Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет36/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Билингвалды компонент: орамал – платок. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Көбелек боп ұшамыз, Көгершін боп ұшамыз. Ұшып-ұшып аламыз, Қолға қалам аламыз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №24 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты?
25 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Е" дыбысы
Мақсаты: "Е" дыбысын таныстыру.
Міндеттері: Е дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу,
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Е дыбысының сөздегі орнын табады;
Түсінеді : "Е" дыбысының дауысты дыбыс екенін; Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, қызыл, көк текшелер, айна, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: түйе – верблюд, елік – олень.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қай ай?

  • Аптаның қай күні?

  • Балалар, біз қандай дыбыстармен таныстық?

  • Дыбыстар нешеге бөлінді?

Дауысты дыбыстар пен дауыссыз дыбыстардың айтылуында қандай айырмашылықтар бар?

  • Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

  • Ал дауыссыз дыбыстар ше?

2. Негізгі кезең

  • Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады. Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса, ал кейбіреуі кедергіге ұшырайды. Айнаны алып қараңдаршы, дыбысты айтуға не көмектеседі?

  • Әрине, ауыз. Қараңдаршы, ауыз қуысында нелер бар? – Тіл, тіс, ерін.

  • Бұлар дыбысты айтуға көмектеседі.

  • Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар.

Педагог "е" дыбысын айтады.

  • "Е" дыбысы ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма?

  • "Е" дыбысын әндетіп айтсақ болады.

  • Е-е-е. Өйткені "е" дыбысы дауысты, оны қызыл текшемен белгілейміз.

"Е" дыбысы ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі.
Кесе, күрек, бел сөздерінің қай жерінде кездеседі?
Бие, шие, түйе сөздерінің қай жерінде кездеседі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет