Бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін. 2) Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу



жүктеу 1.7 Mb.
бет2/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Негізгі тұжырымдар
       ҚР АӨК-сін дамыту мақсатын белгілеу кезінде мынадай сыртқы ортада қалыптасқан шешуші үрдістерді және ҚР АӨК-індегі ағымдағы жағдайды ескеру қажет:
      1) экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды;
      2) өнімділікті арттыру және технологияларды жаңғырту қажет;
      3) 1990-шы жылдардағы реформаларға дейінгі кезеңнің сандық, алайда бірқатар кіші салалар бойынша сапалы өзге нарықтық негіздегі көрсеткіштерге шыға отырып, дамудың қалпына келтіру кезеңі аяқталуда;
      4) алдағы ДСҰ-ға кіру және КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауларының өзгеруі және мемлекеттік қолдау деңгейін төмендету кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мәселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады;
      5) өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, АШТӨ үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер қатынастары, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.
       Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін ҚР АШМ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерін мынадай бағыттарға бағыттау қажет.
      Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия, бірінші кезекте, дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен өндірісті әртараптандыруды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруды көздейді, осыған байланысты салық салу жүйесін жетілдіру қажет. Бұдан басқа, табыстарды баршаға ортақ декларациялау тұжырымдамасына сәйкестікті, ДСҰ талаптарын, салық салу көлемдерін табыстар көлемдеріне барабар қамтамасыз етуді, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан салықтық есеп енгізуді, салықтық есепті оңайлатуды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда салық салушылардың толық қамтылуын қамтамасыз етуді, көлеңкелі схемалар құру мүмкіндігін алып тастауды, жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді, салықтық жүктеменің мәнді артуын болдырмауды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға АӨК субъектілеріне оңтайлы салық салу режимдері жөніндегі ұсыныстар енгізу қажет.
      Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.
      Мал шаруашылығы саласында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру және АШТӨ-ні етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Асыл тұқым базасын дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастыру қажет. Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау керек. Сондай-ақ жемшөп өндірісін дамыту, азып-тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру және суландыру жөніндегі шараларды қабылдау тиіс. Шағын және орта фермаларды және отбасылық үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша жұмысты күшейту қажет.
      Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықты тауарлық өндіруді арттыру мақсатында акваөсіру өнімдерін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау керек.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы КО бойынша негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда. Осы арада, мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарын техникалық реттеу, сауда, бәсекелестікті қорғау, ақпарат, кеден және шекара қызметтері мәселелерінде түзетулерді жүргізу қажет. Отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ішкі нарығын арттыру және сыртқы нарығын кеңейту мақсатында мүдделі уәкілетті органдармен ынтымақтастықта ішкі нарықты импорттық тауарлардың жасырын демпингінен қорғау; техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту; отандық тамақ өнімдерін басым сатып алу бөлігінде заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; отандық өнімдерді сауда желілерінің сөрелеріне жеткізу тетігін жетілдіру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту; отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару; аралас салаларды дамыту; ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.
      Халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін жағдай жасау керек.
      Өнімді сақтау және тұтынушыларға дейін жеткізу логистикасын дамыту жолымен нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен одан әрі молықтыру, АШТӨ-ні кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру бойынша шараларды іске асыру қажет. Осылайша, ҚР АШМ саясатын еңбек өнімділігі жоғары АӨК субъектілері үшін өнімді тауарлық өндіруді қолдауға бағыттау қажет, бұл отандық өндірісті қарқындатуға және көлемін көтеруге мүмкіндік береді.
      Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіру АШТӨ-ден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық базаны жетілдіру мәселесін пысықтау қажет, жануарлардың ауруларына қарсы күрес стратегияларын қайта қарап, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингілеу үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың тармақталған желісін құру керек. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың кенттер деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Фитосанитария саласында аса қауіпті организмдермен күресудің заманауи қауіпсіз әдістерін енгізу жөніндегі бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет.
      Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ынталандыру және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жеке дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшуді (кредиттер және лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, қаржы ұйымдары алдындағы АШТӨ қарыздарын кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу), сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауды көздеу қажет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақсыздығын болдырмау және олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында аталған кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қажет.
      АӨК-ні индустриялық-инновациялық дамытуды жоғары технологиялы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын ықпалдастырылған басқару қағидаттарын енгізу жолымен жүзеге асыру қажет.
      Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен БЭК-тағы мүшелік тұрғысында отандық АШТӨ-ге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы


индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаның негізгі мақсаты ҚР АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.


      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады:
      1. Қаржылық сауықтыру.
      2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
      3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту.
      4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

      Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:


      1) АӨК субъектілерін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
      2) АӨК субъектілерінің қарыздық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен 300 млрд. теңге жалпы сомасына кемінде 8 жылға ұзарту;
      3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
      4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
      5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;
      6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай 62 %.

       4.1 Қаржылық сауықтыру


       АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

      7-кесте. АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша төлем мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге

150

150



















2.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау көлемі, млрд. теңге

7,9

14,7

13,0

11,3

9,6

7,9

6,3

4,6

      Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.
      Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайта қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.
      Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды жылына 7 %-ға дейін жеткізу мақсатында, ал ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша түпкілікті төлеуші – АӨК субъектісі үшін жылына 4 %-ға дейін жеткізу мақсатында оларды қаржылық агент арқылы ұсына отырып, қолдау көрсетеді. Қаржылық сауықтыруға жататын әрбір АӨК субъектісі бойынша шешім ҚР Үкіметі бекіткен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржылық институттардың кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларына сәйкес жеке тәртіппен қабылданады.
      Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.
      АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға арналған қаражатты қаржылық агент және/немесе екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған капитал нарықтарынан тартады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.
      Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

      4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру


      Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      2) астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
      3) АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      5) ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарықтарының болуын және өңірлерді дамыту әлеуетін ескере отырып әртараптандырылып жүргізілетін болады. Осыған байланысты өңірлер бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің ресурстық әлеуетін бағалау және ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесінің тиімділігін талдау жүргізіледі.
Бұдан басқа, ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен тетіктері әзірленеді.

      4.2.1. Өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру


      4.2.1.1. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығы секторының тартымдылығын арттыру мақсатында АШТӨ үшін егіс және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін АШТӨ-нің жеміс-жидек бақшалары мен жүзімдіктер отырғызуға және өсіруге жұмсаған шығындарының бір бөлігін, көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындарын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

      8-кесте. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған егіс алаңдары, млн. га

18,9

19,7

19,8

19,9

19,9

19,9

20,0

19,9

2

Субсидиялаумен қамтылған жабық топырақтағы көкөністер алаңы, га

0

364

394

424

461

461

461

461

3

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңы, га, оның ішінде:

























1-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

8 007

жүзім

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

жүзім

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

3-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 231

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

жүзім

474

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

4-вегетация, га

























жеміс

1271

1231

114

150

350

550

750

950

жүзім

1153

474






















5-вегетация, га




























жеміс










114

150

350

550

750




6-вегетация, га




























жеміс













114

150

350

550




7-вегетация, га




























жеміс
















114

150

350

      4.2.1.2 Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      АШТӨ-ні өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ынталандыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болжанады.

      9-кесте. Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

231,2

255,8

269,2

303,0

334,5

360,6

386,6

412,7

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған гербицидтер көлемі, мың литр

27 873,0

30 713,9

30 956,7

31 279,0

31 371,7

31 524,9

31 728,4

31 928,5

      4.2.1.3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Республиканың астық нарығының дамуы ғылыми негізделген нормалар бойынша қажетті көлемде дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының дамуын ынталандырды. Сонымен қатар, қатты бидай, сыра қайнатуға арналған арпа, бұршақ, жарма, майлы дақылдар, қант қызылшасы тәрізді дақылдар бойынша элиталық тұқым өндірісінің деңгейі оларға деген қажеттілікті толық қанағаттандырмайды.
      Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерді, әсіресе ұсақ тұқымды дақылдардың тұқым шаруашылығы бойынша субъектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру проблемасы бар. Тұқым шаруашылығы жүйесін ұйымдастырудың және көбейтуге берілген тұқымдар санының жеткіліксіздігі салдарынан оларды селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін өндіріске жіберілген жаңа сорттар мен гибридтердің баяу енуі байқалады.
      Питомник шаруашылығы жүйесін қалпына келтіру, питомниктерді техникалық және технологиялық жаңғырту, отырғызу материалын сақтау мен өткізудің сервистік орталықтарын құру, егу кешендерін салу талап етіледі.
      Селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы мәселелерінің маңыздылығы мен басымдылығын ескере отырып, селекцияны дамыту және жұмыс істету, сорттар мен гибридтерді мемлекеттік және өндірістік сынау, бірегей және элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу, оларды бірінші-үшінші репродукцияға дейінгі тұқым шаруашылықтары желісінде көбейту, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылау жүйесі жетілдірілетін болады.

      10-кесте. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық тұқым көлемі, мың тонна

73,6

96,2

102,1

110,1

120,0

140,0

150,5

168,3

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық екпелер көлемі, мың дана

2433,9

1897,65

1897,65

2949,7

4001,8

4001,8

4493,2

4493,2

3

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарын отырғызу алаңы, га

12,86

23,38

23,38

10,92













4

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарына қызмет көрсету алаңы, га

29,3

21,6

36,24

46,76

34,3

10,92







      4.2.1.4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезіндегі қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Отандық мақта талшығы мен шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сараптамалардың көрсетілген түрін жүргізуге субсидия бөлуді жалғастыру жоспарлануда. Сараптау жүргізу өнімді сертификаттауға және оны жоғары құнмен өткізуге мүмкіндік береді, бұл АШТӨ-нің және шитті мақтаны қайта өңдеушілердің кірісін толықтырады.

      11-кесте. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялау есебінен жүргізілген мақта талшығының сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

170

394

388

382

382

391

400

400

2

Субсидиялау есебінен жүргізілген шитті мақта сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

56

130

128

126

126

129

132

132

      4.2.1.5. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында тұқымдардың, оның ішінде, отандық АШТӨ егуіне арналған тұқымдардың сорттық және егістік сапасын сараптауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      12-кесте. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Тұқымдардың сапасын айқындауға арналған зерттеулер саны, мың дана

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

      4.2.1.6. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында АШТӨ-ні мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақысын субсидиялауға көшудің мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе зерделенетін болады.

      13-кесте. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Сақтандырумен қамтылған егіс алаңдарының үлесі, %

73

74

74

80

85

90

95

100

      4.2.2. Астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру
      2013 – 2014 жылдар кезеңінде астық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында сыйымдылықтардың барынша тапшылығын бастан кешіп отырған негізгі астық өндіруші өңір Солтүстік Қазақстан аумағында астық сақтауға арналған жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, қолданыстағы қуаттылықтар кеңейтіледі және жаңа астық сақтау қоймалары салынады.
      Астық нарығына мемлекеттің қатысуын күшейту мақсатында, сондай-ақ астық экспортының батыс және оңтүстік бағыттарын дамыту үшін елдің оңтүстік және батыс өңірлеріне астықты қайта тиеу үшін жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, қолда бар астық сақтау қуаттылықтарын жаңғырту, оның ішінде негізгі құралдарды жаңарту, сүрлемдік корпустардың құрылыс конструкцияларын күшейту, сондай-ақ технологиялық қайта жаңарту жүргізілетін болады. 2011 – 2012 жылдары елде жалпы қуаттылығы 1005,5 мың тонна 71 астық сақтау объектісі, соның ішінде 884,5 мың тонна АШТӨ меншікті қаражатының есебінен және 121 мың тонна «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуы кезінде пайдалануға енгізілді.
      Қазақстандық астықтың Каспий теңізі арқылы экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында 2015 – 2020 жылдар кезеңінде Ақтау теңіз портындағы астық терминалының өткізу қабілеті кеңейтіледі.
      Қытайдың саны артып келе жатқан халқын және тұтыну құрылымының бидайдан жасалған өнімдерді тұтынудың ұлғаюына қарай өзгеруін ескерсек, Қытай нарығы Қазақстан үшін барынша тартымды болып табылады. Сонымен бірге Қытай Қазақстан астығын Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және осы бағыттағы басқа да елдерге экспорттау үшін транзиттік мемлекет болуға қызығушылық танытады. Осыған байланысты астық экспортын ынталандыру үшін Қытаймен шекарада астық терминалын салу жүзеге асырылатын болады.
      Қазіргі уақытта астық сақтау қуаттылықтарына деген өз қажеттілігіміздің өсуімен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымының Азық-түліктік өзара көмек қорын (бұдан әрі – Қор) құрумен және осы мақсаттарға ҚР аумағында 2 млн. тоннаға дейін астықтың стратегиялық қорын қалыптастырумен байланысты қазақстандық астықты сатып алуға араб әлемі елдерінің тарапынан жоғары қызығушылық бар.
      Осыған байланысты, 2015 – 2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік астық сақтау қуаттылықтарын кемінде 2 млн. тоннаға дейін жеткізген және ұстаған, Қор табысты жұмыс істеген жағдайда 3 млн. тоннаға дейін жеткізген жөн болмақ.

      14-кесте. Астық сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қолданыстағы астық қоймаларын кеңейту және жаңаларын салу, сондай-ақ жалпы сақтау сыйымдылығы 700 мың тонна жаңа астық терминалдары мен астық қоймаларын салу және жарақтау, қуаттылықтарды пайдалануға енгізудің үлесі, %

28,6

71,4

-

-

-

-

-

-

      4.2.3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су беру жөніндегі қызметтерді алғаны үшін су пайдаланушылардың шығындарын өтеу мақсатында АШТӨ-ге мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.

      15-кесте. АШТӨ-ге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялауға жататын су көлемі, млн. м3

7686

7781

7810

7786

6826

5924

5986

6000

      4.2.4. Мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.4.1. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Мал шаруашылығы саласын дамыту және АШТӨ-ні өндірісті технологиялық қайта жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарды өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын азықтандыру үшін пайдаланылатын жемшөптің құнын арзандатуға бағытталатын болады, бұл олардың санын өсіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және соның салдарынан алынатын төл саны ұлғаяды.
      Осылайша, мал шаруашылығы өнімдерінің тауарлық көлемін қамтамасыз ету есебінен бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктеме деңгейін арттыру жоспарланады.

      16-кесте. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған агроқұрылымдардағы ІҚМ-нің аналық басының саны, мың бас

360,0

358,0

479,0

622,3

791,5

992,7

1233,1

1521,3

2

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сиыр етінің көлемі, мың тонна

28,2

34,0

37,6

41,5

46,2

52,0

59,6

69,7

3

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сүт, қымыз және шұбат көлемі, мың тонна

235,3

235,6

281,3

306,3

29,6

266,4

215,5

258,1

4

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген қой етінің көлемі, мың тонна

3,0

5,2

7,4

8,5

9,9

11,7

13,9

16,8

5

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жылқы етінің көлемі, мың тонна

4,4

5,3

6,9

10,0

13,4

17,2

21,4

26,2

6

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген шошқа етінің көлемі, мың тонна

25,5

27,6

27,3

26,4

24,9

28,0

31,8

35,9

7

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген құс етінің көлемі, мың тонна

126,2

138,8

152,7

168,0

184,8

203,3

223,6

245,9

8

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген тауарлық жұмыртқа көлемі, млн. дана

2205,8

2303

2157

1999

1831

1650

1457

1500

9

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жүн көлемі, мың тонна

1,3

1,3

1,4

1,5

1,6

1,7

1,8

1,9

      4.2.4.2. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ АШТӨ-дегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
      АШТӨ-нің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілі болады.
      Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын АШТӨ-ге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
      Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да қолданылатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
      Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Аталған жобаны іске асыру шеңберінде репродуктор шаруашылықтарын, бордақылау алаңдарын және етті малды көбейту жөніндегі фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

      17-кесте. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған отандық селекцияның асыл тұқымды ІҚМ саны, мың бас

13,6

26,2

37,9

48,0

58,4

59,3

60,2

61,3

2

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

3

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның сүтті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

4

Етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымды жұмысты жүргізуге субсидиялаумен қамтылған мал басының саны, мың бас

238

266

334

406

484

567

657

804

5

Жеке қосалқы шаруашылықтардан қалыптастырылған қоғамдық табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын, ұстауға субсидиялаумен қамтылған етті тұқымды асыл тұқымды бұқалардың саны, мың бас

1

2

3

4

5

5

5

5

6

Субсидиялаумен қамтылған ауыстырып салынған эмбриондар саны, мың дана

1,1

2

3

4

5

5

5

5

7

Жасанды ұрықтандыруға субсидиялаумен қамтылған ұрық дозаларының саны, мың доза

285

266

334

406

484

567

657

804

8

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (етті бағыттағы) саны, мың бас

287

308

363,5

419,1

423,7

426,7

429,2

433,8

9

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (жұмыртқа бағытындағы) саны, мың бас

737

876

905

934

983

990

1017

1044

10

Сатып алынатын инкубациялық жұмыртқа саны, мың дана

4381,0

4436

4580

4821

4855

4984

5120

5120

11

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған қойлардың асыл тұқымды төлдерінің саны мың, бас

135,6

149,2

186,5

186,5

204,0

218,5

227,6

227,6

12

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған маралдардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

13

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған шошқалардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

6,5

7,2

9,0

9,0

9,8

10,5

10,9

10,9

14

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған жылқылардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

3,5

3,9

4,9

4,9

5,3

5,7

5,9

5,9

15

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған түйелердің асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,4

0,5

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,7

16

Қой шаруашылығында асылдандыру жұмысын жүргізуге субсидиялаумен қамтылған ҰМ басының саны, мың бас

1077

1185

1481

1480

1619

1735

1807

1807

      4.2.4.3. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазақстанда тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту мақсатында барынша бағалы балық түрлері есебінен тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту және балықтың түр-түрін кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Тауарлы балық өсіру өндірісінің 2020 жылға дейінгі әлеуеті 15 мың тоннаға бағаланады.
      Тауарлы балық өсіруді қолдау мен дамыту үшін құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық балықтар табынын ұстауға субсидиялар енгізілетін болады.

      18-кесте. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық табынының тірі салмағы, кг

-

-

-

4 105

20 540

149 255

163 565

290 500

      Тауарлы балық өсіруді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тауарлы балық өсіру саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет.

      4.2.5. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру


      Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту, өндірілетін өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарды субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау көзделеді.
      Мемлекет тарапынан осы қолдау отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын КО елдерінің кәсіпорындарымен тең жағдайға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы, ішкі тұтынудағы сүт пен қанттың терең қайта өңдеу өнімдері бойынша импорт үлесінің қысқаруы және кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне оң әсер ету күтіледі, бұл сондай-ақ жалпы АӨК-нің қайта өңдеу саласын дамытуға оң әсерін тигізеді.

      19-кесте. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі, мың тонна, оның ішінде:

























- құрғақ сүт

-

3,2

3,4

3,7

3,9

4,2

4,5

4,8

- сары май

-

15,7

17,2

18,9

20,8

22,9

25,2

27,7

- ірімшіктер

-

7,0

7,4

7,7

8,1

8,5

8,9

9,4

- қызылшадан алынған қант

-

51,6

54,1

57,4

61,8

67,3

72,4

-

      4.2.6. Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.6. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Агробизнесті тұрақты жүргізу үшін АӨК субъектілеріне (ауыл шаруашылығы техникаларының лизингін қоса алғанда) негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы қаражатын толықтыруға қаражат қажет, олар негізінен қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен тартылады. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігінен (табиғат жағдайларына тәуелділік, экономиканың басқа салаларымен салыстырғандағы төмен өнімділік және рентабельділік) қаржы институттары АШТӨ-ге жоғары сыйақы ставкаларымен қысқа мерзімді кредиттер береді.
      Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2006 – 2011 жылдар кезеңінде АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа пайыздық сыйақы ставкасы 12-16 %-ды, ал экономиканың басқа секторларында 10-13 %-ды құрайды.
      Нәтижесінде АӨК субъектілері негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша жоғары сыйақы төлейді, бұл өнім бірлігін өндірудің өзіндік құнының артуына әкеліп соқтырады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
      АӨК субъектілері үшін қаржылық жүктемені төмендету проблемасын шешу мақсатында АӨК субъектілеріне (соның ішінде дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өндірумен айналысатын) берілген лизинг пен кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау көзделетін болады.
      Ауыл шаруашылығының техникамен жарақтануының қазіргі деңгейі оның тиімді дамуын тежеуде. Осының барлығы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен сапасына теріс әсер етеді. Қажетті техникасының, жабдықтарының жоқтығынан, арзан және ұзақ мерзімді кредит ресурстарына қанағаттанарлықсыз қолжетімділіктен АӨК субъектілері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өндеуде оңайлатылған технологияларды қолдануға мәжбүр. Ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың жоғары құны, банктік кредиттердің/лизингтердің қысқа мерзімділігі АШТӨ басым көпшілігіне негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндік бермейді.
      Негізгі құралдарды сатып алуға бағытталатын кредиттік қаражаттың негізгі көлемі ЕДБ-нің және лизингтік компаниялардың қарыз (тартылған) және меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Кредиттің/лизингтің 12-15 % орташа сыйақы ставкасын ескере отырып, шаруа 7-9 жылда іс жүзінде жабдықтың/техниканың екі құнын төлейтіні шығады. Бұл ретте, АШТӨ-ге берілген кредиттер бойынша ЕДБ белгілейтін қайтару мерзімдері ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігіне сәйкес келмейді, салымдардың ұзақ өтелуімен айрықшаланады.
      Осыған байланысты, аграрлық секторда берілген кредиттердің 42 %-ы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарына келетін ахуал қаржылық нарықта қалыптасқан.
      ЕДБ-нің, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің АӨК жобаларын қаржыландыруға аз қатысуы оларда ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жоқ болуымен және саланың жоғары кредиттік тәуекелдерімен түсіндіріледі.
      Осы проблеманы шешу үшін Германияның тәжірибесін қолдану және АӨК жобаларын АӨК субъектілері үшін қолайлы шарттарда олардың одан әрі қаржыландырулары үшін ЕДБ-ні қорландыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ пайдалану ұсынылады. Бұл ретте, тартылған ақшаны холдинг директорлар кеңесі кезең-кезеңімен бекітетін және қайта қарайтын лимиттерге сәйкес еншілес ұйымдарына орналастыруы мүмкін.
      Осылайша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ АӨК субъектілерін тікелей кредиттеуді кезең-кезеңімен қысқартып, меншікті және тартылған қаражат негізінде ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерді қорландыруды жүзеге асыратын болады. Бұл дамыған филиалдық желісі бар қолданыстағы банктік инфрақұрылымды пайдалана отырып, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қолайлы бекітілген ставка бойынша қарыздарды неғұрлым ұзақ мерзімге, сондай-ақ банктік қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді.
      Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың осы түрі бойынша оператор ретінде жұмыс істейтін ұйым тартылатын болады.

      20-кесте. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Лизингті қоса алғанда, сыйақы ставкаларын субсидиялау есебінен АӨК субъектілеріне берілген кредиттер сомасы, млрд. теңге

100

326,6

457,3

600,3

747,2

886,8

951,0

1 020,9




ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру есебінен АӨК субъектілері алған кредиттер сомасы, млрд. теңге

3

5

8

12

14

16

18

20

      4.2.6.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазіргі уақытта АӨК шағын және орта субъектілерінің шамамен 30 %-ы тиісті өтімділігі жоғары кепілзатын қамтамасыз етудің жоқ болуынан және сенімсіз қаржылық жағдайынан қаржыландыруға қол жеткізе алмауда.
      Дәл осы проблеманы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, Мемлекет басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
      Осыған байланысты, АӨК субъектілері үшін кредит ресурстарының қолжетімділігін және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тартуды қамтамасыз ету мақсатында АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру жүйесі енгізілетін болады.

      21-кесте. АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қаржы институттары АӨК субъектілеріне қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы берген кредиттер сомасы, млрд. теңге

105,9

142,2

182,4

223,1

270,2

322,1

375,1

      4.2.7. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      АӨК-ні дамытудың басты міндеттерінің бірі жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жеңілдікпен кредит беру өнімдері және мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын өтеу әрекет етеді.
      Сонымен бірге, көрсетілген құралдар ауыл шаруашылығы субъектілерін АӨК-нің басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді ынталандыру үшін жеткіліксіз.
      Осыған байланысты ҚР-да инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін агроөнеркәсіптік кешен секторларының басым бағыттарында жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады.

      22-кесте. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Жылдар

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялар көлемі, млрд. теңге

100

115,3

73,4

77,9

66,8

69,2

73,1

      4.2.8. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Агробизнес субъектілеріне АӨК-дегі заманауи технологиялар мен озық ғылыми әзірлемелерге қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында отандық аграрлық ғылым жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғастырылады.
      Реформалаудың түпкілікті мақсаты АӨК-дегі бәсекеге қабілетті инновацияларды генерациялау мен таратудың орнықты жүйесін құру болып табылады. Ұлттық аграрлық ғылым жүйесінің үйлестірушісі «ҚазАгроИнновация» АҚ болады.
      Отандық аграрлық ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және экспорттаушы жетекші елдердің үлгісі бойынша салалық және ЖОО ғылымы арасындағы тығыз өзара іс-қимылға, әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуға, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен агробизнес субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетіктері бар ықпалдастырылған ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қолдануға бағытталған ауыл шаруашылығы зерттеулерін басқарудың жаңа жүйесін құру;
      2) ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесін мемлекеттік қаржыландыру деңгейін технологиялық көшбасшы елдердің деңгейіне дейін – саланың жалпы өнімінен кемінде 1 %-ға жеткізу;
      3) аграрлық ғылымға дарынды жастарды тарту және неғұрлым перспективалық ғылыми қызметкерлердің әлеуетін кәсіби іске асыру үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін жаңа кадрлық саясат;
      4) зерттеулердің сапасын арттыру, АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша меншікті технологиялық платформаларды қалыптастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдардың инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту.
      Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін, тиімділігін және нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан отандық аграрлық ғылымды реформалауды аяқтау және оны одан әрі дамыту үшін қажетті ұйымдастырушылық жағдайлар жасалады және қаржы ресурстары бөлінеді.
      Үздік әлемдік баламаларына сәйкес келетін нәтижелері бар АӨК саласындағы озық білімдерді генерациялау мен таратудың жаңа ғылыми-инновациялық жүйесін қалыптастыру үшін халықаралық деңгейдегі пәнаралық ғылыми білім беру кешендерін (орталықтарын) құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
      ҒЗТКЖ нәтижелерінің практикада қолданылуын арттыру және оларды АӨК субъектілерінің іс жүзіндегі қажеттіліктеріне бағдарлау мақсатында зерттеулердің тақырыптамаларын қалыптастыру кезінде зерттелетін тақырыптамаға кешенді тәсілді, нәтижелерді тәжірибеге енгізу және қажетті деңгейдегі біліктілігі бар ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі іс-шараларды көздейтін ықпалдастырылған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың тетіктері қолданылады.
      Сонымен қатар, АӨК-дегі инновациялық қызметті белсендіру үшін АШТӨ инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру жолымен агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру жүйесін жетілдіру, АӨК субъектілерін білім тарату жүйесінің қызметтерімен қамтуды кеңейту жоспарлануда.
      Аграрлық ғылымға бюджет шығыстарының кезең-кезеңімен артуы, оның 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ) үлесінің дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін (ауыл шаруашылығы ЖІӨ-ден 2 %-ға дейін) өсуі күтілуде.
      Инновацияларды жасау және АӨК-ге енгізу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту мақсатында жеке инвестициялардың үлесін қарқынды ауыл шаруашылығы бар елдердің деңгейіне дейін біртіндеп арттыра отырып, осы салаға жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасалады. 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы зерттеулерін мемлекеттік емес көздерден қаржыландыру үлесі қаржыландырудың жалпы көлемінен кемінде 3 %-ды құрауы тиіс.
      Бұл бағыттағы мәнді көмекті БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (бұдан әрі – ФАО) көрсететін болады, ол ФАО-ға мүше елдерге аграрлық саясатты әзірлеу кезінде консультациялар, аграрлық өндірістегі техникалық көмек, ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуда ықпал етеді.
      Қазіргі уақытта ФАО сарапшылары мүше елдердің өзінде тікелей жұмыс істеулері үшін ФАО ұйымының құрылымын орталықсыздандыру саясатын жүргізуде, бұл аграрлық саясатта болып жатқан өзгерістерге тез ден қоюға, елдердің үкіметтерімен бірге өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ұсынымдар әзірлеуге және ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстандағы ФАО өкілдігі ашылатын болады, ол жоғары білікті ауыл шаруашылығы мамандарынан аграрлық саясатты әзірлеуде консультацияларды, АӨК басым бағыттарында техникалық және консультациялық көмекті жедел алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстандағы ФАО өкілдігінің қызметі трансшекаралық проблемаларды шешуді көздейтін өңірлік жобаларды ҚР қатысуымен іске асыруға бағытталады.
      Білім беру қызметтері мен аграрлық ғылым нәтижелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында ғылыми әзірлемелерді енгізу бойынша жұмыс агробизнесті субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруды көздейді.
      АӨК субъектілері мен мемлекеттік құрылымдар, аграрлық ғылым мен кәсіптік білім беру жүйесі арасында тиімді кері байланысты қолдау мақсатында білім тарату жүйесінің шеңберінде АШТӨ-ге тегін консультациялық көмек көрсету жалғастырылады.

      23-кесте. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК-де тәжірибелік қолдануды тапқан отандық ғылыми әзірлемелер саны, бірлік

0

0

17

20

22

24

26

28

2

Білімді тарату жүйесінің қызметтерімен қамтылған АӨК субъектілерінің саны, бірлік

2 375

10 165

11 535

12 855

14 300

15 570

17 190

20 510

3

Агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру жөнінде іске асырылған инновациялық жобалардың саны, бірлік

2

12

15

18

21

24

27

30

      
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет