Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет34/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметі сендерге түсінікті болса, күліп тұрған смайликті көтеріп көрсетіңдер.
23 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Ң" дыбысы
Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға, қызыл және көк түсті текшелерді қолдануды үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: "Аң", "таң", "оңға" сөздеріне дыбыстық талдау; Түсінеді: "Ң" дыбысының дауыссыз екенін;
Қолданады:дәптермен жұмыс жасап, қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, текшелер, жұмыс дәптері, әдемі таяқша. Билингвалды компонент: аң – зверь, таң – утро, оңға – направо.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, бүгін бақшаға келе жатып, қолында сиқырлы таяғы бар сиқыршыны көрдім. Ол маған сиқырлы таяғын берді (әдемі таяқшаны көрсетеді). Ол маған: «Осы таяқшаның көмегімен балаларды Орманға саяхатқа апар», – деді.

  • Кәне, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?

Ендеше көздеріңді жұмыңдар.
Осы кезде педагог тақтаға орманның көркем суретін және аңдардың суреттерін іліп қояды.
2. Негізгі кезең

  • Балалар, көздеріңді ашыңдар, сендер орманнан не көріп тұрсыңдар?

  • Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?

  • "Аң" сөзін шапалақтау арқылы буынға бөлейікші?

  • "Аң" сөзінде "Ң" дыбысы қай дыбыстан соң тұр?

  • "А" дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз ба?

  • Ал, балалар, қолымызға қолайнаны алып ң дыбысын айтып көрейік.

  • "Ң" дыбысын айтқанда тіліміз таңдайымызға тиіп, кедергімен шығып тұр.

Сондықтан "ң" дыбысы дауыссыз дыбыстарға жатады, көк текшемен белгілейміз. – "Ң" дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
"Н" мен "Ң" дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы айтылуына көңіл аударту.
Бір қатарға "Ң", екінші қатарға "н" дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру.
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қоңыр аю қалай жүреді, Кім көрсете біледі.

  • Ал, балалар, қазір біз "аң" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

  • "Аң" сөзінде неше дыбыс бар? "А" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

  • Аң-ң-ң, "ң" дыбысын педагог қаттырақ айтады да, "ң" дыбысына екпін түсіп тұрғанын айтады.

  • "Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

  • "Аң" сөзінде неше дыбыс бар?

  • Неше дауысты дыбыс?

  • Неше дауыссыз дыбыс бар?

  • Неге көк текшемен белгіледіңдер?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет