. Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын атықтау.

  4. Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.

Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:



  • Дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезінде анықтау;

  • Техногенді және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіп – қатерін болжау;

  • Халықты жаппай жою қаруының, техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлардың әсерінің қаупі жайында ескерту;

  • Халыққа радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану мен қауіпті факторлар жайында хабарлау.


Екінші міндеттің орындалуы былайша жүзеге асырылады:

  • Халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен қамтамасыз ету;

  • Түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;

  • Радиациялық және химиялық қауіпті объектілерді елді мекендерден тыс жерде орналастыру мен белгіленген санитарлық нормаларды қадағалау арқылы;

  • Қазіргі құрылыстың нормалар мен талаптарға сай сейсмологиялық қауіпі жоғары аудандарда тұрғын үйлер және өндірістік мекемелер салу арқылы.

Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері зардаптарының анықталуын болжамдау, жағдайды бағалау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, шабуылдың зардаптарының жою және объектілерді қалпына келтіру үшін қажет мәлімет алу мақсатында барлау мен бақылау жүргізу жолымен Азаматтық қорғаныстың барлық күштері мен құралдары апрқылы іске асырылады.

Дұшпан соққыларының қираған зардаптары мен қауіпті факторлар әсерін жою кезінде халықтың қалыпты өмір жағдайларын құру мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:


  • Жаппай жою қаруы қолданылған ошақта лектік жолдардың салынуы;

  • Мемлекеттік басқару органдарының, электршаруашылық объектілерінің, сумен жабдықтаудың, көпірлердің, т.б. жұмыстарын қалпына келтіру;

  • Жаппай жұқпалы аурулар ошақтары пайда болған жағдайда – құтқарушымен оңашалық – шектеу шаруаларын (карантин, обсервациялық бақылау) жүргізу;

  • Материалдық қорды толықтыру;

  • Техника мен ғимараттарды залалсыздандыру жұмысын жүргізу;

  • Сумен жабдықтау мен тамақтану орындарын ұйымдастыру;

  • Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар агенттігінің объектілік құрылымдары арқылы халықтың санитарлық өңдеуден өтуін жүргізу.

Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру және құтқарушылық дереу апаттық қалпына келтірушілік жұмыстарын жүзеге асыру үшін шаруашылықтың барлық объектілерінде әскери емес құрылымдар құрылады. Объектілік құрылымдардың саны өндіріс көлеміне, жұмысшылар мен қызметкерлердің санына байланысты.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері?


Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

27 тақырып: Педагогикалық практиканы өту және жоспарлау. Тіркеу және есеп беру, курстық жұмыстарды орындау оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жоспарлау, есеп беру, курстық жұмыстарды орындауды үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Курстық жұмыстардың орындалуы?

Дәріс.

050104 “Бастапқы әскери дайындық ” мамандығы бойынша III – курстың 5 – ші семестрінде Бастапқы әскери дайындық оқыту әдістемесі пәнінен студенттер курстық жұмыс орындауы тиіс. Курстық жұмыста оның жоспары, мақсат – міндеттері, қолданылған әдебиеттер болуы тиіс. Курстық жұмыстың тақырыптары төменде ұсынылған:



Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары

  1. Ұрыстағы сарбаздың әрекетін зерттеу әдістемесі.

  2. Барлаудағы сарбаздың әрекетін зерттеу әдістемесі.

  3. Дене дайындығы процесіндегі әскери қызметкерді зерттеу және тәрбиелеу әдістемесі.

  4. Төменгі, калибрлі қарудан атуды үйрету және қойылатын негізгі, талаптар әдістемесі.

  5. Қорғаныс ұрысының мәні және зерттеу әдістемесі.

  6. Төменгі, калибрлі ТОЗ – 8, ТОЗ – 12 винтовкаларының ұрыстық қасиеті және жалпы құрылысын зерттеу әдістемесі.

  7. Калашников қол пулеметінің құрылысы, ерекшеліктерін және неге арналғанын зерттеу әдістемесі.

  8. Ату негіздері және тәртібін зерттеу әдістемесі.

  9. Оқу орнының оқулық табелді қаруларын есепке алу және сақтауды зерттеу әдістемесі.

  10. Автоматтан ату және қол гранатасын лақтыруды зерттеу әдістемесі.

  11. Қару мен және қарусыз қозғалыстағы саптық тәсілдерді зерттеу әдістемесі.

  12. БӘД бойынша сабақ өткізудің негізгі түрлері және әдістерін зерттеу әдістемесі.

  13. Калашников 5,45 мм автоматтың ұрыстық қасиеттерін зерттеу әдістемесі.

  14. Қазіргі жалпы әскери ұрыстық негізгі принциптері және оқу әдістемесі

  15. Автоматтан оқ ату және қол гранаталарын лақтыруды үйрету және тәсілдерді әдістемесі.

  16. Жабық түрдегі құрылымда ұрыс жүргізуді оқыту әдістемесі.

  17. Қазіргі жалпы әскери ұрыс сипатын және түрлерін оқыту әдістемесі.

  18. Картасыз жергілікті жерде бағыт – бағдарды оқыту әдістемесі.

  19. Атмосфералық қысым және оның адам ағзасына әсерін оқыту әдістемесі.

  20. Әскери педагогика және психологияны әскери басшыларға оқыту әдістемесі.

  21. ҚР әскеріндегі қарулану және ұрыс техникаларын оқыту әдістемесі.

  22. ҚР ҚК тәртіптік жарғысын оқыту әдістемесі

  23. Саптық дайындық бойынша сабақты оқыту әдістемесі

  24. Қорғаныстағы сарбаздың әрекетін оқыту және зерттеу әдістемесі

  25. Ұрыс жүргізу барысында бөлімді басқару және оқыту әдістемесі

  26. Барлаудағы мотоатқыштар бөлімін оқыту әдістемесі

  27. ҚР – мектептерінде, оқу орындарында БӘД ұйымдастыру және өткізуді оқыту әдістемесі

  28. Әскери сәлем беру, саптан шығу және бастыққа келуді оқыту әдістемесі

  29. Әскери жетекші қызметіндегі, тұлғаның педагогикалық дайындауды оқыту әдістемесі

  30. Гранатаметтан ату тәсілдерін оқыту әдістемесі

  31. ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі

  32. ҚР ҚК гарнизондық және қарауылдық қызметі жарғысын оқыту әдістемесі

  33. Тактикалық дайындық бойынша сабақ өткізу әдістемесі

  34. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «АК – 74 тен ату тәсілдері және тәртібі».

  35. Инженерлік дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Жарылмайтын бөгеттер».

  36. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «ПК, ПКТ – ату тәсілдері және тәртібі».

  37. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Ату негіздері».

  38. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «ТҚГ – ату тәсілдері және тәртібі».

  39. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі « АП, ПКТ – күту, сақтау».

  40. Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Шабуылдағы МАБ ұрыстық мүмкіндіктері».

  41. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ шабуылда».

  42. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бетпе – бет ұрыс».

  43. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ қозғалыста».

  44. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ бір орында орналасқанда және қарауылдық қорғауда».

  45. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Ұрыс ұйымдастыру және ұрыстағы бөлімшені басқару».

  46. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше шабуылда».

  47. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше қорғаныста».

  48. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше маршта».

  49. Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «БТР – дағы МАБ штатты – құрылымдық ұйымдастылуы».

  50. Далалық сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік шаралары және өткізу әдістемесі.

  51. Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі және барлауға қойылатын талаптарды өткізу әдістемесі

  52. Атыстық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу әдістемесі.

  53. Тасада отырған ЖҰМ мотоатқыштар бөлімі

  54. Қолдың жарықшақты Ф – 1 гранатасының ұрыстық қасиеті және құрылысы.

  55. Шетел армиясы мото жаяу әскер бөлімшесінің қарулануын және әрекет ету тактикасын ұйымдастыру

  56. Атыс қаруының материалдық бөлігін үйрету бойынша сабақ өткізуді ұйымдастыру және әдістемесі

  57. «Қалқан» әскери – спорттық ойынын ұйымдастыру және өткізу.

  58. Әскери жетекшінің сабаққа дайындалуын ұйымдастыру

  59. Мотоатқыштар ротасын ұйымдастыру, қарулануы және ұрыстық техникасы.

  60. Қолдық жарықшақты Ф – 1, РГД – 5, РГО, РГН, гранаталарын лақтыру тәсілдері және тәртібі

  61. Ату тәсілдері мен тәртібі және қозғалымайтын нысананы ату.

  62. Дәрігерлік көмек көрсету тәсіл әдістері

  63. Әскер түрлері және олардың ҚР ҚК орны.

  64. БӘД бойынша тактикалық сабақ. Оқыту әдістемесінің мазмұны

  65. БӘД құрамындағы дене дайындығы, өткізу әдістемесі.

  66. Токсикомания, наркомания және ЖПС оқыту әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет